Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Негізгі және негізгі емес қызметтің кірістер мен шығыстары есебі



бет76/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
2. Негізгі және негізгі емес қызметтің кірістер мен шығыстары есебі. Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол № 8ХҚЕС-на сәйкес есептелінеді. Табыс сондай-ақ, ТМҚ-ды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін.
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады.
Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшарттарында бухесептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни екі жақты да бірдей көрі, сақтық жасау және т.б. Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарапта мәмілеге қатысқан кезде, сатушы сондай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім-шартта көрсетілген соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.
Келісім шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезде басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
- есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
- мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса. Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі 70- бөлімшесінің «Негізгі қызметтен түскен табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шоттар жатады:
(6010) - «Дайын өнімді (жұмыстар,қызметтер) сатудан түскен табыс» шоты. Бұл шотта өнімді сатудан , орындалған жұмыстардан және көрсетілген қызметтерден түсетін табыстар көрсетіледі. Есепті кезең бойы 701 (6010) шоттың кредитінде дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.
(6010)шот бойынша жасалған шоттар корреспонденциясы:
1. а / Келісімді баға бойынша дайын өнім босатылды Дт (1210), Кт (6010)
ә/ ҚҚС сомасына Дт (1210), Кт (3130)
2. а/ Негізгі және қосалқы цехтарда орындалған жұмыстар мен қызметтер Дт 301-303,321-323 Кт 701
ә/ ҚҚС сомасына Дт 301-303(1210),321-323 Кт 633 (3130)
3. Сатып алушылар ұсынған шот бойынша есеп айырысу шотына қаражат келіп түсті Дт (1030) Кт (1210)
Табыстың белгілерін ашу. Субъекті қаржылы есеп бергенде түсіндірме жазбасын бірге тапсырады, онда: көрсетілген қызметтен түсетін табыстарды анықтаудың жолдары; дивиденттер, роялти, пайыздан алынатын табыс, көрсетілетін қызмет, тауарды сатудың нәтижесінде пайда болатын табыстарымен қоса есептік кезең үшін танылатын , табыс түрінің әрбір мәнді сомасы ашылуы тиіс. Тауарды айырбастау немесе қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын табыстар сомасы бөлек ашылып көрсетіледі.
Сатылған тауарлардың ( қызметтердің, жұмыстардың) өзіндік құнының есебі. Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға бөлімшесінің (7010)«Сатылған дайын өнімдердің ( тауарлар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны» деп аталатын шоты арналған.
(7010)- шоты «Сатылған дайын өнімдердің ( жұмыс, қызмет) өзіндік құны» шоты. Бұл шот өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін материалық өндіріс салаларында қолданылады және босатылған өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған.
(7010) шотқа сатылатын дайын өнім түрі бойынша субшоттар ашылуы мүмкін, бірақ мұндай шешімдер есеп саясатында көрініс табуы тиіс
(7010)- шоты «Сатылған дайын өнімдердің ( жұмыс, қызмет) өзіндік құны» шоты бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясы:
1. Бұйрық –накладнойларының негізінде, қоймадан нақты өзіндік құны бойынша босатылған дайын өнімнің сомасына Дт (7010) Кт (1320)
2. Тарсырыс берушілерге орындалған жұмыстар мен қызметтер актісі бойынша өткізілді Дт 7110 Кт 8210,8210
3. Босатылған тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге толтырылған салықтық шот-фактуралар және есеп айырысу – төлеу құжаттары сатып алушыларға ұсынылды:
- келісімді бағалар бойынша Дт (1210) Кт (6010)
- ҚҚС сомасына Дт (1210) Кт (3130)
(7010) – шоттың дебетінде сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құны есепке алынады, ал есепті кезеңнің аяғында осы шоттың кредитінен 5610 «Жиынтық табыс (залал)» шотының дебетіне жазылады. Осы жазудан кейін (7010)- шоты жабылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет