Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет73/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   224
104
В
12 
витаминінің тағамдық өнімдердегі мөлшері
                                  18-кесте
Азық Витамин 
мөлшері, мкг/г
Азық Витамин 
мөлшері, мкг/г
сиыр бауыры
1,2
Балық 
0,12
Жүрек 0,5
Тауық 
жұмыртқасы
0,015
 
Фоли қышқылы (В
с
 витамині, В
9
 витамині, фолацин). 
Фоли қышқылы молекуласы птерин мен пара-аминобензой 
қышқылының сақиналарынан жəне глутамин қышқылынан 
тұрады. Птерин мен n–аминобензой қышқылынан құралған 
қосылыс птероил қышқылы деп аталады, ол қосылыс глута-
мин қышқылымен əрекеттеседі де, фоли қышқылы витаминін 
(птероил-глутамин қышқылын) береді, folium – латынша көк 
жапырақ. В
с
 деген атқа ие болу себебі: құс балапандарына 
жүргізілген тəжірибелер арқылы бұл витаминнің биологиялық 
қызметі анықталады, ағылшынша chicken – балапан деген 
мағынаны береді.
Фоли қышқылы (В
с
 витамині). Фоли қышқылы сары түсті 
кристалдық зат, суық суда жəне спиртте нашар ериді, ацетон, хло-
роформда мүлдем ерімейді.
Фоли қышқылына тотығу-тотықсыздану реакциясы тəн. Фер-
мент əсері арқылы сутегі атомдарымен тотықсыздандырған кез-
де ең алдымен дигидрофоли қышқылына айналады, одан кейін 
тетрагидрофоли қышқылы (ТГФҚ) түзіледі, ал қышқыл ауадағы 
оттегімен оңай тотығады.
Тетрагидрофоли қышқылы B
с
 витаминінің акивті түрі, 
коферменттік қызмет атқарады, фолаттық кофермент түзеді. 
ТГФК сүтқоректі жануарлардың көпшілігіне, солардың ішінде 
адамға да қажет.


105
Фолаттық коферменттер жəне олардың туындылары қаты-
сатын жиырмаға жуық реакция белгілi, мысалы: олар жыныс 
бездерінің қызметін жақсартады.
 Фолаттық коферменттер жасуша ядросындағы нуклеопроте-
идтер синтезіне жəне қанның пайда болуын реттеуге қатысады. 
Осыларға байланысты В
с
- авитаминозы кезінде қанның қызыл 
жəне ақ жасушалар саны азаяды жəне микроцитарлы (қатерлі 
емес) анемияға ұшырайды, мұндай авитаминоз кезінде жа нуар-
лардың жұқпалы ауруларға төзімділігі нашарлайды.
 Фоли қышқылы жануар тектес өнімдерде, əсіресе, өсімдік 
тектес өнімдерде көп кездеседі. Əртүрлі өсімдіктердің жасыл 
жапырақтары, жас көкөністер, ашытқы ондай қышқылдарға бай 
болады. Ересек адамға бір тəулікте қажетті мөлшері 1-2 мг. Емдік 
мақсатпен күніне 3-20 мг мөлшерінде витамин беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет