Қымбатты достар!
Қазіргі дүние жол айырығында тұр.
Сондықтан съезде талқылауын күткен түйінді мәселе жүз
есе
көкейкестірек бола түседі.
Адамзаттың жаһандық тарихында Бейбітшілік пен Келісімнен
өткен
құндылықтар болған емес.
Қазіргі дүниеде әлемдік құрылыстың оң тұжырымдамасының тапшы
екенін мойындауға тура келеді.
Адамзат, бұрындары талай мәрте болғанындай, оған Жоғары Сана
берген жаңалықтардың барлығын әркез әлем игілігі жолына жұмсамауда.
Мәселен, халықтарды біріктіруге тиісті аса жоғары ақпараттық
технологиялар мен аса жаңа коммуникациялар көп жағдайда адамдарды
бөлу үшін, қоғам іші мен елдер арасына жаңа тосқауылдар қою үшін
қолданылуда.
Желілік ресурстар білім таратудың орнына көп жағдайда кесірлі
істерді насихаттауға қызмет етіп, жалғандықтың, адамдардың арсыз
түйсіктерінің, ағайынаралық өшпенділікке үндеулер мен жеккөрушіліктің
ұрығын шашады.
Кез келген
қоғамның моральдық және өнегелілік беріктігі –
отбасы,
балаларды тәрбиелеу дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы және басқалар
бұзылады.
Осының бәрі қазіргі заманның ащы шындықтары.
Өз кезегінде мен өзімнің саяси тәжірибемнің
нәтижесі болып
табылатын өзімнің көзқарасымды білдіргім келеді.
Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканы рецессиялық
тығырықтан бүкіл ұлттар қоғамдастығының бірлескен күш
-
жігерімен ғана
алып шығуға болады.
Мұны барша жұрт мойындайды.
Сондықтан осыдан бір апта бұрын Астана экономикалық
форумында мен ХХІ ғасырда әлемдік қарым
-
қатынастардың
тиімді
моделін қалыптастырып, жүзеге асыруды ұсындым.
Мен оны «G
-GLOBAL
–
ҰЛЫ ӘЛЕМ»
деп атадым.
Бұл
–
дағдарыстардан сенімді қорғалған, тиімді әлемдік валютасы,
сауда мен ықпалдастықтың әділетті жүйесі бар өркендеген жаһандық
экономика.
Бұл
–
жоғары технологиялар адамдардың бақыты мен әл
-
ауқаты
үшін қызмет ететін әлем.
50
Бұл
–
халықтар мен мемлекеттер арасындағы өңірлік және
жаһандық қауіпсіздіктің берік негіздері бар әділеттілік пен сенім әлемі.
Бұл
–
барлық проблемалар келісім мен құрмет негізінде шешілетін
ұлттардың толерантты қауымдастығы.
Бұл
–
ядролық қырып
-
жоюдан біржола азат етілген, жаппай қырып
-
жою
құралынан тыс біздің планетамыз.
Мен адамзат бес іргелі қағидаттарға
негізделген осындай модельді
құруға қажетті білімдер мен тәрбиелерге ие деп сенемін.
Біріншіден,
бұл
әлеуметтік
-
саяси
жүйе
дамуының
эволюциялылығы, саяси дамудың түрі ретіндегі революциядан бас
тарту.
ХХІ ғасырда дін емес, дәл осы революция халық үшін апиынға
айналды.
Екіншіден,
бұл
бүкіл
мемлекеттер
арасындағы
қарым
-
қатынастардағы әділеттілік, теңдік және консенсус.
Үшіншіден, халықаралық қарым
-
қатынастарда кез келген «қосарлы
стандарттарды» және «күбір
-
сыбыр әңгімені» жоққа шығаратын
жаһандық транспаренттілік.
Төртіншіден, өткен жүзжылдықтың блоктық психологиясынан
арылған, геосаяси тепе
-
теңдік жүйесі ретіндегі сындарлы көп
полярлылық.
Және ең соңында, бесіншіден, ХХІ ғасырдағы
мәдениетаралық,
дінаралық және мемлекетаралық қарым
-
қатынастардың бастапқы негізі
ретіндегі жаһандық толеранттылық пен сенім.
Мен полимәдениеттілік, этностық және діни саналуандық –
ол
қоғам үшін қатер емес, орасан артықшылық
деп есептеймін.
ХХІ ғасырда толеранттылық
инновациялық экономиканы дамыту
мен өркендетудің шешуші факторына айналып отыр.
Соңғы 30 жылда этномәдени сан алуандылығымен ерекшеленген
елдердің неғұрлым зор табыстарға жету фактісін көрмеуге болмайды.
Бүгінгі әлем осындай тәжірибені кеңінен
таратуға және дамытуға
мұқтаж.
Бұл тұрғыда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының
съезі ХХІ ғасырда әділетті әлем құрудың негізін идеялық
-
рухани
құрылымдауға нақты бағытталған жетекші үнқатысу тұғырнамасы бола
алар еді.
Бүгінде жаһандық үнқатысу –
ол тек халықаралық форумдар мен
кездесулер ғана емес.Интерактивті қарым
-
қатынастар жасау арқылы
оған барған сайын бүкіл әлем бойынша көптеген адамдар атсалысуда.
Қазақстан ұсынған G
-
GLOBAL идеясы мен пішіні бұл тұрғыда
жаһандық өзара түсіністік пен толеранттылық үшін жаңа мүмкіндіктер
ашады.
51
Сондықтан мен Төртінші Съезге қатысушылардың ақ тілеуімен
жаһандық толеранттылық пен сенімді қалыптастыру мен нығайту
проблемаларына арналған Интернет
-
ресурс құруды
ұсынамын.
Бәлкім, ол G
-
GLOBAL жалпы электронды порталының бір бөлігі де
бола алар еді.
Оның шеңберінде Дін көшбасшылары кеңесі мен біздің Съезіміз
Хатшылығының
интерактивті
отырыстарын
өткізуді,
интернет
пайдаланушылардың кең ауқымы үшін тұрақты түрде онлайн
-
форум
жүргізуді қарастырудың маңызы зор.
Мен
бұл ұсынысқа сіздер қолдау көрсетеді деп сенемін.
Құрметті Съезге қатысушылар мен меймандар!
Бейбітшілік пен келісімнің тиімді моделі –
ол біздің еліміздің
табысты дамуының арқаулық факторы
.
Тәуелсіз Қазақстан –
бұл 140 этнос бейбітшілікте және келісіммен
өмір сүріп жатқан ел.
Біз ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығында экономикасы неғұрлым
ырғақты дамыған елдердің үштігіне ендік.
Біз этносаралық келісімнің өзіндік моделін құрдық.
Кез келген этносқа және дінге жататын қазақстандық –
ол тең
құқылы азамат, біртұтас азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі.
Біз әрбір адамның өз дінін еркін ұстануы, туған тілін оқып және
пайдалануы, өз этносының мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуы үшін
барлық жағдайларды жасаудамыз.
Әрбір дін –
ислам, православие, католицизм, протестанттық діни
ілім, иудаизм, буддизм және басқалар уағыздайтын жоғары құндылықтар
–
әркезде де Қазақстан мемлекетінен қолдау тауып келеді.
Сондықтан біздің қоғамымызда 20 жылдан астам уақыттан бері
рухани қайта өрлеу үрдісі жүруде.
Жаңа мешіттер мен храмдар бой көтеруде.
Біз конфессияаралық келісімді нығайтудың 2016 жылға дейінгі
бағдарламасының жобасымен жұмыс істеудеміз.
Қазақстанның бастамасымен 2010 жыл Мәдениеттерді жақын
-
дастырудың халықаралық жылы ретінде өтті, ал 2013
-
2022 жылдарды
ЮНЕСКО Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы
деп жариялады.
Қазақстанның ЕҚЫҰ
-
ға төрағалығы барысында 2010 жылы біз оған
толеранттылықты нығайту мәселесін қоса отырып, әріптестерімізге
еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік өлшемдерінің санын
кеңейте түсуді
ұсындық.
ЕҚЫҰ Астана саммитінің Декларациясында конфессияаралық
үнқатысуды дамыту, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту туралы
біздің бірқатар идеяларымыз көрініс тапты.
Қазақстан бір жыл бойы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымын
басқарды, оның өзі Умма үшін күрделі уақытпен тұспа
-
тұс келді.
52
Біз әлеуметтік
-
экономикалық, гуманитарлық саладағы өткір
проблемаларды шешуде мұсылман мемлекеттерінің ынтымақтастығын
дамытуға бағытталған бірқатар бастамалар ұсындық.
Бүгінде мұсылман әлемінде күрделі үдерістер жүруде.
Мұнда экономикасы ырғақты және елеулі әлеуметтік
-
саяси
проблемалары жетерлік елдер бар.
Ислам –
бұл адамзаттың мәдени және материалдық мұраларының
орасан зор және өсіп келе жатқан қатпары.
Қазіргі заманғы және болашақтағы жаһандық қоғамдастықты Ислам
әлемінсіз
көзге елестету мүмкін емес.
Оған тосқауыл қоюдың кез келген түрі көрегенділік емес, тіпті
қатерлі де.
Үлкен де көп бейнелі әлемнің осынау бөлігінде болып жатқан оқи
-
ғаларға түсіністікпен қарау қажет.
Қазақстан –
мұсылман тұрғындары басымдыққа ие ел.
Ислам
діні –
біздің халқымыздың рухани тіректерінің бірі.
Біз олардың қандай дінге және этномәдениетке жататынына
қарамастан барлық қазақстандықтардың жалпы
ұлттық бірлігі мен
келісімінің ерекше формуласын қалыптастырдық.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі –
бұл
Қазақстанның бүкіл әлемге парасатты сыйы.
Алдағы жылы Бірінші Съездің шақырылғанына 10 жыл толады
.
Осыған орай алдағы жылы
онда үнқатысудың маңыздылығы мен
көкейкестілігін, діни рухани көшбасшылардың бітімгершілік рөлін
арттыруды атап көрсете отырып, Дін көшбасшылары кеңесінің арнайы
үндеуін дайындап, қабылдау жөнінде ұсыныс білдіргім келеді.
Қымбатты достар!
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін
өткізу діндер арасындағы бітіспес әртүрлілік пен алауыздық туралы
тезистің бар болғаны елес қана екенін білдіреді.
Бір
-
бірімен жауласатын діндер емес, адамдар мен мемлекеттер.
Әлемнің ұлы ойшылдары дінді өнегелілік формуласы деп атайды.
Ұлы Абайда «Дінге сенушінің борышы –
жақсылық жасау. Бірақ
сенімсіз жасалған жақсылық не тұрады?» деген сөз бар.
Кез келген діннің жоғары мағынасы адам мен адамзатты жоғалтып
алған жетілу жолына қайтару болып табылады.
Біздің жоғары мәртебелі форумның басты мақсаты да осыған келіп
тіреледі.
Барлық Съезге қатысушыларға жемісті және сындарлы пікір
-
таластар тілеймін.
Біздің ізгілікті ниеттерімізде бізге Жаратушының жәрдемі тие
берсін!
53
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Н.Ә.
НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР
ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ТӨРТІНШІ
СЪЕЗІНІҢ ЖАБЫЛУЫНДА
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
31 мамыр 2012 ж.
Жоғары
Мәртебелі!
Құрметті делегация басшылары!
Ханымдар мен мырзалар!
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезінің жұмысына
арналған бағдарлама толығымен жүзеге асты
.
Пленарлық және секциялық отырыстарда сындарлы талқылаулар
болды.
Мәдениеттер мен діндердің жаһандық диалогының маңызды
сұрақтарын қарастырудың оңтайлы ыңғайлары қалыптасты.
Форумның негізгі мақсаты жүзеге асты –
онда
қатысушылардың
Үндеуі қабылданды.
Бұл құжатта терең рухани мағынаға толы шақыртулар айтылды.
Дін лидерлері барша адамзатты өз жер шарының болашағы үшін
жасампаздық пен әділеттілікке, бейбітшілік пен келісімге, өзара
ынтымақтастыққа ұмтылуға шақырды.
Мен бұл шақыртуды діндарлармен әртүрлі дін өкілдерінен
басқалардың да игі ниетпен қабылдайтынына сенімдімін.
Оны әлемдік қауымдастықтың белгілі қоғамдық және саяси
орталары да естіді.
Мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезіне
қатысушылардың
барлығына
Форум
жұмысында
белсенділік
танытқандары үшін шын жүрегімнен алғысымды білдіремін.
Сіздердің әлем бірлігі үшін шынайы қолдауларыңыздан көрініс
алып отырған құнды идеяларыңыз мен ұсыныстарыңыз үшін.
Съезде сөз сөйлегендердің барлығы діндер мен мәдениеттердің
жаһандық диалогының терең бойлауына және толеранттылыққа
шақырды.
Менің G
-
GLOBAL туралы идеяма
қолдау көрсетіп, оң баға
бергендеріңіз үшін барлықтарыңызға алғысым шексіз.
Біз бұл мәселені делегация басшылармен бірқатар екіжақты
кездесулер барысында тыңғылықты талқыға салған болатынбыз.
Рухани келісім –
бұл әлем дамуының негізгі алғышарты, міне Съезд
бізге осыны көрсетіп берді.
ХХІ ғасырда бұған барабар келетін ештеме жоқ, болуы да мүмкін
емес.
Руханилыққа қайтып оралу –
әділетті әлем орнатудың негізіне
апаратын жол.
54
Барлық діндерге тән күш қуаттылығының құдіреттілігі ол қазіргі
бетбұрыс заманында адамзат атаулыға дұрыс талдау жасауға
көмек
көрсету қабілеттілігінде болып отыр.
Біз бүгін Астанада, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері IV
Съезінде бейбітшілік пен келісім, жаһандық толеранттылық, діндердің
өзара ынтымақтастығы мен өзара сыйластығы XXI ғасырда
ғаламшардағы барлық адамдардың дүниетанымдық құндылықтарына
айналуына жаңа қадам жасадық .
Құрметті достар!
Ізгі ниеттердің бірлігі –
бірлесе істеген жұмыстың кепілі.
Біздің Съезд қазіргі таңда діндердің барлығына ортақ міндет біреу
екендігін тағы да көрсетіп берді.
Біріншіден,
адамзаттың моральдық
-
өнегелік дағдарыс қауіпін жеңіп,
рухани вакуумның таралуына тоқтау салуымыз қажет.
Мұндағы ең маңызды көрініс жастарды терең рухани негізде
тәрбиелеу моральдық қауіпке бой алдырудан тұрақты иммунитетке
дағдыландыру.
Сондай
-
ақ қоғамда әйелдің қоғам мен отбасындағы рөлі,
отбасылық дәстүрді нығайтуға мақсатты бағытталған шаралар деңгейінің
маңыздылығы да артуда.
Осы
сұрақтардың
барлығы
біздің
Съезіміздің
арнайы
секцияларында алғаш рет барынша талқыға түсті.
Осы пікірсайысты жалғастыра отырып, Дін лидерлері Кеңесі мен
біздің Съезіміздің негізінде отбасылық құндылықтарды қолдау
мақсатында жастарды, жасөспірімдер мен балаларды өнегелік
тәрбиелеу
мәселелері
бойынша
жеке
Халықаралық
онлайн
-
конференция өткізуді ұсынамын.
Екіншіден,
кез
-
келген
қоғамның
жасампаз
бастамасы
–
еңбексүйгіштік, адалдық және әділеттілік құндылықтарын нығайтумыз
қажет.
Бұл тұрғыдан алғанда қазіргі таңдағы бірқатар діндер арқылы
жүзеге асырылып отырған әлеуметтік доктриналардың маңыздылығы
арта түсуде.
Менің көзқарасыма келсек, мен олардың адам өмірінің сапасын
көтеру, адамзат мүмкіндігінің деңгейін арттыруға
бағытталған
мемлекеттік өлшемдермен тиісінше байланысты болса маңыздылығы
арта түсер еді деп айтқан болар едім.
Үшіншіден,
дін бітімгершілік күші –
кез
-
келген қоғамдағы
радикалдылық пен төзімсіздіктің туындауы мен қақтығыстардың алдын
-
алуға ықпал етуде.
Сондықтан да, ең маңыздысы біздің Съезіміздің тәжірибесін ұлттық
мемлекеттер, сонымен қатар қақтығыстың жоғары мүмкіндіктері
55
байқалатын бай этно
-
діни көпжақтылығымен ерекшеленетін әлемнің
жекелеген аймақтары дәрежесіне (деңгейіне) жеткізу.
Көріп отырғанымыздай, келешекте БҰҰ
-
на және қақтығыстар
деңгейін бәсеңдетумен қатар жаһандық мәселелерді жеңу бойынша
қызығушылық танытып отырған барлық форумдар мен мемлекеттерге
ұсыныстарды жеткізе алатын Дін лидерлері кеңесі жанындағы арнайы
комиссияны құрудың болашағын пысықтауымыз қажет
.
Төртіншіден, халықтар мен мемлекеттер, көпконфессиялы қоғам
ішіндегі алауыздықты сейілту үшін дін ілімдерін қолдануға сенімді
тосқауыл қою маңызды.
Халықаралық терроризм мен экстремизмнің адамзатқа қарсы
өзіндік қорлауын дінге деген қандай да бір сілтеме жасау арқылы
негіздеуіне жол берілмеу керек.
Сонымен қатар, экстремизмнің кез
-
келген формасын және
терроризмнің адамзатқа, дінге қарсы мәнін түсіндіру тұрғысынан
келушілер арасында тұрақты жұмыс жүргізілуі қажет.
Бесіншіден, қоғамды дінді, ондағы құдіреттілікті, діндарлардың
дәстүрі мен сезімін сыйлай білуге үйрету де маңызды.
Діндер
диалогы
–
бүкіл
әлемде
және
әрбір
қоғамда
толеранттылыққа қол жеткізудегі жалғыз ғана жол.
Диалогты кеңейту үшін қазіргі таңдағы байланыс құралдарын қоса
алғандағы барлық мүмкіндікті пайдаланудың маңызы зор.
Осы тұста біздің форумымыздың интерактивті алаңы жұмысына
үлкен жауапкершілік артылып отыр.
Әлемдік және дәстүрлі діндердің төртінші Съезі барысында осы
маңызды бес маңызды сұрақ бойынша өзара түсіністік қалыптасты.
Олардың
барлығы
форумға
қатысушылардың
қорытынды
Үндеуінде көрініс алып отыр.
Осылардың барлығы діндердің сындарлы диалогының міндетті
түрде XXI ғасырдың жаһандық әлемінің маңызды құрамдасы
болатындығына деген сенім ұялатады.
Құрметті достар!
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төртінші Съезі өз
жұмысын аяқтады.
Біздің Қазақстан аспанының астында өздеріңіздің бас қосуларыңыз
арқылы елімізде келісім мен бейбітшіліктің
шырағын жаққандарыңыз
үшін Сіздерге өзімнің тағы да үлкен алғысымды білдіремін.
Қазақстан жерінде оқыған дұғаларыңызда Сіздер Қазақстан жеріне
және оның халқына саулық, ал бүкіл ғаламшарға бейбітшілік пен
өркендеу тілеген едіңіздер.
Мен Сіздермен 2015 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлерінің бесінші Съезінде тағы да қауышамыз деп ойлаймын.
56
Съезге
қатысушылардың
барлығына
рухани
тұрақтылық,
дендеріңізге саулық, құдай алдындағы қызметтеріңіз бен адам игілігі
үшін жасалып жатқан қызметтеріңізге жеміс тілеймін.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төртінші Съезін жабық
деп жариялаймын.
Жемісті жұмыс атқарғандарыңыз үшін ризашылығымды
білдіремін.
* * *
57
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ
БЕСІНШІ
СЪЕЗІ
_____________________________________________________________
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ДІНИ
ЛИДЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ЕКІНШІ КЕҢЕС
ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
10 маусым
2015
ж
Достарыңызбен бөлісу: |