110
дазол ядроларынан тұрады. Биотин Н витамині деп аталады, H
немістің Haut - тері (дерматит) деген сөзінен шыққан.
Биотин он шақты ферменттердің
коферменті болып табыла-
ды. Ол ферменттер тірішілік үшін аса қажетті көптеген заттардың
жасушада синтезделуін катализдейді. Биотиндік ферменттер кар-
боксилазалар, ол ферменттер
көмір қышқыл газды СО
2
қатыстыра
отырып, органикалық заттарды карбоксилдейді.
Биотин ішек-қарынның микрофлорасында синтезделеді,
сондықтан оның адамда немесе жануарларда жетіспеуі сирек
кездеседі. Мұндай авитаминоз
ішек-қарын жолын тазартып, оны
стерильдегенде немесе құрамында авидин бар жұмыртқаның ақ
уызын шикілей ішкенде байқалады.
Н-авитаминоз сырқаты кезінде терi қабыршақтана бастайды,
қабынады,
көздің айналасы көлкілдеп, қанталайды, шаш түседі.
Малдың жас төлдерінің өсуі тоқтайды. Н–авитаминоз ұзаққа
созылған
кезде дене азып арықтайды, сал болып, параличке
ұшырайды да, өледі.
Биотин белокпен байланысқан күйінде
барлық жануарлар
мен өсімдіктердің ұлпасында кездеседі. Бауыр, бүйрек, ет, сүт, то-
мат, соя, бұршақ, сəбіз оған бай.
Достарыңызбен бөлісу: