Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


А.  Мамай  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің



Pdf көрінісі
бет108/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

А.  Мамай  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің 
құқықтану мамандығы, 4-курс студенті; 
      Ғылыми 
жетекшісі  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік 
университетінің  экономика  және  құқық  факультеті,  құқықтану  кафедрасының  аға 
оқытушысы заң ғылымдарының магистрі Т.Ш. Бисембиев 
ТАНУ — ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДЕГІ НЕГІЗГІ ТЕРГЕУ 
ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ БІРІ 
Тану  үшін  ұсыну  —  бұл  тәжірибеде  кең  тараған  және  қылмыстық  істердің  көптеген 
категорияларында  қолданылатын  тергеу  іс-әрекеті.  «Тергеу  іс-әрекеті»  термині  Қылмыстық-
процестік кодексте көп жерде кездеседі, бірақ заң оның мазмұнын түсіндірмейді. С.А. Шейфер 
тергеу  іс  әрекетіне  былай  анықтама  береді:  «Дәлелдерді  ашу  мен  нақтылау  бойынша 
қылмыстық-процестік заңға сәйкес жүргізілетін іс-әрекет (немесе қызмет түрі)»
1

Кеңірек анықтаманы өз еңбегінде Ф.Н. Фаткулин ұсынады:  «Тергеу — сот және алдын ала 
тергеу  органдарының  өздерімен,  негізгі  мәні  дәлелдемелер  мен  олардың  деректерін  белсенді 
табудан,  нақтылаудан  жэне  тексеруден  тұратын  процестік  іс-әрекеттер  болып  табылады». 
Жоғарыда аталған анықтамаларга ұқсас В.А. Дубривныйдың еңбектерінде де кездеседі: «Тергеу 
іс-әрекеті  —  Кодекспен  қарастырылған  дәлелдемелерді  жинау,  нақтылау  және  зерттеу 
тәсілдері».  Көрініп  тұргандай,  тергеу  іс-әрекеті  терминін  анықтау  жөні  бойынша  авторлардың 
пікірлері  бірдей.  Тану  үшін  ұсыну  түсінігін  анықтау  туралы  мәселе  оның  тергеу  және  сот 
тәжірибесінде қолданыла бастағаннан пайда болды. Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық-процестік 
кодекс қабылданға дейін мұның алдындағы Қылмыстық заңнамада тану үшін ұсыну реттелген 
жоқ.  Сондықтан  тергеу  тәжірибесі  қылмыстық  процесс  қағидаларына  қайшы  келмейтін  нақты 
тұлғаның  объектіні  тану  туралы  ақпаратты  алу  үшін  танудың  түрлі  нысандарын  қолданды. 
Жоғарыда  айтылғандай,  тану  үшін  ұсыну  тергеу  органдары  мен  соттарда  тәжірибие  жүзінде 
бұрыннан  және  табысты  қолданылып  келеді,  бірақ  та  жалпыға  бірдей  біртұтас  түсінік  әлі 


216 
қалыптаспаған.  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық-процестік  кодексінде  де  «тану  үшін 
ұсыну» түсінігінің анықтамасы тіптен жоқ. 
Тану үшін ұсыну объектілерінің қатарына адам мен заттарды ғана  емес, қылмысты тергеу 
процесінде  немесе  істі  сотта  қарау  кезінде  тануды  қажет  етуі  мүмкін  «ОБЪЕКТІЛЕР»  деген 
жалпы  атаумен  біріктірілген  барлық  материалдық  дүние  заттарын  қосу  қажет.  Тануға  ұсыну 
бұрынғы  заңдылықта  болмаған,  жақын  арада  пайда  болған  процестік  іс-әрекеттердің  қатарына 
жатады. Тануға ұсынудың регламентациясы 1961 жылғы Қазақ ССР-ның Қылмыстық процестік 
кодексінде  тұңғыш  рет  жүзеге  асырылды.  Тануға  ұсыну  көптеген  елдердің  қылмыстық-
процестік  жүйелерінде  көптеген  ғасырлардан  бері  белгілі  болғанымен,  Кеңес  Одағында  оны 
ғылыми  негіздеу  үшін  бірнеше  ондаған  жылдар  қажет  болды.  Шындығына  келгенде,  тануға 
ұсыну  өзінің  мақсаттары,  психологиялық  мәні,  өткізу  тактикасы  мен  құқықтық  реттелуі 
бойынша, әрине, дербес процестік іс-әрекет болып табылады. Тануға ұсынудың мақсаты соңғы 
нәтижесінде ұсынылған объектінің бірдейлігін анықтау болып табылады. Мұнда тергеуші тануға 
ұсынылған объект танушы бұрын тергеліп жатқан оқиғаға байланысты көрген және бұл туралы 
жауап  берген  объект  болып  табылатын-табылмайтындығын  анықтауға  тырысады.  Осы  белгісі 
арқылы  тануға  ұсыну  басты  мақсаты  жауап  берушіден  жасалған  қылмыстық  мән-жайлары 
туралы,  айыпкердің,  сезіктінің,  жәбірленушінің  тұлғалық  мінездемесі  туралы,  жалпы  іс 
бойынша  маңызы  бар  мән-жайларды  анықтау  болып  табылатын  жауап  алудан  ерекшеленеді. 
Психологиялық аспектіде танудың мәні танушының бұрын байқаған, көрген объектіні тануында 
айқындалады.  Тануға  ұсыну  нәтижелерін  зерттеу  мен  бағалауда  көптеген  қиыншылықтар 
кездесетін  және  осы  нәтижелерге  ықпал  ететін  көптеген  факторларды  ескеруді  қажет  ететін 
күрделі  тергеу  әрекеттеріне  жататындығы  өзіне  көңіл  аударады.  Р.С.  Белкин  мұндай 
факторлардың  көптігін  көрсетеді  және  олардың  қатарына  мыналарды  жатқызады:  танушының 
процестік  жағдайы;  оның  танылуға  ұсынылған  объектіге,  егер  адам  болса,  танушының 
танылушыға қатысы; танылушы объект тергеуді қызықтырушы мезетте байқалған мән-жайлары, 
жағдайлары  және  тануға  ұсынылғандығы  жағдайлары;  танушының  осы  2  жағдайдағы 
психикалық  және  физикалық  жай-күйі;  оның  жадының  жай-күйі,  тану  объектісінің  жеке 
индивидуалдық  белгілерінің  өте  айқын  көрінуі.  Алайда,  бұл  қиыншылықтарға  қарамастан, 
тануға  ұсыну  іс  бойынша  дәлелденуге  жататын  мән-жайларды  анықтаудың  бір  құралы  ретінде 
кеңінен  қолданылады.  Процессуалдық  талаптарды,  криминалистикалық  тәсілдерді  және 
криминалистикалық  ұсынымдарды  сақтау  және  оларды  ұстану  тануға  ұсыну  нәтижелерінің 
шындығының  кепілі  болады.  Юридикалық  әдиебеттерде  тануға  ұсыну  мәселесін  С.М.Потапов, 
Н.В.Тераней,  А.И.Винберг  және  басқалар  зерттеген.  Демек,  тануға  ұсынудың  мәні  бұрын 
қабылданған  объектіні  ұқсатуда  немесе  оның  топтық  біртектілігін  анықтауда.  Тану  мақсатына 
жету үшін қылмыстың процестік және криминалистикалық  жағынан белгілеген заң ережелерін 
басшылыққа  ала  отырып,  танушы  деп  аталатын  сезіктіге,  айыпкерге,  жәбірленушіге,  куәға 
ұсынылған  объектіге  осы  объектінің  тергелуші  оқиғаға  байланысты  оны  бұрын  көргенімен, 
ұқсас  екендігін  анықтау  үшін  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  танушылар  ретінде 
айыпкерлер мен сезіктілер шығып отыр. Ол өзінің жақын танысын өлтірген. Мәйітті жасыруға 
оған  2  жолдасы  көмектескен.  Жәбірленушінің  жоғалып  кетуіне  байланысты  тергеу  барысында 
қылмысқа қатысушылар ұсталған. Олар қылмыс жасағанын мойындап, мәйіттің көмілген жерін 
көрсеткен. Мәйітті көмілген жерінен шығарып алған соң, ол тану үшін сезіктілерге ұсынылған, 
сезіктілер  бұл  кісі  өлтіруді  А.  жасағандығын  көрсеткен.  Жиналған  дәлелдемелер  негізінде  А. 
тұтқындалған  және  оған  кісі  өлтіргендігі  туралы  айып  тағылған.  Ол  өз  кінәсін  толық  мойын-
даған.  Демек,  мұнда  көріп  тұрғанымыздай,  тануға  ұсыну  жолымен  іс  бойынша  дәлелдемелер 
алынуы  мүмкін.  Өзге  барлық  тергеу  әрекеттері  сияқты  тануға  ұсыну  тек  заңды  және  шынайы 
негіздер  болғанда  ғана  жүзеге  асырылады.  Заңды  негіздер  —  бұл  заңда  көрсетілгендей 
тергеушінің  тануға  ұсынуды  өндіруге  құқықтық  қабілеттілігі.  Қазақстан  Республикасының 
қылмыстық процестік кодексінің 228-бабына сәйкес «тергеуші бұрын байқалған адаммен немесе 
затпен  ұқсастықты  немесе  ерекшелікті  анықтау  мақсатында  тану  үшін  куәға,  сезіктіге, 
жәбірленушіге,  айыпкерге  адамды  немесе  затты  ұсына  алады»
2
.  Тану  өндірісінде  тергеуші 
қылмыстық-процессуалдық  заңға  сәйкес  танушыға  тану  үшін  объектіні  ұсынады  және 
танушыдан объектіні таныған-танымағандығын сұрайды.   
Криминалистикада көрсетілгендей, бұл процестің мәні — танушы адам оның жадында жат-
талған, бұрын байқалған объектінің бейнесін оған ұсынылған басқа объектілермен қатар қойып, 


217 
ойша  салыстыруда,  идентификациялауда.  Оның  нәтижесі  олардың  ұқсастығы,  біркелкілігі  не-
месе өзгешелігі туралы қорытынды болады. Мұндағы тану өте күрделі психологиялық процесс 
және криминалистикадағы оның   анықтамасы өте қысқартылған, қарапайым болып саналады
3
.  
Психологтардың  тұжырымдауы  бойынша  сезімдік  білім  адам  жадына  сақталатын  дайын, 
қатып  қалған  бейне  емес.  Материалдық  дүниенің  объектілері  туралы  сезімдік  елестер  психи-
калық бейнелер ретінде субъектінің іс-әрекетінен ажырамастай өмір сүреді, оны байыта түседі. 
Демек,  материалдық  дүниенің  бұрын  қабылданған  объектісі  жөніндегі  сезімдік  білім  адам 
жадында «дайын зат», «нәрсе» түрінде сақталмайды, тану объектінің қайта қабылдаған мезеттегі 
бейнесін  қалпына  келтіруді  аңғартады.  Психологтардың  айтуы  бойынша,  тану  қолда  бар 
нәсерлерді  жадына  сақталған  таныс  іздермен  салыстырудың  ойша  операциясына  негізделген. 
Тану  индивидуалдық  және  тектік  тану  түрлеріне  бөлінеді.  Индивидуалдық  тану  барысында 
қандай да бір жалғыз объект танылады. Ол жадыда дәл сол  бұрын қабылданған объект ретінде 
фиксацияланады. Тектік тану — вариативті затта немесе құбылыста тану, яғни, оны объектілер-
дің  белгілі  класына  жатқызу.  Қайта  келтіруде  де,  қалпына,  қолданылатын  тәсілдердің  сипаты 
мен  мазмұнына  қарамастан,  тану  қайта  қалпына  келтіруден  жоғары  деңгейде  тұрады.  Психо-
логияда дәл сол уақытта және ізбе-іздікпен, сатылы түрде болатын тануды ажыратады. Дәл сол 
уақытта  тану  объект  жақсы  таныс  болғанда  және  оны  қабылдау  жағдайлары  қиындатылғанда 
болады.  Мұнда  тануға  ұсынудың  ең  қолайлы  жағдайлары  жасалу  салдарынан  болады. 
Шындығына  келгенде,  тануға  ұсыну  өзінің  мақсаттары,  психологиялық  мәні,  өткізу  тактикасы 
мен құқықтық реттелуі бойынша, дербес процестік іс-әрекет болып табылады. Тануға ұсынудың 
мақсаты соңғы нетижесінде ұсынылған объектінің бірдейлігін анықтау болып табылады. Мұнда 
тергеуші  тануға ұсынылған объект танушы тергеліп жатқан оқиғаға байланысты бұрын көрген 
және бұл туралы жауап берген объект болып табылатын-табылмайтындығын анықтауға тырыса-
ды. Осы белгісі арқылы тануға ұсынудың басты мақсаты жауап берушіден жасалған қылмыстың 
мән-жайлары  туралы,  айыпкердің,  сезіктінің,  жәберленушінің  тұлғалық  мінездемесі  туралы, 
жалпы  іс  бойынша  маңызы  бар  мән-жайларды  анықтау  болып  табылатын  жауап  алудан  ерек-
шеленеді. Психологиялық аспектіде танудың мәні танушының бұрын байқаған, көрген объектіні 
тануында  айқындалады.  Ізбе-іздікпен  тану  варианттарын  ұсынып,  оларды  қорытумен 
байланыста  болады  (гипотизалар  шығару)  және  сатылылығымен  сипатталады.  Бірінші  сатыда 
таныстық сезімі ғана пайда болады, ол екінші сатысында толық тану деңгейіне көтеріледі, бұл да 
— тергеу жағдайының қолайлы элементі. Күрделі танулар ерекше құбылыстарға жатады, мұнда 
адам  тұңғыш  қабылданып,  жатқан  объектілерді  таныс  ретінде  басынан  кешіреді  (бұрын 
болғандық  феномені).  Тануға  ұсыну  процесінде  тану  адамдарды,  заттарды  басқа  объектілерді 
заттық  тануға  айналуы  мүмкін.  Демек,  тану  процесінің  психологиялық  негіздерін  тергеушінің 
білуі бұл күрделі тергеу әрекетін дұрыс ұйымдастыруға, алынған нәтижелерді дұрыс бағалауға, 
оларды басқа дәлелдемелердің көмегімен тексеруге ынталандыруға көмектеседі. В.С.Бурданова 
мен  И.Е.Быковский  өз  еңбегінде  тануға  ұсынудың  бірнеше  тұрғыларын  атап  көрсеткен: 
психологиялық, логикалық,  процестік-криминалистикалық
4

Сонымен  қорыта  айтқанда,  жеке  тергеу  әрекетінің  нәтижелері  басқа  тергеу  әрекеттерінің 
нәтижелерінен  бөлек,  дараланып  зерттелмеген,  олармен  салыстырыла  отырып,  жинақталып 
зерттеледі. Тануға ұсынуда тергеу әрекетінің нәтижелерін зерттеу мен бақылау да осы қағидаға 
бағынады.  Тануға  ұсыну  нәтижелерін  дәлелдемелердің  басқа  қайнар  көздерімен  салыстыра 
отырып, тергеуші олардағы ақпараттардың сенімділігін анықтайды, іс бойынша неғұрлым дұрыс 
шешім қабылдау үшін қалыптасқан тергеу жағдайын бағалайды.
                                                 
1
   Криминалистика / Под ред. В.А.Образцова. — М, 1997, — 479 с. 
2
   Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі. 2014 ж. 
3
   Криминалистика: В 2-х  томах / Под ред . Г.С. Белкина, и др. — М., 1998, Т.2., — 119 с. 
4
   Бурданова В.С., Быховский И.Е. Предъявление для опознания на предварительном следствии. — М.,1967. 
 
 
 
 
 


218 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет