Эстетикадағы мақсат. Адам өз қабілетін өмір мен мәдениеттің саласында барынша ойдағыдай пайдалануы керек.
Табиғаттағы мақсат. Табиғатта бәрінің өз мәні бар - тірі табиғаттың және өлi табиғаттың ұйымдасуы, тірі дененің құрылымы, көбеюі, дамуы.
Рухани мақсат - Құдайдың барлығы.
Канттың ілімі бойынша Дінге тек сену керек. Себебі, Құдайдың бар - жоқтығын тәжірибие арқылы дәлелдеу қиын.
Фихте Иоганн Готлиб 1762 жылы Раменау, Лужицк өлкесінде тоқымашы отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап станокта жұмыс істей бастады.Оның білім алуына кездейсоқ жағдай әсер еткен фабрика иесі, барон ─ Милиц байқап қалды. Соның арқасында гимназияға қабылданды, кейіннен Иен университетінің теология факультетін бітірді. Фихте шығармалары: «Ғылым туралы ілім» (1794), «Адамның міндеті», «Әрқилы жауаптылықты сынау».
Фихте тарихи тұрғыдан алғанда немістің классикалық философиясына жаңа импульс берді. Фихте - субъективтік идеалист. Оның пікірінше, нақты өмір сүретін біздің санамыз. Материалдық дүние, болмыс, табиғат - тек біздің санамызда, сезімімізде, елесімізде, ұғымымызда болады. «Мен» (Субъект-сана), «Мен еместің» (табиғат-объект) анықтаушысы. «Мен» алғашқы бастама кезінде, ақыл-ойдың нақтылығына қарама-қарсы жағдайда, «Мен емеске», одан кейін екеуінің өзара қарым-қатынасына айналады. Енді «Мен де» - рух, жігер, өнегелік, сенім ұғымдарды қалыптасады, «Мен емес» нақты өмір сүреді және «Менге» әсер етеді, кейде оның іс-әрекетін айқындайды. «Мен емес» Канттың «өзіндік заты» секілді санадан тыс өмір сүрмейді, ол - сананың ерекше қызметінің туындысы. Бұл қызметтің ерекшелігі ─ санада осы қызмет жүріп жатқанда, адамда ол туралы саналы ойлау қабілеті болмайды. «Мен» өтімді, белсенді. «Мен» «Мен еместі» өзінің қарама-қарсылығы ретінде, өзінің белсендігіне қолдану үшін жасайды. Бұл қарама-қарсылық күрестің нәтижесінде, адамның сана-сезімі дамиды. Философиялық шығармашылықта Фихте екі кезеңді көрсетеді: а) философиялық әрекеттің кезеңі; ә) философияның абсолюттік кезең. «Мен» әрекеті, Фихтенің ұғымы бойынша, адамның әдептілік мінез-құлқы. Адам әрекетінің мақсаты - моральдық заңдар мен парызды орындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда, қоршаған ортамен тығыз байланысты адам болмысынан туындайтын, оның табиғи қабілеттері қарсы болады. «Менге» қарсы тұрып, оны іс-әрекетке итермелейтін «Мен емес» дегеніміз айналып оралып отырады. «Мен емес» деген өзінше өмір сүрмейді, оны өзінің қызметінің әрекетін дамыту үшін «Мен» тудырады. Бұл - антитезис, тезистен сөзсіз шығарылатын жай. Сол себептен Фихте өзінің әдісін «антитетикалық» деп атайды.
Фихте өзінің философиялық жүйесін Канттың философиялық бағытымен жасауға ұмытылды. Философия - бұл ғылымдардың бәрінің бастаушы негізі, яғни «Ғылымдар туралы ғылым», сондықтан өзінің басты еңбегі «Ғылыми ілімнің жалпы негізін» («Основы общего наукоучения») ғылым мәселелеріне арнайды. Өз философиясында алғашқы зерттеу объектісі жеке «Мен», адамның туындысы ─ «Мен емес» немесе көптеген адамдардың «Мені» емес, барлығын қамтитын абсолюттік «Мен» дейді. «Мен»,- деп жазды Фихте - өзінің ойлауында таза «Меннен» шығады және оны ойлағанда өз әрекетін заттар арқылы анықтау үшін емес, соны заттардың анықтаушысы ретінде қабылдау үшін керек. Мұнымен Фихте өзінің принципін басқа тәсілмен қалыптастырады, «Мен» - «Мен» де.
«Мен», барлық адамның «Мені» - нақтылық, құдіреті - шығармашылық, жасаушы күш және ең соңында бүкіл адамзат сана-сезімінің бір кезі.
Фихтенің «Мені» ақыл-ой ғана емес, ол ырық, тек таным ғана емес, әрі ол бәрінің бір жағын ғана біріктірмейді, «Мен» олардың мәні.
Фихте «Мені» алғашқы жағдайдан шығу немесе ойды нығайтудың қарама-қарсылық қозғалысы.
Фихте Кантқа қарағанда қандай болсын, сыртқы объектінің субъектінің ақыл-ойынан тәуелсіз өмір сүруін қабылдамайды, жоққа шығарады. Оның «Мені» тек бірғана нақтылық абсолют ─ әлемді жасаушы, бәрін құрушы.
Фихте «Жабық сауда мемлекеті» деген еңбегінде: Қоғам жеке адамдардың теңдігін ғана емес, сонымен бірге бостандығын реттеу керектігін айтады.
Парасатты мемлекетте тең құқықты адамдардың үш тобы бар: Өндірушілер (ауыл тұрғындарын айтады).
Мастерлер ─ қаладағы қолөнершілер.
Сатушылар.
Фихте жерді жекеменшікке беруге қарсы болған, оның пікірінше: жердің иесі құдай, жер адамға тек өңдеп пайдалана алатын қасиеті үшін беріледі. Жерді сондықтан сатуға болмайды. Батыста оны социалист деп атады.
Шеллинг Фридрих Вилагельм Иозеф Шеллинг (1775-1854 жж.) 1775 жылы Леонбергте, протестанттық пастордың отбасында дүниеге келді. Сол кездегі философия мен әдебиеттегі бостандық оны қанағаттандырды. Ол құпия түрде Спинозаны, Руссоны және Шиллерді оқыды. 19 жастағы студент кезінде өзінің бірінші трактатын жазды. «Философия түрінің жалпы алғандағы мүмкіндігі» деген еңбегі таң - қалдырды.
Оған сол кездегі саяси оқиғалар өте үлкен ықпал жасады, әсіресе француз революциясының рөлі ерекше болды. Рухани құбылыстардан, Кант философиясы әсері айтарлықтай болды. Канттың сыни еңбектерінің арқасында оның теология мен шіркеуден алшақтауына тура келді.
Шеллинг философия эволюциясының ең маңыздысы ─ табиғат философиясын жасады.
Шеллингтің табиғат философиясының жетістігі ─ ол табиғат пен оның құбылыстарын зерттеуде диалектика әдісін кіргізді. Ол табиғатты зерттеуде ізденудің қажеттілігін, табиғат реальдығын, динамикалық қарама-қарсылығын көрсетеді. Шеллингтің табиғат философиясы, табиғаттың идеалистік диалектикасына айналды.
Натурфилософияның мақсаты ─ табиғаттың дамуындағы ең төменгі түрден, жоғарғы түрге бірте-бірте өтуді ашу. Мұнда табиғатты ақыл-ой өміріндегі сансыздықтың көрінісі ретінде баяндайды. Объективтік дүние алғашқы санасыз рухтың поэзиясы дейді.
Жаратылыстанудағы механистицизмді сынап, барлық құбылыстарды табиғаттағы өмір негізінде жатқан бiр принциптің көмегімен түсіндіруге ұмтылды.
Эмпирикалық нақтылықта табиғат заттары кейбірде рухани көріністе табылады. Демек, олар бір-бірімен тепе-теңдік жағдайда болады. Бұл идея оның басты және негізгі мәселесі.
Шеллинг құдайды жеке тұлға ретінде қарастырады. Құдай мен жеке тұлғаның айырмашылығы ─ құдай бостандығы шексіз болса, адамда шектеулі. Фихттемен бірге Шеллинг бостандық ұғымын қажеттілік деп түсініп, бостандық құбылысын жекелеген адамның ерлігі емес, қоғамның жетістігі деп білді. Алайда осы көзқараста қайшылық бар, Шеллинг бостандық проблемасын логикаға айналдырады, оны дүниедегі зұлымдық проблемасымен байланыстырды. Сөйтіп ол рационализмнің шектен шыққан түрінен иррационализмге бет бұрып, өзінен кейін қалыптасқан иррационалистік философиялық бағыттың негізін қалаушыға айналады. Дүниенi түсiнуде ақыл-ойдың шектеулі екенiн айтып, ол соңғы кезде аяндық философияға (философия откровения), «интеллектуалдық интуиция», мистика жолына түстi.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 жж.). Гейдельберск, одан соң Берлин университеттерінде профессор. Бірінші болып қызмет атқарды өз заманның атақты, әрі бүкіл Еуропаға белгілі беделді философы, әрі неміс классикалық философиясының шоқтығы биік өкілі.