Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


А. Дүйсенбай  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  М.Есболатов  атындағы  Алматы



Pdf көрінісі
бет61/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

А. Дүйсенбай  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  М.Есболатов  атындағы  Алматы 
академиясының 2-курс курсанты, қатардағы полиция
       Ғылыми  жетекшісі  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  М.Есболатов  атындағы  Алматы 
академиясының  радиоэлектроника  және  телекоммуникация  кафедрасының  оқытушысы 
полиция аға лейтенанты И. Тәжібай. 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЛАҢКЕСТІК ІСТЕР. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТ 
«Лаңкестік»,  яғни  «терроризм»  —  грекше  «terror»  сөзінен  шыққан  «үрей»,  «қорқыныш» 
деген  мағыналарын  білдіреді.  Бұл  атауды  бірінші  Аристотель  қолданған.  «Террор»  сөзі  «өз 
мақсатына  жетуге  ештеңеден  тайынбайтын,  зорлықпен  үкімді  жүргізудегі  көзделген  саяси 
күрес»  деген  мағынаны  түсіндіреді.  Лаңкестіктердің  қарулануы,  істері  мен  бүлік  шығару  іс-
әрекеттері  олардың  бүкіл  болмысын  айқын  көрсетеді.  Соңғы  уақытта  лаңкестік  істер  мәселесі 
ұлттық шеңберден шығып, халықаралық қатынастардың саласымен байланысып, қазіргі таңның 
өткір  жаһандану  мәселесіне  айналып  отыр  және  әлемге  кеңінен  таралуда,  атап  айтсақ,  500-ге 
жуықтап  қалатын  лаңкестік  ұйымдар  бой  көтеруде.  Олар  —  саяси,  діни  бағытты,  әлеуметтік 
және этникалық құрамды.  Қазіргі таңда шабуылдау дәрежелері бойынша олардың ең үлкендері 
—  «әл-Қайда»,  «Абсат  әл-Ансар»,(Ливан),  «Ал-Жиһад»,  «Жәмағат  әл-Ислами»,  «әл-Ихуан  әл-
муслимин», (Мысыр), «Хизб-ут-тахир әл-Ислами» (Пәкістан). 
Лаңкестер тек белгілі бір аймақтарда ғана емес (Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия), дамыған мық-
ты  әлем  мемлекеттерінде  де  (АҚШ,  Батыс  Еуропа),  болып  жатқаны  байқалады.  ХХ  және  ХХІ 
ғасырларда  жаһандану  мәселесінің  өршуі  қазіргі  заманда  әлемде  ғылымның  дамуы,  әртүрлі 
моделдегі  ядролық  және  басқа  да  қару-жарақтардың  дамуы  болып  келеді.  Лаңкестік  бірнеше 
түрлерге бөлінеді:  
1. Ядролық лаңкестік ядро жарылғышты заттардың жарылуын немесе сонымен қорқытып, 
радиоактивтік заттарымен улап, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір дүние 
жүзінің  30  мемлекетінде  450-ге  жуықтай  ядролық  нысандар,  жүздеген  ядролық  реакторлар,  он 
мыңдаған ядролық қарулар бар.  
2. Хайджекин  ірі көліктерді пойыз, ұшақ, әртүрлі жеңіл және ауыр автомобильдерді, сон-
дай-ақ  су  кемелерін  тонауды  мақсат  қылады.  Бірінші  әуе  бойынша  лаңкестік  істер  1930  жылы 
болған.  Террористер  қатары  1969  жылы  91  рет,  1972  жылы  59  рет  жолаушылар  ұшақтарына 
шабуылдар  жасаған.  1972  жылғы  қыркүйекте  4  ұшақ  лаңкестердің  тарапынан  қиратылып 
жойылды. 
3. Гиперлаңкестік  арнайы хакерлік тәсіл бойынша компьютердің басқару жүйелерін игеріп 
алуды, компьютердің вирустар арқылы интернет жүйелерін істен шығаруды көздейді. 
4.  Биолаңкестік  вирустар  —  ұнтақтар  секілді  бактерия  болатын  қоспалар  пайдаланып, 
оларды лаңкестік істер бойынша әрекетті жасау. 
5.  Химиялық  лаңкестік  —  тұншықтыру  және  улау  газдық  терроризмдік  әрекеттер 
мақсатында пайдалану.  
6.  Ақпараттық  терроризм  дегеніміз  —  теракты  жасау  үшін  болатын  ақпараттарды  БАҚ 
(бұқаралық ақпарат құралдары) бойынша тарату, бұл экономикалық түрде дамып кеткен мемле-
кеттердің  техникалық  мүмкіндіктерімен  басқаларына  зиян  тигізу  үшін  жасалатын  пайданы 
білдіреді.  Бір  жалған  нәрсе,  кей  кезде,  барлық  әлемдегі  мемлекеттердің  арасына  қарама-қарсы 
қайшылыққа  түсіріп  жібереді,  миллиардтаған  адамдар  санасын  улайды,  ол  адамдардың  ақыл-
есін бұзады. Сол себепті БАҚ бойынша көбіне, интернет жүйелері арқылы таратылып жатырған 
теріс хабарламалар түрлі қауіпті нәтижелер беруі ғажап емес. Мұндай зиян хабарларды «ақпарат 
лаңкестігі»    десе  де  болады.  Бұндай  іс-әрекеттер  саяси  лаңкестіктердің  ажыратылмас  бір 
бөлшегіне жатады.  
7. Лаңкестіктердің ең қауіптісі — діни экстремизм. Олардың ойларынша, өз сенімдеріндегі 
дін  тәріздес  сенімге  сенбеген  адамдар  күнәхар  болып  есептеледі,  сол  себептен  олар  өздерінің 
дініне  сендіру  мақсатында  неше  түрлі  қауіпті  іс-әрекеттерге  барады.  Мысал  келтірсек:  әртүрлі 
діни  мекемелер,  қоғамдық  жерлер,  адамдар  тобының  көп  ортасына  өрт  қоюлары,  жарылыс 
қоюлары  және  тағы  да  басқа  түрлі  әрекеттердің  орындауы,  діни  фанаттар  да  өздерінің  өмірін 
өлімге қияды
1



115 
Қазіргі  уақытта  ең  көп  тараған  лаңкестік  —  дінді  бетперде  еткен  түрі.  Бұлардың  басты 
мақсаттары  —  көптеген  діни  сенімдерді  пайдаланып,  адамдардың  пікіріне  әсер  ету,  билікті 
ұстап  қалу,  ұлтаралық  соғыс,  талас-тартыстарды  ұйымдастыру,  дінді  саяси  құрал  түрде 
пайдалану.  
Лаңкестік  істер  әртүрлі  жағдайларға  байланысты  болып  жатыр,  олар  —  қандай  да  болсын 
лаңкестік  әрекеттер  туралы  ортаға  хабарлайтын  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  болуы, 
қарудың  көптеген  жаңаша  маркаларын  шығаруға  мүмкіндік  беріп  жатқан  техника  мен  ғылым-
ның  дамуы,  мемлекеттер  арасында  қатынастардың  шиеленісуі,  әртүрлі  діндер  араларындағы 
байланыстардың, ғаламшардағы халықтар тізімінің көбеюінің, ұлтаралық қатынастардың өткір-
ленуінің,  адам  құқықтарының,  халықаралық  үлкен  қылмыстардың  көбеюінің,  заңсыз  есірт-
кілердің таралуының, жұмыссыздықтардың, білімсіздіктердің және т.б. көптеген жағдайлардың 
көп болуы. 
Әркімнің  өз  таңдауы,  өз  құқықтары  бар.  Мұсылманбыз,  Әбу  Ханифа  мазһабын  ұстанған 
сүннитпіз. Ата-бабаларымыздың ұстанып жүрген бұл жол ата-аналарды сыйлауға, ұлттық салт-
дәстүрлерді  ұстанып  жүруге  негізделінген.  Еліміздің  азаматтары  мен  азаматшаларының  дінге 
деген  көзқарастары  дұрыс  болып,  оған  сеніммен  қарап,  имандылыққа  негізделген  өмір  салтын 
ұстану  қажет.  Жас  ұрпақты  барша  ғаламдағы  ең  ізгі  дін  —  Ислам  діні  екендігін  саналарына 
құйып,  оны  ұстануға,  қадірлеуге,  сеніммен  қарауға  баулып,  ата-баба  дәстүрлерін  ардақтаға-
нымыз дұрыс. Біздер діни радикализмді, экстремизмді тоқтату барысында заңдарды жетілдіріп, 
олардың орындалуына бар мүмкіндігімізді салуымыз керек. 
Елбасымыздың  «Қазақстан-2050»  Стартегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағы-
ты» Жолдауына және осыған дейінгі өзге де жолдауларға  сүйене отырып, Елбасымыздың ерек-
ше  орынға  елдің  дәстүрлері  мен  мәдени  нормаларына  сәйкес  келетін  дінді  —  Ислам  дінін 
қойғандығын және болашақ ұрпақты отаншыл рухта тәрбиелеуді атап өткенін байқаймыз. Яғни, 
келер ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, ұлттық санасын қалыптастыру, отанға деген жанашы-
рлығын  арттыру    тек  мемлекеттік  деңгейдегі  саясат  ретінде  ғана  емес,  қоғамдық,  отбасылық 
деңгейде  қарастырылғаны  жөн.  Бәрімізге  мәлім,  «Отан  отбасынан  басталады»,  яғни,  бұл  деге-
німіз — баланы тұлға ретінде қалыптастыру процесінде оған дұрыс бағыт, тәрбие-білім беру. 
Қазіргі уақытта лаңкестік істерді жүзеге асыруда түрлі қарулар, оның ішінде, жаппай қырып 
салатын  жарылыс  қаруларын  да,  ядролық  қаруларды  да  қолданатын  болды.  Сол  себептен  де, 
мемлекеттер  қатары  өздерінің  қаруларын  сақтап  ұстайтын  объектілерді  қатаң  бақылауда, 
қорғаныста  ұстау  керек.  Негізінен,  мемлекетіміз  лаңкестікті  олардың  барлық  нысандарында 
және  көріністерінде  батыл  айыптап  келеді.  Оған  қарсы  іс-қимылдар  еліміздің  ұлттық  қауіп-
сіздігін  қорғау  мақсатындағы  әрекеттердің  басым  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Еліміз 
ядролық  терроризм  актілерімен  күресу  бойынша  ауқымды  бастамаларға  алғашқылардың  бірі 
болып қосылғанын айта кеткеніміз жөн. Бұл бағытта Ресей Федерациясы, АҚШ және тағы басқа 
да мемлекеттер бізбен бірге алғашқы әріптестер қатарына кіріп отыр. Бірақ лаңкестік істер ахуа-
лы жоғары жақтағы заңға қарсы келіп, оны өз беттерінше жоқтап, терістеп шығарып, өздерінің 
қуатын  дамытып,  жалғастыруда.  Сондықтан,  лаңкестердің  іс-әрекеті  белгілі  бір  аймақтың 
немесе мемлекеттің басына ғана төнген қауіп емес, олар барлық әлем басына төңген қауіп болып 
тұр.  Осы  мақаламда  лаңкестік  істерді  жаһандық  тұрғыда  қарастырып,  қозғағанымның  басты 
себебі де — осы.  «Жаһандық» деп отырғаным, сөз қорына көз жүгіртсек,  «жаһандану» термин 
сөзі  ғаламдану,  әлемдік  ауқымдану,  бір-бірімен  тығыз  түрде  экономикалық,  ғылыми-техника-
лық, жалпыға ортақ, саяси, мәдени байланыстардағы біртұтастық адамзат қауымдастықтарының 
қалыптасуы  және  де  бұлар  —  біздердің  көз  алдымызда  өте  тез  үлкен  қарқынмен  жүріп  келе 
жатқан үрдіс
2

Қазіргі  таңда  жаһандық  лаңкестік  істердің  қауіптілігі  өте  жоғары,  өйткені  террористердің 
соңғы уақытта шығып жатырған жаңа көптеген қаруларды иемденген, байланыс құралдары бар, 
қазіргі  кездің  жаңа    компьютерлері  және  әртүрлі  тезхникалары  бар,  олар  өздері  жазып  дайын-
даған кітаптарын, газет-журналдарын шығарады, олардың жоғарғы билік органдарында сыбай-
ластары болып тұр, сол себептен, жаһандық терроризмдердің идеологиясы кең қанат жаюда
3

Террористер бір жерді  басып тастағаннан кейін олар міндетті  түрде басқа жерлерді  басып 
алуға  тырысады  және  жұмыс  жасайды.  Осы  тұста  үлкен  жағдайлардың  бірі  —  Таяу  Шығыс 
мелекеттеріндегі  қазірге  дейін  өз  мәресіне  жетпеген,  әлі  күнге  дейін  шешімін  таппаған,  кері-
сінше өршімесе, аяқталмайтын дау жанжалды мысалға келтіріп айтқым келеді. Әсіресе, бұл  — 


116 
бүкіл  әлемді,  интернет  желілерінде  әлемді  дүр  сілкіндірген  Сирия  мәселесі.  Бұндай  қақтығыс-
тардың  шығу  себептерінің  жағдайы:  сүнниттер  мен  шиттердің  екі  түрлі  бағытты  ұстануы,  бір-
біріне  деген  көзқарастары  мүлде  сәйкес  келмейтіндігі  болып  тұр
4
.  Өзге  елдер  бойынша  соңғы 
жылдарда  жинақталынған  тәжірибелеріне  сүйеніп  қарасақ,  тек  арнайы  қызмет  пен  күш  құры-
лымдарының экстремизм мен терроризмдердің алуан көріністеріне қарсылық жасап, күресулері 
жеткілікті  емес  екендігі  көрсетіледі.  Бұған  келсек,  ХХІ  ғасырдың  «обасы»  атауын  алған 
құбылысты барлық қоғам болып күресуіміз керек. 
Лаңкестік іске қарсы күрестер жөніндегі алдын алудағы шаралар экономикалық шараларды 
да қамтуы тиіс, яғни, бұл дегеніміз — террористерді қаржыландыру  әрекеттерінің жолын кесу 
ғана  емес,  экономика  мен  кәсіпкерліктің  даму  фундаментін  құру.  Барлық  қоғам  түрлері  өзде-
рінің  тұрмыс  жағдайларын  жақсарту  үшін  бірдей  мүмкіндіктерді  пайдалана  алулары  қажет, 
өйткені  экономикалық  даму  ағынымен  жүруге  қабілетсіздіктің  соңы  тұрмыс  жағдайын  нашар-
лануын,  ал  өз  кезегінде  бұл  адамдардың  эксперименттік  мақсаттарды  қолдауын  тудыруы 
мүмкін. 
Қазіргі  күндегі  антитеррорлық  қызметтер  терроризмге  қарсы  күшті  қолдануға  ғана  емес, 
терроризмдер мен экстремизмдерді  туындататын және тарататын «объективтік факторлардың» 
дәл уақытында алдын алуға және жоюға бағытталуы қажет. 
Ұлттық  және халықаралық  құқық  қорғау  жүйесі  мен  құрылымдарын  халықаралық  террор-
лық  ұйымдарға  қарсы  күрес  талаптарына  сәйкестендіру  керек.  Бұл  бағытта  бүкіл  әлемдік  кө-
лемде  терроризмнің  тарауына  қарсы  елдер  кез-келген  террорлық  ұйыммен  ынтымақтастықтан 
бас тарту туралы саяси шешім қабылдауы тиіс. Осындай ахуал кез келген уақытта біздің елде де 
орын алуы мүмкін екенін естен шығармайық!
                                                 
1
   Дарменов  А.Д.  Предупреждение  экстремизма  в  условиях  глобализации,  Учебное  пособие.  –  Алматы:  ООНИ-
иРИР, 2008. – 310 с. 
2
   Предупреждение  распространения  экстремистских  течений  в  Казахстане:  Метод.  Рекомендации  /  Сост.  Р.И. 
Насырбаев. – Алматы: ООНИиРИР, 2010. – 51 с. 
3
   Ғылыми-теориялық тезис материалдары – Алматы: ҚР ІІМ Алматы академиясы, ГЗжРБЖҰБ, 2014. – 373 б. 
4
   Правовая  основа  противодействия  терроризму:  Сборник  нормативно-правовых  документов.  —  Алматы: 
ООНИиРИР, 2009. – 280 с. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет