Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


Д.Саиткереева  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Б.Бейсенов  атындағы  Қарағанды



Pdf көрінісі
бет144/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

Д.Саиткереева  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Б.Бейсенов  атындағы  Қарағанды 
академиясының 3-курс курсанты, қатардағы полиция
       Ғылыми  жетекшісі  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Б.Бейсенов  атындағы  Қарағанды 
академиясының  әкімшілік құқық  және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасының доценті, 
(PhD) докторы, полиция подполковнигі Д.А. Амангельдиев 
БЕКІРЕ ТҰҚЫМДАС БАЛЫҚТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ 
ҚЫЛМЫСТЫҚ–ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР 
Биологиялық  су  ресурстары  қылмыстық  заңмен  қорғалатын  қоршаған  ортаның  маңызды 
компоненттерінің  бірі  болып  табылады.  Каспий  өңірінің  аумағында  оларды  қорғаудың  мәні 
биокөптүрлілік компоненті ретіндегі құндылығына ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік, өңір-
лік және жергілікті бюджетке түсетін табыстарды, халықты еңбекпен қамтамасыз ету және сая-
хат пен демалысты ұйымдастыру қаражаты ретінде пайдалануды қоса алғандағы экономикадағы 
рөліне де негізделеді. 
Жақында  Каспий  теңізі  әлемнің  11  «ауыстырылмайтын»  экожүйесінің  тізіміне,  яғни  бұл 
аймақ  планетадағы  теңіз  және  өзенде  тіршілік  ететін  өте  сирек  кездесетін  сүтқоректілердің 


 
283 
барлық түрлері мекендейтін тоғыз «биокөптүрлілік ошаққа» енді. Алайда, мамандардың пікірін-
ше, көп кешікпей Каспий өңірінің ерекше жануарлар әлемін сақтап қалу қиынға соғуы мүмкін
1

Ертеде  Каспий  теңізі  Солтүстік  Мұзды  мұхитпен  байланысқан.  Бүгінде  ол  әлемдегі  тұзды 
сулы ірі ішкі теңіз болып табылады. Ауданы шамамен 400000 шаршы километр, ұзындығы 1200 
километр, ені 200-ден 560 километрге дейін. Жағалау сызығының үштен бірі Иранға тиесілі, ал 
қалған үштен екі бөлігін Ресей, Әзербайжан, Қазақстан және Түркіменстан бөліседі
2

Орал-Каспий  бассейні  биологиялық  су  ресурстарының  елеулі  қорымен  шоғырланған  өңір-
лердің қатарына жатады. Алайда ұлғайып жатқан антропогендік ықпалдың, заңды балық аулау-
дың,  сонымен  қатар,  аумағының  кең  болуы  себепті  бақылау  жасау  қиындығының,  сондай-ақ 
құнды  балықтар,  оның  ішінде  бекірелер  мен  басқа  да  биологиялық  су  ресурстарының  көп 
мөлшері жағдай жасайтын заңсыз балық аулаудың нәтижесінде олардың популяциясына үлкен 
қауіп төндіріп тұр. 
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының мәліметінше, Қазақстандағы бекіре балық-
тарын заңсыз аулау соңғы үш жылда өнеркәсіптік масштабқа айналды. Күн сайын 2 мыңға жуық 
балық жойылады, төрт-бес жылдан кейін бекіре тұқымдас балықтардың жойылу қаупі бар. 2014 
жылғы  01  қаңтардан  бастап  Каспий  жағалауы  елдеріне  бекіре  тұқымдас  балық  түрлерін 
өнеркәсіптік мақсатта аулауға мораторий жарияланғанын айта кеткен жөн
3

Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінде  бекітілген  нормалар  маңызды  рөл 
атқарады,  осылайша  335-бап  бойынша  балық  ресурстарын,  басқа  да  су  жануарларын  немесе 
өсімдіктерін заңсыз алғаны үшін жауапкершілік туындайды. Бұл бап төрт бөліктен тұрады. 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінің  335-бабының  3-бөлігі  балық  ресурс-
тарын,  басқа  да  су  жануарларын  немесе  өсiмдiктерін  заңсыз  алу  жасағаны  үшін  қылмыстық 
жауапкершілікті анықтайды, егер олар: 
1.  балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiне қатысты; 
2.  уылдырық шашатын жерлерде немесе ол жерлерге өріс аудару жолдарында; 
3.  адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып; 
4.  адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
5.  өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралын пайдаланылып; 
6.  ерекше  қорғалатын табиғи  аумақтарда  және төтенше  экологиялық ахуал  аумақтарында 
жасалса. 
Осы қарастырылып отырған құқық бұзушылық құрамының саралаушы белгілері бір-бірі-
мен тығыз байланысты. Сондықтан, олардың әрқайсысын жеке-жеке қарастыру қажет. 
Бекірелердің  ғылыми  атауы  —  «Aсіpenser»,  латын  тілінен  аударғанда  –  «қымбат,  құнды». 
Олардың  кәсіпшілігі  көне  заманнан  басталады.  4  мың  жыл  бұрын  өмір  сүрген  ежелгі 
мысырлықтар және мысыр жағалауымен сауда-саттық жүргізген финикиялық көпестер балықты 
да,  уылдырықты  да  тұздап,  маринадтаған,  кейін  оларды  соғыс  кезінде,  ашаршылық  жылдары 
және ұзақ теңіз саяхаттары кезінде оларды азық еткен. Саккарадағы пирамидаға жақын жердегі 
Ти  аймағындағы  ежелгі  жерлеу  орындарының  қабырғаларындағы  барельефтерде  әртүрлі 
балықтарды  аулап  алып,  олардың  ішін  ақтарып,  уылдырықтарын  алып  жатқан  балықшылар 
бейнеленген
4
.  
Бекіре тәріздес балықтар — қазір тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең кө-
нелерінің бірі. Олардың арғы ата-бабалары Юра дәуірінің теңіздерінде тіршілік еткен. Олардың 
іздерін борлы шөгінділерден кездестіруге болады. Бізге белгілі бекірелердің ішіндегі ең ежелгісі 
—  ерте  Юра  кезеңіндегі  Хондростеус.  Оның  қалдықтарына  қарағанда,  миллиондаған  жылдар 
ішінде  бекірелер  аса  өзгермеген.  Алайда,  шығу  тегінің  ежелгілігіне  және  морфологиясының 
қарапайымдылығына қарамастан, кейінгі кезге дейін бекіре балықтары Жер шарының Солтүстік 
жарты шарын қамтитындай өте үлкен аймақты мекендеді
5

Келесі саралаушы белгіге уылдырық шашатын орындар — кейіннен ұрықтану мақсатында 
жетілген  уылдырықты  шашу  орны  жатады.  Уылдырық  шашу  орны  және  сәйкесінше  ол  жер-
лерге  өріс  аудару  жолдары  болып  балықтардың  уылдырық  шашатын,  су  жануарларының  кө-
бейетін және ұрпақ шығаратын орындары мен оларға қарай өту жолдары табылады. 
Уылдырық шашу орындарына өріс аудару жолдары деп кей балық түрлерінің тұрақты ме-
кендейтін  орындарынан  уылдырық  шашатын  орындарына  өтетін  жолдарын  айтады,  мысалы, 
арқан балықтар, бекіре балықтар уылдырық шашу үшін теңізден өзенге қарай, ал өзен жылан-
балығы керісінше өзеннен теңізге қарай өріс аударады
6



 
284 
Мамандардың пікірінше, Жайық өзені барлық түрлі балықтардың негізгі уылдырық шашу 
орны болып  табылады,  сол  себепті  олардың көпшілігі осы  өзеннің акваториясы  мен  алқабын 
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың тізіміне енгізу қажет деп есептейді. 
Бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымына қарсы күрес тәжірибесі көрсеткендей, 
маңызды  саралаушы  белгіге  осы  құқық  бұзушылықты  адам  өзiнiң  қызмет  бабын  пайдалана 
отырып жасауы жатады. 
Қызмет  бабын  пайдалану  деп  адамның  өзінің  қызмет  жағдайын  пайдалана  отырып 
жеңілдету  арқылы  балық  ресурстарын,  басқа  да  су  жануарларын  немесе  өсімдіктерін  алумен 
байланысты заңсыз, қызметтік мүддесіне қайшы келетін іс-әрекеттерді жасауы түсініледі. Бұл 
жағдайда құқыққа қайшы іс-әрекеттің кімнің мүддесі үшін жасалатыны маңызды емес. 
Егер  қылмыстық  заңның  нормаларында  айыпты  өзінің  қызметтік  жағдайын  пайдалану 
арқылы әрекет жасауы экологиялық қылмыстың саралаушы белгісі ретінде қарастырылса, онда 
экологиялық  қылмыстар  үшін  жауапкершілік  қарастырылған  Қазақстан  Республикасы  Қылы-
мыстық кодесінің тиісті бабы (баптың тармағы) бойынша ғана жауапкершілік бекітіледі. 
Өзінің қызметтік жағдайын пайдалану арқылы экологиялық заңды бұзғаны үшін сотталған 
адамдарға қатысты істі қарастыру кезінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 
50-бабына  сәйкес  олардың  белгiлi  бiр  лауазымды  атқару  немесе  белгiлi  бiр  қызметпен  айна-
лысу  құқығынан  айыру  туралы  мәселені  талқылаған  жөн.  Бұл  жағдайда  егер  көрсетілген  қо-
сымша  жаза  Қылмыстық  Кодекстің  Ерекше  бөлімінің  тиісті  бабының  санкциясында  қарас-
тырылмаса, онда оны белгілеу кезінде үкімде «Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр 
қызметпен  айналысу  құқығынан  айыру»  деп  бекітілген  Қылмыстық  кодекстің  50-бабына 
сілтеме жасалғаны дұрыс. 
Балық  ресурстарын,  басқа  да  су  жануарларын  (өсімдіктерін)  заңсыз  алуға  алып  келген 
адамның өзінің лауазымдық өкілеттіген немесе коммерциялық және басқа да ұйымда басқару-
шылық қызметті  жүзеге  асыратын  адамның  өз  өкілеттігін  асыра  пайдалануды  Қазақстан Рес-
публикасының  Қылмыстық  кодексінің  251  немесе  361  баптарына  сілтеме  жасамай-ақ,  Қыл-
мыстық кодекстің 3-бөлігі 3-тармақшасы бойынша саралаған жөн
7

Сұралған мамандардың айтуынша, Жайық – Каспий өңіріндегі заңсыз балық аулаумен кү-
ресудің төмен тиімділігінің себептерінің бірі — заңсыз балық кәсіпшілігіне құқық қорғау және 
өкілетті органдар қызметкерлерінің қатыстылығы. 
Мысалы, 2013 жылғы 10 қазанда Атырау облысының ІІД ӨҚБ қызметкерлері заңсыз алын-
ған балықты көрші облысқа тасымалдаушыларға өзінің қызметік өкілеттігін пайдалану арқылы 
қолдау  көрсеткен  жол  полициясы  қызметкерінің  өзінің  лауазымдық  өкілеттігін  асыру  пай-
далану фактісін анықтаған. 
2013 жылғы 10 қазанда өзінің қызметтік жағдайын пайдалану арқылы заңсыз балық аула-
шыларға  қолдау  жасап,  өзі  де  заңсыз  балық  аулаумен  айналысқан  «Ақжайық»  Мемлекеттік 
табиғи резерватының инспекторын қаржы полициясы ұстады
8

Бұрынғы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры А. Дауылбаев: ведомстволық бақы-
лаудың әлсіздігімен, криминалды балық бизнесінің жоғары табыстылығымен қатар, ұйымдас-
қан  қылмыстық  топтардың  құрамында  браконьерлерге  жағдай  жасайтын  әртүрлі  мемлекеттік 
органдардың  қызметкерлерінің  бар  екені  қалыптасқан  жағдайды  одан  әрі  ушықтырады  деп 
атайды
9

Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  31-бабының  2-тармағы  бойынша,  егер 
қылмыстық құқық бұзушылыққа оны бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын  уағдаласқан адамдар 
қатысса, ол алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған балық ресурстарын, басқа да 
су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу деп танылады. 
Өздiгiнен  жүретiн  жүзгiш  көлiк  құралдары  —  двигатель  арқылы  қозғалысқа  келтірілетін 
кез-келген  құрылғылар,  құралдар  мен  конструкциялар  (катамаран,  моторлы  қайықтар,  катер-
лер, кемелер, ұшатын гидроаппараттар және т.б.). 
Кінәлі адамдарды балық ресурстарын, басқа да су жануарларын (өсімдіктерін) заңсыз алу 
орнына жеткізу үшін қолданылған өздігінен жүретін көлік құралдары қылмыстық құқық бұзу-
шылықтың құралы деп танылмайды және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-
бабының 3-бөлігінің 5-тармақшасы бойынша қылмыстық әрекет ретінде сараланбайды
10

Статистикалық  мәліметтер  бойынша  2010  –  2013  жылдар  аралығында  еліміздің  террито-
риясында шетелдік азаматтарға тиесілі 36 «Байда» жүзгіш құралдары ұсталған
11



 
285 
«
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 07 
шілдедегі  Заңы  1-бабының  2-тармағына  сәйкес,  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақ  —  ерекше 
қорғау  режимi  белгiленген  мемлекеттiк  табиғи-қорық  қорының  табиғи  кешендерi  мен  объек-
тiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгі.  
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 4-бөлігімен iрi залал келтiре 
отырып жасалған, не қылмыстық топ жасаған балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен 
өсімдіктерін заңсыз алу үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді. 
Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  3-бабының  38-тармағына  сәйкес  335-
баптағы ірі залал – қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қал-
пына  келтіру  үшін  қажетті  шығындардың  бір  мың  айлық  есептік  көрсеткіштен  асатын 
мөлшердегі құндық көрінісі. 
Қылмыстық  топ  —  ұйымдасқан  топ,  қылмыстық  ұйым,  қылмыстық  қоғамдастық,  тран-
сұлттық  ұйымдасқан  топ,  трансұлттық  қылмыстық  ұйым,  трансұлттық  қылмыстық  қоғамдас-
тық,  террористік  топ, экстремистік  топ,  банда,  заңсыз  әскерилендірілген  құралым  (Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабы 24-тармағы)
12

Профессор В.А. Авдеев ұйымдасқан қылмыстық іс-әрекетті дәлелдеудің күрделілігін, же-
дел-іздестіру  қызметі  мен  сот  жұмысы  барысында  туындайтын  мәселелерді  ескере  отырып, 
құрамына жоғары кәсіби біліктілікке ие және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы 
күрес  бойынша халықаралық  ынтымақтастық  шеңберінде  жүйелі  түрде  біліктілігін  арттырып 
отыратын адамдар енетін мамандандырылған алқалы органдар құрған дұрыс деп есептейді
13

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының нормалары да маңызды рөл 
атқарады. Осы баптың диспозициясында өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн 
және  құрып  кету  қаупi  төнген,  сондай-ақ  пайдалануға  тыйым  салынған  түрлерімен,  олардың 
бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу қарастырылады. 
Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түр-
лерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсім-
діктерді  немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, 
сақтау,  өткізу,  әкелу,  әкету,  салып  жіберу,  тасымалдау  немесе  жою,  сол  сияқты  олардың  ме-
кендейтiн жерлерін жою – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу-
ға  не  сол  мөлшерде  түзеу  жұмыстарына  не  үш  жылға  дейінгі  мерзімге  бас  бостандығын 
шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады
14

Қарастырылып отырған қылмыс түрі бойынша статистикалық мәліметтер негізінде тұрақты 
түрде өсу тенденциясы байқалады. 
Қорытындылай  келе,  бекіре  тұқымдас  балықтардың  заңсыз  айналымы  саласында  құқық 
бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту керегін айта кеткен жөн. 
Бірінші  ретте, қылмыстық  жолмен келтірілген  шығынды дер  кезінде  өтеу  үшін,  Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің 335, 339-баптарының санкциясына қосымша жаза ретінде 
сотталған тұлғаның мүлкін тәркілеуді толықтыру қажет деп санаймыз. 
Бұрынғы  1997  жылғы  16  шілдедегі  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінде 
жоғары  көрсетілген  баптарының  санкциясында  қосымша  жаза  ретінде  мүлікті  тәркілеу 
қарастырылған. 
Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәсе-
лелері туралы» 2015 жылғы 25 маусымдағы №4 нормативтік қаулысының 20 тармағына сәйкес 
мүлікті  тәркілеу  сотталушыны  кінәлі  деп  таныған  Қылмыстық  кодекс  бабының  санкциясында 
қосымша  жаза  ретінде  көзделген  жағдайларда  ғана  тағайындалуы  мүмкін.  Тәркілеуге  жататын 
мүлік үкімде анық көрсетілуге тиіс. Тәркілеу сотталғанның меншігінде тұрған, заңсыз тәсілмен 
табылған  не  заңсыз  тәсілмен  табылған  қаражатқа  сатылып  алынған  мүлікке  ғана  аударылуы 
мүмкін
15
.
                                                 
1
   Осетровые  на  грани  |  Зеркало/  Автор  С.  Алиева/  «На  лов  осетровых  в  Каспийском  море  будет  введен  морато-
рий»  [Электронды  ресурс]  /  Қолжетімділік  режим:  http://www.zerkalo.az/2013/osetrovyie-na-grani  /  -  Соңғы 
мерзімі – 28.01.2016. 
2
   Палатников  Г.М.  Осетровая  история  Каспия.  //  Первый  научно-популярный  журнал.  —  2008.  —  №    (10).  — 
Б. 25. 


 
286 
                                                                                                                                                                        
3
   Матаева М.Х., Мукашева Н.К. Анализ эффективности борьбы с эколгическими преступлениями в Казахстане 
//Криминологический журнал Байкальского государственного университета экономики и права. — 2014. — №3. 
— Б.196. 
4
   Палатников Г.М. Көрсет. еңбек. Б. 27. 
5
   Бұл да сонда. Б. 28. 
6
   Борчашвили И.Ш. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Особенная часть (том 2). – Ал-
маты: Жеті Жарғы, 2015. Б. 738. 
7   Бұл да сонда. Б. 738-739. 
8   Тәжірибелік іздену материалдарынан. //Атырау облысы ІІД. 
9   zakon.kz  «На  заседании  Генпрокуратуры  рассмотрено  состояние  работы  по  охране  и  воспроизводству  ценных 
пород  рыб  в  Урало-Каспийском  бассейне»  [Электронды  ресурс]  /  Қолжетімділік  режим:  http://www.zakon.kz/ 
kazakhstan/ 4554065-na-zasedanii-genprokuratury-rassmotreno.html / - Соңғы кіріп шығу мерзімі – 28.01.2016.  
10
   Борчашвили И.Ш. Көрсет. еңбек. Б. 739. 
11
   Тәжірибелік іздену материалдарынан. // Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті. 
12
   Борчашвили И.Ш. Көрсет. еңбек. Б. 739. 
13
   Матаева М.Х., Мукашева Н.К. Көрсет. еңбек. Б. 196. 
14
   Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЖШС «Издательство «Норма-К», 2015. – 240 бет. 
15
   Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының  «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» 2015 
жылғы  25  маусымдағы  №4  нормативтік  қаулысы  /  «Әділет»  Қазақстан  Республикасы  нормативтік  құқықтық 
актілерінің  ақпараттық-құқықтық  жүйесі:  [Электронды  ресурс]  /  Қолжетімділік  режимі:  http://adilet.zan.kz/ru 
s/docs/P150000004S / - Соңғы мерзімі 28.01.2016. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет