4.3. Терминологиялың сөздіктердегі тілдердің орналасу ретінің
маңызы
Терминологияны реттеудегі өзекті мәселелердің бірі терминологиялық
сөздіктердегі тілдердің орналасу ретімен байланысты. Бұл екінші
жағынан, соңғы кезде кеңінен қозғалып жүрген ұлттық термин
қалыптастыру- қалыптастырмау, терминдерді аудару мәселесімен де
тікелей байланысты. Бұл - терминография және ондағы терминологиялық
сөздіктерді құрастыруда негізге алынатын, ұстанатын, қатаң бақылап
отыруға тиісті мәселелердің
107
біріне жатады. Өйткені терминологиялық сөздік терминдерді жүйелеудің,
оларды қалыптастырудың, жарыққа шығарудың, қолданысқа енгізудің
негізгі көзі, құралы.
Сөздіктердің
бағанындагы
тілдердің
орналасу
реті
тек
терминологиялық аударма сөздіктер үшін ғана емес, лексикографиялық
сөздіктер үшін де маңызды нысан екендігін атап өткен жөн. Қазақ тіл
біліміндегі еңбектерден сөздіктердегі тілдердің орналасу реті мәселесіне
мән берілмей келгендігіне көз жеткізуге болады. Бұл мәселеге қатысты
ойларды терминологиялық сөздіктер жасау мәселесіне қатысы бар
терминологияға қатысты болсын, лексикографияға қатысты болсын
еңбектерден кездестіру қиындау. Практикалық тұрғыдан келгенде, тілдің
сөздік құрылымында бірінші немесе кейінгі орында тұруы үлкен маңызға
ие, қызметі де жан-жақты екендігін байқауға болады. Бірақ қазіргі
жағдайда не бұл мәселенің маңыздылығына қазақ тіл біліміндегі
сөздіктерді түзушілер тарапынан кешіректеу мән беріліп отыр, не бір
кездегі тілдік саясаттың салдарынан бұл мәселеге бара алмағанбыз деген
сияқты түйіндер ғана жасауға тура келеді. Бұған дәлел осы уақытқа дейінгі
сөздіктердің (барлығының дерлік деп айтсақ қателеспейміз - Ә.Е.) түгел
дерлік орысша-қазақша сөздіктер болып шығуында. Нақтылау үшін кез-
келген үлкен, белді деген кітапханалардың картотека қорындағы сөздіктер
тізіміне үңіліп көру арқылы-ақ көз жеткізу қиын емес. Қазақша-орысша
нұсқада қазақ тілін бірінші орынға қойып басылып шыққан сөздікті
кездестіре алмасыңыз анық.
108
Сонау алғашқы терминологиялық сөздіктер 1927 жылы Қызылорда
қаласынан шыққан "Пән сөздері" және 1931 жылы "Атаулар сөздігі"
болып жарыққа шыққан кезеңнен бастап, соңғы 1990 жылға дейін, тіпті
одан бергі кезеңге дейін терминологиялық сөздіктер болсын,
лексикографиядағы жалпы филологиялық сөздіктердің қандай түрі
болмасын орысша-қазақша нұсқада жарыққа шыққан екен. Бұл осы
уақытқа дейін ұлттық тіл негізіндегі терминдердің қалыптаспауына әкеліп
соқты.
Бір қарағанда соншалық маңызды болып көрінбейтін осы мәселенің
негізінде ауқымды тілдік проблема жатқандығын айтып өтпеуге
болмайды. Кеңестік дәуірде жарық көрген орысша-қазақша сөздіктер, ең
алдымен, орыс тілінің тілдік саясатын, нақтылап айтқанда, орыс тіліндегі
сөздердің қалыптасып орнығуына, орыс тілі арқылы кірме сөздердің
көптеп енуіне жағдай жасағандығын, өзге одақтас елдер тілдерінің ішкі
мүмкіндіктерін жүзеге асыруына, жаңа сөздер жасап, қалыптастыруына
кері әсер еткендігін жасырғымыз келмейді. Бұл - соңғы кезеңдегі пікірлер
сарынымен айтыла салған түйін емес. Мәселенің негізі осылай екендігіне
сөздіктердің жасалуы тұрғысынан да нақты дәлелмен көз жеткізуге тура
келіп отыр. Тілдегі өзекті мәселелерді талдаудағы ғылыми зерттеулердің
өзі осындай қорытындылар жасауға итермелеп отырғандығын түсіну
керек. Бұл кезеңде тілді қолданушылар жаппай орыс тіліндегі мәтіндерді
қолдануға ден қойды. Соның нәтижесінде оларды өз тілдеріне аударып,
қолдану міндеті тұрды. Бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасын тауып келе
жатқандығын жасырмау керек.
109
Бұл орайда қазақ немесе сол кездегі кеңес құрамындағы ұлт тілдерінің
ешқайсысын Одақ қоғамында ресми құжаттарда кажет етпеді, ол тілдер
жазба тілдің көпшілік жерлерінде пайдаланылмады. Соның нәтижесінде
аударма тек орысшадан қазақшаға не басқа ұлт өкілдерінің тілдеріне
аударылды. Бұл жекелеген ұлт тілдерінің қауқарсыз күй кешіп, тек
аударма тілге айналуына, жаңа ұғымдарды өз тілдерінде жасау
мүмкіндігінің болмауына, тілдердің ішкі мүмкіндіктерін дамытпауына
негіз болды. Бұл күйді үлт тілдеріндегі терминология саласының даму
бағыты да басынан кешті. Терминологиялық сөздіктер де тек орысша-
қазақша нұсқада шығып, бірінші бағанға орыс тілін қою арқылы жарыққа
шығып отырды. Бұл ғылыми тілдік қатынаста, салалық ғылыми
ұғымдарды қалыптастыру ісінде тек орыс тілінің немесе орыс тілі арқылы
басқа тілдің терминдерінің енгізілуіне қызме етті. Нәтижесінде өзге тілдің
ғылыми ұғымдары тілдік айналымымызға қарқынды түрде енді.
Терминдердің бұлай қалыптасуы да айналып келгенде тіл саясатымен,
орыстандыру саясатымен байланысты еді. Нәтижесінде 70 жыл не одан да
көп уақыт бойы біз жат сөздердің тіліміздей болып кеткендігін аңғармай
да қалғандығымыз әлі күнге дейін сол терминдерді пайдалануға бейім
тұратындығымыз шындық. Өз тілімізде жасалған сөздердің өз санамыз
үшін қолдануға ыңғайсыз болып көрініп жүргендігі де сондықтан. Бұл -
психолингвистикалық тұрғыдан ойлау деңгейіміздің де таза қазақтық
деңгейден шығып қалғандығының, бүгінгі таңда қазақ тілін білетіндің
өзінің санасында орысша ойлау элементтерінің бар екендігінің, оның
қазіргі тілімізге, қазақ тіліндегі жаңа
110
сөздердің қолданысына әсер етіп отырғандығының көрінісі. Демек,
ғылыми ойлау жүйесінде де «өзге ұлттық» ойлау психологиясы
қалыптасқан.
Екінші жағынан, ұлт тілінде қалыптастыру дегеніміз тілдегі термин
атаулыны икемге келсін-келмесін аудару деген сөз мес, аударуға болатын,
бірақ ол мүмкіндікті ескермей, негізсіз енген ұғымдарды мүмкіндігінше
аударып, қазақ тілінде қалыптастыру, қазақ тілінде ғылыми ұғым жасауға,
қазақ ғылыми тілін жасауға ұмтылу. Солай ете отырып, таза тіл
болмайтындығын, аударуға икемсіз терминдерді аударудың қажеті
жоқтығын, аудармада да шек-шегара болатындығын да ескере алмай
жатырмыз. Бұл уақыттардағы термин қалыптастыру ісіндегі жағдай.
Оның да сөздік сапасына ықпал етіп отырған жақтары бар. Ол да өз
алдына талдануы тиісті.
Біздіңше, сол терминографиялық немесе лексткографиялық сөздіктер
қазақша-орысша нұсқада да жарыққа шығып отырғанда, еш болмаса қазақ
тіліндегі ғылыми ұғымдардың көшпілігі қазіргідей өзге тілден енген
терминдерден тұрмаған, қазақ тіліндегі термин шығармашылығы аударма
түрінде болса да қазақ тілінің тілдік табиғатына сай дамыған, қазіргідей
жаппай аудармаға, терминдер мсн жаңа ұғымдарды реттеудегі атқарылуға
үлкен көлемдегі істер мен өзекті мәселелерге тап болмаған болар еді.
Қазақ терминологиясында аударма болса да қазақ тілінде терминдер мен
жаңа ұғымдарды қалыптастыру мәселесіне енді мән беріліп отыр.
Айтылған мәселелердің негізінде орысша-қазақша сөздіктер шығару ісі
ұлт тілдерінің мүмкіндіктерін, сол арқылы бірте-бірте қолданыс аясын
тарылту мақсатында
111
қолданылған деген түйін жасауға тура келеді. Бұған терминографиялық
тұрғыдан, қазақша-орысша емес,| орысша-қазақша нұсқада шығарылған
сөздіктердің құрылымындағы тілдердің орналасу бағаны да дәлел бола
алады.
Дегенмен,
қарапайым
ғана
мысал
келтірсек,
мектеп
бағдарламасынан белгілі, қазақ тіл біліміндегі синоним терминін
Достарыңызбен бөлісу: |