Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарның қауымдастығы



бет20/94
Дата21.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#51508
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94
Антропология – ол адам туралы ілім. Осы ілімде адамды құдай жаратқан және өзіне ұқсас етiп жасаған. Бірақ, адам табиғаты екіжақты. Яғни, жан мен тән. Жан ─ рухани ғана емес, құдай берген игілік, дене ─ шайтан қонысы. Адам өз күнәсі мен шайтанның арам пиғылынан құтылу үшін, туған күнінен өлгенше шіркеу мен діннің қолдауына зәру болуы керек. Орта ғасыр философиясы өзінің онтология мен антропологиясын ақыл-оймен негіздеу қиын болғандықтан, өзіне тән гносеологиясын жасады.
Гносеология ─ тану мәселесі, діни философияда ақиқатты мойындау ақыл-ойға сүйенбейді, ол тек ішкі қайғы-қасіретке, тілекке еш уақытта ойланбай-ақ сай болуы керек дейді. «Тіпті ақыл-ойға сай емес сандырақ болса да сенемін» - бұл діни гносеологиялық қағида. Танымның ерекшелігі ─ әлдебір тілекке, сенуге негізделуіне байланысты ақыл-ой, логика, жүйелi дәлелдеу, өзінің мәнін жоғалтты деу қате қорытынды болған болар еді. Рационализм элементтері, iнжiлдегi қасиетті қағидаларды талдауда, іздеуде екінші сатыдағы логикалық құрал ретінде сақталды. Рационалдық философия библиядағы бейнелерін, символдарын логикалық тілге аударуда өте үлкен рөл атқарды.
Батыстық орта ғасыр философиясы екі кезеңінен тұрады:
Патристика (Pater-әке, шіркеу әкейлерінің діни философиясы).
Схолостика (латын тілінде «мектеп» деп аталады ). Қазір схоластика деген ұғым ─ өмірден алшақ, практикалық жағынан пайдасыз сөзге үйір дегеннің синонимі.
Философия тарихы Патристика кезеңін І ғ-VІ ғ болды деп анықтайды. Христиан дінінің догмасын (қағидасын) жасаушылар ─ Тертуллиан Карфагенский (160-220жж.) Климент Александрийский (150-215жж.) Аврелий Августин (Блаженный) (354-430жж.), Ориген (185-253жж.), Боэций (480-526жж.)болды.
Патристика - христан-дiни ойшыларының ең басты мақсаты ─ дiни-теориялық iлiмiнiң жиынтығы мен дiннің теориясын негiздеу және қорғау. Осыған орай «патристика»-қасиеттi аңыздарының негiзiн салған бiрнеше аралықты көрсетуге болады:

  1. Апостолдық патристика кезеңі (б.д II ғ. ортасына дейiн). Апологеттер II-III ғғ. Христан дiнiн оның көптеген жауларынан - Рим мемлекетiнен, пұтқа табынушылар философиясынан қорғап, христиан-дiни көзқарасын түсiндiру арқылы қалыптастырды. Негiзгi мәселе, пұтқа табынушылардың философиясы мен мәдениетiне байланысты, Тертуллиан, т. б. оларды шайтан жаратқан десе, Ориген және басқалар пұтқа табынушылардың данышпандығы (гректер мен римдiктер) мен христан дiнiнiң бiрлiгiн көрсетуге тырысты.

  2. Классикалық патристика, IV-V ғғ. ортасы - христиандық дiни ойлаудағы көзқараста теологиялық догматтардың үлгiсi қалыптасты. Негiзгi мәселе: құдайдың мәнi мен оның үш жақтылығы: Құдiреттi Құдай, оның Ұлы және қасиеттi Рухтың арақатынасы туралы болды. Христостың табиғаты ─ құдайлық, адамдық немесе құдай-адамдығы (христология), Құдай берген игiлiк, адамның күнәға батуы, одан оны құтқару және күнәдан арылу мәселесi. Бұл мәселелер жаңа христиан мәдениетiнiң рухани негiзiн iздеу, әрi қалыптастыру болды.

  3. Ең соңғы кезең (VI-VIII ғғ.) - теологиялық мәндегi энциклопедиялық жүйелердi жинақтау, догматтарды қалыпқа келтiру.

Енді патристиканың iрi өкiлiнiң бiрiне тоқталайық. Августин (Блаженный)-354-430, Христиан теологі, епископ, Гиппон қаласында (солтүстік Африка, Рим империясы) Христиан дініндегі католицизм ағымының негізін салды. Негізгі шығармасы «Құдай қаласы туралы». Бұл еңбек жүздеген жылдар бойы діни ілімді таратуда, зерттеуде және оны оқуда басты құрал болып саналды.
Ондағы құдай туралы ойлары:

  1. Құдайдың өмір сүру белгісі - барлық заттарға қатысты құдіреттілігі мен жетілгендігі.

  2. Барлық материя, жан, кеңістік және уақыт, құдайдың әрекетінен жаралған.

  3. Құдай тек қана жаратып қойған жоқ, жаратуын жалғастырып жатыр, келешекте де солай бола бермек.

  4. Білім (сезім, ой, тәжірибе) шындық және жетілікті, бірақ ең басты ақиқат, дәлелді білім тек Құдайды танудың арқасында туады.

Аврелий Августин өзінің «Құдай қаласы» туралы еңбегінде ол өз ойын «түсіну үшін сенемін, сену үшін түсінемін» («credo ut untelliyam intellido ut credam») деп негіздейді. Оның философиясы: «Сенімсіз - білімде ақиқат жоқ» деген принципке бағынады. Ол тарихты, адам тағдырын фаталистік тұрғыдан түсінетін діни концепцияны ұсынды. Оның христиан дінiнің кейінгі дамуына ықпалы зор болды. Протестант және католик дінбасшылары оны кеңінен пайдаланды. Православие шіркеуінде оның еңбектері рационалдық құрлымдық ілім ретінде көп тараған.Оның негізгі қағидалары:

        1. Тарихтың барысы, қоғам өмірі - екі қарама-қарсы патшалықтың күресі - жерлік және құдайлық.

        2. Жер бетіндегі патшалық мемлекеттік мекемелер, өкімет, әскер, заң, император арқылы іске асады.

        3. Құдайшылық жолда ─ діни қызметкерлер, олар берекелі және құдайға жақын, шіркеуде біріккен адамдар.

        4. Жер патшалығы күнәға толы және олардың iшiнде пұтқа табынушылар да бар. Оны құдай бәрібір бір кезде жеңеді.

        5. Көптеген адамдар күнәлі және құдайдан алыс. Сондықтан ақсүйектер өкіметі ары қарай өмір сүре беруі керек, бірақ олар Рухани өкіметке бағынуы тиiс.

        6. Корольдер мен императорлар христиан шіркеуінің ырқын (еркін) білдірумен бірге, тікелей Рим Папасына бағынады. Шіркеу - әлемді біріктіретін қабілетті күш, оған философиямен жету мақсатын қою керек.

«Схоластика» кезеңі - философиялық ілімі «схолостика». Оның өкілдері: Эриуген, Бонавентура, Альберт Великий, Фома Аквинский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Ансельм Кентерберийский, т.б. Бұлар патристика көтерген мәселелерді жалғастырды. Бірақ, бұл мәселелер өзінің әдісі мен мазмұны жағынан басқа сипатта болды. Мазмұны бойынша бұрынғыдай құдай және күнәден құтылудың құпиясымен байланысты, бірақ алдыңғы қатарға ─ ақыл-ой мен сенім, дін мен ғылым мәселелері шықты. Жалпы мен жеке ұғымдарының ара қатынасы көп орын алды.
Орта ғасырлық схоластика оралымды болды, ол өзінің формаларын жиі ауыстырып отырды. Диалектиканы діннің догматтарын дәлелдеу үшін пайдалануға тырысты, болмыс, мән, форма, т.б. секілді философиялық ұғымдарды бұрмалап түсіндірді, таным теориясын былықтырды.
Схоластар білімді екіге бөлді:

  1. Түсініктеме жүрмейтін, аян арқылы берілген табиғаттан тыс жайлар (яғни, Құдайдың Библияға салған дайын ойлары);

  2. Адамның ақыл-ойымен табылған бiлiм (яғни, адам Библия мәтіндерін ашып, Құдайдың идеясын түсінді).

Схоластика ─ шіркеулік көзқараста «шіркеу әкейлерінің» ілімдеріне қарағанда, қасиетті жазуға көп көңіл бөлді. Бұл кезде Платон философиясының беделі түсіп, Аристотельдің анық айтылған философиялық «реализм» концепциясы мен формальдық логикасы кең дамыды.Сөйтіп, схоластикалық тәсіл қалыптасты.
Орта ғасырлық схоластикада әмбебаптылық (Универсалии лат. ─ niversalis-жалпы). Әмбебаптық нақты объектiге тән, оның анықталған түрi болады. Бұл мәселе төңірегіндегі дау-жанжал кең орын алды. Схолатикадағы орталық айтыс, номинализм мен реализм арасында жүрдi. Ол христиан дініндегі құдайдың үштік мәні туралы догмат пен және Құдайдың болмысын дәлелдеуге байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет