Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


А.  Сартай  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің  3-



Pdf көрінісі
бет145/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   216
А.  Сартай  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің  3-
курс студенті; 
       Ғылыми 
жетекшісі  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік 
университетінің  құқықтану  кафедрасының  аға  оқытушысы,  заң  ғылымдарының  магистрі  
С.Р. Рзагулова.  
«ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ» ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ РӨЛІ 
Жалпы  ғылымы  жоқ  ел  —  тұл,  ғылымы  дамымаған  елдің  болашағы  күмәнді,  қазір  қарап 
отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, 
тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге 
әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.  
Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сәйкес  біздің  мемлекетіміз  демоқратиялық, 
құқықтық,  әлеуметтік,  зайырлы  мемлекет  болып  табылады
1
.  Еліміздің  өркендеуіне,  мемлеке-
тіміздің  нығаюына  құқық  нормаларын,  құқық  саласы  ғылымын  жетілдірудің  маңызы  ерекше. 
Құқық  нормалары  —  барлық  қоғамдық  қатынастардың  реттеуші  тетігі,  кез-келген  қоғамдық 
қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.  
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республи-
касының  қылмыстық  заңнамасы  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексiнен  тұрады. 
Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар қылмыстық кодекске енгiзілгеннен кейiн ғана 
қолданылуға жатады»
2
. Бұл заңдылықтың нығаюына,  қылмыстық заңнаманың унификациясына 
әкеледі және құқық қорғау қызметкерлерінің  нормативті материалдарды қолдануын жеңілдетеді 
және тұрғындардың құқықтық ақпараттануын көтереді. 
Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  кодексі  Қазақстан  Республикасының  Конститу-
циясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына 
негiзделедi.  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  жоғары  заңдық  күші  бар  және 
Республиканың  барлық  аумағында  тікелей  қолданылады.  Қылмыстық  Кодекс  пен  Қазақстан 
Республикасы  Конституциясының  нормалары  арасында  қайшылықтар  болған  жағдайда 
Конституцияның  ережелері  қолданылады.  Қылмыстық  Кодекстің  конституциялық  емес  деп 
танылған,  оның  ішінде  адамның  және  азаматтың  Қазақстан  Республикасының  Конституция-
сында  бекітілген  құқықтары  мен  бостандықтарына  қысым  жасайтын  нормалары  заңдық  күшін 
жояды  және  қолданылуға  жатпайды.  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  Кеңесі мен 
Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының 
құрамдас бөлігі болып табылады. 


 
287 
А.Н.  Ағыбаев:  «Қылмыстық  заң  —  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сәйкес 
Республика Парламенті қабылдайтын құқықтық акті болып табылады» деп жазған
3
. Қылмыстық 
заң  жазалау  қатерімен  тыйым  салу  арқылы  адамның  жеке  басына,  қоғамға,  мемлекетке  кінәлі 
түрде  зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін  туындататын қылмысты әрекеттерді істеуге 
тыйым салады.  
Қылмыстық заң тиісті органдарға  және лауазымды адамдарға  іс әрекетінде  қылмыс белгісі 
бар кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тарту арқылы немесе көрсетілген негізге сүйене оты-
рып, оларды қылмыстық жауаптылықтан  және жазадан  босатуды міндеттейді. Қылмыстық заң 
—  қылмыстық  құқықтың  ең  негізгі  көзі.  Сот  үкімі,  ұйғаруы  немесе  қаулысы  құқықтың  көзі 
болып табылмайды. Олардың нақты істер бойынша ғана  заңдылық күші бар. 
Қылмыстылықпен  күрес,  қылмыскердің  тұлғасына  ғылыми  негізде  зерттеу,  орын  алған 
қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән-жайларын анықтау бү-
гінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің  бір болып  саналады.  
Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңі-
нен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне 
қарағанда  заңдылық  ұғым  емес,  ғылыми  ұғым  болып  табылады.  Бұл  ұғым  теорияда  нақты 
қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анық-
талады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін 
сипаттап,  көрсетеді.  Бірақ  әрбір  қылмыс  құрамында  барлық  кылмыстардың  құрамына  тән, 
жиынтығында  қылмыс  құрамының  жалпы  түсінігін  құрайтын,  яғни  кез  келген  қылмыстар 
құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. 
Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста  болатын төрт  түрлі міндетті элементтерді — 
қылмыстың  объектісін,  қылмыстың  объективтік  және  субъективтік  жақтарын,  субъектісін  атап 
көрсетеді.  
Қылмыстық  заң  дегеніміз  —  Қазақстан  Республикасының  Парламенті  қабылдаған  норма-
тивтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру. Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті 
және  адамзаттың  қауіпсіздігін,  адам  мен  азаматтың  құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды 
мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-
бабында  көрсетілген  басқа  да  құндылықтарды  қол  сұғушылықтан  қорғау  және  қылмыстың 
алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады. Қылмыстық заң жазалау қатерімен 
тынып  салу  арқылы  адамның  жеке  басына,  қоғамға,  мемлекетке  кінәлі  түрде  зиян  келтіретін 
немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.  
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы  немесе 
қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана 
заңдылық күші бар.  
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау — 
лауазымды адамдардың, сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.  
А.А. Смағұлов: «Қылмыстық заң — қандай да бір қоғамға қауіпті әрекеттердің қылмыс бо-
лып табылатынын және қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық  пен жаза тағайындау 
негіздерін  белгілейтін  қылмыстық  құқықтық  жалпы  және  қағидаларды    анықтайтын  заң  нор-
маларынан  тұратын  Қазақтан  Республикасының  Парламенті  қабылдаған  заң  актісі»  деп 
көрсеткен
4

Қылмыстық заң адамның құқықтары мен бостандықтарын, меншік пен табиғи ортаны, қо-
ғам  мен  мемлекет  мүдделерін,  бүкіл  құқықтық  тәртіпті    қылмыстық  қол  сұғудан  қорғауға, 
адамзат қауіпсіздігімен бейбітшілікті қорғауға ықпал етеді. Қылмыстық заң қылмыстың алдын 
алуға,  азаматтардың  мемелекет  заңдары  мен  Конституция  нормаларын  сақтауына  ықпалын 
тигізеді. 
Қылмыстық заң  қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетке(әрекетсіздікке) жазалау 
қаупімен тыйым салады. Қолданыстағы қылмыстық заңда балама санкциялар жиі қолданылады, 
бұл  орынды да себебі ол сотқа тек жаза көлемін ғана емес, сонымен  қатар жаза мақсатына жету 
үшін жаза түрін таңдауға мүмкіндік береді. 
Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  заңнамасы  2014  жылғы  3  шiлдеде  қабылданып, 
2015 жылғы 1 қаңтарда заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен 
тұрады. 


 
288 
Е  Каиржанов:  «Қылмыстық  заң  құқықтық  мемлекет  өмір  сүруінің  негізі  болуы  қажет, 
азаматтардың  теңдігі  мен  босатндығының  қорғаушысы  болуы  қажет  және  әлеуметтік  әділдік  
қағидасының кепілдемесі болып қоғамдағы ұйымшылдық пен тәртіптің негізі болуы қажет» деп 
көрсеткен
5

Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  заңнамасы  тек  қана  әрекет  етуші  Қазақстан 
Республикасының  қылмыстық  кодексінен  тұрады.  Қылмыстық  жауапкершілікті  қарастыратын 
басқа  заңдар  тек  қылмыстық  кодекске  оларды  енгізгеннен  кейін  ғана  қолданылуға  жатады. 
Қылмыстық  заңдар  тек  оларды  әлеуметтік  зертеудің  жаңа  әдістерін    пайдалану  арқылы  терең  
және нақты дайындық жұмысын жүргізгенннен кейін ғана қабылданады.  
Құқықтық  мемлекеттілікті  орнатуда,  оның  тетіктерін  одан  әрі  жетілдіруде  құқық  ғылымы 
салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. 
Сонымен заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру 
—  әрбір  азаматтың  қасиетті  борышы  және  адамның  жасаған  әрекетін  немесе  әрекетсіздігін 
қылмыс деп тану және оған қылмыстық жаза тағайындау, басқа нормативтік актілерге сүйенбеу, 
соттық тәжірибеге немесе  соттың қарауына байланысты шешілмей, тек қана заңмен анықталған 
жағдайда ғана жүзеге асырылады. Іс-әрекетті қылмыс қатарына  жатқызу және жаза тағайындау 
сияқты  мәселелерді  заң  қағидаларын  бұлжытпай  сақтай  отырып  шешу  қажет.  Бұл  қоғамға 
қауіпті  әрекеттердің  қылмыстылығын,  жазалануын,  одан  босату  шарттарын  қылмыстық  заң 
нормаларымен анықтағанда ғана мүмкін болады.
                                                 
1
   Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  (1995  жылғы  30  тамызда  қабылданған,  2017.  10.03.  берілген 
өзгерістерімен және толықтыруларымен). 
2
   Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі №226-
V ҚРЗ). 
3
   Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (жалпы бөлім): Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2007. Б.18-19. 
4
   Смағұлов А.А. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. — Астана, 2003. Б. 21-22. 
5
   Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан (общая часть) Изд. 3-е. — Алматы, 2003., Б. 23. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет