Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі



бет31/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

Біржолғы құжаттарбір мезгілде жасалатын және құжаттар тіркелетін, бір немесе бірнеше біртектес шаруашылық операцияларын көрсету үшін пайдаланылады. Мысалы: касса ордерлері, талаптар, жүкқұжаттар, төлем тапсырмасы және т.б.
Жиынтықтаушы құжаттар - әр түрлі уақыттарда және белгілі бір кезең ішінде жасалған біртектес шаруашылық операцияларын тіркеу және жиынтықтау үшін пайдаланылады. Жұмысқа екі апталық, айлық нарядтар, кәсіпорын қоймасынан материалдарды босатуға арналған шектеу карталары және т.б. жиынтықтаушы құжаттарға мысал бола алады.
Есеп жазуларының саны бойынша қжаттар бір жолдық және көп жолдық болып бөлінеді.
Бір жолдық құжатта бір ғана позиция (материалдың бір түрі, бір өнім) болады.
Көп жолдық құжатта бірнеше атаулар, позициялар көрсетіледі.
Құжат түрлері бойынша хаттамалар, бұйрықтар, есептемелер, актілер және т.б. болып бөлінеді.
Құжаттар нысаны бойынша бірегей және арнайы құжаттар болуы мүмкін.
Бірегей құжаттар – бұл халық шаруашылығының жекелеген салаларында қолданылатын құжаттар.
Арнайы құжаттар – бұл халық шаруашылығының жекелеген салаларында өолданылатын құжаттар. Оған атқарылған жұмыстарды қабылдау актісі, жолдама қағаздар және т.б. жатады.
Қайта шығарылуы бойынша құжаттар түпнұсқа, көшірме және үзінді болып бөлінеді.
Түпнұсқа құжаттар тиісті жолмен түпкілікті редакцияда рәсімделген және қол қойылған құжаттар.
Көшірмелер құжаттың барлық деректемелерін қайта шығару.
Үзінді құжат бөлімінің көшірмесі.
Құжаттың рәсімделуі мен мазмұнына қатаң талаптар қойылады. Құжаттар рәсімделетін шаруашылық операцияларына сипаттама беретін барлық көрсеткіштерді көрсетуге тиіс. Бухгалтерлік құжаттама мынадай негізгі талаптарға жауап беруі тиіс: дәл болу, яғни олардың сипаты, сандық және ақшалай көрсеткіштері бойынша нақты жүргізілген шаруашылық операциясына сәйкес келу, қарапайым және айқын, есеп аппаратының қызметкерлеріне ғана емес , сондай-ақ пайдаланушыларға түсінікті болуы керек. Мерзімінде рәсімделген және есеп процесін автоматтандыру жағдайында өңделуге бағытталған болуы қажет. Есеп құжаттарында көрініс тапқан бухгалтерлік ақпарат сапалы және тиімді болуға, яғни еңбек пен уақыттың аз шығынымен қалыптасуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет