Қоржынның екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нолге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау обьектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін қоржындар: айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.
Инвестиция – экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты – жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.
6. Қаржылық инвестицияның есебі.Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларбухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі негізде анықтайды:
жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;
инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;
жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда – табыс ретінде танылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:
сатып алу құнымен; қайта бағалау құны ескерілген құнмен; сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік капиталының өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төмендеген жағдайда азайту сол инвестицияның үстеме бағасының сомасы есебінен жүргізіледі. Бір инвестицияның үстеме сомасы жоқ болған жағдайда (жетіспесе) оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция қысқа мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады. Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы аудару кезінде шығарылып тасталынады. Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелсе, онда ол баланстық құн бойынша аударылады. Бұл арада бұрындары жүргізілген қайта бағалау сомасы инвестицияның табысы болып саналады.
Облигация дегеніміз – ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар (ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторыболып табылады. Облигация – жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.
Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет, кәсіпорын, мекеме); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны, қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды (проценттерді) төлеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериясы мен нөмірі, эмитенттің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның мақсатын білдіретін міндетті реквизит облигацияның қандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларды өтеу мерзімін және шығару туралы шешімін эмитент анықтайды.
Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.
Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номиналдық құнынан төмен бағасы бойынша (жеңілдіктерімен). Демек, облигация номиналдық құны бойынша, немесе облигация сыйлығымен (сыйақысымен), немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін.