Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі



бет78/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   103
Пайыздар бойынша шығысқа – банк несиесі және жабдықтаушылардың берген несиесі бойынша, мүлікті жалға беру бойынша төленетін пайыздар жатады.
Пайыздар (марапаттау) – несие алушының ақша капиталын несиеге алғаны үшін несие берушіге төленетін табыстың бір бөлігі. Пайызды өтеудің көзі қарыз капиталын пайдалану процесінен тындайтын құн болып табылады.
4. Өзге кірістер мен шығыстар есебі. Кейбір жағдайда табысты алу процесі бірнеше есептік кезеңдері қамтуы мүмкін. Мысалы: құрылыста, мұнай өндіру құралдарын дайындау мерзімі құрылыстық келісім шартта есепке алудың 2 әдісі бар:

  1. Келісім-шарттың толық аяқталу әдісі-табыс, шығыс және жалпы пайда келісім шартқа аяталған сәтте танылады. Бұл кезде жинақталған шығыдар ТМҚ (аяқталмаған құрылыс шотында)жинақталады.

  2. Жұмыстың аяқталуының пайыздық әдісі- табыс пен шығыс және жалпы пайда өқұрылыстың жүруінеисәйкес әрбір есепті кезеңде танылып отырады, яғни орындалған жұмыстың пайыздық арақатнасына негізделеді.

№11 стандартқа сәйкес тек осы әдісті қолдануға рұқсат беріледі.
Жұмыстың аяқталу сәтін анықтау әдісі «шығыстан шығысқа» деп аталады. Бұл әдісті мерзімдегі шығындардың сомасы құрылыс жобасының аятауға қажетті шығындардың жалпы сомасына бөледі:
Аяқталу пайыз=(ағымдық мерзімдегі шығындар: жобаның аяқталуына қажетті шығындар) *100
Аяқталу пайызы анықталған бойда есепті кезеңдегі табыс сомасы төмендегіше есептеледі:
Есепті кезең табысы= аяқталу пайызы* ( келісімнен түскен жалпы табыс- өткен кезеңде танылған табыс)
Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сәйкес келу қағидасы қолданылады. Бұл кірісті тану процессінің екінші сатысы. Сәйкес келу қағидасы тану өлшемдеріне сай кез‑келген есепті кезеңде табыстың табыс қағидасына сәйкес анықталуын талап етеді. Кейіннен дәл осы кезең үшін сол кезеңде табыс алу барысында туындайтын шығыстар анықталады.
Шығыстарды келесідей жіктеуге болады:

    1. Тура шығыстар- табыспен байланысты өткізілген тауардың өзіндік құны. Мұндай шығыстар дәл сол операциялар немесе оқиғаларды іске асыру нәтижесінде туындайтын табысты танумен бірге танылады.

    2. Кезең шығыстары­- -өткізу процесімен байланысты шығыстар және жалпы әкімшілік шығыстар. Бұл шығыстар қай кезеңде туындаса сол кезең ішінде танылады.

    3. Таратылған шығыстар- бұл амортизация және сақтандыру тәріздес шығыстар. Мұндай шығыстар тиісті активтер пайда әкеледі деп күтілетін кезеңдерге жүйелі түрде таратылып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет