Соборлық – шешім қабылдау, қоғамның даму жолын таңдауды ұжым болып талдауды қажет ететін сананың, әрекеттің біріктіруші бастауы.
104.София - әлемнің даналығы, болмыстың рухани өзегі, құдаймен бірге туып, әлемді жасауға қатысады.
105.Субьект– қажеттілік, мақсатқа сай рухани және практикалық іс-әрекет жасайтын адам, әлеуметтік топ тарихи, нақты объектіні өзгертудің белсенді көзі.
106.Субстрат – (лат. sub – түпкі және tum - құрылыс) құбылыстың жалпы материалдық негізі. Әлемдегі бар құбылыстар мен процестердің субстраты, қозғалыстағы материя.
107.Салыстырмалы (относительдік) ақиқат– ол біршама дұрыс, негізінен алғанда дәл білім, бірақ толық емес, танып-білу үстінде толықтырыла, анықтала түседі, түзетіліп отырылады.
108.Сапа – обьектінің тұрақты, негізгі қасиеттерінің жиынтығы, оның басқалардан айырмашылығының көрсеткіші. Сонымен қатар, ұқсас обьектілерді сипаттайды.
109.Сан – обьект қасиеттерінің мөлшері, обьектілерді салыстыруға мүмкіндік туғызады.
110.Сана – жоғарғы ұйымдасқан материяның қасиеті, адамның әлеуметтік жан ретіндегі жоғарғы психикалық белсенділік деңгейі, обьективтік әлемнің субьективтік бейнесі. Өлшем – сан мен сапа көрсеткіштерінің бірлігін анықтайды, сан өзгерісінің сапаны сақтайтын шектері.
111.Субьективтік идеализм– бұл философиядағы ағым, дүниенің болмыстың негізі ретінде адам санасы, адамның «менін» мойындайды.
112.Софистика – формальдік логика заңдары мен принциптерін арнайы бұзу, жалғанды ақиқат деуге арналған ойлар. Танымда релятивизм принципін абсолютке айналдырады.
113.Схоластика– (гр. scholasticos - мектептік) «мектеп философиясы» оның өкілдері христиан ілімін рационалды дәлелдеуге, жүйелеуге ұмтылады.
114.Табиғат – адам қоғамы өмір сүруінің табиғи жағдайлар жиынтығы.
115.Таным – адам іс-әрекетіндегі қоғамдық-тарихи процесс, ол адам санасында обьективті шындықты бейнелеуге бағытталған «ойдың, обьектіге мәңгі шексіз жақындауы» (В.И.Ленин).
116.