Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі



бет46/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103
Депозитті сертификат – салушының депозитті алуға құқығын куәландыратын ақша қаражаттарын депозиттен өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік. Сертификаттар талап етілгенше (депозитті сертификатты көрсету арқылы белгілі бір соманы алуға құқық беріледі) және жедел (салынымды қайтарып алу мерзімі және проценттің мөлшері көрсетілген) түрінде болады. Депозитті сертификаттар банкке немесе делдалдарға (құнды қағаздарды, тауарларды және валютаны сату және сатып алу сауда делдалдарының мәмілесінде) пайызсыз немесе бір тұлға екіншісіне табыстау жазбасы арқылы берілуі мүмкін. Депозитті сертификаттардың экономикалық маңызы несие ресурстарының нарықтық құралы және мультипликаторы болып қызмет атқарады.
Депозиттер – бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді.
Бондар – мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бондарды сатып алу және сату қаражаттары суррогаттарының есебінде қолдана алады, ақша суррогаттарының ролін атқарады.
Қазыналық вексельдер – мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі; олардың пайыздық купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өз құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің иелері көрсетілген (номиналдық) бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең табыс алады.
Қазыналық ноталар – қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Қазыналық билеттердің синонимі (асыл металдармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.
Шартты бағалы қағаздар – бұл опциондар, варранттар, қаржылық фьючерстер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет