Бухгалтерлік баланс- кәсіпорынның шаруашылық қаржысын белгілі бір мерзімге түрлері мен құралу қөзі бойынша жіктеу және олардың жағдайын ақшалай көріністе жалпылау әдісі
Бухгалтерлік есеп- ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады
Бухгалтерлік өткізбе- дебеттелетін және кредителетін шоттарын және тіркелуге тиісті шаруашылық операциясының сомасын көрсете отырып шоттар корреспонденциясын құру
Бухгалтерлік есеп шоттары- шаруашылық операциялар жөніндегі көрсеткіштеді жіктемелеу, топтастыру және тіркеу белгілері бойынша көрсету тәсілі.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары- кәсіпорында жүргізілген барлық шаруашылық операциялар жөніндегі көрсеткіштерді жалпылайтын және тіркеу үшін қолданылатын, бухгалтерлік есеп шоттарының кодтық жүйесі және реттелген классификатор.
Валюта –белгілі бір елдің (ұлттық валюта) немесе шет мемлекеттің (шетел валютасы).
Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігінде немесе халықаралық валюталық бірліктерде көрініс тапқан бір елдің ақша бірлігінің бағасы.
Вексель –иегеріне мерзімі өткеннен кейін борышкерден көрсетілген ақша сомасын талап ету құқығын беретін құнды қағаз түріндегі бектілген нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме.
Дебет – шаруашылық операциясын екі жақты жазу әдісі арқылы тіркеу үшін қажетті бухгалтерлік есеп шотының сол жағы. Активті шоттарда –шоттың ұлғаюын, ал пассивті шоттарда шоттың кемуін білдіреді.
Дебиторлық борыш-басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы немесе кәсіпорынның басқа компанияның ақша құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес активтеріне қойылатын талабы болып табылады.
Дебитор-дебиторлық борышы бар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен жеке тұлғалар.
Есеп саясаты-бұл бухгалтерлік есепке алу және есептемесін ашу үшін олардың қағидаттары мен негіздеріне сәйкес субъектінің басшысы қабылдайтын әдістердің жиынтығы.
Жал –келісім-шартқа сәйкес, белгілі бір төлемге мүлікті уақытша пайдалануға беру. Мүлкін уақытша пайдалануға беруші жақ жалға беруші деп аталады, ал алушы жақ жалгер деп аталады.