Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі



бет54/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103
Сенімхат. Материалдық қорларды қабылдау кезінде лауазымды тұлғаның, субъектінің сенімді өкілінің құқысы бар адамға сенімхатты рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. Материалдық құндылықтардың алынғандығын, берілген сенімхаттаоды есепке алатын, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға тіркейтін субъектілер қолданады.
Берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы. Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданылады. Сенімхатты пайдаланған кезде оның берілгендігі және алынғандығы сенімхаттың түбіртегіне жазылады. Мұндай жағдайда берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы жүргізілмейді.
Кіріс ордері жабдықтаушылардың немесе өңделгеннен кейін ұйымға келіп түсетін қорларды есепке алуға қолданылады. Қорлар қоймаға келіп түскен күні материалдық жауапкершілігі бар тұлға кіріс ордерін бір дана етіп толтырады.
Материалдардың қабылданғаны туралы акт. Жабдықтаушылардың жолдама құжаттарындағы мәліметтерден сандық және сапалақ айырмашылықтары бар қорларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдағанда жасалады. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні екі дана етіп жасайды. Құндылықта қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлық-көліктік жөнелтпе қағаздар, спецификациялар т.б.) актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі-жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе бухгалтерияға жіберіледі.
Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалу, сақталу процесінде жетіспеушілігі мен жоғалуы жөніндегі Акт. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорлардың дайындалу, сақталу немесе өндіру проценсінде жоғалғаны анықталған кезде қолданылады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансына шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз болады. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі актіге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісірел қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі бөлімде қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет