Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


-сурет. ДНҚ жəне РНҚ молекулалары бөлігінің құрылысы 132



Pdf көрінісі
бет91/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   224
Байланысты:
биохимия

13-суретДНҚ жəне РНҚ молекулалары бөлігінің құрылысы


132
жүздеген мың топтарымен, ал РНҚ үшін бар болғаны ондаған
жүздеген кейбір жағдайда мындаған топтарымен сипатталады.
Жасуша ядросының ішінде ұзын, жіңішке, тыныштық күйде 
əрең-əрең көрінетін заттар – хроматин жіпшелері кішкентай 
таяқшаларға -хромосомаларға айналады. Хромосомалардың са-
ны, пішіні мен мөлшері ағзаның əр түрі үшін тұрақты.
Хромосома – ДНҚ мен белоктан құралған күрделі жүйе, хро-
мосома белоктары гистондар мен гистон емес қышқыл белок бо-
лып келеді. Бұл белоктар хромосома құрылымын қалыпты ұстап 
тұру үшін қажет.
Эксперименттік деректер арқылы ДНҚ мен РНҚ молекула-
лары біртұтас ұзын тізбектерден тұратындығы анықталды. ДНҚ 
жіп тəрізді ирек-ирек болып құралған екі талшықтан тұрады, ол 
ядро хромосомаларының ішінде орналасады. 
Рибонуклеин қышқылдары жіп тəрізді ирек-ирек болып құ-
ралған бір ғана талшықтан тұрады. Оларды тек электронды ми-
кроскоп арқылы ғана көруге болады.
ДНҚ нағыз ядролық қышқылдар, кейінгі жылдары өсімдік-
тердің пластидтерінен, жануарлардың митохондрияларынан да 
табылды, бірақ ядроларда ДНҚ көптеп кездеседі.
26, 27-кестелерде кейбір ағзалардың РНҚ жəне ДНҚ-дағы 
пуриндік жəне пиримидиндік негіздердің арақатынастарының 
кей бір мысалдарын келтірейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет