Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Алматы 1996.
Поппер К. Открытое общество и его враги . М.: 1992.
Сорокин П. А. Человек. Цивилизация. Общество. М.: 1992.
Философиялық сөздік .Алматы, 1996.
Философия: электрондық оқулық. Т. Х. Ғабитов Алматы: Юрлит, 2004.
Философиялық сөздік, Алматы, 1996.
Шпенглер О. Закат Европы. М.: 1993.
Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
Аксиологияның(гр. axia - құндылық және logos- ілім) - «игілік деген не» сұраққа алғашқы рет Сократ қойды. Бірақ, құндылық түсінігі алғашқы рет Канттың философиясында пайда болды. Ол үшін құндылық өзінше болмыс болмайды, құндылықтың алғышарты, болмыс пен міндеттенуді ажырату.
Құндылық теориясы, құндылық табиғаты туралы философиялық ілімдер, олардың әлеуметтік шындық пен дүние құрылымындағы орны әртүрлі бағыттарда сипатталды. ХІХ–ХХ ғасыр философиясындағы ағымдар адамның жоғарғы рухани қабілетін ерік деп, құндылық мәселесін әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды.
Объективті-идеалистік философия ағымдары, неотомизм, интуитивизм құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді.
Логикалық позитивизм, құндылықты сананың құбылысы, адамның бағалайтын объектіге субъективтік қатынасы деп санайды. Құндылықтың натуралистік теориясында адамның табиғи қажеттіліктерінің немесе жалпы табиғат заңдарының көрінісі ретінде таниды. Натуралистік психологизм (табиғат құндылығы мағынасында) – адамның биопсилогиялық түсінігі мен қажеттіліктері. Ал құндылықтың өзі қоршаған шындықтың эмпириялық деректері деп анқталады. Өкілдері: А. Мейнонг, Р.Б. Пери, Дж. Дьюи, К.И. Льюис.