292
Сот сырттай шешім шығарып, одан кейін жауапкердің сырттай шешімді бұзуы туралы ұйға-
рым шығарылған жағдайда, жауапкер соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға құқылы.
Іске қатысушылар сырттай шешімді бұзу туралы ұйғарымға шағымдануға құқылы емес,
себебі ол істің әрі қарай жылжуына кедергі жасамау және мұндай ұйғарымға шағымдану құқығы
заңда көрсетілмеген.
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың мазмұнында:
- сырттай шешім шығарған соттың атауы;
- арыз берген жауапкердің атауы;
- жауапкердің сот отырысына дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мән-
жайлар туралы мәліметтер және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ шешім-
нің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәлелдемелер;
- арыз беруші
жауапкердің өтініші;
- арызға қоса тіркелетін материалдардың тізбесі болуп, Қазақстан Республикасы АПК-нің
260-бабының 1-бөлігіне сәйкес.
Арызға жауапкер немесе өкілеттілігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды. Іске қатысушы
адамдардың саны бойынша жауапкер сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың көшірмесін
сотқа ұсынады.
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға мемлекеттік баж төленбейді (ҚР АПК-нің ).
В.И. Решетняктің және И.И.Черныхтың айтуынша, бұл нормада қарама-қайшылық бар: бір
жағынан — заң шығарушы жауапкерді жағымсыз жағдайға соқтырады, екінші жағынан –
сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз берумен байланысты шығыннан босатады.
Олардың ой-пікірлері бойынша талап арызды қарау кезінде сот үшін және талап қоюшы
үшін материалдық шығындар туындайды, сондықтан жауапкер сырттай шешімнің күшін жою
арызын беруде мемлекеттік баж төлеуге тиіс. Осындай арызды қабылдағаннан кейін сот іске
қатысушы адамдарға сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың және оған қоса тіркелетін
материалдардың көшірмесін жібереді.
Сотқа арыз түскеннен кейін он күн ішінде сырттай шешімді жою туралы арызды қарайды.
Өтетін сот отырысының орны мен уақыты туралы хабарланып, іске қатысушы адамдар келмей
қалған жағдайда арыздың қаралуына кедергі болмайды. Бұл Қазақстан Республикасы АПК-нің
262-бабының 1-бөлігінде көзделген. Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарап
болған соң сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттардырдан бас тарту туралы
немесе сырттай шешімнің күшін жою туралы және істі мәні бойынша соттың сол құрамында
немесе өзге құрамында қайта қарау туралы ұйғарымдардың біреуін қабылдайды.
Соттың сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы
ұйғарымына жеке шағым (наразылық) жалпы тәртіп бойынша берілуі мүмкін.
Сырттай шешімнің күшін жою негіздемелерінің толық тізімі Қазақстан Республикасының
АПК-нің 265-бабында көзделген. Осылай сырттай шешімнің күші жойылуға тиіс:
- сот отырысына жауапкердің келмей қалуына дәлелді себептер
болған жағдайда ;
- егер жауапкер дәлелді себептер туралы сотқа мезгіліне хабарлауға оның мүмкіндігі
болмағанын сот анықтаса;
- егер жауапкер шешімнің мазмұнына ықпал ету мүмкін дәлелдемелерді табыс етсе.
Егер жауапкер сот отырысына хабарламай келмей қалған болса, істі жаңадан қараған
жағдайда, сот шығарған шешім сырттай деп танылмайды. Жауапкердің сырттай іс жүргізу
тәртібімен қарау құқықы жоқ.
Қорытындылай келе, сырттай шешім Қазақстан Республикасы АПК-нің
21-тарауының 256-267 баптарын көздейді. Сырттай шешім шығару процесіне бірнеше қатысу-
шылар қатысып, барлық қатысушылар сот отырысына дәлелсіз себептермен келмей қалған
жағдайда жол беріледі. Сот отырысы басталған кезде, судья келген талапкерге істі әдеттегі
тәртіпте немесе сырттай іс жүргізу тәртібімен талқылауға деген оның құқығын түсіндіреді, яғни,
талапкерге өзінің қуыным талабын талқылаудың тәртібін таңдау құқығы беріледі. Алайда
аталған таңдау құқығы тек жауапкер сотқа келмей қалған жағдайда ғана жүзеге асырыла алады.
1
Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы. — Астана: «Фолиант» баспасы,
2006.
2
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377.