Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі


§ 9. Орыс тілінен енген сөздердің соңында келетін ұяң б, в, г, д



бет74/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

§ 9. Орыс тілінен енген сөздердің соңында келетін ұяң б, в, г, д дыбыстары айтылуда қатаң п, ф, к, т болып естіледі. Фамилия соңындағы -ов, -ев жұрнақтары да оф, еф, ыф, іф бсшып айтылады.


Мысалы: клуп (клуб), педагок (педагог), устаф (устав), Иваноф (Иванов), Жұмашыф (Жұмашев). Бұл сөздердің дыбыстары қатаң естілетін болғандықтан, қатаң дауыссыздан басталатын қосымшалар жалғанады. Мысалы: наградтау (айтылуы: награттау), клубқа (клупқа), Ивановтар (Иванофтар). Араб, парсы тілдерінен енген жад, араб тәрізді бірен-саран сөздер де жат, арап болып айтылады, бұларға да қатаң дыбыстан басталатын қосымшалар жалғанады: жадқа айтты (жазылуы да, айтылуы да: жатқа), арабтар (айтылуда: араптар).


§10. Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ, ү, о, ө дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық, бауыр сияқты сөздерде) келесі буындағы ы, і дыбыстарын өзгертіп, ұ, ү-лерге жуықтатып естіртеді (ашық буын дегеніміз кұ-, кү-, қо-, бұ, бү- сияқты дауысты дыбысқа бітетін буындар). Мысалы, құ-лын, бү-гін, о-рын, кү-ліп, ө-мір деген сөздер кұлұн, бүгүн, орұн, күлүп, өмүр болып айтылады. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей береді. Мысалы, күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буында і-ге жуықтау айтылады: күмүстің.
Сол сияқты сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ө, ү дыбыстары келесі буындағы е дыбысын өзіне жуықтатыңқырап естіртеді, бұл әсердің де күші үшінші, төртінші буындарда әлсірей түседі. Мысалы: өнер, кө-ре-ді, ө-сер, кө-бе-лек, жү-рек, кү-рек деген сөздер өнөр, көрөді, көбөлек, жүрөк, күрөк болып айтылады.
Қазіргі кезде бұл сияқты ерін үндестігі байқалатын сөздерді жазылуынша оқу орын алып барады, әсіресе екінші буындағы е дыбысын э етіп, өнэр, үлэс, өрэн түрінде айтушылық байқалады, бұл, әрине, қате.
Осы ережеге сай етіп, мына шумақтарды дұрыс айтып көрелік:


Жігітке / өлеңдөнөр / өнөрдөнөр //
Шынжүйрүк / өргөшапса / өршөлөнер //
(Халық Өлеңі)


Қазақтың / өзгөжұрттан / сөзү / ұзұн /
Бірінің / бірішапшаң / Ұқпассезүн //
Көздүңжасы / жүрөктің / қаныменен /
Ерітуге / болмайды / ішкімұзұн //
(Абай)


Бірінші буын бітеу не тұйық болса (бітеу буын дауысты мен дауыссыздан тұрады: өр, ұр, ұл, үс, өс деген сияқты, ал тұйық буынның алды-арты бірдей дауыссызға бітеді: қол, көр, көз, түн дегендей) келесі буындағы ы, і, е дыбыстарының ұ, ү, ө-ге қарай бейімделуі сәл бәсеңдеу болады, дегенмен таза өздерінің дыбысталуын да сақтамайды. Мысалы, қолтық, қойдыр, құлдық, көркем, көзде, бөрте сияқты сөздердің екінші буындарындағы ы, і, е дыбыстарының езулік болып айтылуы сәл солғындау (күмүс, өнөр дегендерге қарағанда).
Осы ережелерге және бұдан басқа көрсетілгендеріне орай етіп, мына үзінділерді дұрыс оқып және жазып көріңдер. Соңғы ережеге сай дыбыстары үндесіп айтылатын сөздердің астын сызыңдар не атаңдар.
...Өсер...өсер...не өсер? Тек зұлымдық өсер нөсер болып сенен!
Сор өсер, ар өшер!... Өскенде тек зар өсер сенің лағынет табаның астында! (М. Әуезов).
Қ а р а б а й. Құтылдым ба, құтылмадым ба? Көзім көрмес, қолым жетпес жерге кеттің бе, кетпедің бе?! Қараң батып болды ма, болмады ма? Уа, қайда әлгі қатын-баласы? Жық үйді, арт жүкті! Айдат жылқыны! (Ғ. Мүсірепов).


