Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет27/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР


§ 58. Біріккен сөздерді жасап тұрған компоненттер, негізінен, түбір тұлғалары сақталып, бірігіп жазылады: асқазан, алабұға, алақоржын (өсімдік), баспасөз, балабакша, біркатар, бірыцғай, бозбала, бозқырау, демалыс, денсаулық, еңбеккүн, жарқабақ, кәсіподақ, кәсіпорын, қолбасшы, қолжазба, қолөнер, қолтаңба, оңтүстік, орынбасар, өнеркәсіп, өнертану, өнертапқыш, сегізкөз, солтүстік, шаштараз, суықторғай, түйетауық, уқорғасын.
§ 59. Бірсыпыра біріккен сөздер өзгерген қалпында, айтылуынша жазылады: бүгін, биыл, жаздыгүні, қыстыгүні, бүрсігүні, күздігүні, белбеу, қолғап, қолғанат, қолғабыс, қарағаш, апару, әкелу, түрегелу, мойынсұну.
Біріккен сөз болатындар:
§ 60. Топонимикалық атаулар, яғни жер-су аттары. Бұлар, негізінен, түбір тұлғалары сақталып жазылады: Актөбе, Ақжар, Алатау, Жезқазған, Талдықорған, Қызылорда, Сарыөзек, Сырдария, Баянауыл, Ұлытау, Қаратау, Жаманшұбар, Еңбекшіқазақ. Кейбір жер аттары үш сөзден жасалады да, үшеуі де бірігіп жазылады: Екібастұз, Қызылжарқұдық, Ақдаласор, Актүйесай, Алқакөлқұм, Ақбасатан. Тіпті кейде төрт түбірден құралып жасалған жер-су аттары да кездеседі: Аймысықкөккөз (тау, шоқы аты, Қарағанды облысының Шет ауданында), Ақсортопырақсай (сайдың аты, Ақадыр ауданында).
§ 61. Қазақша кісі аттары мен ру-тайпа және бірен-саран халық аттары. Бұлардың да көпшілігі, негізінен, түбір тұлғалары сақталып, бірге жазылады: Ақбөпе, Ақмарал, Гүлжәмила, Ғалиябану, Жақыпбек, Жанбота, қаракерей, жетіру, қарақалпақ, қарақыпшақ.
Бірқатар кісі аттары дыбысталуы жағынан өзгерген күйінде жазылады: Амангелді, Жангелді, Нүргелді, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз, Әйгерім, Жанғозы, Телғожа, Дәметкен, Ұлбосын, Айғаным.
Адамның фамилиясын немесе әкесінің атын білдіру үшін қолданылатын ұлы, қызы деген сөздер жалқы есімге қосылып жазылады: Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы, Сара Сәтбайқызы Есова.
§ 62. Ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы терминдік мәнге ие болған атаулар бастапқы түбір тұлғаларын сақтап, бірігіп жазылады. Оның ішінде:
Саяси-әлеуметтік терминдер мен тарих, экономикағылымдарына жататын сөздер: өнеркәсіп, кәсіподақ, бесжылдық, көзқарас, баспасөз, арақатынас, еңбеккүн, еңбекақы, жалақы, қаламақы, шикізат, қолбасы, келіссөз, қонақасы, өнертабыс, алауыздықтар (мемлекеттер, одақтастар, пікірлестер т.б. аралығындағы келіспеушіліктер), көзбояушылық, сөзбұйда (волокита деген терминнің баламасы), қосмәнділік принципі (философия термині).
Биология ғылымына жататын терминдер, яғни аң-құс, жан-жануар, өсімдік, ағаш, құрт-құмырсқа атаулары және осы салаға қатысты өзге де терминдік сөздер: алабота, кәріқыз, алақоржын (өсімдік аттары), қырықаяқ, бұзаубас, қарақұрт (жәндіктер), ақиық, бізтұмсық, бірқазан, өгізшағала (құс аттары), гүлтабан, бұршаққын, тозаңқап (ботаникатерминдері).
Бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер (ақ, сары, қызыл, қара т.б.), немесе мал, аң-құстардың жалпы атаулары (қой, сиыр, түйе, қозы, бөрі, аю, қоян, қаз т.б.), я болмаса тау, шөл, құм, дала, су, тас, у деген сияқты сөздер болып, екінші сыңары нақты өсімдік немесе аң-кұстардың аты болса, бұлармен жасалған сөздер биологиялық терминдер ретінде қосылып жазылады (қазақ тілінің емле ережелері мен 1988 жылғы Орфографиялық сөздікте алдыңғы сөз анықтауыш ретінде бөлек жазылады деп көрсетілген ереже түзетілуге тиіс): құмбетеге, субетеге, қоянжоңышқа, сиыржоңышқа, түйежоңышқа, қойжусан, қызылжусан, қаражусан, қойқарақат, бөріқарақат, аюқарақат, қызыл- қарақат, қарақарақат, түйекекіре, укекіре, атбұршақ, түйебұршақ, бөрібұршақ, майқаңбақ, балқаңбақ, сорқаңбақ, аққайың, қотырқайың, үлпекқайың, қызылқайың, итжуа, итбүлдірген, итбадам, итқонақ, итқұмық, итошаған, итсигек, итбүлдірген, таутеке, субүркіт, сужылан, убалдырған, убидайық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет