Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


С витамині (аскорбин қышқылы, антиқұрқұлақ вита-



Pdf көрінісі
бет75/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   224
Байланысты:
биохимия

С витамині (аскорбин қышқылы, антиқұрқұлақ вита-
мині) өсімдіктерде галактозадан синтезделіп жаcалады. Сол 
сияқты жануарлар ұлпасында (адам, маймыл жəне теңіз шошқасы 
деп аталатын жануарлардан басқа) глюкозадан синтезделеді.
С витаминінің құрылымдық формуласы гексозаларға жақын 
екенін көрсетеді. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында сутегі 
атомдарының доноры болады жəне тотығу кезінде дегидроаскор-
бин қышқылына (ДАҚ) айналады – бұл реакция қайтымды.
Бұл реакция қайтымды болғандықтан, ДАҚ-тың құрқұлаққа 
қарсы əcepi бар, сондықтан ол да С витамині деп аталады.


107
Аскорбин қышқылының молекуласында көміртегінің асси-
метриялық eкi атомы бар жəне ол екеуі оптикалық тұрғыдан 
активті L жəне Д-стереоизомерлер құрайды. Табиғи өнімдердің 
құрамында L-аскорбин қышқылы болады.
Аскорбин қышқылының формуласын Рейхштейн 1933 ж. тау-
ып, синтездік жолмен алды.
С витамині - түссіз, кристалды зат, суда жақсы ериді, спиртте 
нашар ериді. 
С витаминінің тотықсыздандырғыш қасиеті бар, əсіресе, сіл-
тілі ортада.
Аскорбин қышқылының негізгі қасиеті мынадай: ол сутегі 
атомдарын бөліп шығарып жəне қосып алып оңай тотығады 
жəне тотықсызданады. Коллаген синтезi кезінде пролин мен ли-
зин қалдықтарының гидроксилдену реакциясына С витамині 
қатысады, ол гексокиназа, фосфоглюкомутаза, амилаза, ар гиназа 
сияқты ферменттер əсepінің активтілігін арттырады, фенилала-
нин, тирозин, липидтердің тотығу процесіне қатысады.
С-авитаминозының өзіне тəн белгісі – құрқұлақ (цинга немесе 
скорбут) ауруы. Мұндай аурумен тек адамдар, маймылдар жəне 
теңіз шошқалары ауырады. Мұның себебі, бұл аталғандардың 
ағзасында глюкозаның аскорбин қышқылына айналуындағы 
соңғы реакциялардың бірін катализдейтін фермент болмайды.


108
С витамині ұзақ уақыт бойы жетіспеген жағдайда капилляр-
дың өткізгіштігі артады, терінің астына нүктеленіп қан құйыла-
ды, ондай қан құйылу бұлшық еттерде жəне ішкі қуыстарында 
байқалады. Құрқұлақтың белгісі – тістің қызыл иегі қанай ба-
стайды, одан əрі тic босап түciп қалады. Көбіне сүйектер морт 
сынғыш күйге түседі. Сонымен бірге, көптеген ұлпалар: бай-
ланыстырушы ұлпа, шеміршектер, созылмалы ұлпа, сүйек, тіс 
дентині зақымданады. Жыныс бездерінің бауырдың, бүйректің 
қызметі бұзылады.
Қыстың соңына таман жəне ерте көктемде адамда гиповита-
миноз құбылысы байқалады. Мұндай жағдайда адам ағзасының 
əртүрлі жұқпалы ауруларға төзімділігі төмендейді, тез шаршағыш 
келеді, басы ауырады, асқа тəбеті болмайды.
C витамині едəуір мөлшерде жас жемістерде, көкөністерде 
кездеседі. Итмұрын, шырғанақ, қарақат, шетен, бұрыш, құлмақ, 
лимон, апельсин, алма жемістері осы витаминге бай. Жануар тек-
тес өнімдерден С витамині бауырда, сүтте, қымызда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет