Фьючерлік контракт – мәміле жасасу кезінде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген бағалар бойынша уағда етілген құндылықтар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды қағаздар. Фьючерлік контракт мәмілеге қатысушыларға қор құндылықтарын жеткізумен ғана аяқталмауы мүмкін, бірақ ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда фьючерлік контракт мәмілеге қатысушылардың біріне контрактының құны мен биржалық бағаның арасындағы айырманы төлеуді қарастырады. Фьючерлік контркаттар бойынша есеп айырысу әрбір қатысушыға міндеттемелерінің орындалуына кепілдік беретін сомалар келіп түсетін биржалық есеп айырысу (клирингтік) палатасы арқылы жүзеге асырылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
2.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
3.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
4. Р.С.Әбдішүкіров., Б.С.Мырзалиев Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы.1-2 томдар.Алматы, 2009.
1. Кассадағы есеп айырысулар бойынша қандай құжаттар толтырылады?
2. Есеп айырысу шотындағы ақшалардың есебі қай шотта жүргізіледі?
3. Ақша қаражаттарын түгендеу жүргізудің тәртібі қандай?
Лекция 7. Дебиторлық берешек есебі. Лекцияның мақсаты: Кәсіпорында дебиторлық берешектің пайда болу жолдары мен бухгалтерлік есеппен ұйымға әсер етуін қарастыру. Пайда болу жолдарына қарай дебиторлық қарыздардың түрлері мен төлеу мерзіміне қарай бөлінуін қарастыру. Қарызды жоюдың күнінен тәуелділігіне қарай ұзақ және қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың айырмашылығын қарастыру. Күмәнді дебиторлық берешектер мен оларды бағалау бойынша есеп беру мен жұмыскерлердің қарыздары есебі бойынша шоттар корреспонденцияларын жасап үйрену.