Семинар сабағының жоспары: 1. Классикалық неміс философиясының әлеуметтік, тарихи алғышарттары.
2. Классикалық неміс философиясындағы метафизика мен натурфилософия.
3. Классикалық неміс философиясындағы диалектикалық әдіс пен идеалистік жүйе.
4. Л.Фейербахтың философиялық іліміндегі антропологиялық материализм және
гуманизм
Әдістемелік ұсыныстар: Негізгі назарды мына мәселелерге аудару керек: немістің классикалық философиясы И. Кант, И. Г. Фихте, В. Ф. Шеллинг, Г. В. Гегель, Л. Фейербах аттарымен белгілі. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігі бар ойшыл ретінде танымал. Сонымен қатар, ілімдердің әрқилығына қарамастан олар белгілі – бір идея мен принципті үстанған.
Бақылау сұрақтары: 1. Немістің классикалық философиясы жаңа философияның қайнар көзі.
2. И. Канттың сын кезіндегі философиясының мәні неде?
3. Гегельдің диалектикасын қалай түсінуге болады?
4. Фейербахтың антропологиялық материализмінің маңызын ашыңыз?
5. Классикалық неміс философиясының тарихи алғышарттары, оның негізгі иедеялары мен принциптері.
6. Кант агностицизмі.
7. Канттың сынға дейінгі және сыни кезеңдерінің ерекшеліктері
8. Гегель философиясының қайшылықтары.