Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет59/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   215
Дж.  Гилфорд  моделі.  Л.  Терстоунның  интеллектуалды  қабі ле-
тінің сан қырлы тұжырымдары американ психологы Дж. Гилфордтың 


126
еңбектерінде  жалғасын  тапты.  Ол  интеллектуалды  қабілеттердің 
моделін əр түрлі сипатта ұсынды. Гилфордтың сан қырлы (көпөлшемді) 
құрылымдық моделі үш өлшемге негізделеді.
1)  Ақыл-ой  операцияларын  орындау  түрі  (таным,  есте  сақтау, 
баға, конвергенция, дивергенция)
2)  Интеллектуалды  əрекеттің  мазмұны  (шынайылылық,  сөйлеу 
жəне жүріс-тұрыс мəдениеті)
3) Нəтиженің түрлері (топ, класс, қарым-қатынас, жүйелі пікірлер)
Сонымен интеллекттің əрбір бағаланатын фактор, бір өлшеммен 
байланысты болады.
Гилфордтың классификациялық үлгісінде 120 фактор тіркелген. 
Гилфорд зерттеулеріндегі жетістіктерді байланыстыруға болмайды, 
яғни бұдан интеллектіні бір қабілет ретінде қарауға болмайды деген 
тұжырым жасаймыз.
28 тамыз 1959 жылы «Америка психологы» атты журналда Джой 
Пол  Гилфордтың  «Интелекттің  үш  қыры»  атты  мақаласы  шықты. 
Мақала  Гилфордтың 13 сəуір 1959 ж.  Стэнфорд  университетінде 
оқыған  дəрісінің  құрылымын  ұсынған  болатын.  Гилфорд  интел-
лект  қасиеттеріне  топтама  жасау  кезінде  жүйелі  сипаттама  береді. 
Теориялық жағынан бұл модель өте қызықты, ал практикада кеңінен 
қолданылды.  Сондықтан  бұл  модель  ғалымдар  арасынан  үлкен 
қолдау тапты. 
Интеллектуалды  қабілеттерді  диагностикалауға  бағытталған 
тест  тапсырмалар  осыған  ұқсас  өзгешеліктердің  болуынан, 
шығармашылық  қабілетті  көрсетуге  арналған  идеялық  жағдайлар 
төмендегілерден  тұрады  деген  ойға  итермелейді:  шектелмеген 
уақыт  ішінде  қойылған  мəселе  бойынша  жұмыс  істей  отырып, 
зерттелінуші міндетті өзі қояды, шешу тəсілін өзі таңдайды, осының 
негізінде  зерттелінуші  тек  субъективті  емес,  сондай-ақ  объективті 
жаңа  бірнеше  ойды  тудыра  алады.Тесттердің  көпшілігі  баланың 
креативтілігінің дамуына əсер етеді, бірақ мұндағы бір қиыншылық 
баланың жауабын бағалау болып табылады.
Бала  қандай  да  бір  потенциалмен  туылса  да,  интеллект  мінез-
құлық формаларының дамуы үшін қажеттілік, өзі өмір сүретін орта-
мен өзара əрекеттестік байланысын дамыту, оны жетілдіру арқылы 
жүзеге  асады.  Интеллект  коэффициентін  Стенфорд-Бине  тесті 
мен  Векслер  шкаласы  бойынша  өлшеуге  болады.  Шығармашылық 
ойлаудың  өзгешелік  белгілері  болғанымен,  интеллекті  бірдей  бол-
майды, ІQ – 120–дан жоғары болған жағдайда шығармашылық пен 


127
 
интеллектуалды іс-əрекет арасындағы корреляция жоғалады, себебі 
шығармашылық ойлауда интеллектіге тəн ерекшелік болады. 
Креативтілік  пен  интеллектінің  өзара  байланысы  туралы  мəселе, 
креативтіліктің  өз  алдына  фактор  ретінде  бөліне  бастаған  кезден 
қойыла  бастады.  Гилфорд  шығармашылық  дарындылық  дивергентті 
ойлау  мен  ақыл-ойды  біртұтастылыққа  бағыттайды.  Гилфорд  өзінің 
көптеген еңбектерінде ақыл-ой мен креативтіліктің өзара байланысын 
ашып көрсетуге тырысады. Оның айтуы бойынша, интеллект нəтижесін 
дұрыс  түсінуде  жəне  жаңа  материалды  меңгеруде  анықталады,  ал 
дивергентті ойлау шығармашылық өнімді анықтайды. 
Креативтілікті қабілет деп қарастырушылардың бірі – Е. П. Тор-
ренс.  Ол  білімдердегі  кемшіліктерді,  білмейтіндерін,  жетіспейтін 
элементтерді жəне т.б. жақын қабылдайтын қабілет деп қарастырды. 
Біздің  пікірімізше,  шығармашылық  потенциал  дамуының 
негізі – интеллектуалды  жəне  креативті  даму  ерекшеліктері  мен 
олардың  өзара  байланыс  тəуелдігін,  интеллектуалды  дамуының 
диагностикалық  нəтижелерін  қарастырып,  мектеп  мұғалімдері  да-
рынды, қабілетті балаға қалай түсінетіндіктерін анықтау мақсатында 
сауалнамалар  жүргізу  арқылы  баланың  «шығармашылық  қабілет» 
моделін жасауға мүмкіншілік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет