§ 37. см, мм, км, га сияқты қысқарған белгілерге жалғанатын қосымшалар да дефис арқылы жазылып, осы белгілер таңбалайтын сөздердің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: Ұзындығы 10 см-ге (он сантиметрге) жуық сызық сызыңдар. 20 кмден (жиырма километрден) астам жер жүрдік. 500га-ға жуық жер жыртылды (500 гектарға).
§ 38. Жеке әріптер, жеке сөздер объект болып, оларға қосымшалар жалғанғанда, сол объектілердің айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке болып, дефис арқылы жазылады: а-ның артикуляциясы ә- ге қарағанда өзгеше. “Жаз шықты ” және “хат жаз ” дегендердегі жаз-дың мағыналары бір емес. Жомарт Жақыптың “дұрыс”-ын осымен екірет естіді (Ғ.Мұсатфин).
Е с к е р т у: см, мм, км, га сияқты кысқарған таңбалар өзге шрифтімен (қурсивпен) терілуі мүмкін. Бірақ барлық жағдайда да қосымша дефис арқылы жазылады. Сондай-ақ объект болып тұрған жеке әріптер, буындар, сөздер тырнақшаға алынып жазылуы да мүмкін, бірақ ол күнде де қосымшамен екі араға дефис қойылады: “а”-ның артикуляциясы “ә”-ге қарағанда өзгеше.
§ 39. -ша, -ше жұрнақтарынан кейін -ла, -ле жұрнағы жалғанғанда, алдыңғылары -шы, -ші түріне айналып айтылады және солай жазылады: орыс+ша+ла - орысшылап (айтқанда), қазақ+ша+ла+ғанда - қазақшылағанда, өзім+ше+леп - өзімшілеп.
§ 40. Әдетге шылау жалғаулардан кейін тұрады. Мұндайда олардың көпшілігі бөлек, ал бірқатары дефис арқылы жазылады (83-88- параграфтарды қараңыз): Біз әншіміз де, бишіміз де. Әнгімені келістіріп айтасың +ақ. Бүгін киноға барасың ба?
Ауызекі сөйлеуде, кейде әдеби тілде де, кейбір шылаулар жалғау мен түбірдің арасына түсіп кетеді. Бұл жағдайда:
а) II жақтық жіктік жалғауы мен түбірдің арасына түскен ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулары мы, мі, бы, бі, пы, пі тұлғаларына айналып, түбірге қосылып жазылады: барамысың (ба- расың ба), келемісің (келесің бе), үлкенбісің (үлкенсің бе), жаспысың (жассың ба);
ә) басқа шылаулар тұлғалары өзгерілмей, түбірге қосылып жазылады: Біз әншідеміз, бишідеміз. Әңгімені келістіріп айтады- ақсың. Онда отырған біздер ебетейсізақпыз (С.Мұқанов). Күн болса, ондай антты берерақпын (“Қозы Көрпеш - Баян сұлу”). Досыңақпын, тағдыр араз, толғанамын, кайтемін. Ғашықақпын еш күмәнсыз (Абай).
§ 41. II жақ жіктік жалғау -сың, -сің түрінде (-сын, -сін емес) жазылады: сен барасың (барасын емес), сен отырсың (отырсын емес). III жақ бұйрық райдың жұрнағы -сын, -сін түрінде жалғанады: ол барсын, ол келсін, балалар жиналсын, олар отырсын.
§ 42. Сымак тұлғасы және -шы, -ші жұрнақтарымен мағыналас қолданылатын -дағы, -тағы тұлғалары сөзге қосылып жазылады: төресымақ, әкімсымақ, айттағы (Әңгімеңді қайталап айттағы - Әңгімеңді қайталап айтшы), барайықтағы (“Орманға барайықтағы”, - деп өтінетін едім. “ Орманға барайықшы”,-деп өтінетін едім).
Етістіктерге жалғанатын -дағы, -тағы жұрнағын есімдермен қолданылатын дағы, тағы (да, де, та, те) шылауымен шатастырмау керек. Дағы шылауы алдындағы сөзден бөлек жазылады:
1) Кәрі жырау мен дағы
Москваға өрлеген (Жамбыл).
Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі
О дағы осал жау емес қыран паңға (Абай).
Достарыңызбен бөлісу: |