.
Қайырлы
таң, Жоғары мәртебелі, Аса қадірменді,құрметті
қонақтар мен Кеңес мүшелері!
Әлемдік
және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне қатысуға
келген барлық делегация басшылыларына шын жүректен сәлем
жолдаймын.
Әлемдік
және дәстүрлі діндер лидерлерінің өткенІV Съезінде Діни
лидерлер Кеңесін құру Астана форумының барлық қатысушылары
арасында қалыптасқан сенімнің заңды нәтижесі болатын.
Діни
лидерлер
Кеңесі
бүкіләлемдік
рухани
-
адамгершілік
құндылықтардынығайтуда, діндер мен мәдениеттер арасындағы келісім
мен өзара түсіністікке қол жеткізудемаңызды рөл атқарады деп сенемін.
Әлемніңқазіргідамуы
жаһандық конфессияаралық сұхбаттастықтың
осындай бірегей жүйе қажеттілігінің әлі де өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Әлем
алдыңғысъезд өткенүш жылданбері,адамдар арасындағы
діни айырмашылықтардың жаңа шектен шыққан алауыздықтарының
таралуымен бетпе
-
бет келді.
Біріншіден, адамдардың діни сенімдерін асырапайдаланғандықтан,
ішкі әскери қақтығыстар көбейе бастады.
Мұсылмандардың қасиетті басты мекені, ислам әлемінің бесігі –
Мекке мен Мәдинеге жақын маңдаЙемендегі қақтығыстың орын алуы
бізді алаңдатпай қоймайды.
Лаңкестік топтардың бірқатар әрекеттері Азия мен Африкадағы
түрлі
конфессия
ізбасарларының
арасындағы
жауласу
мен
көптегенқауымның бөлшектенуіне ұшыратады.
Украинаның шығысындағыоқ жаудырудың салдырынан қалалар
мен ауылдардағышіркеулердің бүлінгені туралы ақпарат үрей тудырады.
Екіншіден, «ислам мемлекеті»атын жамылған әрекеттерімен
жаһандық терроризмнің аса қауіпті деңгейіне өтті.
Лаңкестер Ирак пен
Сирияның мыңжылдық өркениетін, мәдени
мұра нысандарын жалған діни көзқарастардың ықпалымен қасақана
қиратуда.
Олар
журналистерді,
еріктілерді
және
өзге
дінді
ұстанушыларды
көпшілік
алдында
жан
түршіктірердейжазалауәрекеттерін ғаламтор арқылы таратады.
Үшіншіден, әлемдік әлеуметтік желілердің бұрын
-
соңды болмаған
әрекеттермен дін мен дін қайраткерлерінежасап жатқан шабуылын
58
көрмеу мүмкін емес.
Әлемнің
барлық
діндеріадамдар
арасындағы
соғыс
пен
қақтығыстарды тоқтатып, шыдамдылық пен төзімділікке, бейбітшілік
пен
келісімгешақырады.
Әлемнің
басқа да діндерісекілді, ең толерантты діндердің бірі –
ислам. Экстремизм мен терроризмніңқандай да бір түрінеисламды
сылтау ретіндепайдалану оны қадірлемеу болып есептеледі.
Барлық
діни
көшбасшылардыосындай
қиынкезеңдеөз
қауымындағыларғабейбітшілік, келісім, толеранттылық және кешірімділік
туралы үндеулеріңізді еселей түсуге шақырамын.
Кез келген халықбірлікті бағалап, сақтай алғанда ғанаұлы және
өмір
сүреді.
Қазақстан
халқы –
өзінің даналығының арқасында тату.
Барлық конфессиялардың арасындағы достық пен өзара
түсіністіктің, келісім мен бірліктің, толеранттылықтың арқасындабіздің
халқымыздың даңқы мен күші –
мәңгілік. Бұл –
біздің еліміз де қосылуға
ұмтылатын дамыған алдыңғы қатарлы30 елдіңең жоғары құндылықтары.
Біз осы ізгі мақсат үшін«Қазақстан
-
2050» стратегиялық жобасын
жүзеге асырудамыз. Жаңа институционалдық реформаларға кірістік.
Біздің Қазақстанды жаңартуға байланысты Ұлт жоспары –
«100
нақты қадам» этникалық және діни айырмашылықтарына қарамастан,
барлық қазақстандықтардың жарқын өмір сүруіне бағытталған.
Құрметті
делегация басшылары, Жоғары мәртебелі қонақтар!
Қазақстан
Діни лидерлер кеңесі өзініңжұмыс барысында Әлемдік
және дәстүрлі діндер лидерлерінің ойлары мен шешімдерін ілгері
жылжытудыбарынша қолдайды.
Біз қазақстандық мәмлегерліктің мемлекеттік және халықтық
тәжірибесін осы мақсаты жүзеге асыру үшін пайдалануға ниеттіміз.Оған
қоса, сіздердің Қазақстанға көрсеткен сенімдеріңіз үшін ризамыз.
Іргелі рухани қуат ретінде адамзат санасындағы діннің ізгі рөліне
баға
жетпейді.
Меніңше, Кеңес адамзаттың ХХІ ғасырдағы рухани қайта түлеу
идеясының жалғастырушы
-
авторыбола алар еді.
Кеңес жұмысының өзекті бағыты діни экстремизм мен терроризмге
қарсы
іс
-
әрекеттердің бастамасыболар еді.
Алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезі
Кеңестің ұсыныстарымен келісіп, қолдаса,діни сенім мәселесінде
адасқандардыңоғаш амалдарының алдын алуға көмектесер еді.
Сіздердіңбірлескен пікірлеріңіз өшпенділікті, шыдамсыздықты,
қатыгездік
пен жақынына әділетсіз қарым
-
қатынасты қолдайтындар үшін
алауыздық пен тартысты тежеудің шешу факторы бола алады.
Осы ұсыныстар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V
Съезд жұмысына қатысушылар мен саяси қайраткерлердің сұхбаттасуы
59
барысында іске аса бастайтынына сенімдімін.
Құрметті
Кеңес мүшелері!
Бүгін Астанада сөздері мен амалдарына игі ниет пен
қамқорлықтысыйдыра
білген бейбітшілік пен келісімнің, үйлесімділіктің
идеяларын растайтын дін көшбасшылары жиналды.
Діни лидерлер Кеңесінің Екінші отырысы мен Әлемдік және
дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіәлем тарихындағы жарқын
оқиғалар болатынына күмәнім жоқ.
Олар
қазіргі
беймаза
уақытта
адамзаттың
үміті
мен
қайырымдылығының, әділеттілігі мен сенімінің шырақшысыболып
енетініне сенемін.
Біздің ізгі пейіліміз бен ниеттерімізді Құдіретті Жаратушы қолдасын.
Назарларыңызға рахмет!
Біздің Съезд бен Сіздердің еңбектеріңіздің жемісті болуын
тілеймін!
60
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Н.Ә.
НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ
БЕСІНШІ
СЪЕЗІНІҢ АШЫЛУЫНДА
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
10 маусым
2015 ж
.
Ардақты дінбасылар!
Құрметті БҰҰ
-
ның Бас хатшысы мырза!
Қадірлі съезге қатысушылар мен меймандар!
Ханымдар мен мырзалар!
Сіздерге Қазақстанның құт дарыған жерінен шын жүректен сәлем
жолдаймын! Егер әлемде бір нәрсе тек бір ғана мәрте жүзеге асса, онда
оны әдетте тарихи кездейсоқтық деп санайды. Екі немесе үш рет болса –
бұл тарихи заңдылық. Ал егер көптеген мәрте жүрсе –
Ұлы Тарих
дегеніміз, міне, осы! Астана Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің
съезіне қатысушылар мен меймандарын бесінші рет қабылдап отыр!
Біз І Съездің шешімі бойынша салынған әлемдегі жалғыз
Бейбітшілік
және
келісім
сарайы
шаңырағының
астында
толеранттылықтың, мәдениеттер мен діндердің жаһандық үнқатысуының
Ұлы Тарихын қалыптастырудамыз. Біз, тіпті, осы күрделі дәуірдің
өзінде
де оның парақтарын бірінен кейін бірін жазып, толтырудамыз. Және
біздің бәрімізді –
саясаткерлер мен конфессиялар қызметшілерін –
адамдар мен халықтардың тағдыры, Ұлы Жаратушы жаратқан біздің
бүкіл бірегей планетамыздағы бейбітшілік пен тыныштық үшін ортақ бір
жауапкершілік сезімі біріктіреді.
Съезд жұмысына алғаш рет БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мырза
қатысып отыр. Мен Сізге, Бас хатшы мырза, шын жүректен сәлем
жолдаймын! Сіздің қатысуыңыз Астанадағы бүкіл әлемдік қоғамдастық
мән беріп отырған рухани
лидерлер үнқатысуының маңыздылығын
көрсетеді.
Мен шақыруымды қабыл алып, бүгінде осы залда отырған баршаға
сәлем жолдаймын. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің
ізгілікті идеялары әлемдік қоғамдастықта, діни, сондай
-
ақ, саяси
топтарда кең қолдау тауып отыр. Олар әлемге дінаралық қарым
-
қатынастар туралы ғасырлар бойы қалыптасқан таптаурындарды
еңсеруге, ХХІ ғасырда жаһандық толеранттылық пен өзара түсіністіктің
іс
-
қимыл таныта алатын формуласын жасауға мүмкіндік береді. Мен
Әлемдік және дәстүрлі
діндер лидерлерінің V съезі осы мақсатқа
маңызды қадам жасауға көмектесетініне сенімдімін.
Барлық қатысушылар мен меймандарға жемісті жұмыс, пайдалы
үнқатысу және оң шешімдер тілегім келеді.
61
Құрметті рухани лидерлер!
V Съездің негізгі мәселесі діни және саяси лидерлердің қазіргі
әлемнің қауіпсіз және үйлесімді дамуы үшін маңызды рөлі мен
жауапкершілігін сезінумен байланысты. ХХІ ғасырда әлем басым
жағдайда терең діни болып қалуын жалғастыруда.
Үміт пен торығудың жаһандық барометрінің соңғы есептерінің
бірінде ұсынылған Gallup институтының деректеріне сәйкес, Жер
тұрғындарының жартысынан көбі –
шамамен 60 пайызы, өздерін діндар
адамдармыз деп есептейді. Әрбір бесінші адам өзінің діндар емес екенін
атап көрсетеді.
Технологиялық төңкерістер дәуіріндегі орнықтылық пен діни оқулар
ықпалдылығы сақталуының феноменін ХХ ғасырдағы итальян жазушысы
Чезаре Павезе өте дәл түсіндірді: «Дін, –
деп жазды ол, –
бұл сенім,
біздің басымыздан өтіп жатқандардың барлығы ерекше маңызды. Дәл
сондықтан ол әркез бізбен бірге болады». Бірақ бұл адам дамуында діни
қарама
-
қайшылықтар,
жақтырмаушылық,
жанжалдар
мен
конфессияаралық соғыстар оның өзгеріссіз серіктері болады дегенді
білдіре ме? Мен мұндай сауалға сенімді жауап беретіндердің
жақтастары болып табылмаймын.
Біріншіден, Махатма Ганди атап өткендей, «Құдайда дін жоқ».
«Біздің шіркеулік қоршау қалқаларымыз көкке дейін жетпейді», –
деген
еді ХІХ ғасырда православиелік философ митрополит Платон
Городецкий.
Мыңжылдық
тарихта
теологиялық
дискуссиялар,
саясаткерлер олардан соғыстар мен жанжалдар туындатқанша, тек сөз
жүзіндегі таластар күйінде қалып келген еді.
Екіншіден, әлемдегі барлық діндер сабырлылық пен төзімділікке,
күш қолданбау мен келісімге үндеп келеді. Қасиетті Құранда мынадай
сөздер бар: «Кім бір адамды өлтірсе, бұл бүкіл Адамзатты өлтіргенмен
пара
-
пар». «Бүкіл адамдар алдындағы ізгілік туралы ойланыңдар...
Барлық адамдармен бейбітшілікте болыңдар», –
осы үндеу христиандық
Жаңа өсиетте бар. Адамдар қылығы үшін жауапкершілікке шақыру сөзі
көне үнді Упанишадында айтылады:
«Бір шөп жұлынған кезде, бүкіл
дүние дірілдейді». Адамның бойында тек махаббат, жанашырлық және
ізгілік сезімдерін оята алатын сенім ғана нағыз сенім. Бұл ақиқат өткінші
емес, мәңгілік.
Үшіншіден, қазіргі заманғы тарих діни тұрғыдан толерантты
қоғамдар мысалдарын біледі. Мәселен, біз Қазақстанда бейбітшілікте,
келісімде және бір
-
бірімен өзара түсіністікте бейбіт қатар өмір сүріп келе
жатқан 18 конфессияның табысты моделін құрдық. Біздің діни
бірлестіктер туралы заңнамамыз теңдік пен ождан бостандығы
қағидатына негізделген. Біздің ширек ғасырға жуық тәуелсіздігімізде
Қазақстан рухани қайта өрлеу дәуірін бастан өткерді. Кеңес дәуірінде,
оның ішінде Қазақстанда да, атеизм орныққан болатын. Бірақ халқымыз
Құдайға сенімін жоғалтқан жоқ. Қазір елімізде 3312 мешіт, храмдар,
62
құлшылық үйлері, синагогалар мен басқа да ғибадат ету орындары
жұмыс істейді. Бізде діни бағыттағы 47 бұқаралық ақпарат құралы
басылып шығарылады. Елімізде 500
-
ге жуық шетелдік миссионер жұмыс
істейді. Ислам мен Христианның басты күнтізбелік даталары –
барлық
қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Елімізде жұмыс істейтін барлық
діндердің паствалары –
бір үлкен қазақстандық отбасының мүшелері.
Біздің бәріміз бірлесіп, дүрдараздық пен ұрыс
-
керіске орын жоқ жаңа ел
құрудамыз.
Біздің бәріміз бір мақсатқа
–
ХХІ ғасырдың ортасына қарай
әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарында тұратын өсіп
-
өркендеген
мемлекет құру мақсатына біріккенбіз. Біз алдымызға барлық
қазақстандықтардың Болашақтың біртұтас ұлты болуына қол жеткізу
міндетін қойып отырмыз. Оның басты негізі азаматтық теңдік пен
толеранттылық, ашықтық пен құқықтық тәртіп, ой
-
ниет пен әр адамның
өмірі үшін лайықты жағдай жасау бойынша практикалық істердің бірлігі
болып табылады. Оның ғасырлық мәні мынада: ұрпақтан
-
ұрпаққа,
дәуірден дәуірге бейбітшілік пен келісім құндылықтарын беру.
Биыл біз бірегей ұйым –
Қазақстан халқы Ассамблеясының
20
жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Ол түрлі этностық және діни
ұстанымдағы барлық азаматтардың келісімі мен толеранттылығының
арқаулық құндылығы мен берік тетігі болды. Біз бүкіл әлемге
мәдениеттер мен діндердің болмай қоймайтын
жанжалдары, тіпті, бір
қоғамның шегінде де жоқ екенін көрсеттік. Сондықтан, олардан
халықаралық саясаттың кез келген деңгейінде қашып құтылуға болады.
Біз қоғам ішіндегі толерантты қарым
-
қатынастар –
мемлекеттің де, діни
бірлестіктердің
де,
қатардағы
азаматтардың
да
ұғынықты
жауапкершілігінің мәселесі екенін айғақтадық. Астанада Әлемдік және
дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу тәжірибеміздің табыстылығын
біз жаһандық мойындаудың призмасы арқылы қарастырамыз.
Құрметті Съезге қатысушылар!
Діндер мен мәдениеттердің өзара қарым
-
қатынастары мәселесін
Жер шарындағы бейбітшілік пен тұрақтылық мүдделері тұрғысынан
талқылау біздің форумның айрықша ерекшелігі болып табылады.
Мұндай пікірсайыстың көкейкестілігін жаһандық ахуал дамуының үрейлі
аяқ алысы күшейте түседі. Бүгінде әлем қауіпті белгісіздік жағдайында
дағдарып тұр.
Біріншіден, жаһандық қауіпсіздік режимінің күрт әлсіреуі орын алды.
Және бұл үдеріс әлі де өз түбіне жетпегенге ұқсайды. Тежеу мен
арасалмақтарды ұстаудың халықаралық жүйесі жұмыс істемейді. Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі соңғы ондаған жылдар бойына қалыптасқан
жетекші мемлекеттер арасындағы сенім ахуалының жойылғанына өкініш
білдіруге тура келеді. Өзара санкциялық қысымдар әлемдік
экономикадағы ахуалды күрделендіруде. Ол таяуда ғана бастан өткен
63
жаһандық экономикалық дағдарыс зардаптарын тездетіп еңсеру
перспективаларын алыстата түсті. Сенімсіздік экономикалық қана емес,
сонымен бірге, елдер мен халықтар арасындағы гуманитарлық қарым
-
қатынастарға да теріс әсер етуде. Өзара туризм, мәдени алмасулар
қысқаруда, бір
-
біріне қарсы ақпараттық шабуылдар жүруде. Осының бәрі
–
тұрақсыздықтың, сенімсіздіктің, ошақты соғыстар мен қақтығыстардың
салдары.
Екіншіден, әлемде әскери және ішкі дау
-
дамайлар қауырт өсе түсті.
Украинаның шығысындағы жанжал еуропалық және жаһандық қауіпсіздік
деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Батыс Африкадан Ауғанстанға
дейінгі бүкіл аумақ қарулы қарсы тұрушылықтармен қамтылған.
Үшіншіден, халықаралық терроризм қатері «ислам мемлекеті» деп
аталатын іс
-
қимылдар пішінін қабылдады. Өздеріне қаратып алудың
жаһандық желісін пайдалану арқылы әлемнің түрлі елдеріндегі жастар
оның қатарына тартылуда. Жалған діни үндеулермен бүркемелене
отырып, содырлар өзге діндер өкілдерін, журналистер мен еріктілерді
жаппай өлім құштырудың жан
-
түршігерлік актілерін жүзеге асыруда. Біз
сіздермен
бірігіп,
мұндай
көзқарасқа
және
діннің
осындай
қаскүнемдіктеріне қарсы ортақ пікірімізді білдіруіміз керек. Олар Ирак пен
Сириядағы сан ғасырлық
мәдени мұраларды қасақана қиратуда. Мұның
бәрін ізгі ниеттілікке және адамгершілікке қарсы актілер демеске лаж
жоқ.
Төртіншіден, қазіргі заманғы әлемде аш және жоқ
-
жітік адамдар
азаймай отыр. Бүгінде, БҰҰ мәліметтері бойынша, 700 миллион бала
мен жасөспірім кедейшілік жағдайында өмір сүруде. Тағы 150 миллионы
–
тастанды балалар. Мектептердің болмауынан 100 миллион баланың
білім алуға мүмкіндіктері жоқ. 10 миллионы дәрі
-
дәрмек пен
медикаменттер
жетімсіздігінен
зардап
шегуде.
Әлеуметтік
қолайсыздықтың, ал одан кейін қылмыстың, әлеуметтік дүрдараздықтың,
терроризм мен экстремизмнің бастапқы ортасы да міне, осы.
Бесіншіден, рухани
-
өнегелілік құндылықтарды көмескілендірудің
жаһандық проблемаларын көрмеу де мүмкін емес. БАҚ
-
тар мен
Интернет
-
желілер арқылы балағат
сөздер, адамдардың рухани
бастауларын қорлау, қылмыстық көргенсіздік пен бетімен кетушілік,
«жаппай мәдениет» деп аталатынның жексұрын үлгілері кеңінен
таратылуда. Мұндай «жалған мәдениет» тасқыны, әсіресе, жастардың
балғын жан
-
дүниелерін ауыр жаралауда, отбасылық дәстүрлерге нұқсан
келтіруде, ұрпақтар арасындағы өзара байланысты күйретуде.
Осылардың бәрі –
қазіргі заманғы әлемдік тәртіпке, қауіпсіздікке, рухани
салт
-
дәстүрлер мен өркениет құндылықтарына төнген ауыр сын
-
қатерлер. Мен съездің пікірсайыс алаңдарында осы және басқа да
көптеген
проблемаларды
шешу
жолдарының
егжей
-
тегжейлі
талқыланатынына сенімдімін.
64
Бүгінде қауіпсіздік пен дамудың жаңа парадигмасын қалыптастыру
бойынша кең көлемді үнқатысуларды жолға қоюдың маңызы зор. Оның
негізінде тең құқылық, өзара құрмет, бір
-
бірінің мүдделерін мойындау,
ынтымақтастық, толеранттылық және өзара түсіністік қағидаттары болуы
тиіс. ХХІ ғасырда барлық салалардағы –
саяси, экономикалық, мәдени,
рухани салалардағы үнқатысуға балама жоқ. Бүгінде адамзат үлкен
материалдық, ғылыми
-
техникалық және интеллектуалдық мүмкіндіктерге
ие. Егер адамдар бір
-
бірімен бейбітшілікте және рухани келісімде өмір
сүріп үйренбесе, ешқандай прогресс болмайды. Адамзаттың болмысы
сондай, этностық, тілдік, діни және мәдени айырмашылықтар болжаулы
болашақта әркезде де бола бермек. Бірақ олар ажыратушы жіктер емес,
біріктіруші бастаулар болуы тиіс.
Мен «Бізді біріктіретіндердің өзі ажырататындардан едәуір асып
түседі», деген Рим Папасы Францисктің сөзін қолдаймын. Этносаралық
және дінаралық жанжалдарды қате саясаттың туындататынын ашып
айтқым келеді. Ол елдерді, адамдар мен қоғамды бүлдіреді. Біз бүгінде
де оны әлемнің түрлі түкпірлерінен көріп отырмыз. Бірақ халықтардың
өзара тартылысы, тілдерді, мәдениетті, рухани әлемді өзара тану, сауда
мен
тату көршілікті дамыту әркезде де мәңгілік болған, болып қала
береді. Және халықтар достығының осынау үрдісі әсіресе, жаһандану
ықпалымен ХХІ ғасырда күшейе түсуде. Рухани және саяси лидерлер
бірлесе отырып, адамзат әлемін неғұрлым өнегелі және толерантты
жасай алары анық.
Әлемдік және дәстүрлі діндердің V съезіне қорытынды декларация
қабылдауға тура келеді. Оған бүкіл әлем бойынша миллиардтаған
адамдардың мұң
-
мұқтаждары мен үміттерін бейнелейтін бірқатар
үндеулер қосуды ұсынамын.
Бірінші. Барлық әскери жанжалдарды тоқтату және бітім жариялау.
Барлық қарсы тұрушы тараптар келіссөздер үстеліне отырып, зорлық
-
зомбылықты тоқтату, бейбіт азаматтарды қорғау, бүкіл қарама
-
қайшылықтарды
бейбіт
жолмен
шешу
жөнінде
келісімдер
қалыптастыруы тиіс.
Екінші. Кез келген елде және мемлекетаралық қарым
-
қатынастарда
кез келген саяси қарама
-
қайшылықтарды шешудің күш қолдану тәсілдері
батыл түрде теріске шығарылуы керек.
Үшінші. Бүкіл жетекші державалардың саяси лидерлерін қазіргі
заманғы әлемдегі сенімсіздік шыңырауының ұлғая түсуін тоқтатуға
шақыру маңызды. Салдарынан «үшінші әлем» мен қарапайым адамдар
ауырырақ зардап шегетін өзара санкцияларды тоқтату қажет. Әлемді ХХІ
ғасырда «қырғи
-
қабақ соғыс» уақытының стереотиптерін, әсіресе,
блоктық ойлауды қайта жаңғырту қаупінен сақтандырудың маңызы зор.
Бүгінде қарама
-
қайшылықтарды реттеу, соғыстар мен дау
-
жанжалдарды
тоқтату
үшін
БҰҰ
мен
қауіпсіздіктің
өзге
де
халықаралық
құрылымдарының мүмкін деген барлық тетіктерін пайдалану керек.
65
Төртінші. Барлық адамдарды саналылыққа және Интернетті қоса
алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарын адамдар арасындағы дінаралық
араздықтарды тұтандыру үшін пайдалану тәжірибесін тоқтатуға шақыру
қажет. Бұл тұрғыда БАҚ
-
тардың қожайындары мен баспагерлерінің,
өздерін «төртінші билік» деп атайтындардың бәрінің моральдық
жауапкершілігін арттыру керек.
Бесінші. Мемлекеттер мен қоғамдарға кедейшілік, аштық,
эпидемия, жұмыссыздық, табиғи зұлматтар мен техногендік апаттар
проблемаларын шешу үшін күш
-
жігерді біріктіру өмірлік тұрғыда қажет.
Осының
бәрі
қауіпсіз
және
үйлесімді
әлемнің
жаңа
архитектурасының бөлігіне айналуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |