Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет79/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   224
Байланысты:
биохимия

Пангам қышқылы (В
15
 витамині). Пангам қышқылы – 
Д-глюкон қышқылы мен диметиламинсірке қышқылының күр-
делі эфирі.
Пангам қышқылы (витамин В
15
)
Пангам қышқылы, метионин сияқты, тұрақсыз метилдік топ-
тың көзі. Ол холин, лецитин, креатин жəне басқа да метил денетін 
қосылыстар биосинтезіне қатысады.
 Пангам қышқылы липид алмасуы бұзылған кезде қолданылады, 
сол сияқты ол витамин бауырды май басып бүлінуден қорғайды, 
оттектің жақсы сіңірілуін қолдайды.
В
15
 витамині бауырда, ашытқыда, жұмыртқада, сүтте кездеседі.
U витамині (S-метилметионин, жараға қарсы витамин). 
Ақ қауданды капуста жапырағынан қарын жарасының асқынуын 
тоқтататын жаңа фактор бөліп алынды. Ол жараға қарсы вита-
мин немесе U витамині (латынның ulоus – жара деген сөзінен 
алынған) деп аталады. Витамин кристалды түрде бөлінген, ол 
метиониннің метилденген туындысы.
U витамині – метил тобының доноры, холин, лецитин, креа-
тин, тимин сияқты заттар синтезіне қатысады; бұл заттар қарын 
мен ішектің шырыш қабатында жүретін зат алмасу процесінде аса 


112
маңызды қызмет атқарады. U витамині гистаминнің улы əсерін 
залалсыздандырады жəне ауырғанды басатын қасиеті бар.
U витаминінің зат алмасуға əсер ету механизмі əлі белгісіз, 
бірақ ол қарынның жəне бүйеннің жарасына, гастритке қарсы 
табысты қолданылып жүр. U витамині капуста шырынында, 
көкөністерде кездеседі.
Жараларды емдеу кезінде қолданылатын бір күндік мөлшері 
250-300 мг.
Антивитаминдер. Жасушаның витаминмен қоректенуіне əр-
түрлі əдістермен бөгет жасайтын заттарды – антивитаминдер деп 
атайды. Оларды екі топқа бөледі:
1. витамин молекулаларын бұзатын немесе оларды активсіз-
дендіретін, яғни инактивтендіретін заттар;
2. витаминдердің структурасына ұқсас жəне оларды биоло-
гиялық активтік заттардан ығыстырып, активсіздендіретін заттар.
 Мысалы, К антивитаминіне гепарин мен дикумарин жатады. 
Олар протромбиннің тромбинге айналуына бөгет жасайды, соны-
мен бірге қан айналу процесін баяулатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет