Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


Д. Секишев  — Орталық Қазақстан академиясының магистранты



Pdf көрінісі
бет148/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   216
Д. Секишев  — Орталық Қазақстан академиясының магистранты; 
       Ғылыми  жетекшісі  —  Орталық  Қазақстан  академиясының  қылмыстық  құқық  және 
қылмыстық іс жүргізу кафедрасының профессоры Қ.Ө. Тәшібаев 
БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  —  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  халқына 
«Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Сот жүйесі іс жүзін-
де ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Бар-
лық  құқық  қорғау  жүйесі  жұмысының  сапасын  арттыру  қажет.  Зор  өкілеттілік  пен  құқық 
иеленген  шенділер  мінсіз  мінез-құлқымен  және  жоғары  кәсіби  деңгейімен  ерекшеленуге  тиіс. 
Аса  маңызды  міндет  —  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  жаңа  стратегияны  қалыптастыру  және 
іске асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының 
қолайсыз  үдерісіне  айналмауға  тиіс.  Халық  алдында  есептілігін  арттырып,  нәтижеге  деген 
жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік 
беру  керек.  Қылмыспен  күресуде  және  құқықтық  тәртіпті  қамтамасыз  ету-әрбір  құқықтық 
мемлекеттің міндеті болып табылады,» – деп атап өтті
1
.  
Елбасының  осы  Жолдауда  жүктеген  тапсырмалары  бойынша  құқық  қорғау  органдарының 
алдағы  уақытта  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу  әрекеттерін,  ұйымдасқан  қылмыс  пен  есірткі 
заттарын  заңсыз  айналымға  түсірумен  байланысты  қылмыстарға  қарсы  күрес  жұмыстарын 
күшейту  туралы  көрсетілген.  Қазақстан  Республикасындағы  құқықтық  саясаттың  тұжырымда-
масы  қылмыстық  процестің  негізгі  қағидаларының,  қылмыстық  соттық  іс  жүргізу  гуманиза-
циясының  нақты  қылмыстық-процессуалдық  нормаларда  жүзеге  асырылу  жолымен,  сотқа 
дейінгі  және  соттағы  сатыларында  процедуралардың  тез  және  ықшамдалған  түрде  жүргізілуі 
жолымен  және  қылмыстық  процестің  бірден-бір  көрсеткіші  болатындай,  адвокаттарды  және 
азаматтарды әділ соттың сәйкес сатыларына қол жеткізудің шынайы механизмін қамтамасыз ету 
жолымен қылмыстық-процестік заңнаманың ары қарай жүргізілу жолдарын анықтап берді
2

Қоғамның  саяси  жүйесіндегі  түбегейлі  өзгерістер  құқықтық  құрылысты  тиімді  өзгертуді 
талап  етеді.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан  -  2050»  стратегиясында  азаматтардың  іскерлік 
белсенділігін  арттыру  мақсатында  ұлттық  құқықтық  жүйені  жаңғыртудың  қажеттілігін  атап 
көрсеткен  болатын.  Ұлттық  заңнаманы  әрмен  қарай  жетілдіру  үшін  тиімді  өзгертулер  мен 
толықтыруларды  енгізу  осы  тұжырымдаманың  орындалуын  жүзеге  асырудағы  заң  шығарушы-
лық қызметтің негізгі бөлігін құрайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: 
«Егер  сапалы  заңдар  болмаса,  онда  оған  әрдайым  өзгертулер  мен  түзетулер  енгізу  қажет 
болады» – деген. 
Қазақстан  Республикасында  осындай  құқықтық  мемлекет  құрастыру  үшін  азаматтардың 
құқықтарын, ерекшеліктерін және зандық мүдделерінің кепілдігін күшейту қарастырылады. Сол 
себепті, осы ереже қылмыстық іс жүргізу сферасында өте маңызды, себебі ол азаматтардың жеке 
өміріне қол сұғушылықпен, ерекшелігін шектеумен және адамның жеке басына тиіспеушілікпен, 
бұлтартпау  шараларын  қолдануымен  және  сот  алдында  бас  бостандығынан  айрыруымен 
байланысты. Мемлекетте өткізіліп жатқан сот-құқықтық өзгерістер эффективтік қылмыстық сот 
өндірісін құрастыруына бағытталған. 
Бірақ,  бұл  мәселені  шешу үшін, халықаралық қылмыстық іс жүргізушілік құрастыру тәжі-
рибесін  талдау  кажет.  Осы  ереже  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  4-бабында  көр-
сетілген:  «Қазақстан  Республикасы  бекіткен  халықаралық  келісімдерінің  оның  заңдарының 
алдында басылымдығы бар және тікелей қолданылады, тек қана оны  қолдануына халықаралық 
келісіммен сәйкес заң шығару қажет»
3

Бұлтартпау шараларын қолдану келесідей мақсаттарды алдына қояды — қылмысты тез жә-
не толық ашуды қамтамасыз ету, кінәлі тұлғаны анықтау, әрбір қылмыс жасаған тұлғаның әділ 
жазаға тартылуын және ешбір жазықсыз адамның қылмыстық жауаптылыққа тартылмауын заң 
жүзінде қамтамасыз етуге септігін тигізу. Бірақ  та барлық жағдайларда бұл  мақсат  толығымен 
орындала  бермейді.  «Процестік  мәжбүрлеу  шаралары  үнемі  дұрыс  нәтиже  береді  деп  есепте-
геніміз қате болады. Кез келген қылмысты ескерту шаралары өз мақсатына жетеді, егер заңды-
лықты  қатаң  сақтайтын  болсақ,  бұл  көбіне  мәжбүрлеу  шараларына  қатысты»  деген  мәселелер 
көтерілуде
4



 
294 
Бұлтартпау  шарасы  бүгінгі  күннің  өзінде  ғылыми  ойды  қажет  ететін,  өзекті  тұстары  көп, 
күрделі  процесс  болып  табылады.  Осы  тақырыпқа  сәйкес  өзекті  мәселе  көтерген  Қ.Ж.Капса-
лямов: «Бұлтартпау шарасы қылмыстық іс жүргізуде тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын 
шектеу сұрақтарымен байланысты болады. Жалпы, мәжбүрлеу процесі жеке адамға қол сұғыл-
маушылық  туралы  конституциялық  және  халықаралық  құқықтық  ережелерге  қарама-қайшы 
келмейді», – деп көрсеткен
5
. Сонымен қатар, М.К. Шагированың пікірі бойынша, «қылмыстық іс 
жүргізудегі  күдіктіге  қатысты  бұлтартпау  шарасын  қолдану,  қылмыстық  іс  жүргізу  заңымен 
қарастырылған мәжбүрлеу шараларының жиынтығы» деп көрсеткен
6

Сонымен,  процестік  мәжбүрлеу  деп  қылмыстық  сот  өндірісінің  мақсаттарына  кедергісіз 
жетуге бағытталған, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысушыларға ықпал етудің, заң нормала-
рымен  бекітілген,  ерекше  өзіне  тән  тәсілдерінен  көрініс  табатын,  қылмыстық  іс  жүргізудің 
реттеу әдісін түсінеміз. 
Жоғарыда айтылылғандарды ескере отырып, біз «процестік мәжбүрлеу» деп қылмыстық сот 
өндірісінің мақсаттарына кедергісіз жетуге бағытталған, қылмыстық іс жүргізу қатынастарының 
қатысушыларына  ықпал  етудің  заң  нормаларымен  бекітілген,  ерекше  өзіне  тән  тәсілдерінде 
көрініс табатын, қылмыстық іс жүргізудің реттеу әдісін түсінеміз. Қылмыстық іс жүргізу әдебие-
тінде  күштеудің  мәні  қарама-қарсы  мағынасы  бар  қос  категориямен,  сәйкестендіру  жолымен 
анықталады. Мәжбүрлеу қылмыстық процесте тұлға еркіндігін қандай да бір нысанда шектейді. 
Қылмыстық-процестік  әрекет  үшін  олар  ерекше  тән  болады.    Қылмыстық  іс  бойынша  өн-
діріс кезінде көптеген билікті процессуалдық шешімдер — тергеуші мен прокурордың қаулысы, 
бірінші соты, соттардың ұйғарымдары мен үкімдері және жоғарғы тұрған соттардың қаулылары 
шығарылады.  Заңдылықтың  талаптарын  бұзудан  келетін  әлеуметтік  төлемдер  өте  үлкен, 
сондықтан да бұндай қылмыстық-процестік бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, оның 
ішінде  теріс  салдарды  жоюға  бағытталған  арнайы  қалпына  келтіруші  шаралар  қарастырылған. 
Мұндай шаралардың міндеті: дұрыс емес шешімді жою және осы арқылы процессуалдық құқық 
бұзушылықтан  келген  зиянды  төменгі  шекке  жеткізу,  қылмыстық  сот  өндірісі  бойынша 
сұрақтардың  дұрыс  шешілуін  және  іс  бойынша  заңды  және  негізделген  шешім  шығаруға 
қамтамасыз ету.  
 Процестік құқық бұзушыларға жазалаушы қамтамасыз етуші шаралар қолданылуы мүмкін. 
Мысалы,  оған  айыпкер  күдікті  бірінші  тағайындалған  бұлтартпау  шарасы  бойынша  өз 
міндеттерін  орындамаған  жағдайда,  оған  барынша  қатал  бұлтартпау  шарасы  ауыстырылады 
немесе сот мәжілісінің тәртібін бұзған жағдайда сот залына жіберу немесе куәні дәлелді себепсіз 
шақыртуға  келмеген  жағдайда  алып  келу  және  басқалары  жатады.  Көрсетілген  шаралар  — 
құқық бұзушылық үшін қолданылатын және шектеу ретінде қолданылатын жазаның бір көрінісі. 
Құқыққа  қайшы  әрекеттердің  теріс  салдары  белгілі  бір  тәртіпке  мәжбүрлеудің  құралы  ретінде 
болады және ол іс бойынша ақиқатты қалыптастыратын қылмыстық сот өндірісінің ойдағыдай 
жүруін қамтамасыз етеді. Бұл жерде айта кететін бір жай, қылмыстық сот өндірісінің ойдағыдай 
жүруін қамтамасыз ету — бұл процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың жалпы соңғы 
мақсаты. 
Мемлекеттік мәжбүрлеуді қоғамдық қатынастарды реттеу әдістерінің бірі ретінде қарастыр-
ған  жөн. Мәжбүрлеу  мәнінің  мұндай  түсініктемесі  мәжбүрлеу  шарасының мақсаты және оның 
құралын  тағайындауды  біріктіретін  негізгі  қасиетін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Мақсатты 
тағайындалуы  деп  біз  мемлекеттік  мәжбүрлеу  көмегімен  шешілетін  мақсаттардың  жиынтығын 
түсінеміз.  Ал  мәжбүрлеудің  құралды  тағайындалуы  нақты  міндеттерге  жету  мақсатындағы 
арнайы құралдары мен тәсілдерін таңдауды және  пайдалануды сипаттайды.
                                                 
1
   Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан 
жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» // Егемен Қазақстан. 2014. 18.12. 
2
   Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2009  жылғы  24  тамыздағы  Қазақстан  Республикасының  2010-2020 
жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» № 858 Жарлығы. 
3
   Қазақстан Республикасының Конституциясы (өзг. толықтыр.2012 ж.) // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377.  
4
   Жамиева Р.М. Уголовно процессуальное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие для ву-
зов. — Караганда, 2014. Б. 272. 
5
   Капсалямов К.Ж. «Уголовно процессуальное принуждение: гарантии, принципы, реализация». — Астана, 2001. 
Б. 36. 
6
   Шагирова  М.К.  «Задержание  подозреваемого  в  совершений  преступления».  Дисс.  канд.юрид.наук.  — 
Караганда, 2007. Б. 96. 


 
295 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет