Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет49/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   215
4.2 Инттелектуалды дамудың 
психологиялық-педагогикалық диагностикасы
«Интеллект»  термині  өзінің  ғылыми  мағынасына  қарамастан, 
күнделікті жəне əйгілі шексіз санды талдауларға толы. Сондықтан да 
«интеллект»  түсінігіне  жасаған  қысқаша  талдауларды  қарас тырайық. 
Интеллекттің негізгі өлшемі өзіндік шынайылық ретінде оның қылықты 
реттеу функциясы болып табылады. Кейбір басқа да қабілеттер сияқты 


113
 
интеллект  туралы  айтқанда,  ол  алдымен  адамдар  жəне  жоғарғы  жа-
нуарлар үшін қажетті мағынасына сүйенеді. В. Штерннің пайымдауын-
ша, интеллект жаңа өмір шарттарына жалпы қабілеттердің бейімделуі 
жатқызылады.  В.  Штерн  бойынша  бейімделу – өмірлік  міндеттерін 
«ақылдылық əрекет» тəсілдер арқылы шешу, ал Я. А. Пономаревтың 
пікірінше «ішкі жоспардағы əрекет» болып табылады.
Л.  Полани  «интеллект  білімді  бейімдейтін  қабілеттердің 
ішінен  біреуіне  жатады»  деп  айтады.  Бірақ  көптеген  ғалымдардың 
көзқарастарында  өмірлік  міндеттерді  шешу  барысында  білімді 
қабылдау процесі жағынан ақыл-ой бейімділігі ретінде ғана көріне-
ді.
 
Ж.  Пиаженің  айтуы  бойынша,  интеллектінің  толығымен  дамуы 
индивидтің  ортамен  «теңдігіне»  жетуде  универсалды  бейімділікте 
көрінеді.
Психологтар үшін интеллект шынайылық ретінде болса, химик-
тер үшін «күнделікті» сипаттамасын білу өте маңызды. Р. Стернберг 
«Интеллект» ұғымын сəйкес интеллектуалды қылықтың үш форма-
сы ретінде көрсеткен: 
а) вербалды интеллект (сөз қоры, шеберлік, оқығанын түсіне білу 
біліктілігі); 
б) мəселелерді шешу қабілеттілігі;
в) кəсіби интеллект (қойылған мақсаттарға жету біліктілігі).
Интеллект концепциясы 20 ғасырдың соңғы кезеңдерінде кеңінен 
дамыды.
«Интеллектінің  иерархиялық  моделі»  интеллект  пен  жүріс-
тұрыс  қылықтары;  индивидтің  интеллектісі  мен  жеке  тəжірибесі; 
интеллект  бейімделген  қылықтар  арасындағы  қатынастармен 
түсіндіріледі.  Интеллект  алынған  мəліметтерді  қайта  оңдеумен 
қамтамасыз  етеді.  Р.  Стернбергтің  моделі  жалпы  психологиялық 
жəне дифференциалдық-психологиялық концепцияға жатады.
Р.  Стернберг  тұлғаның  интеллектуалды  өнімділігі  танымдылық 
құрылымның айырмашылығымен түсіндіріледі.
Психологтар алынған мəліметтерді қайта өңдеуге жауап беретін 
ақыл-ой компонентінің бірнеше түрін бөліп көрсетеді:
Бірінші,  мəліметтерді  ұзақ  есте  сақтау  үшін  кодтау  жəне  оны 
қайта өндеуді реттейтін басқару процесі;
Екінші,  иерархияның  өте  төмен  деңгейдегі  процестері  мен 
таңдамалы объектіні өзге затпен үйлестіру; .
Үшінші, субъектінің орындалатын іс-əрекетін сыртқы факторларға 
бейімдеу жəне салыстыру қажет.


114
Р.  Стенбергтің  концепциясының  міндеттерін  шешудің  негізгі 
қиындығы ақыл-ой компонентін дұрыс түсіну деп көрсетеді. 
Р.  Стернберг  қарапайым  жəне  ақыл-ойға  дарынды  балаларды 
зерттей  отырып,  мынадай  қорытынды  жасады:  даралылық  инсайт 
қабілеттілігіне дарындылық мəнді болады, сонымен бірге қарапайым 
балалармен  міндеттерді  шешу  процесі  жақсарады,  бірақ  дарынды 
балалардың жұмысының өнімділігіне аз əсерін тигізеді.
Интеллектті  екі  мағынада  түсіндіруге  болады:  кең  мағынада - 
барлық таным іс-əрекетінің жиынтығы, ал тар мағынада - адамның 
ақыл-ой қабілетін сипаттайды. Интеллект ұғымының сипаттамала-
ры  өте  көп,  бірақ  осы  күнге  дейін  көпшілік  мақұлдаған  нақты  си-
паттама жоқ. Біріншісі бойынша, интеллект - абстрактылы белгілер 
мен  байланыстарды  дұрыс  пайдалану  мүмкіндігі.  Екіншісі  бойын-
ша, интеллект - жүре пайда болған жаңа жағдайға бейімделу кезінде 
тəжірибиемен білімді ұштастыра алу қабілеті. 
Бірінші  анықтамаға  байланысты  абстракциялық  қабілет - бұл 
интеллекттің  бір  ғана  жағы,  бұған  ойлаудың  нақтылығы  қажет. 
Екіншіге  байланысты  интеллект  тек  жағдайға  бейімделу  кезінде 
емес, сонымен бірге оған белсенді қатысқанында көрінеді.
«Интеллект»  сөзі  психологияда  «дарындылық», «ақыл-ой 
дарындылығы»  сөзінің  синонимі  ретінде  жиі  кездеседі.  Интеллект 
тестері  «дарындылық  тестері»  деп,  ал  интеллект  коэффициенті Q 
ақыл-ой  дарындылығының  көрсеткіші  деп  аталады.  Табиғи  интел-
лект – таным сферасының сипаты, адамның ақыл-ой мүмкіндіктерінің 
өзегі болатын дəл ортасын айтамыз.
Интеллект – адамның  қолданбалы,  көрнекі-бейнелі  немесе 
символдық түрде алдына мақсат қойып, оны орындаудың ең тиімді 
жолын тауып алуға қабілеттілігі.
Қазіргі  интеллект  теориялары  бойынша  ақыл–ой  жетістіктері 
өзінің  негізінде  ұйымдастырылған  жеке  тəжірибені  яғни  адамның 
өзінше көрінуін, түсінуін, қоршаған ортаны қабылдауын көрсетеді. 
Ақыл-ой  қабілеттерін  арнайы  немесе  жалпы  деп  жиі  айтады. 
Негізінде,  ақыл-ой  қасиеттері  (мысалы,  ақыл-ой  процесіндегі  са-
лыстыру,  талдау,  жоспарлау  жəне  т.б.)  əр  түрлі  тапсырмаларда  кең 
көлемде көрінеді. Осы мағынада олар жалпы іс-əрекеттің түрі болып 
табылады. Сондықтан адамдар бір-бірінен тек ақыл-ой қабілеттері 
ғана емес, іс-əрекеттерінің жалпы деңгейімен де ерекшеленеді .
Интеллекттің құрылымы жəне оның негізгі көріністерін анықтау 
жəне  өлшеу  əрекеттері  екі  концепцияға  негізделген.  Ф.  Гальтон, 


115
 
Дж.  Кеттэлдің  идеясы  бойынша,  интеллект  қарапайым  жеке  функ-
ция  ретінде  көрінуі  тиіс,  ал  А.  Биненің  идеясы  бойынша,  интел-
лект əрқашан қабілеттің сипаттамасын береді. Осы екі əдіс тесттерді 
құрастыруда  кең  қолданылды  жəне  кейбір  өзгерістермен  қазіргі 
күнге  дейін  тестология  тəжірибесінде  сақталған.  Соңғы  кездері 
интеллектіні  өлшеу  үшін  көптеген  əдістер  қолданылуда.  Интел-
лект – адамның «əлеуметтік ортадағы» мəдени бағалы білімдері мен 
дағдыларын меңгеру арқылы дамиды.
Психологиялық  тұжырым  бойынша  интеллект  индивидтің 
қоршаған  ортамен  байланысын  толық  қамтамасыз  етеді.  Ол  осын-
дай  байланыстың  үш  типін  бөлді:  бейімділік,  ішкі  таңдау  жəне 
құрастыру (конструкциялау) .
1. Практикалық тапсырмаларды шешуге қабілеттілігі іскерлік пен 
ақылдылық жəне білімді қолдану икемділігін көрсетеді, ал вербал-
ды қабілеттілік болса, сөздің жылдамдылығы мен анықтылығында 
көрінеді;
2.  Интеллект  интеграциясы  ерекшелікті  көруге  жəне  əр  түрлі 
көзқарастарды  қиыстыруға  қабілеттілік  пен  адамның  мəліметтерді 
сұрыптап іздену жəне мақсаттылығынан байқай аламыз;
3.  Дүние  жүзі  туралы  білім  мен  жеке  тəжірибесін  қолдануға 
ептілігінде  ойлаудағы  зеректігі,  шапшаңдығы  жəне  абстрактылы 
ойлауға деген ептілігі байқалады.
 
Х. Гарднер интеллектті өте кең мағынада түсіндірді. Х. Гарднер 
бойынша интеллект – бірнеше қабілеттерден тұратын құбылыс қана 
емес,  сонымен  бірге,  интеллекттің  көптеген  түрлері  бар  екенін, 
олардың бір-біріне тəуелді емес екенін дəлелдеді. Ол интеллекттің 
7 түрін бөліп көрсетті:
1. Лингвистикалық – вербалды. Мəліметтерді беру үшін табиғи 
тілді  қолдану,  сонымен  бірге,  ынталандыру  мен  қозу  қабілетін  си-
паттайды (ақын, жазушы, журналист);
2. Логикалық – математикалық. Категория мен заттарды зертте-
уге,  топтауға,  манипуляция  жолымен  символдар  мен  түсініктердің 
арасындағы байланысты анықтауға қабілеттілікті көрсетеді (матема-
тиктер мен ғалымдар);
3. Кеңістіктегі интеллект. Ақыл-ойда объектілерді көру, қабылдау 
жəне  манипуляциялау,  көру  кеңістігі  мен  композицияны  қабылдау 
мен құру қабілеттілігі (архитектор, инженер, хирург);
4.  Музыкалық.  Музыка  жазу,  орындау  жəне  музыкадан  қанағат 
алу қабілеттілігі (əнші, композитор, музыкалық сыншысы);


116
5.  Дене-кенестикалық.  Қимыл  дағдысын  спортта,  өнерде,  қол 
еңбекте орындай алу қабілеттілігі (биші, спортсмен, механик);
6. Кісі аралық. Адамдардың əрекет мотивтерін түсіну жəне адам-
дармен  қалай  жұмыс  істеу  керектігін  білу  қабілеттілігі  (мұғалім, 
психолог, сатушы);
7.  Интроспекционизм.  Өзіне  дұрыс  модель  қалыптастыру,  яғни 
өзін-өзі зерттеу арқылы сезімін, ынтасын түсіну жəне осы моделді 
күнделікті өмірде қолдану қабілеттілігі (психолог, ақын).
Когнитивті  бағыттың  мəні  интеллект  өнімділігіндегі  бөлек  та-
ным процестерінің қасиеттеріне негізделеді. Интеллектіні даралық 
тəжірибе ерекшелігіне əкеліп тірейтін басқа да бағыттар бар.
Рессейлік ғалым М. А. Холоднаяның анықтамасы мынадай: «ин-
теллект  өзінің  онтологиялық  мəртебесі  бойынша – бұл  ментал-
ды  құрылым  түріндегі  даралық  ақыл-ойының  ерекше  формасы». 
Интеллектілі қабілеттердің құрылымына мыналар кіреді:
1)  интеллект  терминінің  тар  мағынадағы  мəні  (психикалық 
құбылыстардың даму деңгейі);
2) креативтілік (шапшаңдық, зеректік жəне т.б.);
3) үйренушілік (имплицитті, эксплицитті);
4) танымдық стилдер (танымдылық, интеллектілі).
Когнитивті  стилдерді  интеллект  құрылымына  жатқызу  түрлі 
пікірлерде  таластар  туғызады. «Когнитивті  стиль»  түсінігі  мəліметті 
алу,  өңдеу,  қолдану  əдістеріндегі  жеке  ерекшеліктерді  сипаттайды. 
«Менталды тəжірибе» түсінігінің мазмұны көбіне «кристалданған ин-
теллект» Кэттел бойынша жəне В. Д. Щадриков бойынша «қабілеттің 
операциялық механизмдері» түсінектерінің мазмұнымен сəйкес келеді. 
Психолог  Дж.  Гильфорд  өңдеген  интеллект  құрылымы  қазіргі 
күндері кең түрде қолданылады. Дж. Гилфорд жəне оның əріптестері 
қабілеттіліктерді зерттеу барысында 20 жылдан артық уақыт жұмыс 
істеп, интеллект құрылымының моделін қалыптастырады. Осы мо-
дель  арқылы  интеллекттің 120 факторын  бөліп  көрсетуге  болады 
жəне олады 3 тəуелсіз айнымалыға сəйкес топтауға болады: 
1-айнымалы. Ұсынылатын мəліметтің мазмұны.
2-айнымалы.  Мəліметті  өңдеу  қорытындылары.  Дж.  Гильфорд 
теориясы необихевиорстік схемаға сүйенеді. S O R. Мəліметті өңдеу 
қорытындылары (сурет -1).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет