Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет29/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Е с к е р т у. Белгілі бір өсімдіктің түрін (сортын) айырып атау үшін жасалған, бірінші сыңарлары мал мен аң-кұстардың жалпы атаулары (бөрі, аю, қоян, киік, қаз т.б.) екінші сыңарлары жеке өсімдіктің өз атаулары болып келетін тіркестер де біріккен сөз болады (бұлар жөнінде § 62-ты қараңыз).


Б. Өсімдік, аң-құс, жан-жануарлардың белгілі бір түрінің (тұқымының, сортының) атауы алдынан олардың мекеніне, түсіне немесе басқа да бір қасиет-белгілеріне қарай айтылып қалыптасқан тұрақты анықтауыштары болады. Олар анықтайтын сөзінен бөлек жазылады. Мысалы: мес бие, қулық бие, лақса бие, сарқарын бие; жөнек нар, үлкен нар, оқпақ нар. Сонымен қатар мұндай терминдік анықтауыштар екі (кейде үш) сөзден тұруы да мүмкін. Ол күнде бұл екі сөз өзара бірігіп жазылады да, анықтайтын сөзінен бөлек тұрады. Мысалы: ақбас жонышқа, ақбас сиыр, ақбас капуста дегендердегі ақ сөзі жоңышқаның, сиырдың, капустаның бастарының ақтығын жай ғана суреттеп тұрған жоқ, ол бас сөзімен бірігіп, сол өсімдіктің сортын немесе малдың тұқымын айырып атап тұр. Мұндай терминдік мәндегі күрделі анықтауыштар негізінен ғылыми әдебиетте (оқулықтарда, ғылыми зерттеулерде, энциклопедия мен сөздіктерде) кездеседі және көбінесе калька жолымен жасалған аударма болып келеді: ақтұмсық қарға, алақанат бозторғай, итбас жарғанат, алаяқ мәлін, ақтөс сусар, аққабақ шымшық, бізқұйрық үйрек, сүйелтұмсық кептер, қызғылтжирен саршұнақ, қызылерін ақмарқа.


Е с к е р т у. Екі-үш сөзден тұратын күрделі анықтауыштар ғылымдық термин болмай, яғни түрді, тұқымды, сортты білдірмей, жай суреттеме атау үшін қолданылған болса, олардың әрбір сөзі бөлек-бөлек жазылады: Мысалы: ақ шандыр бие, ит арқа ат, бас асау жылқы, иір өркеш түйе, қара қайыс түйе, сары аяқ марқа, ақ ала мойын кептер, ұзын сирақ әтеш.

Биология саласының біріккен сөзден жасалған терминдері тек жан-жануар, аң-құс, жәндік, өсімдіктердің аттары ғана емес, олардың құрылысына, организміне, өсіп-өну процесіне т.б. қатысты атаулар болып та келеді. Мысалы: гүлтабан, гүлшұнақ, тозаңқап, бұршаққын, сүткоректілер, оңқанаттылар.


§ 63. Әр алуан құрал-жабдық, қару-жарақ, машина, аппарат, бұйым, үймүлкі атаулары екі түбірден жасалса, біріккен сөз болады. Бұлардың ішінде бұрын пайда болған ежелгілері де, жаңалары да бар. Мысалы, көне мылтық атаулары: алтатар, бесатар, күлдірмамай, жекауыз, бірауыз, қандауыз, жездауыз; әр түрлі үй мүлкі мен бұйым атаулары: жұқаяқ, қазанқап, жастағаш, қолғап, қуысқұлақ, музыкалық аспап атаулары: месқобыз, сазсырнай, асатаяқ, найсыбызғы, қоссаз, желғабыз;өзге де құрал-жабдық аттары: атауыз, жерағаш (соқы), тісағаш, шотаяқ сияқтылар ертеден келе жатса, мұзжарғыш, еттартқыш, қаржыртқыш, астықтиегіш, шаңжұтқыш тәрізді жаңа машина, аппарат, құрал-жабдық атаулары - кейіннен жасалған біріккен сөздер. Соңғы топтағы нақты атау болып саналатын зат есімдерді осылармен тұлғалас келетін кәдімгі анықтауыштармен шатастырмау керек, күрделі анықтауыштардың әрбір сөзі бөлек жазылады: су тартқыш колонка (қандай колонка? - су тартқыш), жүк көтергіш машина (қандай машина? - жүк көтергіш).
§ 64. Әр алуан мамандық, кәсіп иелерініңаттары және белгілі бір іске (әрекетке, жұмысқа т.б. ) бейім адамдардың атаулары да екі сөз арқылы білдірілсе, біріккен сөз болады: алыпсатар, атқамінер, теміржолшы, жолсерік (проводник), өнертапқыш, қызылізш.
Екі компоненті де етістік тұлғалы болып келетін сипаттама тіркестер қосылып жазылады: көріпкел (адам), шығарыпсалма (сөз), суырыпсалма (ақындық), алыпқашпа (сөз); бұл қатарға екінші компоненті ашық райдағы етістік болып келетін тіркестер де жатады: ерғашты (болу), жүрекжарды (хабар), қағазбасты(қызметкер), жолсоқты (болу), пышақкесті (тыйылу). Етістік араласып жасалған әпербақан, ойбауырымдау (жоқтау), өлдемаған, әлімжеттік (қылу), немкетті (қарау) немкеттілік, немқұрайды (қарау), немқұрайдылық, қағазбастылық сияқты сөздердін осылайша жазылуы сөздік бойынша реттеледі (яғни сөздіктен қарап жазу керек).
§ 65. Екінші сыңары аралық, тану, сымақ, құмар, жай, хана, ақы, нама, хат, тас, бас деген сияқты сөздер болып келген тіркестер бір ғана заттың атын білдіріп (көбінесе термин болып) тұрса, біріктіріліп жазылады: халықаралық, ауданаралық, ведомоствоаралық; қоғамтану, шығыстану, абайтану; шешенсымақ; асхана, құсхана, төлхана, перзентхана; сапарнама, өмірнама, ғарышнама; шайқұмар, әнқұмар; жалақы, қаламақы, еңбекақы, жамбасақы, көзақы (көргеннен көзақы алған), жолақы, кіреақы (термин ретінде емес, образды фразеологизм құрамында келген ақы сөзі бөлек жазылады: табан ақы, маңдай тері); сенімхат, түсінікхат, келісімхат, мағлұмхат, сәлемхат (хат сөзі жалпы “жазылған дүние” мағынасында келіп, алдыңғы сөз сол жазылғанның сипатын білдіріп тұрса, бөлек жазылады: ашық. хат, жасырын хат, жабық хат, тапсырыс хат); қоражай, саяжай, тұрақжай, қонақжай, жағажай (пляж), егінжай; ұлутас, теміртас, сутас, тақтатас, зертас, сынтас, құлпытас, обатас, этнографиялық бұйымдардың атаулары; тұмартас, есектас, құрал атауы: шаңтас (бидай бастыратын), табиғаттағы құмтас, қойтас, жартас, шағылтас (тас сөзі өзінің тура мағынасында келіп, алдыңғы сөз оның түрлі сын-сипатын білдірсе, бөлек жазылады: малта тас, дөңбек тас, жақпар тас, қайрақ тас, қабыршақ тас, шақпақ тас, серек тас, үңгір тас, тектұр тас, лағыл тас, ақық тас, меруерт тас) қалжыңбас, қылжақбас, маубас, жүдеубас, жындыбас, қаңғыбас, қақбас (бұларды алдыңғы компонент! анықтауыштық қызметте келген қауға бас, дода бас, қазан бас, қасқа бас, қалтақ бас деген жай тіркестермен шатастырмау керек); қолбасы, онбасы, мыңбасы, жүзбасы, рубасы, түменбасы, көшбасы, әскербасы, дуанбасы; қолбасшы, жолбасшы, көшбасшы (соңғыларды термин емес, жай мынадай сөз тіркестерімен шатастырмау керек: сөз басы, түлік басы, төл басы, мал басы - мал басын көбейту, жан басы - жан басына шаққанда) т.т.
§ 66. Еш, әр, кей, қай, әлде, бір деген сөздер есімдіктермен, үстеулермен тіркесіп келгенде, бірігіп жазылады: әрбір, әркім, әрқайсы, әрдайым, әрқашан, әрнеме, әркелкі, әрқайда, ешкім, ешбір, ешқайда, ешқашан, ешқандай, ештеңе, ешқайсысьі, ешқалай, кейбір, кейбіреу, қайбір, бірдеңе, бірнеше, біраз, бірсыпыра, біркелкі, әлдекім, әлдене, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқандай, әлдебір, әлдеқайдан т.т.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет