Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет23/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Ескертулер. Бұл ережені терминдік мәнге ие болған күрделі атаулардың (көбінесе зат есімдердің) қосылып жазылатын заңдылығымен шатастырмау керек. Мысалы: темір жолдық құрылыс, ал теміржолшы (соңғы сөз - мамандық иесін атайтын термин), көп жылдық еңбек, ал көпжылдық шырмауық (соңғыда көпжылдық сөзі күрделі ботаникалық терминнің компоненті болып тұр), бес жылдық оқу, ал бесжылдық (термин).
2. Бірге жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкілодақтық сияқты қосылып таңбаланатын бес-алты сөздің орфограммасын емле сөздіктеріне қарап біліп алуға болады.
3. Бөлек не дефис арқылы жазылатын екі компонентті жалқы есімдерден қазақ тілі жұрнақтарымен жасалған туынды сөздер кіші әріппен қосылып жазылады: Коста-Рики - костарикалықтар, Батыс Сібір - батыссібірлік.


§47. Күрделі сан есімдерді құрап тұрған сөздердің әрқайсысы барлық тұлғада да бөлек-бөлек жазылады: он бір, он бірінші (қабат), он бірге (Балам он бірге шықты), он бірлерде (Ол бала он бірлерде), он екі, он екінші, он тоғыз, жиырма бір, бір мың, он мың.
Сан есімдермен жанастырыла қолданылатын жарым, есе, рет деген сөздер бөлек жазылады: бір жарым, үш жарым, екі есе, екірет, бес есе, бес жарым, бесрет.
Болжалды сан есім жасауға қатысатын шақты, шамалы, қаралы деген шылаулар да бөлек жазылады: он шақты, отыз шақты, жүз шамалы, мың қаралы(қой), жүз қаралы(атты).
§ 48. Түсті білдіретін екі (кейде үш) сын есім қатар айтылып, үшінші бір түстің атауы болып тұрса, олар бір-бірінен бөлек жазылады: қара күрең, қара торы, қызыл ала, қызыл күрең, қара көк, сары ала, көк ала, ақ сары, ақ сұр, шұбар ала.
Жеке тұрып, барлық заттардың түсін білдірмейтін ал, құба, кер, құла, шабдар сияқты сөздермен қатар келген түс атаулары да бөлек жазылады: ал күрең, ал қара, ал қара көк, ал қызыл, ал қоңыр, қара кер, ақ құба, құла жирен, құла кер, ақ шабдар, шабдар ала.
§ 49. Малды (көбінесе жылқыны) сипаттау үшін сын есіммен қатар айтылатын төбел, қасқа, шолақ сияқты сөздер де бөлек жазылады: торы төбел (ат), құла қасқа (бие), шолақ торы (жабағы), ақ бақай (ат).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет