Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитеті



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#6514
1   2   3   4   5   6   7   8

. 

Бір мәдени дәстүрдің өз құндылықтарын басқа мәдениеттерге таңу 

ниеті,  басқаның  сызғыштары  бойынша  қоғамдық  қатынастарды  құру 

әрекеті ешқашан өзара түсіністікке жеткізбейді. Керісінше, мұндай қатал 

мәдени жаулаушылық одан кем емес қатал қарсылықты туғызады. Басқа 

халықтардың  тарихи  дәстүрлеріне  деген  кұрмет  қана,  өркениеттердің, 

діндер  мен  халықтардың  қатынасындағы  әділдік  пен  шынайылық  қана 

келісім мен имандылық әлемін кұруға қабілетті.

 

Адам деген өзінің шешілмеген мәселелерін көк жүзіне апарып тіреп 



қоюға  бейім  тұрады.  Сонымен  бірге  қоғамның  да  тұтастай  алғанда 

кәдуілгі  жайлардың  өзіне  діни  сипат  беретін  кездері  көп.Діндер 

арасындағы  жанжалдармен  қарама

-

қайшылықтар  делініп  жүргендердің 



көбі  мемлекет  арасындағы,  экономикалық  топтар  арасындағы,  нақты 

саясаткерлер арасындағы жанжалдар болып келеді.

 

Дін –


 

адамның ішкі 

жан

-

дүниесіндегі  тылсым  сөз,  ал  оны  адамдар  арасындағы  қоғамдық 



келісім деп атап жатады.

 

Дінаралық үнқатысуға қол жеткізу үшін бүгінгі күннің мөселелерінен 



бойды  аулақ  салуға  болмайды.  Егер  бұрын  әңгіме  діндердің  тарихтың 

ұзына бойында кейде келісіп, кейде кетісіп жүруі жөнінде қозғалса, қазіргі 

әңгіме  діни  және  зайырлы  әлемдердің  жаһандық  үнқатысуы  жөнінде 

қозғалып


 

отыр.


 

Осы  заманғы  қоғам  ұзақ  эволюциялық  даму  барысында  аса 

байыпты  үш  қағидатты  қалыптастырды.  Олар  –

 

жеке  тұлғаның  ішкі 



бостандығы,  меншіктің  қорғалуы,  қоғам  мен  мемлекет  тарапынан 

әлеуметтік  қолдау.  Алайда  бұл  қағидаттарды  мойындамайтын  саяси 

идеологиялар  да  бар.  Бүгінгі  дәуірдің  көптеген  геосаяси  қиян

-

кескі 



23 

 

шайқастары  осы  қарама



-

қайшылыққа  шырматыла  байланған.  Мәселе 

діндердің  жанжалында  емес,  дінге  қатысы  жоқ  құндылықтардың 

жанжалы жөнінде болып отырғанын мойындайтын уақыт жетті.

 

Қазақстан  өзінің  нақтылы  саясатында  адамның  ішкі  бостандығы 



ғана  конфессияаралық  төзімділіктің  шарты  екенін  басшылыққа  алады. 

Тап  сондықтан  да,  тарихи  тұрғыдан  исламның  мәдени  материгінің  бір 

бөлігі  бола  тұра,  біз

 

Қазақстандағы  барлық  әлемдік  және  дәстүрлі 



діндердің өркен жаюына кедергі келтірмейміз.

 

Мемлекет,  ұлт  немесе  дін  бөгде  мәдени  кеңістікті  басып  алу, 



жаулап алу тұрғысынан қарастырар болса, онда әманда өзінің өмір сүру 

ортасын аздырып

-

тоздырмай қоймайды. Қазақтарда бағзы замандардан 



бері  әр  өңірдің  өзінің  әулиесі,  өзінің  рух  берер  күштері,  өзінің  сыйынар 

аруақтары болған. Адамның, діннің, жердің мұндайлық терең өзара кірігуі 

 

жүздеген  жылдар  бойы  менің  халқымның  жанын  сақтап  қалған 



кұтқарушы  сүзгі  сынды.  Қазақтар  кең  болғанның  кем  болмайтынын 

кітаптан оқып емес, өмірден тоқып білген.

 

Тәуелсіздікке  қол  жеткізгелі  бері  Қазақстанда  діни  қарым



-

қатынастар  саласында  сарабдал  мемлекеттік  саясат  жүргізіліп  келеді. 

Бұл  саясат  мынандай  негізгі  қағидаттарға  арқа  сүйейді.  Мен  оларды 

келісім қағидаттары деп атаған болар едім.

 

Біріншіден,  бұл  ар



-

ождан  және  діни  сенім  бостандығын  заңдық 

және институттық тұрғыдан қамтамасыз ету.

 

Конституция  деңгейінде  конфессиялық  және  басқа  да  әлеуметтік 



белгілері  бойынша  кемсітудің  кез  келген  түріне  тыйым  салынады. 

«Қазақстан  Республикасындағы  ар

-

ождан  және  діни  сенім  бостандығы 



туралы»

 

Заң  діни  бірлестіктердің  емін



-

еркін  қызмет  етуі  үшін  барлық 

құқықтық  негіздерді  қалыптастырып  берді.  Еліміз  адам  құқығын  қорғау 

саласында  қырықтан  астам  халықаралық  келісімдер  мен  шарттарға 

қосылды,  олардың  арасында  БҰҰ

-

ның  осы  саладағы  іргелі  пактілері  де 



бар.

 

Екіншіден,  біз  мемлекеттің  конфессиялардың  өз  қызметтерін 



жүзеге  асыру  үшін  тең  және  қолайлы  жағдай  жасау  жөніндегі 

міндеттілігін  басшылыққа  аламыз.  Дін  саласын  ырықтандыру  діни 

мекемелердің санын күрт өсірді –

 

олардың саны тәуелсіздік жылдарында 



бес есе артты.

 

Қазақстан  халқының  басым  көпшілігі  өздерін  мұсылман  санайды. 



Сонымен  бірге  исламның  Казақстанда  басымдыққа  ие  болуы  басқа 

діндерді  ұстанушылардың  өздерінің  әдет

-

ғұрыптарын  толыққанды 



атқаруына тіпті де кедергі келтірмейтінін қадап айтамын.

 


24 

 

Мұсылмандықтан  өзге  конфессиялардың  діни  мекемелерінің 



санының  өсуі  назар  аудартады.  Тәуелсіздік  жылдарында  православие 

дін орындарының саны төрт есе, католик шіркеулерінің саны екі есе өсті. 

Протестанттар  бірлестіктерінің  мыңнан  астам  миссиялары  мен  мінәжат 

үйлері  жұмыс  істейді,  елде  сондай

-

ақ  21  иудей  қауымдастығы  бар, 



көптеген ғасырлардың ішінде алғаш рет будда храмы тұрғызылды.

 

Үшіншіден, 



Қазақстандағы 

конфессияаралық 

үнқатысуды 

ынталандырып  отыру  біздің  жұмысымыздағы  маңызды  бағыт  болып 

табылады.

 

Біз 



ұлтаралық 

және 


дінаралық 

үнқатысудың 

Қазақстан 

халықтарының Ассамблеясы сынды бірегей институтын құрдық.

 

Бұған  қоса  биылғы  жылдан  бастап  біз  өз  тарихымызда  алғаш  рет 



дінге сенушілер ғибадаттық іс

-

шараларын толыққанды атқара алатындай 



болуы  үшін  аса  маңызды  діни  мерекелерді  демалыс  күндері  деп 

жариялағанымызды да айтқым келеді

 

Ұлтаралық  және  дінаралық  келісімнің  бізде  қалыптасқан  үлгісі



 

Қазақстанның  әртүрлі  конфессиялардың  өзара  іс



-

әрекет  етуінің 

жалпыәлемдік  үрдісіне  қосқан  үлесі.Бізді  халықаралық  ауқымда  дәл 

осылай танығанын қалаймыз.

 

«Құдайды  іздеймін»



 

деп  каңғырып  қалғандардың  торына  түспес 

үшін  ерекше  сақтық  және  біршама  салауатты  консерватизм  керек. 

Саясаткер  ретінде  маған  дәстүр  мен  жаңаны  іздеушіліктің  арасындағы 

үйлесімділіктің  қажеттігі

 



 

басы  ашық  нәрсе.  Алайда  әлемдік  және 

дәстүрлі  діндердің  рөлі  рухани  мұраны  сақтау  тұрғысында  ғана  аса 

ауқымды емес. Бұл арада ғасырлар бойы жинақталған рухани тәжірибе 

де  бар



адамның  ақыл



-

ойына  сыймайтындай  кейбір  эксперименттерден 

сақтап  қалар  жалғыз  күш  те  сол

Біз  қазірдің  өзіңде  құдай  іздеушіліктің 



оғаш, шектен шыққан түрлерінің, сондай

-

ақ гендік технология



 

саласында 

дәстүрлі этика аумағынан асып кететін тәжірибелердің жаппай шабуылға 

шыққан  шағын  бастан  кешіріп  жатырмыз.Сондықтанда  жаһандық

 

өлшеммен  қарағанда



әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің  рөлі  көкейкесті 

бола түсіп қана қоймай, олар адамның

 

шынайы рухани қазынаны сақтап 



қалуының түйінді факторына да айналып келеді.

 

Мен  біздің  форум  қабылдайтын  құжаттардың  мазмұнынан 



хабардармын.  Сіздердің  назарларыңызға  қосымша  бірнеше  идеяларды 

ұсынғым  келеді,  олар  алдын  ала  сипатқа  ие  және  кейінірек  бүгінгі 

кездесу шеңберінің сыртында талқылауға болатын идеялар.

 

Дін сөзінің бүгінгі әлемдегі маңызы арта түскенін ескере отырып, біз 



Қазақстанда  200

жылдан  бастап  елдің  басты  телевизиялық 



25 

 

арналарының  бірінде  тұрақты  түрде  «дін  сағатын»



 

жүргізе  бастаймыз. 

Бұл 

арқылы 


дін 

көшбасшыларына 

миллиондаған 

адамдарға 

қайырымдылық  пен  діни

 

төзімділік  мінәжатын  тікелей  арнауға  мүмкіндік



 

беріледі. Осы залда отырған адамдардың және оларды қолдайтын діни 

институттардың  аса  биік  беделін  білгендіктен  де,  мен  сіздерді  өз 

елдеріңіздің  үкіметтеріне  осы  үлгіні  қолдау  және  Жер  шарының  барлық 

материктері  мен  құрлықтарында  осыған  ұқсас  ғимараттар  тұрғызу 

жөнінде ұсыныс жасауға шақырар едім.

 

Бейбітшілік  пен  келісім  сарайын  салдыра  отырып,  мен  осынау 



қабырғалар қандай асқақ ойлы рух пірәдарларының сөзімен жаңғырығар 

екен  деп  арман  еткен  едім.  Менің  арманым  орындалды.  Алайда, 

жалғасын  таппаған  арман  алысқа  апармайды.  Мен  әлемдік  және 

дәстүрлі  діндер  лидерлерін  жылына  бір  рет  қазақстандықтар  алдында 

осы Сарайда құрметті дәріс оқу үшін ресми түрде шақырғым келеді. Егер 

исламның,  христиандықтың,  буддизмнің,  индуизмнің,  даосизмнің, 

иудаизмнің,  конфуцийшілдіктің  немесе  синтоизмнің  әлемдік  лидерлері 

жыл  сайын  менің  отандастарыма  бейбітшілік  пен  келісім  сөзін  жеткізіп 

тұрар болса, мұның өзі Еуразияның аса бір жарқын рухани құбылысына 

айналар еді.

 

Бүкіл  әлем  астаналарының  басты  сәулеткерлік  сәні  қай  кезде  де 



соборлар, мешіттер, шіркеулер, храмдар, пагодалар болып келген. Бізде 

де  солай.  Алайда,  жаңа  мыңжылдықта  дінаралық  түсіністік  сөз  күйінде 

ғана қалмауға тиіс. Ол материалдық, архитектуралық пішінде өз көрінісін 

табуы  керек.  Біздің  ойымызша,  адам  жанындағы  және  адамдардың 

жанының арасындағы бейбітшілік пен келісімнен маңызды рәміз болмақ 

емес.


 

Жаңа ғасырдың басында Астана осындай архитектуралық рәміздің 

үлгісін  көрсетіп  отыр,  сондықтан  да  біз,  ерте  ме,  кеш  пе,  бүгін 

Қазақстанда  діни  лидерлері  бас  қосқан  елдердің  астаналарында 

өздерінің Бейбітшілік және келісім сарайлары салынады деп үміт етеміз.

 

Дінаралық 



қарама

-

қайшылықтардың, 



сондай

-

ақ 



дінаралық 

үнқатысудың  жаһандық  сипаты  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  таяудағы 

жылдардың  бірін

 

діни  және  мәдени  толеранттылық  жылы  етіп 



жариялайды

 

деп  айтуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  бастама  осы  заманғы 



әлемнің көптеген елдерінің атынан айтыла алады деп ойлаймын.

 

Сөзімді  қазақтың  данышпан  ойшылы  Абайдың  мына  ойымен 



түйіндегім келеді:

 

"Адам  баласына  адам  баласының  бәрі  –



 

дос.  Не  үшін  десең, 

дүниеде  жүргенде  туысың,  өсуің,  тоюың,  ашығуың,  қайғың,  қазаң,  дене 

бітімің,  шықкан  жерің,  бармақжерің 

бәрі  бірдей,  ахиретке  қарай  өлуің, 



26 

 

көрге  кіруің,  шіруің,  көрден  махшарда  сұралуың 



бәрі  бірдей,  екі 

дүниенің қайғысына, пәлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың 

 



бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе

-

бірің қонақ 



екенсің,  өзің  дүниеге  де  қонақ  екенсің,  біреудің  білгендігіне  білместігін 

таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық 

қылып, көз алартыспақ лайық па?".

 

Бұл  сөздер  осы  форумға  қатысушылардың  бәрінің  де  көкейінен 



шығады деп ойлаймын.

 

 



Құрметті қонақтар!

 

 

Біз  бүгін,  адамзат  баласына  Жаратқан  иеміз  тарту  еткен  бірегей 

құндылықтар  –

 

өзара  түсіністік,  бейбіт  өмір,  берекелі  тұрмыс  пен  ортақ 



мәмлеге қарай тағы бір ұлы қадам жасадық.

 

Біз  баршамызға  аян  мына  бір  шындықты  ешқашан  естен 



шығармауымыз

 

керек: Жаратушы –



 

жалғыз, дүние –

 

ортақ, аспан асты –



 

кең,  ендеше,  біз  бір  атаның  баласы,  бір  ананың  перзенті  ретінде  бір

-

бірімізбен береке



-

бірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз керек.

 

Байқап  қарасаңыздар,  соңғы  уақытта  дүниенің  түкпір



-

түкпірінде 

жаһандық  жаңа  қатерлер  бой  көтерді.  Сондықтан  да  түрлі  діндердің 

ғасырлар  бойы  жинаған  мол  жасампаздық  тәжірибесін  пайдаланып, 

Құдай  сөзін  бітімгершілік  пен  келісімнің  пәрменді  құралы  ретінде 

пайдалануымыз керек.

 

Осындай  ізгі  мақсат  жолындағы  Сіздерге  Жаратушымыздың 



рахманы мен рахымын тілеймін.

 

 



Назарларыңызға рахмет!

 

 



27 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ



 

Н.Ә.

 

НАЗАРБАЕВТЫҢ

 

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР 

ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ЕКІНШІ СЪЕЗІНІҢ ЖАБЫЛУЫНДА 

 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

 

13 қыркүйек 2006 ж.

  

 

Құрметті Съезге қатысушылар, қымбатты қонақтар!



 

 

Мен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі үнемі әрекет 

ететін  беделді  халықаралық  форумға  айналып  бара  жатқанын 

қуанышпен  атап  кеткім  келеді.  Бұл  –

 

конфессионалдық  келіссөз 



бастамасы  барынша  қажетті  және  халықаралық  өмірдің  нақты  факторы 

болып қалатынын білдіреді.

 

Сондықтан  Съезге  қатысушылардың  дінаралық  келіссөздің 



әмбебап 

қағидаттарына

 

бірыңғай 



түсіністікпен

 

келіп



оларды 


мақұлдағаны ерекше маңызға ие.

 

Олардың  зор  маңыздылығын  ескеріп



оларды  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының қарауына жіберуді ұсынамын.

 

Құрметті  басшылардың  баяндамалары,  қол  жеткізілген  жарыссөз 



конфессия  лидерлерінің  келіссөзге  даярлығын  және  оны  төзімділік  пен 

өзара сыйластық күйде өткізу ұмтылысын тағы бір көрсетіп кетті.

 

Съезге  қатысушылардың  дінаралық  қатынастар  саласында 



конфронтация  идеологиясының  зияндығы  мен  жалғандығы  туралы  тіке 

жарияланғаны  өте  маңызды.  Ол  діни  экстремизмді  өршітуге  ұмтылып 

отырғандарға  ғана  керек.  Бүгінгі  күні  діни  экстремизм  мен  терроризм 

дәстүрлі  емес  және  ұтымсыз  идеялық  қаруға  айналып  отырған 

экстремистік көзқарастың барынша жаңа жүйесінен күш алып отыр.

 

Бұдан  бес  жыл  бұрын  дүниені  2001  жылы  11  қыркүйектегі  қасірет



 

дүр  сілкіндірді,АҚШ

-

тағы  өзінің  қатыгездігі  жағынан  сұмдық  лаңкестік 



әрекеттер күш қолдану мен террорды уағыздайтын бүлдіруші  күштердің 

қаншалықты  қауіпті  болатынын  көрсетті.  Біз  дүниенің  шетін  әрі  өзара 

байланысты екеніне тағы көз жеткіздік.

 

Содан 



кейін 

жаһандық 

қатердің 

алдында 


бүкіл 

әлем 


осынауқасіретке  қарсы  бірікті.  Бүгінгі  күні  адамзаттың  болашағы

 

қандай 



болатыны 

бізге 


байланысты. 

Біз 


лаңкесшілдік 

идеологиясын 

тамырыменжойып, 

ізгіліктің 

жалпыадамзаттық 

құндылықтарын 

орнықтыру үшінбүкіл күш

-

жігерімізді жұмсауға тиіспіз



Сондықтан 

лаңкесшілдіктің 

бүлдіруші 

идеологиясына 

толеранттылық, келісім мен үнқатысу

 

идеологиясын қарсы қою керек.



 

28 

 

Біздің  форумда  күмәнді  саяси  мақсаттарды  ақтау  үшін  діни 



идеологияны  пайдалануды  болдырмауға  тиіспіз

 

деген  өте  маңызды  ой 



айтылды.

 

Мыңдаған жылдықтар дін жан



-

жүректе тыныштандырудың бастауы

халықтар  мен  мемлекеттер  арасында  өзара  ықыластылықтың



 

факторы 


қызметін атқарды

Діннің осындай әлеуетімен салыстыруға келетін



 

бүгінгі 


дүниеде бір

 

нәрсе бола қоймас



Біздің  форумның  жұмысында  маңызды  орындыосы

 

заманғы 


өркениеттің құндылықтарын сақтау және нығайту мақсатында дінаралық 

серіктестікті  дамыту  тақырыбы  алды.  Әңгіме  діни  сананың  ізгілігі,  діннің 

мәдени  мұрасы,  діни  дәстүрлердің  саналуандығы,  қағидаттық 

 

тепе



-

теңдігі  мен

 

діни  дәстүрлерді  құрметтеу,  рухани  тәрбие  мен  тәлімгерлік 



секілді

 

құндылықтар туралы болып отыр.



 

Барлық  осынау  аса

 

маңызды  тезистер  Әлемдік  және  дәстүрлі



  

дін 


лидерлерінің  Екінші  Съезінің  қабылданған  Декларациясында  көрініс 

тапты.  Бұл  құжатта  «қарсы  тұру  идеологиясын»  «бейбітшілік 

мәдениетімен»  алмастыруға  деген  жаһандық  қажеттілікжинақы  тұрғыда 

көрініс тапты

Мен  мәдениет  пен  діндер  үнқатысуын



 

қамтамасыз  етудегі 

Қазақстанның

 

күш



-

жігерін,  ұлттық,  мәдени,  діни  төзімсіздікпен  күрес 

жөніндегібіздің  қызметімізді

 

жоғары  бағалаған  Съезге



 

қатысушыларға 

ризашылық  білдіремін.

 

Бұл  әрдайымҚазақстанның  ішкі  және  сыртқы 



саясатының шешуші

 

басымдылықтарының бірі болып қалады.



 

Осыған  байланысты

 

мен


 

бүгінСъезд  аясында  Халықаралық 

мәдениеттер мен

 

діндер



 

орталығын құру туралы бастаманы хабарлағым

 

келеді


Діни  және  мәдени  проблемалармен  қатар

 

Орталық  ағартушылық



 

ғылыми


-

зерттеу  және  гуманитарлық  жобаларды  жүзеге  асырып, 

әлемдегі

 

діни  ахуалдың  мүмкін  болатын  жанжалдық  жәйттерін



 

зерттеумен айналысар еді

Мұндай 


Орталықтың 

маңызды 


міндеті 

 



халықаралық 

шаралардыөткізу  және  түрлі  елдердің  діни  қайраткерлері  мен  саяси 

дегдарларының

 

арасындағы 



 

байланыстар  мен  өзара  түсіністікке 

жәрдемдесу, кітаптар шығару

Сіздердің  ризашылықтарыңызбен  Орталық  таяудағы  уақыттың 



өзінде  жұмысын  бастап

осында,



 

Бейбітшілік  пен  келісім  сарайында 

орналаса алар еді. Сіздер бұл

 

бастамаға



 

қолдау білдіреді деп сенемін.

 


29 

 

Сөзімді  қорытындылай  келе  біздің  ортақ



 

мақсатымызға  қол 

жеткізудегі  –лайықты  бүгініміз  бен  қауіпсіз  болашағымызды

 

қамтамасыз 



етудегі

 

діни лидерлердің негіз құраушы ролін



 

тағы да


 

атап өткім келеді.

 

Делегациялардың



 

басшылары  мен  барлық  қатысушыларға 

сіздердің  адамдарды  жақындастырудың  мәртебелі

 

ісіне  қосқан 



үлестеріңіз үшін және біздің форумға

 

белсенді қолдау танытқандарыңыз 



үшін ризашылық сезімін

 

білдіруге рұқсат етіңіздер



.  

Көңіл қойып тыңдағандарыңыз

 

үшін

 

алғысымды білдіремін!

 

 

 

 

*   *   * 

 

 

30 

 

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ 



 

ҮШІНШІ

 

СЪЕЗІ

 

_____________________________________________________________

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ 

 

Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР 

ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ҮШІНШІ СЪЕЗІНІҢ АШЫЛУЫНДА

 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

 

 



шілде 2009

 

ж

 

Құрметті съезге қатысушылар!



 

Мәртебелі меймандар!

 

 

Құшағы  кең,  қонақжай  қазақ  жеріне  келген  қадамдарыңыз  құтты 



болсын!

 

Астанада  үшінші  рет  өткізіліп  отырған  Әлемдік  және  дәстүрлі 



діндер  съезіне  шақыруымызды  қабыл  алып,  бүгінгі  алқалы  жиынға 

қатысып  отырған  сіздердің  баршаларыңызға  қазақстандықтар  атынан 

шынайы ризашылығымды білдіремін.

 

Адамзатқа  ортақ  құндылықтарды  жинақтап,  ортаға  салып  ой 



бөлісіп,  өркениеттер  үндестігін  нығайтсақ  деген  ізгі  мақсат,  асыл 

мұраттар сіздерді Астана қаласына топтастырып отыр.

 

Астана төрінде осы күндері сіздер тарапынан айтылатын салиқалы 



сөз, салмақты ұсыныстар дүниенің түкпір

-

түкпіріне тарап, Жер шарында 



бейбітшілік пен өзара бәтуаластықтың орнығуына септігін тигізеді деген 

үміттемін.

 

Азия  мен  Еуропаның,  Батыс  пен  Шығыстың  бел  ортасында  бой 



көтерген  Астана  қаласы  бүгінгі  таңда  алуан  түрлі  ұлттар  мен  діндердің 

де тоғысып, жарасым тапқан орталығына айнала бастады.

 

Біз Қазақстан халқының діни және этносаралық татулықты ту еткен 



асыл  қасиеттерін  әрдайым  мақтан  тұтамыз.  Бұл  жетістігімізді  әлем 

жұртшылығына үлгі етуге ұмтыламыз.

 

Біз  жаңа  мыңжылдықта  да  толастамай  отырған  әлемнің  әр 



бұрышындағы  діни  текетірестер  мен  ұлттық  қақтығыстардың  алдын 

алуға ықпал етіп келеміз.

 

Астанадағы  бүгінгі  басқосу  да  біздің  осындай  табанды



 

ұстанымымыздың бір көрінісі.

 

Сондықтан,  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлерінің  ІІІ  съезі 



дүние  жүзінде  дінаралық  келісімнің  өркен  жайып,  өркениеттердің  өзара 

үндестік табу ісінде айтарлықтай рөл атқарады деп есептеймін.

 


31 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет