Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарның қауымдастығы



бет19/94
Дата21.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#51508
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   94
Байланысты:
1093 k L

Әдебиеттер тізімі:
1.Абдильдин Ж. М. Избранные сочинения в 5 томах Алматы, 2001.
2.Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.
3.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Х, т.б. Философия және мәдениеттану. Алматы, 1998.
4.Асмус В. В. Античня философия М.: 1998.
5.Әбішев Қ. Философия-Алматы, 2001.
6.Бейсенов Қ. Философия. тарихы Алматы, 1992.
7.Богомолов А. С. Античная философия. Изд. МГУ. 1985.
8.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2003.
9.Қасабек А. Тарихи философиялық таным. Оқу құралы. Алматы, 2002.
10.Лосев А. Ф. Словарь античной философии. М.: 1995.
11.Мәдени философиялық энциклопедиялық сөздік/құр. Т. Х. Ғабитов, А. Т.
12.Құлсариева-Алматы: Раритет, 2004.
13.Мырзалы С. Қ. Философия әлеміне саяхат. Қостанай, 2000.
14.Нысанбав Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. Алматы, 1999.
15.Сыбанбаев Қ., Затов Қ. Философия. Алматы, 2000.
16.Философия (құр. Т. Ғабитов-Алматы: Раритет, 2005).
17.Философия: Электрондық оқулық (құр. Т. Х. Ғабитов Алматы: Горлит, 2004).
18.Философский энциклопедический словарь. М.: 1994.


1.3 Орта ғасыр философиясы

«Ортағасыр» термині түсіндірілуді керек етеді. Бұл ұғым еуропа түсiнiгi бойынша дiннiң үстемдiгi, ғылым үшiн қаратүнек заман орнады дегенмен тең - шын мәнiсiнде шығыс елдерiнде бұл ғылым мен дiннiң үйлесiмдi даму кезеңi болды. Оны араб елдерiнiң тарихынан айқын көремiз. Материалистiк көзқарас, нақты ғылымдар зерттеулерi Үндi, Қытай елдерiнде де дәстүрлi еркiн жолмен дами бердi.
Еуропалық философияда бұл термин христиан дінімен байланысты. Христиан діні біздің жыл санауымыз бойынша І-ІІ ғ.ғ., құл иленуші қоғамның күйреуі, Рим империясының құлау кезеңінде пайда болды. Еуропалық христиан немесе орта ғасыр философиясы І-ХV ғ аралығын алып жатыр. Христиан дінінің тарай бастауына байланысты, оның догматтарын рационалдық (ақыл-ой) арқылы көрсету мәселесі қойылды. Сонымен бірге, антикалық философтардың еңбегін пайдалану мақсаты үстем болды. Орта ғасырлық ойлау мен пайымдауда екі түрлі дәстүр анықталды: а) Христиан дінінің негізін түсіндіру. ә) Антикалық философияның идеалистік жағын қолдану.
Орта ғасыр философиясы негізінен шіркеу догматымен есептесе отырып дамыды. Сол кездегі философияның өмір сүруі ─ шiркеу билiгiнiң ыңғайына, тарихи жағдайға байланысты болды. Шіркеу мен дін, қоғамдағы әлеуметтік өмірдің табиғи көрінісі болды. Олардың абсолюттік үстемдігi философияның және бүкіл мәдениеттің ойдағыдай дамуына мүмкіндік туғызбады. Ойшылдар шіркеу мектептерінде және діни қызмет атқару арқылы ғана философиямен шұғылдануға мүмкіндік алды. Философия білім саласында өзіндік ерекшелігінен айырылды. Дін түріне айналып, дінінің қызметін атқарушы «малайы» болып шыға келді. Философия негізінен діни қағидаларының қасиетті мәтіндерін түсіндірумен шұғылданды. Сонымен бірге философия мәселелерінің де ерекше түрі болды. Мысалы, әлемді құдай жаратқан ба, әлде өзінше өмір сүре ме? Адамның ерік-бостандығы мен құдайдың қажеттілігі қалай үйлеседі? ─ деген сұрақтар туындайды.
Орта ғасыр философиясындағы негізгі мәселелер: Онтология, антропология, гносеология.
Онтология (болмыс). Барлық тіршіліктің алғашқы себебі ─ Құдай. Құдай құдіреті тіршілік иесі ретінде дүниені, адамды жаратқан және оны басқарып, әркімнің өмірін болжап отырады. Бұл философияның жүйесінде антикалық философияның дәстүрі секілді, болмыс мәселесі тұрды. Айырмашылығы ─ орта ғасыр философиясы теоцентрлік, яғни, шындық ─ табиғат емес, шексіз құдіретті Құдай саналады. Теоцентрлік (тео-құдай орталықта) ойлауда адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш - Құдай, ол барлық әлемдi, тіршілікті жаратушы. «Құдай дүниені жоқтан жаратты» ─ делінген көзқарасты Креационализм (лат.creatio-жасау) дейді. Ол әлемдегі тірі және өлі табиғаттың бәрi бірегей шығармашылық актіде жасалғандығы туралы идеалистік ілім.
Құдай және оның жаратқан дүниесі екі нақты әртүрлі онтологиялық (болмыстық) жағдайларда көрінеді, олар бір-біріне ауыспайды. Құдай мәңгі, өзгермейді, бәрінен де тәуелсіз, ол барлық тіршіліктің көзі, әрі оны тану мүмкін емес. Құдай ең жоғарғы игілік. Ал, дүние болса керісінше, құбылмалы, тұрақсыз, ауыспалы және жақсы жетілмеген. Басқа сөзбен айтқанда, адам үшін барлық дүниедегі зұлымдық - беиболмыс, өйткені құдай зұлымдықты жек көреді, игілікті құптайды. Зұлымдықтың өмір сүруін орта ғасырдағы қоғамдық сана: зұлымдық -ақиқаттық болмысты бүркеніп, игіліктің арқасында өмір сүреді деп түсіндірді.
Орта ғасыр адамы әлемнің тұрғылықтығына таңғалумен болды. Табиғат әлемінің табиғилығымен қатар, оның заңдарымен таңқаларлық әлемнің өмір сүруі ─ оны құдайдың жаратқанын мойындатады. Сонымен бірге тіршілік дүниесі мен о дүние (өлгендер әлемі) интенсивті (қарқынды) және драмалық қатынаста болады. Әрине, философтар осыдан пайда болатын сұрақтарға жауап іздеді. Осы екі дүниені тануға бола ма, болса ең алдымен қандай деңгейде іске асады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет