Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


наласуы. Бір ілгектің бойында - 20000-80000 дейін нуклеотидтер  жұбы орналасады. 15-сурет



Pdf көрінісі
бет95/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   224
139
наласуы. Бір ілгектің бойында - 20000-80000 дейін нуклеотидтер 
жұбы орналасады.
15-сурет. ДНҚ-ның ІІІ реттік құрылымы 
Рибонуклеин қышқылдарының бірінші реттік құрылымы 
ко 
валентті құрылым болып табылады, өйткені рибонуклеозид-
монофосфат (РНМФ) калдығы полирибонуклеотидті тізбекте 
бірімен-бірі 3
′ 
5

 фосфодиэфирлі байланыспен бірігеді. РНМФ-
тың бірінші реттік құрылымы — полирибонуклеотидті тізбек-
те РНМФ қалдықтарының кезектесіп берілуі. Қаңқа монотон-
ды қайталанып келетін рибоза мен нуклеин қышқылдарының 
қалдықтарынан тұрады. Азотты негіздерді бір-бірінен бірдей 
арақашықтықта орналасқан бүйір топтары түрінде қарастыруға 
болады. Полирибонуклеотидті векторлық тізбекке тəн тізбек 
бағыты 5
′ 
– 3

. РНҚ-ның əрбір түрлерінің поликонденсациялық 
коэффициенті бірнеше оннан бірнеше мыңға дейін созылады. 
Молекулалық массасы 200 мыңнан млн Дальтонға дейін болуы 
мүмкін. мРНҚ - мөлшері де, тұрақтылығы да гетерогенді бола-
тын РНҚ-ның түрі. Эукариоттарда мРНҚ молекуласы цистрон 
бөліктерінен тұрады.


140
Жасуша құрамындағы мРНҚ мөлшері шамалы ғана (5%-дай), 
бірақ ол ерекше əсерлі келеді, мРНҚ алуан текті, ол жағдай жа-
суша синтездейтін белоктардың түрлілігіне байланысты, өйт-
кені əр мРНҚ белоктің бір түрін ғана синтездеуге жауапты. 
Қазіргі уақытта көптеген мРНҚ-ның бірінші реттік құрылымы 
анықталған. Эукариоттарда мРНҚ нуклеотидтік тізбегі цис-
трон деген аймақтардан тұрады. Цистрондар кодталатын аймақ, 
белоктардағы амин қышқылдарының орналасу ретін бақылайды. 
Эукариоттардың барлығында мРНҚ-ның 5

 – шетінде КЭП деп 
аталатын ерекше құрылым бар (ағылшын тілінде сар–колпачок). 
КЭП ферментативті жолмен ядрода түзіледі, КЭП екі түрлі 
қызмет атқарады:
1. мРНҚ-ның 5
′ 
шетін 5
′ 
- экзонуклеаза ферменттерінің əсерінен 
сақтайды.
2. Трансляция этапында амин қышқылдарын тану процесіне 
қатысады.
КЭП-тен кейін мРНҚ-ның цистрон алды бөлігі орналасады
мұнда 3-1,5 дейін нуклеотидтер болады. мРНҚ-ның бұл бөлігі 
5
′ 
- шетінің рибосомамен дұрыс байланысуына жауапты. Ци-
строннан кейін терминдеуші кодон орналасады, бұған постци-
стронды бөлік жалғасады. м-РНҚ-ның постцистронды бөлігінде 
ААУ ААА деген гексонуклеотид болады. Көптеген мРНҚ-ның 3


шетінде полинуклеотидтер орналасады, олар жасушадағы мРНҚ-
ның тұрақтылығына жауапты деген болжам айтылады.
мРНҚ - екінші реттік құрылымы өте күрделі, трансляция 
кезінде матрицалық функциясын атқару үшін жауапты.
тРНҚ құрамына 70-93 нуклеотид кіреді. тРНҚ-ның қызметі 
активтелген амин қышқылдарын белок синтезделетін орынға 
жет кізу болып табылады. Əр амин қышқылын тасымалдайтын 
өзінің арнаулы тРНҚ болады. Кейбір амин қышқылдарына бір-
неше тРНҚ сəйкес келеді.
Қазіргі кезде 300-дей тРНҚ нуклеотидтік тізбегінің реті 
анықталған. Барлық тРНҚ-ның жалпы жоспар бойынша құрыл-
ғаны, олардың кеңістіктік құрылымы бірдей екендігі, пішінінің 
беде жапырағына ұқсайтыны анықталған. тРНҚ-лардың кон-
формациясы ұқсас болғанымен, нуклеотидтердің орналасу реті 
əртүрлі. тРНҚ-лардың құрамында 60-қа жуық минорлы негіздер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет