Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


болады, олар көбінесе пурин жəне пиримидин негіздерінің метил  туындылары (16-сурет).  16-сурет



Pdf көрінісі
бет96/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   224
Байланысты:
биохимия

141
болады, олар көбінесе пурин жəне пиримидин негіздерінің метил 
туындылары (16-сурет). 
16-сурет. т-РНҚ-ның екінші реттік құрылымы


142
тРНҚ-ның көбінің 5

-шетінде гуанил қышқылы, ал 3

-шетінде 
тринуклеотид Ц – Ц – А орналасады. тРНҚ-ның 3

 – шетін 
нуклеотидтің акцепторлық соңы дейді.
тРНҚ-ның екінші реттік құрылымы - кеңістікте комплемен-
тарлы негіздер арасында сутектік байланыстың пайда болуынан 
түзілген құрылым. Осындай байланыстар арқасында тРНҚ-ның 
полинуклеотидті тізбегі ширатылып, дара жұпталмаған нуклео-
тидтер ілгектері бар спираль түзеді.
Беде жапырағы пішіндес болып келетін тРНҚ төрт тармақ-
тан тұрады: дигидроуридилі (қысқаша Д), антикодонды, псев-
доуридилді (Т) жəне ацепторлы, тРНҚ молекуласында үш ілгек 
бар – Д, антикодон жəне Т, олар белок синтезі кезінде əртүрлі 
қызмет атқарады.
тРНҚ-ның амин қышқылы жалғасатын соңы акцепторлық соң 
деп аталады, бұл ЦЦА нуклеотидтерінің барлық тРНҚ-да орнала-
су реті бірдей.
Т-ілгек көмегімен тРНҚ рибосомамен байланысады.
Д-ілгегінде минорлы негіз дигидроурацил болады, ал Т-ілгекте 
псевдоурацил орналасады.
тРНҚ-ның үшінші реттік құрылымының негізгі белгілері 
барлық тірі ағзалар үшін бірдей болады деген болжам бар. 
тРНҚ-ның үшінші құрылымы деп кеңістікте тРНҚ-ның барлық 
бөліктерінің орналасуы деп түсінеміз. Кеңістікте орналасқан 
кезде тРНҚ-ның беде жапырақтарының тармақтары бір-біріне 
жақындап, қосымша сутектік стэкинг байланыстары пайда бо-
лып, пішіні Г əрпіне ұқсас құрылым түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет