Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі



бет47/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

Опцион опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.
Опциондық шарт (контракті) жасалынған ұсынысты ескерілген мерзімі ішінде өз күшінде сақтап тұруды түсіндіреді. Опционды сатып алушы опцион мерзімі ішінде акциялар курсының қозғалысына байланысты, ол өз құқын іс жүзіне асыруы немесе асырмауы мүмкін. Егер опцион сатылмаса, онда бұл жағдайда сатып алушының опцион үшін төлеген сомасы сол сатып алушының табысы болып есептелінеді. Опцион сатып алушының пайдасы («колл»), ағымдағы биржалық бағам (курс) опционда ескерілген бағамнан жоғары болса ғана қатысуы мүмкін, ол сонда ғана акцияны сатып алуы мүмкін. Содан соң ол акцияны сатып алады, яғни опционның екінші типі («путы») жасалады, бірақ бұл ағымдағы биржалық бағам опциондағы көрсетілген бағамнан жоғары болса ғана жүзеге асады.
Варрант – бұл неізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі – оның сатып алушысы. Варрантты сатушы тұлға болып сол шартты қағаздарды шығаратын (эмиссияны жүзеге асыратын) және варрант сатып алушыларға қатысты (тиесілі) міндеттемелерді қабылдайтындар. Бағалы қағаздардың варрант бойынша алынған бағасы, сол варранттың атқаратын бағасы болып аталады. Варранттар кей жағдайда бағалы қағаздардың өзімен бірге ұсынылады және олардың құны бағалы қағаздың құнымен бірдей болуы мүмкін. Бұл бағалы қағаздардың құны варранттардан бөлінуі мүмкін, егер бағалы қағаздар нарығында (рыногында) өз бағамына ие болса және дербес қызмет ете алса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет