Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


Кейбір витаминдердің ферменттік катализдік қызметі



Pdf көрінісі
бет62/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   224
Байланысты:
биохимия

87
Кейбір витаминдердің ферменттік катализдік қызметі
    7-кесте 
əріптік 
белгіленуі
Витамин Активті 
түрі
Катализделінетін реак-
ция
Cуда еритін витаминдер
В
1
Тиамин
Тиаминпирофос-
фат
α-кетоқышқылдарының
декарбоксилденуі
В
2
Рибофлавин
Флавинмонону-
клеотид
Тотығу-тотықсыздану 
реакциялары
В

(РР)
Никотина-
мид
никотинамидаде-
ниндинуклеотид
Тотығу-тотықсыздану 
реакциялары
В
6
Пиридоксин
пиридоксальфос-
фат
Амин тобын 
тасымалдау
В
3
Пантотен 
қышқылы
Кофермент А
Ацил топтарын 
тасымалдау
Н
Биотин
Биоцитин
СО

молекуласын 
тасымалдау
Майда еритін витаминдер
А
Ретинол
ретиналь
Адамның көру процесіне 
қатысады
D
Кальцифе-
рол
1,25-дигидроксихо-
лекальциферол
СО
2
 тобының 
алмасуын реттеу
4.2. Майларда еритін витаминдер
Бұл класқа А, Д, Е, К жəне Ғ витаминдері т.б. жатады.
А витамині (ретинол, антиксерофталмалық витамин).  
1937 жылы Каррер А
  витаминің құрылымын анықтап, форму-
ласын тапты. А витамині дегеніміз - молекуласында β-ионды 
сақинасы бар, полиқанықпаған бірінші реттік спирт. Оның 
құрылымдық формуласы мынадай:


88
Оның эмпирикалық формуласы: С
20
Н
30
О
Ретинол молекуласының құрамында көміртегінің 20 атомы 
бар, β- иондық сақина изопреннің екі қалдығымен байланысқан. 
Ядродағы қос байланыс біреу, бұл қосылыс А
1
 витамині ретінде 
белгілі. Тұщы суда тіршілік ететін балықтар майында жəне балық 
көзінің тор қабатында кездесетін екінші А витамині табыл-
ды, ол А
2
 витамині деп аталады. Бұл витамин құрлымының А
1
 
витаминінен айырмасы ядродағы С

жəне С

атомдарының ара-
сында екінші қосбайланыс бар.
Көкөністерде əсіресе сəбізде қызғылт түсті пигменттер ка-
ротиноидтар кездеседі. Каротиноидтар каротинге жəне ксанто-
филлге бөлінеді. 
Адамның жəне жануарлардың ағзасында А витамині бірнеше 
қызмет атқарады; тері қабатында, тыныс жолдарында жəне ас 
қорыту жолында эпителий жасушаларының түзілуін реттейді, 
өсіп келе жатқан ағзадағы жасушалардың өсуіне жəне олардың 
жіктеліп бөлінуіне қатысады. А витаминінің альдегид туындысы 
опсин белогымен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін химиялық 
процестерді реттейді. Қорғаныш белоктар (антитела) мен лизо-
цим ферментінің түзілуіне қатысады.
Ретинолдың көздің көруіне байланысты химиялық процес-
теріне қатысуы жақсы зерттелген. Көру процесінде А витаминнің 
тотыққан түрі - ретиналь активті қызмет атқарады. Ретиналь оп-
син белогымен байланысады да, родопсин (мм. 38 000) түзеді. 
Родопсин дегеніміз - көздің тор қабатындағы көру қарашығы. 
Жарықтың əсерінен родопсин екі бөлікке - опсинге жəне ре-
тинальға жіктеледі, ал қараңғы кезде родопсин қайтадан өзінің 
қалпына келеді.
иондық


89
Жарықта
             Родопсин                               опсин + ретиналь
Қараңғыда
Ағзада А витамині жетіспеген кезде эпителий жасушалары-
ның қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А-авитаминоздың бір 
себебі. Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайда болып, 
ол қабыршықтана бастайды, осының салдарынан микроағзалар 
жəне зиянды заттар жасушаға оңай ене алады. Ретинолдың же-
тіс пеуі салдарынан лизоцим болмайды. Сол көздің шырышты 
қабатын ауруға ұшыратады. Оның эпителийі құрғайды. Мұндай 
сырқатты ксерофтальмия (гректе құрғақ, ophtalmos – көз) деп 
атайды. Ксерофтальмия сырқаты кезінде көздің шарайнасы  
(қасаң қабаты) қатты зақымданады, соның салдарынан соқыр бо-
лып қалады.
А-авитаминоз сырқатының алғашқы белгісі тауықкөз (ақшам 
соқыр) болады. Бұл витаминнің жетіспеуі - жас төлдердің өсуін 
тоқтатады жəне сперматогенез процесі тиылады, осының салда-
рынан мал басын өз төлі есебінен көбейту процесі бұзылады.
А
1
 жəне А
2
 витаминдері жануарлар ағзасында болады. Əсі-
ресе, балықтың бауыры, жануарлар бауыры, жұмыртқаның сары 
уызы, жазда сиыр сүтінен алынған сары май осы витаминдер-
ге бай келеді. Ал етте олар біршама аз. Каротиноидтар сəбізде, 
өрікте, петрушка жапырағында, асқабақта жəне барлық жасыл 
өсімдіктерде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет