сөздік сапасына да жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік берер еді.
Әйтпесе, қазіргі сөздіктердің саны көп болғанымен, олардың терминдерді
жүйелеуші, реттеуші, үйлестіруші қызметі сырт қалып жатады.
Осымен байланысты тағы бір талап – терминологиялық сөздіктерде
берілетін терминдердің бірізділігі.
Бұл жоғарыда айтып өткендей, Л.В.
Щербаның еңбегінде көрсетілген нормативтілік сияқты талаптармен
сәйкес келеді. Тіпті, әр сөздікте бір терминнің әр түрлі нұсқада берілуінің
өзі сөздік
шығару механизмін қарастырып, реттеп, қадағалап отыруды
қажет етеді.
Жинақтай
айтқанда, аталған терминологиялық сөздіктерге қойылатын
талаптардың әрқайсысы арнайы қарастыруды
қажет ететін өзекті
мөселелер. Олардың терминологиялық сөздіктердің жасалуы барысында
сақталуы
сөздіктердің сапасын арттырып, терминдерді жүйелеу ісіне
ықпал еткен болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: