Ескертулер. 1. П, х дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, п, х дыбыстары ұяңдамайды: прин-ңип+і - принңипі, тип+і - типі, окоп+ы - окопы, грипп+і - грипі (жұқты), телескоп+ы - телескопы, цех+ы - цехы, алманах+ы - алманахы, шах+ы - шахы. 2. “Қатар” мағынасындағы сап сөзі мен тарап сөзі де тәуелдік жалғауын жалғағанда, соңғы қатаң дыбысын сақтайды: сап+ында - сапында, сап+ымызға + сапымызға (тұрды,), тарап+ында - тарапында, өз тарап+ымыздан - өз тарапымыздан. 3. Қазақ, қалмақ деген сөздерге сын есім жасайтын -ы жұрнағы жалғанғанда, сөз соңындағы дыбыстар ұяңдамайды: қазақы ер, қалмақы ат. Ал бұл сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, сөз соңындағы қатаң дыбыстар жалпы заңға бағынып, ұяндайды: Ол кісі - Сыр бойының қазағы. Менің жолдасым - Еділ бойының қалмағы.
ғ) Сөздің соңғы дыбысы н болса, оған жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б дыбыстарынан басталғанда, н дыбысы өзгеріліп, ң, м болып айтылады. Бірақ бұл өзгеріс еске алынбай, н әрпі жазылады: түн+гі – түнгі (айтылуы - түңгү), бұрын+ғы – бұрынғы (айтылуы - бұрұнғы), сән+қой – сәнқой (айтылуы - сәңқой), көн+беді - көнбеді (айтылуы - көмбеді), көрін+беді – көрінбеді (айтылуы - көрүмбеді).
§ 32. Нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт,пт дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы жалғанады: фонд+ы+сы, фонд+ы+ны, ценз+і+ге, ценз+і+сі, штам+ы+ны, штамп+ы+лау, тан- к+і+ге, танк+і+лер, франк+і+сі, митинг+і+ге, митинг+і+сі, шланг+і+ге, шланг+і+сі, ромб+ы+ға, ромб+ы+сы, объект+і+ге, объект+і+сі, киоск+і+ге, киоск+і+сі, киоск+і+лер, Омск+і+ден, Омск+і+ге, лифт+і+мен, факт+і+сі, факт+і+лер, рецепт+і+нің, рецепт+ті+ге, мануск-рипт+і+ге, почтамп+ы+ға, экспромт+ы+ны, фармацевт+і+ге, ямб+ы+ны. Қатар келген дауыссыз дыбыстар тіркесінің қалған түрлеріне (нс, рс, рт, рш, нт, рд, рм, фр т.б.) аяқталған кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і дәнекерінсіз, буын үндестігі бойынша тікелей жалғанады: финанс+қа, финанс+ы, аванс+ы (авансысы емес), цемент+ке, цемент+ті, фермент+тік, цифр+ға, цифр+ы (цифрысы емес); хлороформ+ға, хлороформ+нан, хлороформ+ы, фунт+қа, фунт+ы, формант+тар, формант+ы. § 33. Сс,лл,тт, пп, ст, кст, сть, зд,кк дыбыстарына біткен орыс тілінен енген жалпы есімдер атау күйінде өзгеріссіз жазылады да, оларға қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп жазылады: кросс, кросқа, кросы, класс, класқа, кластар, класы, металл, металды, металы, грамм, грамм +ға – грамға, грам- м+дық –грамдық, грамм +ы – грамы, киловатт+қа–киловатта, грипп +і– грипі, съезд+ге –съезге, съезд +і– съезі, ведомостъ+ка – ведомосқа. Бірдей қос дыбыстарға аяқталған жалқы есімдерге қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда, қос әріп сақталып жазылады, тек қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы түбірдегі қос дыбыспен бірдей болғанда ғана, үш біркелкі әріп жазылмай, екеуі жазылады: Гримм+ге - Гриммге, Гримм+ді - Гриммді, Гримм+мен - Гриммен (Гримммен емес), Покрасс+тың - Покрасстың, Покрасс+қа - Покрассқа, Кирилл+ге - Кириллге, Филипп+тің, Филипп+пен - Филиппен (Филипппен емес), Кузбасс+тың - Кузбасстың, Донбасс+қа - Донбассқа, Порккала-Удд+тан - Порккала-Уддан, Лакснесс+ке - Лакснесске. § 34. Әріптерден қысқарған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары соңғы әріптің немесе соңғы цифрдың айтылу әуеніне қарай, ал олардың ішінде дауысты дыбыс болса, сол дыбыстың айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке жалғанады да, дефис арқылы жазылады: АҚШ-қа, БАМ-ға, ЮНЕСКО-ның, МТЗ-82-ге (сексен екіге).
§ 35. Цифрмен жазылған есептік, бөлшек сан есімдерге дефис арқылы жалғанатын қосымшалардың жуан-жіңішкелігі цифрмен белгіленген санның айтылуына қарай болады: 10-ды 2-гекөбейт (онды екіге). Оқушылардың 20-сы экскурсияға кетті (жиырмасы). Жолдың 1/5-іне келіп қалдық (бестен біріне). § 36. Процентті (%), градусты (°) белгілейтін таңбалары бар сөздерге қосымша пайыз (процент), градус деген сөздердің соңғы буынының әуенімен (процент сөзіне жіңішке, пайыз, градус сөздеріне жуан) жалғанады: жұмыстың 90%-ы (тоқсан пайызы) немесе 90%-ті істелді (тоқсан проценті). Суықтық 20° -қа дейін барды (жиырма градусқа).