Бүгін сүйсем, сені алсам - ертең жалқып,
Суып қайтар көнілім желше шалқып,
Қуантып, қайғыменен суалтамын
Біреудің қызыл гүлін тұрған балқып,
Құдайдың толып жатыр күні бүгін,
Жігіттің тани алмай кемшілігін.
Бір алып қадірлемей, тастап кеткен
Тартып жүр қиянатшыл ер күйігін.
(Абай)


§11. Қазіргі қазақ орфографиясы бойынша жіңішке буыннан басталатын сөздердің екінші, үшінші буындарында ә әрпі сирек жазылады. Сірә, ірә, кінә, күнә, куә, жүдә, шүбә деген сияқты бірқатар сөздерде болмаса, қалған сөздерде ә естілгенмен, а әрпі жазылады. Мысалы: ләззат, тәкаппар, рәсуа, діндар, Сәбира, Жәмила. Мұндай сөздерде алдыңғы жіңішке буынның әсерімен келесі буындар да жіңішке айтылады: ләззәт, тәкәппар, рәсуә, діндәр, Сәбирә, Жәмилә.
Бірақ бұл сөздердің алдыңғы тобына да (екінші буынында ә жазылатын), соңғы тобына да қосымшалар жуан түрде жалғанады: күнәға (күнәге емес), Күләшқа (Күләшке емес), Жәмиләға (Жәмилеге емес), діндарлық. (діндәрлік емес). Айтылуда да қосымша жуан айтылады.
Осы ережеге сай етіп және өзге ережелерді де ескере отырып, мына үзінділерді дұрыс айтып (оқып) көріңдер:


Талақ етіп бұл ғаламды
Болды мәлім кеткенің.
Кінәсы жоқ жас адамды
Қатты соққан не еткенің...
Ғашық-ақпын еш күмәнсыз,
Ырыс емес, сор үшін.
Көрісуге шыдамаспыз,
Айрылалық сол үшін.,.
(Абай)


§12. Қазақ тілінде жай, шай сияқты сөздер қосымшасыз тұрғанда, жіңішке айтылады: жәй, жәйт, шәй. Бірақ бұл сөздерге де қосымша жуан болып жалғанады да, сөз тұтасымен жуан болып айтылады. Мысалы: жайсыз (жәйсіз емес), шайға кел (шәйге кел емес). Бірінші буыны жай, шай болып келетін өзге сөздер де осындай. Қысқасы, ж, ш дыбысы мен й дыбысының ортасында келген а дыбысы сәл жіңішке айтылады. Мысалы, жайылым, жайлау, жайнау, шайпау, шайлығу, шайы (жібек) сөздері жәйылым, жәйлау, жәйнау, шәйпау, шәйлығу, шәйы болып айтылады.
Ж, ш дыбыстары мен өзге дауыссыздардың ортасында келген а дыбысы жуан болып айтылады (және а жазылады): жарғақ (жәрғақ емес), жануар (жәнуар емес), жақтау (жәқтау емес) т.т.
Осы ережеге сай етіп айтсақ, Абайдың “Оспанға” деген олеңі былай оқылар еді:



Жәйнағантұуұң / жығылмай /
Жасқаныбжаудан / тығылмай/
Жасаулұжаудан / бұрұлмай /
Жаужүрөк / жомарт / құбұлмай /
Жақсөмүрүң / бұзұлмай /
Жасқұуатың / тозұлмай /
Жалынжүрек / сұуұмай /
Жамбіткеннен / түңүлмөй /

Жағалайжәйлау / дәулетің /
Жарқырабжатқан /өзөнің /
Жасылшөбү / құуармай /
Жайдақтартып / сұуалмай /
Жәйдарыжүзүң / жабылмай /
Жәйдақтапқашып /сабылмай /
Жақсөлүпсің / йапырмай //



Бұл өлеңнің барлық жолы жа деген дыбыс тіркесінен басталады және барлығы да а әрпі арқылы жазылады, ал айтылуда бірінші буыны жіңішке естілетін сөздер: жәйнаған, жәйдақ, жәйдары, жәйдақтап, өйткені бұларда а дыбысы ж мен й дыбыстарының ортасында келген.


Өздеріңіз мына үзіндінің дұрыс оқылуын жазып көрсетіңдер.


Жан қысылса / жайтаңдап /,
Жанды еріткен / жайдары-ау.
Жан жай тапса, / сен неге /
Жат мінезсің / жабырқау?
(Абай)


Ойландым да / толғандым,
Ойландым / ойға толмадым.
Жанды қидым / жалындым,
Жайланып, сірә, қоймадым.
(Бернияз Күлеев)


§13. Кейбір екі буынды сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанған кезде, екінші буындағы ы, і дыбыстары сусып түсіп қалады. Бұл құбылыс сөздердің айтылуында да, жазылуында да ескеріліп, түсіп қалған дыбыс түсіріліп айтылады және солай жазылады. Мысалы, халық, ерін, ауыл, нарық, бөрік деген сөздерге I, II, III жақтық тәуелдік жалғауларын жалғағанда, екінші буындағы ы, і дыбыстары сусып түсіп қалады: халқы (халықы емес), халқым, халқың, халқымыз, ернім, аулым, нарқы, бөркі. Мұндайда қ, к дыбыстары ұяңдамайды: бөркі (бөрігі емес).
Ал жалпы заңдылық бойынша қ, к дыбыстарына аяқталған сөздерге дауысты дыбыстардан басталатын қосымшалар жалғанғанда, олар ұяңдауға тиісті: балық+ы - балығы, күрек+ім - күрегім.
Кейбір сөздерде ы, і дыбыстарының түсу-түспеуі сөз мағынасын ажыратуға қатысады. Мысалы, жоғарғы көрік сәзі екі түрлі мағынаға ие, егер “адамның көркі” болса, тәуелдік жалғауы жалғанғанда, і дыбысы түсіп қалады (көркім, кәркің, көркі), ал ұстаның темір балқытатын көрігі болса, түспейді де соңғы к дыбысы ұяңдап кетеді. Сол сияқты “көпшілік, қауым, жұрт” мағынасындағы халық сөзі тәуелденгенде, халқым, халқың, халқы, халқымыз болып, соңғы к дыбысы ұяңдамайды, ал Халыксөзі жалқы есім болса, Сәрсенбайдың Халығы болып, ұяңдап айтылады.
Соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары сусып қалатын сөздер кейде өлең ішінде буын санына орай түсірілмей айтылуы да мүмкін.
Тіпті о баста құрамында ы, і дыбыстары жоқ бұлт, кілт, жалт сияқты сөздер де өлеңде буын саны жетпей тұрса, бұлұт, кіліт, жалыт болып айтыла береді. Мысалы, ауыл, бауыр сөздері тәуелдік жалғаулармен құбылған кезде, мына шумақтардың біреуінде қысаң дыбыстарын түсіріп, екіншісінде түсірмей айтылады:


Аулұмоңған / Сырымбет / саласына - 11 буын
Болдұмғашық / ақсұңқар / баласына - 11 буын


Егер мұнда ауұлұм болып айтылса, өлең жолы бір буынға артып кетер еді. Ал мына өлеңде буын саны 11 болу үшін, керісінше, ы, і дыбыстары түсірілмей айтылуға тиіс болып тұр:


Атымның / қақтұрады / сауұрұна - 11 буын
Қостепкі / салыпкелем / бауұрұна - 11 буын
Қолұнан / шәйғұйдұрұп / ішейіндеп - 11 буын
Келемін / Айтпайсұлұу / ауұлұна - 11 буын


Осы ережені сақтай отырып және берілген басқа да ережелерді еске алып, мына үзінділерді дұрыс айтып көріңдер (кей сөздерде емле ережесі әдейі бұзылып жазылды, оларды көрсетіңдер). Өлеңнің буын санын көрсетіп, түсіріліп айтылатын дыбыстарды түсіріп, түсірілмейтіндерін қосып жазыңдар.


Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай,
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай.
Жиылысы жандаралдың болады деп,
Жанбота, тынышымды алдың ала жаздай.
(Біржан)


Қамшы бастым асыға буырылтайға,
Өткел бермей тоқтатқан терең сай ма?
Жұрт жаңғыртып орынынан бір күн түнде
Қалқатайдың ауылы кетті қайда?
(Біржан)


Қонады бір күн жас бұлыт
Жастастың төсін құшақтап.
Жонелді ертең, қалды ұмыт
Көк жүзіне ойнақтап.
(Абай)


Суырып кокте қылышын
Нөсерлі қара төнді бұлыт.
Тарылтып жердін тынысын
Тапа-тал түс болды ымырыт.
Өрістен қашты төрт түлік,
Асыға үйге енді жұрыт.
Салатындай бір бүлік.
Ақырды бейне долы бұлыт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет