Лаула,жан, костёрден от, лаула, лаула! Келіңдер, кел,балалар, от жағуға!Жүйткидіпоезд, жүйткиді! (Н.Байғанин). Жантық-ай, бері келші, бері (Ғ.Мүсірепов). Малға апарып салсам,сиыр екеш, сиыр дамұрнын шүйіріп жемейтін (“Аяз би” ертегісінен). Ол үйінде отырса, отырсын.Солайболса, болсыншы. Молдадан оқымасаң, оқымай-ақ кой, шырағым (С.Мұқанов). Бұларды дефиспен жазылатын қос сөздермен шатастырмау керек. § 89. Екі бірыңғай мүшенің арасында келетін бірақ, дегенмен, алайда, сонда да деген жалғаулықтар мен сондай-ақ, сонымен бірге деген тіркестердің алдынан үтір қойылады. Мысалы: Абай өлеңдерінде, сондай-ақпублицистикалық әңгімелерінде баланы тәрбиелеу деген мәселеге үлкен мән берді. § 90. Бірыңғай мүшелердің әрқайсысынан кейін сұраулық шылаулары, болсын деген сияқты сөздер қайталап келе береді, мұндайда бірыңғай мүшелердің араларына үтір қойылады: Тал-терегі болсын, тау қайыңы - қисықша қызылқайың болсын - барлығы да көктеп жайнап тұр(М.Әуезов).Желдің бе, қасқырлардың ба - әлдененің ұлыған үні жер-көкке сыймай тұрған сияқтанады(С.Мұқанов). § 91. Үн жоқ, түн жоқ; ұзын арқан, кең тұсау; бір сырлы, сегіз қырлы; апы кіріп, күпі шығып; алты аласы, бес бересі; күн демей, түн демей; о жак, бұ жағы сияқты күрделі қос сөздердің арасына, бірыңғай мүшелерге қойылғандай, үтір қойылады. Мысалы: Ол бір сырлы, сегіз қырлыжігіт еді. Қос салт атты үн жоқ, түн жоқ жүріп келеді. Ол әңгіменің о жақ, бұ жағынанбір шығып отыр. § 92.Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады. Бірыңғай мүшелерден кейін сөйлем аяқталмаса, бірыңғай мүшенің ең соңғысынан кейін сызықша қойылады: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай). Бұл өлең жолдарының қара сөзбен айтылатын құрылымы мынадай болар еді: Адамның қасиеті - үш-ақ нәрсе: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Мұнда жалпылауыш сөз - үш-ақ нәрсе (баяндауыш). Бұл сөйлем бірыңғай баяндауыштармен аяқталып тұр. - Бұл үйдің жаны неиіеу? - деді Итбай сөз бастау үшін. - Үшеу: Балтабек, қатыны, қарындасы,- деді Бүркітбай(С.Мұқанов).Бұл сөйлемнің толық түрі:Бұл үйдің жаны үшеу: Балтабек, қатыны, қарындасы болар еді. Сөйледі Жамбыл бәріңе: Жасың менен кәріңе(Жамбыл).
Е с к е р т у. Жалпылауыш сөзді бірынғай баяндауыштардың алдынан келген бастауышпен шатастырмау керек. Сырт қарағанда жалпылауыш сөз сияқты болып көрінетін бастауыштан кейін қос нүкте қоюға болмайды. Ол үшін сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын іздестіру керек. Мысалы, Көмірдің көп шығатын жерлері – Украинадағы Донбасс,Шығыс Сібірдегі Кузбасс,Қазақстандағы Қарағанды деген сөйлемде бастауыш - жерлері, одан кейінгі сөздер - бірыңғай баяндауыштар. Ал осы сөйлемді Көмірдің көп шығатын жерлері: Украинадағы Донбасс, Шығыс Сібірдегі Кузбасс, Қазақстандағы Қарағанды - ТМД елдерінің байлығы болып табылады деп өзгертсек, бұл сөйлемде жерлері - жалпылауыш сөз, одан кейінгілер бірыңғай бастауыштар, баяндауыш - байлығы болып табылады деген сөздер болып шығар еді. Сондықтан алғашқы мысалда баяндауыштары да атау тұлғадағы зат есімнен жасалғандықтан, жерлері деген атау тұлғадағы бастауыштан кейін сызықша қойылады. Екінші мысалда жерлері деген жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте, ал бірыңғай мүшелердің аяқталған жеріне сызықша қойылады.
§ 93.Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, жалпылауыш сөзден бұрын сызықша қойылады. Бірыңғай мүшелерден кейін жалпылауыш сөз болып келетіндер, көбінесе, бәрі, барлығы, баршасы, күллісі, бірі деген есімдіктер және сан есім аралас басқа есімдер болады: Ортасында Құнанбай, Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар -бәрі бар(М.Әуезов).Жылаған Тоғжан, жылаған Бөжей қыздары, барлық қаралы көш... қаралы киім, тұл ат- баршасыосы барлық қауымның қайғысын да Абайға өзгеше терең түсіндірді (М.Әуезов).Жандармдар қораны, шардақты - бірін қоймай тінтебастады(М.Горький). Алма, Жанат -екі қыз бір анадан туғандай, бір қалыптан шыққандай, бір ауылда ер жетті(Ғ.Мұстафин). Көбі шалдар, өзгелері жастар -он шақты адамқатарласа сөйледі(Ғ.Мүсірепов). Жинақтаушы мәнде қолданылған кейбір зат есімдер де, оның ішінде мөлшерлі сан есіммен келгендері де, жалпылауыш сөз бола алады: Екі ақсақ, бір жел аяқ -үш боздақенді базарға қарай бет алдық(Ғ.Мүсірепов).
Е с к е р т у.Жалпылау сан есімдерінен болған жалпылауыш сөзден бұрын сызықша қоймаса да болады: Ішінде отырған Мәкіш, Салтанат, Ербол үшеуі Абайға қарсы қуана ұмтылысты. Мәкіш, Ербол екеуі Абаймен құшақтасып амандасты (М.Әуезов).
§ 94. Бірыңғай мүшелер мен олардан кейін келетін жалпылауыш сөздің арасында қыстырма сөз (не қыстырма тіркестер мен сөйлем) тұрса, қыстырма сөзден бұрын сызықша, соңынан үтір қойылады. Мысалы: Электр станциясының салынып біткен мерекесіне арналған митингов жас та, кәрі де, оқушылар да, бөбектер де - қысқасы, ауыл адамдарының бәрі тегіс келді. § 95. Бірыңғай мүшелерден бұрын тұрған жалпылауыш сөзден кейін мысалы, атап айтқанда деген сөздер келсе, олардың алдарынан үтір, соңынан қос нүкте қойылады. Мысалы: Бірсыпыра ірі өзендеріміз, мысалы: Лена, Обе, Енисей - Солтүстік мұзды мұхитқа құяды. Адам баласының тамаша қасиеттері,атапайтқанда:табандылық, ерлік, қайсарлық - оның бойынан табылады. § 96. Көбінесе бірыңғай мүшелерден кейін келетін тағы басқалары, тағысын тағылар, тағы сондайлар деген сөздердің толық не қысқарған түрлері келсе, бұлардан бұрын, яғни бұлардың алдынан үтір қойылмайды, өйткені бұл жердегі “тағы” сөзі және деген жалғаулықтың қызметін атқарады. Мысалы: В.В.Радлов, Н.Ф.Катанов, С.Е.Малов, Н.А.Баскаков т.б. ғалымдар түркі тілдерін топтауда құнды еңбектер берді (К.Аханов). Мыналар элемент болады: оттегі, темір, күкірт, сынап, цинк, мыс т.т.
8. ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
§ 97. Бір мезгілде немесе бір-біріне ұласа болған істі білдіретін, салаласа құрмаласқан жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады: Итбай мен Горбунов дойбы ойнап отыр еді, терезеден айғай шықты (С.Мұқанов).Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман(Абай).Кенет Сережка Валяның қолынан ұстай алды, екеуі үйдің жарына жабысып тұра қалды (А.Фадеев). Осы минутта қайнаған самауыр көтеріп қожайын кірді, мен бастаушымызды шайға шақырдым, мужик төмен түсті (А.С.Пушкин).Тас еді, шаң еді, азап еді, кір еді, енді, міне, мыс болып жүріп кетті, күміс болып кейін оралады (Ғ. Мүсірепов). § 98. Мағына жағынан іліктес болғанмен, азды-көпті бөлектеніп тұратын, көбінесе өз ішінде үтірлері бар жай сөйлемдердің арасына нүктелі үтір қойылады. Мысалы: Сүйінбай: “Кедей жұртының тілін жақсы ұғын; өзіңнің әдемі жырыңмен тек халқыңа ғана қызмет ет; шыңырау құдықтың терең түбінен су алғандай, жырыңды жүрегіңнің терең қойнауынан шығар!” - деді (Жамбыл). Қазақстан өлкесі Нелер зауыт салынған; Неше жылғы көмбенің Тыныштығы алынған; Байлығы теуіп сыртына Жондарынан жарылған; Отан үшін кажеттің Бар керегі табылған.(Н.Байғанин)
§ 99. Жалғаулықсыз салаласқан жай сөйлемдер бір-біріне түсінік болып, яғни соңғысы не соңғылары алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашып тұрса, араларына қос нүкте қойылады. Мысалы: Аюлар үйде жоқ: олар орман ішіне серуенге кеткен еді. Қос нүкте түсіндіріліп тұрған сөйлем мен түсінік болып тұрған сөйлемдердің арасына қойылады, ал түсінік болып тұрған сөйлемдердің өзі бірнеше жай сөйлем болуы мүмкін, онда олардың араларына үтір қойылады. Мысалы: Құттыбай ауылы күздікке екі жарылып қонды: төрт-бес үй Алтаймен бір бөлек, бес-алты үй Асанмен бір бөлек. Ағайынды бұл үшеуінің жас мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде. Мінезі де денесіне ұқсас: орнығып отыра да алмайтын, ұқыптап іс те істей алмайтын сабырсыз, қайғыға да, куанышқа да шыдай алмайтын күйгелек, жоққа шытырлай қалатын тығыз, өзінен басқаның ісін ұнатпайтын кінәмшыл, басқаға жақсылық қылмайтын қызғаншақ(С.Мұқанов). § 100. Құрмаласқа енген жай сөйлемдерді байланыстырып тұратын бірақ, сонда да, алайда, сондықтан, дегенмен сияқты жалғаулықтар түсіп қалып айтылғанда, олардың орнына үтір мен сызықша қойылады: Үйде шешен, - дауда жоқ(Мақал).Тұрайын деп еді, - тұра алмады. Есіктің киізін олай итерем, бұлай итерем, - ашылмайды (С.Мұқанов).Аяп келдім, - айта алмадым(Ғ.Мүсірепов). Елге мойнымды созам, - көрінбейді. Манайға мойнымды созам, - дәнеңе жоқ (С.Мұқанов).Біз Алатаудай ел едік, - теңемек болды ойға жау (Жамбыл).Аяғы жоқ, - жүреді, аузы жок, - сөйлейді(Жұмбақ).
§ 101.Өйткені, себебі сияқты жалғаулықтар түсіп қалып жасалған салаластарда жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Мен жиналып үлгеретін болдым: пойыз кешке жүреді екен. Салған әні жан-дүниемізді балқытты: даусы аса әсем екен. § 102. Салаласқа енген жай сөйлемдегі іс шұғыл болса, немесе біріндегі іске екіншісіндегі қарама-қарсы қойылып айтылса, араларына сызықша қойылады. Мысалы: Тептім - терекке шықтым.(Жұмбақ)
Толқып теңіз бір уақытта Сарқырап кеп шайқалды ол - Қалып қойды жағада сол Отыз үш ер кіл каһарман.(А.С.Пушкин)
Ти десем - тимейді, тиме десем - тиеді (жұмбақ). Айтты - көндім, алды - бердім, енді өкіндім, өзіме аз (Абай). § 103.Да (де, та, те), әрі, не, немесе, яки, біресе, бірде жалғаулықтары салаласқа енген жай сөйлемдердің әрқайсысында қайталап келсе де, қайталамай келсе де, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Мысалы: Біз Балқашқа баратын поезды күттік те,ол Петропавл поезымен со күні кешке Алматыға аттанды(М.Иманжанов).Күн дешықты, біз де тұрдық. Біресе себелеп жаңбыр жауады,біресеқиыршақтап қар жауады. § 104. Салаласқа енген жай сөйлемдердің арасында және жалғаулығы тұрса, үтір қойылмайды. Мысалы: Үйге берілетін тапсырмаларды оқушылар өз беттерімен орындай алатын болсын және ол жаттығулар үлкен болмасын. Бұл биенің құлыны да өзіне тартқан бурыл болады жәнебұл бие ерте құлындайды (С.Мұқанов). § 105. Салаласқа енген жай сөйлемдер бірақ, өйткені, сондықтан, дегендей, алайда, әйтсе де, ал деген жалғаулықтармен байланысса, үтір олардан бұрын қойылады: Жарты сағаттан кейін атқа қондым, алСавельич қала адамдарының бірі тегін берген көтерем ақсағына мінді (А.С.Пушкин).Жұрт Павелді қоршап тоқтай қалды, бірақол алға жарып шықты (М. Горький).Күн бұлттанып-ақ тұр еді,алайдажауа қоймады. Бірақ, өйткені, сондықтан, дегенмен, алайда, әйтсе де, ал деген жалғаулықтар жеке сөйлемнің басында келсе, олардан соң үтір қойылмайды. Кейде бірақ, дегенмен, алайда жалғаулықтары жеке жай сөйлемнің ортасында келулері мүмкін. Онда да алды-артынан үтір қойылмайды. Мысалы: Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады. Бірақ жатқан қалпынан тырп етіп қозғалған жоқ(С.Мұқанов).Сондықтандасоңғы бір-екі күн бойында Татьянаны ақын өз елінің тілімен сөйлете бастап еді (М.Әуезов).Анық-ақ көрген кісім.Алсонда қайда көрдім. Сүйген қызымды қолтықтап, мен өз елімнің кең көшесінде аяғымды алшақ басамын. Алайда айналамда не болып жатқанына көзімді жұма қарайтын парықсыз, тоғышар жан мен емес(М.Иманжанов).