Латын тілінде басылып шықкан бұл сөздік алғашқы сөздіктердің біріне
жататындығына қарамастан терминологиялық сөздіктердің қызметін,
терминологиялық сөздік ретінде алдына қойған мақсатын атқара алған.
Сапалық жағынан ең алдымен сол кезеңдегі ғылым мен техника
салаларына тән қалыптасқан жаңа атауларды (терминдерді) барынша
жинақтап қамтып берген.
Екіншіден сөздік әрі ақпарат, мәлімет беру,
-
әрі жаңа атаулардың
(терминдердің) аудармасын беру мақсаттарын көздеген. Сөздіктің бұл екі
мақсатты да жүзеге асыра алғандығын байқауға болады.
Үшіншіден, алдына қойған мақсатын мүмкіндігінше орындауға ұмтылған.
"Атаулар сөздігінің" мақсаттары – жаңа атаулар жөнінде ғылыми қауымға
көпшілікке ақпарат терминдердің аудармасын беру, термин сөздердің
қолданысын бірізге түсіру.
Осы мақсаттардың сөздіктің құрылымындағы орындалу деңгейіне
тоқталсақ, "Атаудар сөздігінің" терминдерді аударып беру сапасы,
терминдердің қазақ тіліндегі нұсқасы қазіргі терминологиялық
сөздіктерден салыстырмалы түрде болса да жақсырақ екендігіне көз
жеткізуге болады.
Бұл туралы сөздіктің алғы сөзін немесе кіріспе ретіндегі " бір-екі сөзін"
("Атаулар сөздігінде"- солай көрсетілген- Ә.Е.) жазушылардың өзі: "Бұл
сөздікке еуропадан сегіз мыңнан аса сөз алынып, оның көпшілігі қазақ
тіліне аударылды ", - деп көрсетеді. Мұны сөздіктің құрылымындағы
көптеген сөздердің аудармасы нақтылай алады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: