Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет1/41
Дата15.03.2017
өлшемі2,8 Mb.
#9668
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

1

Алматы 

«Сардар» баспа үйі 

2014 жыл

Мақалалар жинағы



2

Қ 23


ӘОЖ 81. 373

КБЖ  81.2  Қаз – 3



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіінің 

тапсырысы бойынша 

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен 

қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы» аясында шығарылды

Жауапты редактор:

филология ғылымдарының кандидаты Э.Ә.Өтебаева



Ғылымдағы ғұмыр. Мақалалар жинағы /Ә. Қайдар

 – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014. 512 – бет.

ISBN  978-601 – 7174- 42- 2 - Т.3. 

ISBN  978-601 – 7174- 45- 3

Жинаққа  белгілі  тіл  маманы,  филология  ғылымдарының  докторы, 

ҚР ҰҒА академигі Әбдуәли Қайдардың әр жылдары газет, журнал бет-

терінде жарияланған ғылыми мақалалар топтамасы берілді. 

Кітап қазақ тілінің бай қазынасын тереңірек білгісі келетін милли-

ондаған  оқушы,  студент  жастар  мен  зиялы  қауым  және  қалың  жұрт-

шылыққа арналған.

ISBN  978-601 – 7174- 42- 2 - Т.3. 

ISBN  978-601 – 7174- 45- 3

ӘОЖ 81.373

КБЖ 81.2  Қаз – 3

©  Қайдар Ә., 2014  

© «Сардар» баспа үйі,  2014



3

Алғысөз


Қазақ  тілін  түбегейлі,  терең  зерттеу  арқылы  ұлттың 

болмысын  танытқан,  ана  тілінің  қоғамдағы  орнын  анықтап, 

мемелекеттік  тілдің  мәртебесін  жоғары  деңгейге  көтерген,  аса 

көрнекті ғалым – ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, 

филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген 

Ғылым қайраткері Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар.

Қазақ  ғылымының  қара  шаңырағы  –  Ахмет  Байтұрсынұлы 

атындағы Тіл білімі институтында өтіп жатқан алпыс жылдан 

астам уақыт ішінде Ә.Т.Қайдар аспиранттан академикке дейінгі 

қызығы мен қиындығы мол жолды бастан өткеріп, іскер басшы, 

білікті  ғылыми  жетекші,  ғылым  болашағын  болжай  алатын 

талантты ұйымдастырушы ретінде танылды.

Ғалымның жалпы түркітану ғылымына, соның ішінде, әсіресе 

қазақ  тіл  білімі  мен  түркітану  саласына  қосқан  нақтылы  үлесі 

мен  сіңірген  еңбегі  оның  жариялаған  700-ден  аса  (жалпы  көмегі 

1000 б.т. астам) зерттеулерінен, оларда көтерілген сан алуан (50-

ден астам) лингвистикалық проблемалардың қажеттілігінен де, 

тақырыбынан да айқын көруге болады.

Ғалымның  «Қаңлы:  тарихи  шежіре»  (Алматы,  2003)  атты 

көлемді  монографиясы  мен  «Қазақ  қандай  халық?»  (Алматы, 

2008)  атты  монографиясы  және  3  томдық  «Қазақтар:  ана  тілі 

әлемінде» атты этнолингвистикалық сөздігі (2009; 2013) келешек 

ұрпаққа  ұлттық  қасиеттерімізді  басқа  бұлақтардан  емес,  тек 

тіл  бұлағынан  ғана  сусындай  білудің  нақты  дәйегін  көрсетеді. 

Соның  бір  нақты  айғағы  академик  Ә.Қайдардың  лексикография 

саласындағы  еңбектері:  «Ұйғырша-орысша  лингвистикалық 

сөздік»,  «Қазақша-орысша  бір  буынды  түбірлер  сөздігі»  (1986), 

«Уйгурско-русский  словарь»  (1961),  «Қазақ  тілінің  қысқаша 

этимологиялық  сөздігі»  (авт.  бірі)  (1966),  «Тысяча  метких  и 

образных выражений: казахско-русский фразеологический словарь 

с  этнолингвистическими  пояснениями»  (Астана,  2003),  «Халық 

даналығы  (қазақ  мақал-мәтелдерінің  түсіндірме  сөздігі  және 

4

зерттеу)»  (Алматы,  2004),  «Қазақ  тіліндегі  қос  сөздер:  зерттеу 

және сөздік» (Алматы, 2013) т.б. 

Академик Ә.Қайдар өзінің үздік өнегесімен ғана емес ғылымда 

еліміздің  рухани-мәдени,  саяси-әлеуметтік,  білім  мен  ғылым 

жүйесіндегі ғылыми зерттеу мен кадр дайындауды ұйымдастыру, 

тіл  саясаты  мен  мемлекеттік  тілдің  қызметінің  жүзеге 

асырылуы  ісіне  қоғам  қайраткері  ретінде  де  белсене  араласып, 

азаматтылықтың  жоғары  деңгейінен  көрініп  келеді.  Мұны 

ғалымның  60  жыл  бойы  атқарып  келген,  әлі  де  жалғастырып 

отырған еңбек жолы айқын көрсетеді.

Ә.Қайдардың 

түркітану, 

алтайтану 

проблемасына 

қосқан  үлесі  мол.  Ғалым  бұл  мәселелерді  зерттегенде  ғылыми-

теориялық және тарихи тұрғыдан жүйелеп зерттеу, тіларалық, 

құбылыстарды  айқындау  және  алтай  тобына  енетін  жапон, 

моңғол,  корей,  тұңғыс-манжүр  тілдерінің  түркі  тобындағы 

тілдермен  тектік,  тарихи  жақындығы  мен  қарым-қатынасын 

айқындау мәселелеріне баса назар аударды.

Академик Ә.Қайдардың бұл саладағы зерттеулеріне түркология 

тарихын  жүйелі  зерттеуге  арналған  профессор  М.Оразовпен 

бірігіп жазған «Түркітануға кіріспе» оқулығын, жалпы түркология 

проблемаларына,  түркі  тілдерінің  өзара  қарым-қатыстарына, 

ұйғыр  мен  қазақ  тілдерінің  кеңес  дәуірінде  дамуының  ортақ 

заңдылықтарына  және  алтай  тілдері  тобындағы  тілдердің 

өзара ұқсастығы мен жақындығына арналған еңбектерін атауға 

болады.  Жеке  монография,  оқулық,  сөздік,  топтама-жинақ, 

мақала  түрінде  дүниеге  келген  бұл  еңбектер,  мәні  мен  маңызын 

айтпағанның  өзінде,  тек  олардың  ауқым-аумағының  өзі-ақ 

ғалымның  көп  жылдар  бойы  тынбай  жүргізген  зерттеулерінің 

нәтижесі екендігі белгілі.

Қазақ,  ұйғыр  тілдерінің  даму,  қалыптасу  тарихы  ғалымның 

назарынан  тыс  қалған  емес.  Ұйғыр  тіл  білімінің  қалыптасуы 

мен  дамуына  елеулі  үлес  қосқан  Ә.Қайдардың  еңбектері  осы 

заманғы  және  көне  ұйғыр  тілін  зерттеуге  арналды.  Ол  совет 

ұйғыр әдеби тілінің қалыптасу заңдылықтары мен дамуын, оның 

5

фонетикалық  және  диалектикалық  ерекшеліктерін  зерттеу 

жөнінде  бірқатар  құнды  еңбектер  жариялады,  сонымен  қатар 

ұйғыр әдеби тілінің грамматикалық құрылымы жете зерттелген 

екі  томды  монографиялық  еңбектің  авторларының  бірі  болды. 

Жинақта  ғалымның  ұйғыр  тіл  білімін  зерттеуге  арналған 

мақалалары топтастырылып берілді. 

Бүгінгі  таңда  жастардың  тәрбиесі,  оларға  жүйелі  де  терең 

білім беру – оқу-ағарту саласында қызмет етуші қауымды қатты 

толғандырып,  ойландыратын  күрделі  де  жауапты  мәселелердің 

бірі.  Осыған  орай  жинақта  академик  Ә.Қайдардың  көтерген 

нақтылы мәселелерін, атап айтқанда: оқу-ағарту ісін баяндайтын 

мақалалары,  жеке  авторлардың  еңбектері  мен  оқулықтарына 

жазылған сын-пікірлері берілді. 

Бүгінде  90  жас  жасап  отырған  ғалым  Әбдуәли  Туғанбайұлы 

Қайдардың  жарты  ғасыр  барысында  жарияланған  мақалаларын 

тақырыптық топтарға бөліп, бүгінгі оқырман назарына ұсынып 

отырмыз. 

Сөз  соңында  осы  еңбектің  өз  деңгейіне  сай  сапалы  болып 

шығуына  белсене  атсалысқан  А.Байтұрсынұлы  атындағы 

Тіл  білімі  институтының  басшылығы  мен  шәкірттері  – 

филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Ж.Манкееваға, 

филология ғылымдарының кандидаты Э.Өтебаеваға, магистрлер 

Г.Тлегеноваға, М.Құсмолдановаға зор алғысымызды білдіреміз. 

6

ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ АЛТАЙТАНУ



Түркітану (түркология) мен алтайтану (алтаистика) түркі тілдері 

мен  алтай  тобына  жататын  моңғол,  тұңғыс-манжұр,  жапон,  корей 

тілдерінің туыстығын тарихи-салыстырмалы тәсілдер арқылы зерттейтін 

ғылым салалары десек, бұл салаларда да академик Ә.Қайдардың қосқан 

үлесі баршылық деп айта аламыз.

Айта  кету  керек,  түркітану  –  өлі-тірі  түркі  тілдерінің  өзара  алыс-

жақын  туыстығын,  дамуындағы  ұқсас  заңдылықтары  мен  өзіндік 

ерекшеліктерін айқындаудың бір тәсілі.

Бұл  екеуі  –  астарлас,  тамыры  алыста  жатқан,  түп-төркіні  мен 

өзара  алыс-жақындығы  әлі  күнге  дейін  толық  айқындала  қоймаған 

қос-егіз  проблема.  Сондықтан  да  болар,  жеке  тіл  табиғатын  зерттеуші 

ғалымдардың  көбі-ақ  ол  жөніндегі  бір  ауыз  болса  да  өз  пікірін  ортаға 

салуға  тырысады.  Түркі  тілдерін  өзара  салыстыра  зерттеу  екі  айнаны 

қарсы  қойып,  бірін-бірін  айқынырақ  көру  сияқты  болса,  алтай  тобына 

жататын  тілдері  салыстыру  –  жат  болып  кеткен  жұрттардың  арасынан 

туысқанын іздеумен барабар. 

Академик  Ә.Қайдардың  бұл  екі  саланың  екеуіне  де  қызығуының 

және  бұл  салалар  бойынша  пікір  айтуға  талпынуының  басты  себебі 

–  зерттеп  жүрген  тілдерінің  табиғатын  тереңірек  білу,  олардың  алып 

отырған орнын анықтап, ортақ, сәйкес, ұқсас заңдылықтарды зерделеу 

арқылы сөз тұлғаларына этимологиялық талдау жасау. Осы мақсаттарға 

орай ғалымның бұл салалардағы зерттеулерін үш топқа бөліп қарастыруға 

болатын  сияқты,  олар:  1)  ғылыми-теориялық  және  тарихи  тұрғыдан 

жүйелеп зерттеу; 2) тіларалық ортақ құбылыстарды айқындау; 3) алтай 

тобына  енетін  жапон,  моңғол,  корей,  тұңғыс-манжұр  тілдерінің  түркі 

тобындағы  тілдермен  тектік  (генеологиялық),  тарихи  жақындығы  мен 

қарым-қатынасын айқындау мәселелеріне барып саяды.

Академик  Ә.Қайдардың  бұл  саладағы  зерттеулерін,  міне,  осы 

тұрғыдан  қарастырғанда  олар  ең  алдымен  түркология  тарихын  жүйелі 

зерттеуге  бағышталған  (проф.  М.Оразовпен  бірлікте  жазылған)  мына 

еңбекті (( бірінші басылымы – «Түркологияға кіріспе» (Алматы, «Мектеп», 

1985, 166 б.), жөнделіп, толықтырылған екінші басылымы – «Түркітануға 



кіріспе» (Алматы, «Қазақ университеті», 1992, 248 б.)) атай аламыз. Жер 

жүзі және отандық түркітану ғылымының пайда болу, қалыптасу тарихын 

жүйелі түрде баяндайтын бұл еңбек республикадағы университеттер мен 


7

педагогика  институттарының  филология  факультеттері  студенттеріне 

арналған оқу құралы ретінде білім берудің бір бұлағы болып келеді. 

Ғалымның  жалпы  түркология  проблемаларына  («Түркология»// 

Қазақ  ССР,  4-томдық  қысқаша  энциклопедия.  Алматы,  1988,  3-том, 

552-554  б.  т.б.)  қатысты  да,  түркі  тілдерінің  өзара  қарым-қатынасына 

бағышталған  («Различные  способы  выражения  одних  и  тех  же 

грамматических отношений в близкородственных языках». // Советская 

тюркология,  1972,  №2,  C.  16-22.  «Қазақ  және  ұйғыр  әдеби  тілдерінің 



совет дәуірінде дамуының ортақ заңдылықтары» // Вест. АН КазССР, 

1973,  №8,  C.  51-58;  «Некоторые  аспекты  взаимодействия  уйгурского 



языка  с  казахским»  //  Местные  особенности  в  казахском  языке.  Алма-

Ата,  “Наука”,  1973,  C.  24-31;  «Фонетические  факторы,  приводящие  к 



семантической дифференциации слов в тюркских языках» // Тюркское 

языкознание…, Ташкент, 1985, C. 262-268), т.б. еңбектерді атауға болады.



Алтайтану  саласындағы  ғалымның  зерттеулері  мен  пікірлері 

негізінен  алтай  теориясына,  әсіресе  осы  топтардың  өзара  ұқсастығы 

мен жақындық деңгейіне бағышталады. «Алтайстика»// ҚСЭ, Алматы, 

1972.  1-том,  292  б.  Бұл  бағыттағы  ізденістерінің  біразын  біз  түркі-

моңғол,  ұйғыр-моңғол  тілдік  қатынастарына  («О  некоторых  общих 

тюрко-монгольских однокорневых основах» // Якутский филологический 

сборник.  Якутск,  1976,  C.  23-30;  «К  характеристике  однокорневых 



уйгурско-монгольских производных основ»// Cибирский тюркологический 

сборник.  Новосибирск,  1976,  C.  125-137;  «К  проблеме  уйгурско-



монгольских  языковых  контактов»  //  Исследования  по  уйгурскому 

языку. Алма-Ата, «Наука», 1988, C. 6-26, т.б.) бағышталған еңбектерден 

көреміз.

Қазақ және басқа да түркі тілдерімен жапон, корей, моңғол тілдерінің 

туыстығынан туындаған алтай теориясы (жобасы) туралы өз көзқарасы 

мен идеясын зерделей түсу мақсатымен академик Ә.Қайдар бұл іске осы 

тілдердің  мамандарын  тартып,  тақырып  беріп,  бағыт-бағдар  көрсетіп, 

диссертация қорғатып келеді. Осы орайда ғалымның шәкірттері Базылхан 



Бұхатұлының қазақ, моңғол тілдерінің, Эрколь Әзербаевтың қазақ және 

басқа  түркі  тілдері  мен  жапон,  тұңғыс-манжур  тілдерінің,  ал  Чу  Мин 



Хоның  қазақ  және  корей  тілдері  қарым-қатынастарына  бағышталған 

арнайы зерттеулерін атауға болады.

Ғалымның әр жерде айтылып, жазылып жүрген идеяларына зерделеп 

қараған  адам  оның  «Алтай  болжамының»  болашағына  сенетіндігін, 

түркі-моңғол тілдерінің бір буынды байырғы түбір сөздер деңгейі мен 


8

грамматикалық  құрылым  жүйесіндегі  туыстығын  мойындайтығын 

аңғарады. 

Міне, осы аталған еңбектермен басқа да істеліп жатқан жұмыстардың 

аумағы  мен  салмағы,  тақырыбы  мен  мазмұнын  бағамдап  қарағанда, 

ғалым  Ә.Қайдарды  тек  екі  –  қазақ  және  ұйғыр  тілі  –  шеңберінде  ғана 

емес,  сонымен,  қатар  жалпы  түркітану  мен  алтайтану  саласында  да 

еңбек еткен түрколог – алтаист ғалым деп тануға толық негіз бар. Тіл 

білімі әлемінде ол солай танылып та жүр. Кезінде (1972) СССР Жоғары 

Аттестация Комисиясы «Түркі тілдерінің профессоры» атағын бергенде 

оның  осы  түркология  саласындағы  ғылыми-педагогтік  еңбектерін 

ескергені мәлім. 



Түркология

Түркология  –  Шығыстану  ғалымының  жеке  саласы,  түркі  тілінде 

сөйлейтін халықтардың тілін, тарихын, әдебиетін, мәдениетін зерттейтін 

ғылымдар  жиынтығы.  Атаудың  шығу  тарихы  ежелгі  заманнан  белгілі 

түркі  тілінде  сөйлейтін  этникалық  топтарды  зерттеуге  байланысты 

болды. Түркі атауы алғаш рет Орхон-Енисей (қ. Орхон – Енисей жазба 



ескерткіштері),  ежелгі  ұйғыр,  манихей  т.б.  жазба  ескерткіштерінен 

белгілі. 19 ғ-дың 2-жартысынан кейінгі ғылыми әдебиеттерде «түрік» сөзі 

кең  мағынада,  Түрік  (Осман)  империясында  жасаушыларға  да,  жалпы 

түркі  халықтарына  да  қатысты  айтылып  келді.  Сонымен  қатар  түркі 

тілінің  жалпы  атауы  «түркі-татар»,  «түрік-татар»  тілдері  деп  бөлінді. 

Атаудың ғылыми-шығыстану әдебиетінде жүйеге келтіріліп, барлық түркі 

халықтарының тілдерін «түркі тілдері» деп, осман түріктерінің тілін ғана 

«түрік тілі» деп атауы соңғы 30–40 жылдың ішінде ғана жүзеге асырылды. 

Түркология саласы ғылыми пән ретінде Орхон – Енисей, ежелгі ұйғыр 

жазба  ескерткіштерінің  табылуына,  әрі  зерттелуіне  байланысты  дами 

бастады.  Бұл  жазбалар  Орталық  Азия,  мен  өзге  де  аймақтарды  мекен 

еткен ежелгі түркі тайпаларының, алғашқы мемлекеттік бірлестіктерінің 

тарихын,  олардың  тілін,  көркем-әдеби  ескерткіштерін,  рухани  және 

материалдық  мәдениетін  зерттеу  үшін  аса  бағалы  деректеме  болды. 

Бұдан кейін түркология орта ғасырдағы араб, парсы тілінде, түркі тілінде 

жазылған  тарихи  жылнамаларды,  филологиялық  және  географиялық 

шығармаларды зерттеу негізінде дамыды. Түркологияның филологиялық 

пән  ретінде  дамуына  19–20  ғ-ларда  көркем  әдебиет  трактаттары  мен 

филологиялық  шығармалардың  жариялануының,  әрі  зерттелуінің  зор 

маңызы  болды.  Оларға  түркі  тайпаларының  лингвистикалық  тарихи-

этнографиялық  фольклорлық  деректері  белгілі  жүйеге  келтіріліп 


9

жазылған  алғашқы  ғылыми  еңбек  –  Махмұд  Қашқаридың  «Диуани 

лұғат ат-түрік» (11 ғ-дың 2-жартысы) атты сөздігі, Жүсіп Баласағұнидің 

«Құтадғу білік» (1969 ж., «Құт негізі – білік») атты әдеби-дидактикалық 

шығармасы,  Орта  ғасырдағы  түркі  халықтарының  тарихынан,  шығу 

тегінен  мәліметтер  берген  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың  «Тарихи 

Рашиди»,  Қадырғали  Жалаиридың  «Жылнамалар  жинағы»,  Рашид  ад-

диннің «Жами ат-тауарих» т.б. шығармалары жатады. Бұл еңбектердегі 

лингвистикалық, тарихи, этнографиялық, фольклорлық т.б. деректемелер 

түркі ғылымын зерттеуші ғалымдарға түркі халықтарының қалыптасуына 

дейінгі  ежелгі  және  орта  ғасырлық  тарихын,  түркі  халықтарының 

көптеген  ру-тайпалық  одақтар  мен  бірлестіктердің  тарихын  белгілі 

дәрежеде толығырақ жазуға, қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Мұның 

бәрі түркологияның қалыптасуына, орнығуына жағдай туғызған (19 ғ-дың 

2-жартысы, 20 ғ-дың 1-жартысы) кезең болды. Оның ілгері дамуы түркі 

тілдеріндегі жаңа жазба әдеби деректердің табылуына, жекелеген түркі 

халықтарының мәдени-экономикалық процесін, олардың тіл ерекшелігін 

зерттеуге байланысты еді.

Беделді  түркологтардың  пікіріне  қарағанда,  ежелгі  руникалық 

ескерткіштердегі  жазулардан  басталатын  түркі  тайпаларының, 

халықтарының  жазба  әдеби  дәстүрлері  бір  жазудан  бір  жазуға  (ежелгі 

ұйғыр, манихей, брахма, араб) алмасып, немесе қатар қолданыла отырып, 

олардың бүкіл тарихи өркендеу кезеңдерінде, бірде-бір үзіліске ұшыраған 

емес.  Бұл  дәстүрдің  гүлденген  кезі  13–17  ғ-лар  болды.  Сол  кезеңде 

екі  мәдени  орталықта:  батыста  –  Салжұқ  әулетінің  мемлекеттерінде, 

Түркия  мен  Әзербайджанда,  ал  шығысында  –  Қашқарияда,  Хорезмде, 

Бұхара мен Самарқанда дамыды. Бұл орталықтардағы көптеген көркем-

әдеби  ескерткіштер  көне  түрік  (көне  осман),  көне  азербайджан  және 

орта  Азиялық  классикалық  түркі  әдеби  тілінде  жазылды.  Мұның 

соңғысына 14–17 ғ-лар аралығындағы түркі тілінің шығыс аймағында, 

Шыңғыс  ханның  ұлдары  билеген  өлкенің  көптеген  ескерткіштері 

жатады. Түркологияда қалыптасқан дәстүр бойынша Шағатай ұлысында 

жазылғандықтан шағатай жазбалары аталады. Сол кезде орта Азия мен 

Қазақстанның және Шығыс Түркістанның аймақтарындағы орта Азиялық 

түркі әдеби тілі көне өзбек әдеби тілінің ғана негізін қалап қойған жоқ, 

сонымен қатар белгілі аймақтардағы жергілікті тілдердің (татар, башқұрт, 

қазақ, ұйғыр т.б.) негізінде үйлесімді әдеби тілдің қалыптасуына ықпал 

жасады.  Шығыста  сондай-ақ  Европада,  түркі  тайпалары  туралы  және 

филологиялық, географиялық т.б. мәліметтер түркология қалыптасқанға 



10

дейін  де  белгілі  болды,  әрі  ол  ғылым  ретінде  де  танылды.  Бірақ  та 

Шығыс елдерінде болған европалық саяхатшылардың, елшілердің, жер 

аударылғандардың, тұтқындардың жол жазбаларында, күнделіктерінде, 

әрі мәліметтері мен естеліктерінде түркі тайпалары туралы бірегей толық 

емес  үзінді  мәліметтер  ғана  келтірілген.  Бұл  жайында  түркологиялық 

әдебиеттерде  Европа  түркілер  туралы  хунндардың  басқыншылығы 

(4  ғ-дың  ақыры)  кезінде  ғана  білді  деп  айтылады.  Бұдан  кейін  Европа 

ғылымы  11–13  ғ-ларда  Византия  мен  кресшілердің  салжұқтарға  қарсы 

күресі кезеңінде түріктерге баса назар аударды. Ал Европа ғылымының 

түріктердің  (осман)  тарихын  зерттеуге  жіті  көңіл  бөлуі  олардың 

Константинопольды (1553) жаулап, Европаға басып кіру қаупі туғаннан 

кейін басталды. Бұл кездің өзінде Византия мен грек тарихшыларының 

еңбектері  арқылы  Кіші  Азиядағы  Салжұқ  мемлекеті  және  Түрік 

мемлекетінің  ежелгі  тарихы  жайында  жеткілікті  деректерге  ие  болған 

еді.  14–16  ғ-ларда  түрік  тұтқынынан  босап  қайтқан  европалықтардан: 

баварлық Ханс Шильтбергер, француз Бусико, славяндық В. Георгиевич, 

сондай-ақ  көптеген  елшіліктер  мен  саяхатшылардың:  саксондық  Адам 

Олеаридің,  фламандық  В.Рубруктің,  венециандық  Марко  Полоның, 

австриялық  О.Бусбектің,  С.Герлахтың,  чех  Вратиславтың,  ирландық 

Пьетро делл Валленың, поляк Старовольскийдің т.б. естеліктері жарық 

көрді.  Шығыс  елдерге  саяхат  жасаған  Марко  Поло,  В.Рубрук  т.б. 

этнографтік,  лингвистік,  географиялық  құнды  деректері  бар  еңбектері 

европалықтардың  түркі  халқы,  жұрты  жайындағы  ұғымын  кеңейтіп 

қана  қоймады,  олардың  материалдық  және  рухани  мәдениетін  одан 

әрі  тереңірек  зерттеуге  жағдай  туғызды.  Бұл  жағынан  салжұқтар  мен 

османдар ұтымды болды. Мыс, бұл халықтардың тарихы туралы армян 

тарихшысы  Г.Даранагецтің  «Жылнама»  аталатын  топтама  жинағын, 

Константинопольдегі  флорентилік  елшіліктің  хатшысы  Филипп 

Ардженти түрік үйренушілерге арнап шығарған (1533) оқулығын, Италия 

монағы Пьетро Феррагути құрастырған (1611 ж. Қолжазба) түрік тілінің 

грамматикасын  (алғашқы  ғылыми  грамматиканы  1612  ж.  Иеранимус 

Мегизер Лейпцигте басып шығарған) атауға болады.

Осман  түріктердің  тарихын,  этнографиясын,  тілі  мен  әдебиетін, 

материалдық және рухани мәдениетін, т.б. зерттеу 18-ғ-дағы батыстың 

шығыстанушыларының  негізгі  зерттеу  негізгі  нысанасы  болды  да, 

сол  кездегі  түркологияның  бағытын  анықтады.  Бұл  бағыт  18  ғ-дың 

2-жартысында дүниежүзілік түркологияның қалыптасу кезеңінде ғылыми 

жұртшылыққа  танылды  да,  Европадағы  түркологиялық  зерттеулердің 


11

орталығы ретінде қызмет атқара бастады. Осы кезеңде түркі еліне деген 

ынта Россияда да етек ала бастады. Россия империясынан алыс-жақынды 

шет аймақтарда мекендейтін түркі тайпалары мен халықтары жайында 

мәлімет біртіндеп жинақтала берді. Түркі мен түрік жайындағы алғашқы 

дерек  орыс  жылнамасында  («Повесть  временных  лот»)  және  жеке 

шығармалар  (Нестер  –  Искандердің  «Царьгород  туралы  повесі»),  Иван 

Пересветовтың түріктер жайындағы Иван Грозныйға тапсырған трактаты, 

Андрей Лызловтың «Скиф тарихы», молдаван ғалымы Дм. Кантемирдің 

екі томдық түркия тарихы т.б.

Түркологияның Россияда пайда болуы мен өркендеуіне екі жағдай 

себеп болды: біріншіден, барлық түркі халқы (түріктер мен ұйғырлардан 

өзгесі)  негізінен  Россияның  территориясын  және  оның  шет  аймағын 

мекендеді;  екіншіден,  патшалы  Россия  озық  мәдениетті  елдерге  әлі 

танымал  емес,  өзінің  шығыстағы  көршісін  жіті  тануға  ынталы  еді. 

Россияның  шығыс  аймағындағы  жаңа  жерді  игеру,  Орта  Азия  мен 

Қазақстан, Закавказье, Қытай мен Үндістан, Кіші Азияда экономикалық, 

мәдени және саяси ықпалын кеңейту мақсатымен Петр І-нің ұйғарымымен 

көптеген  ғылыми  барлау  экспедициялары  ұйымдастырылды  және  әр 

түрлі  (дипломатиялық,  миссионерлік  діни  т.б.  миссиялар  нысаналы 

тапсырмаларға қоса бұл өлкедегі шығыс халықтары, оның ішінде түркі 

халықтары  туралы  (тарихи-географиялық,  лингвистік,  географиялық 

т.б.) деректер жиналды. Петр І-нің осындай қызметінің арқасында 1696–

99 жылдары С. Е. Релизов Сібір мен Қазақстанның нақтылы картасын 

құрастырды, онда тұңғыш рет Каспий мен Арал жеке көрсетілген. Соған 

қоса Тәуке ханның иелігі жайындағы қызықты материал жиналды. 1700 

ж. Хиваның ханы Шах Ниязға, 1703 ж. Бұхардың ханы Араб Мұхамедке 

орыстың қоластына өткендігі жайында грамота тапсырылды. Үндістанға 

жол ашу үшін Петр I 1714 ж. Каспий мен Әмудария ойпатына Дәулеткерей 

(А. Б. Черкесский) бастаған экспедиция жөнелтті, мұны 1716 ж. Хиуа ханы 

жойып  жіберді,  бірақ  кейіннен  осы  экспедицияға  қатысып,  тұтқыннан 

босаған шведтер мен немістердің айтуынша, кейінірек бостандық алған 

швед  офицері  Филипп  Иоган  Страленберг  Каспий  мен  Арал  теңізінің 

картасын  құрастырып,  бастырып  шығарды.  Сенаттың  Указы  бойынша 

Түркияны  зерттеу  үшін  түрік,  араб,  парсы  тілін  білетін  мамандар 

даярландырылды. Түркия және басқа шығыс мемлекеттерінің мәселесі 

бойынша  Ііетр  І-нің  кеңесшісі  шығыс  зерттеуші  ғалым  Дм.  Кантемир, 

(1673–1723) болды. Ол Түркия туралы 2 кітап жазып, оны араб әрпімен 

Россияда басып шығарды. 1722 ж. Петр I Иранға жасаған жорығы кезінде 


12

жол-жөнекей бұлғар қаласының орнынан татар, армян тілінде жазылған 

жазба ескерткіш тауып, мұны орыс тіліне аударуға бұйрық берді.

Шығыс және түркі халықтарын жан-жақты зерттеу жөніндегі Петр 

І-нің белсенді харекетінің арқасында, 1729 ж. Россия Академиясының, 

академиялық гимназиялардың (Қазанда, Астраханда), университеттердің 

(Петербургте,  Харьковте,  Қазанда)  ашылуына  байланысты  бүкіл  елде 

орыстың шығыстану ғылымы, оның ішінде түркология едәуір дәрежеде 

бел  алып,  жүйелі  де,  белгілі  бағытта  ғылыми  жұмыс  жүргізді.  Ғылым 

Академиясын  ашу  туралы  (1724)  Указда,  жоғары  дәрежелі  ағзам 

Академия ашуға нұсқау бере отырып, онда тілдер, тағы басқа да ғылымдар 

үйретілсін, көркемсурет дамытылып, ғылыми кітаптар аударылсын деп 

көрсетті.

Сол нұсқау ішінде түркі тілдері де ескерілген. Мұны жүзеге асыру 

Россияның ғалымдарына (В. Н. Татищев, Г. Гмелин, К. А. Кондратьев, 

Г.И.Спасский, П. И. Рычков, И. Гиганов т. Б.), соның ішінде түркі тілдес 

халықтардың  уәкілдеріне  де  (С  Халфин,  М.  Абдурахманов)  жүктеліп, 

Европа елдерінен еңбегімен аты шыққан белгілі шығыстану ғылымының 

зерттеушілері  де  (Г.  С.  Байер,  Г.  Я.  Кер,  Г.  Ф.  Миллер,  Г.  Клапрот, 

П.С.Паллас  т.  Б.)  шақырылды.  Бұлардың  тыңғылықты  зерттеулерінің 

арқасында  18  ғ-дың  2-жартысында  Шығыстану  ғылымының  тармағы 

ретінде  түркологиялық  зерттеу  комплексті  сипат  алып,  көп  салалы 

ғылымға  айналды.  Бұл  кезеңде  Россияның  шеткі  аймағындағы  түркі 

халықтары  бар  тарапынан,  тарих,  этнография,  тіл,  әдебиет  және 

география, экономика тұрғысын да зерттелді. Мыс, Россияда шығыстану 

ғылымының  өркендеуінде  Г.  З.  Байер  үлкен  рөль  атқарды.  Оны  А.  Н. 

Кононовтың пікірінше Россия Академиясын Шығыстану Академиясына 

айналдыру  жөнінде  жоба  жасаған  тұңғыш  ғалым  кезінде  М.  А. 

Ломоносов  қолдаған.  Петр  I  кезінде  ҒА-сы  ұйымдастырған  көптеген 

экспедицияның ішінен Кавказ бен Волгаға жіберілген Г. Шоюердің (1717–

20) экспедициясын, Батыс Сібір, Даурия, Монғолияға жөнелтілген Д.Г. 

Мессершмид экспедициясын (бұған Н. И.Страленбергтің ат салысуымен 

«Ұлы Татарияның географиялық жаңа жазбасы», «Европаның солтүстік 

және шығыс бөлігі» атты кітап жазып, 32 шығыс тілінің салыстырмалы 

кестесінің  қолжазбасын  қалдырған)  ерекше  атап  айтуға  болады.  А.  Н. 

Татищев есімі «Россияның тарихы, географиялық, саяси және азаматтық 

лексиконы»  (1–3-бөлім),  Г.  Ф.  Миллер  есімі  «Сібір  патшалығы  және 

ондағы оқиғалар жазбасы» (1760), мұны И. Э. Фишеров қысқартып, «Сібір 

тарихы» (1774) деген атпен басып шығарған шығармаларымен танылды. 


13

Түркі-орыс,  орыс-түркі  сөздігін  құрастыру  жөнінде  үлкен  жұмыс 

жасалған,  мұның  қолжазбасы  бүгінде  СССР  Ғылым  Академиясының 

Ленинград бөлімшесіндегі Аделунг архивінде сақтаулы.

18  ғ-дың  ақырында  Россия  түркологиялық  зерттеулердің  екінші 

орталығына  айналды  да  бірқатар  проблемаларын  алғаш  зерттеп  ғана 

қоймай, оның кейбір мәселелерін аумақты да терең зерттеу дәрежесіне 

көтерді. Осы кезеңде отандық және Европалық түрколог ғалымдардың 

арасында  ғылыми  творчестволық  байланыс  орнап,  олардың  ынтымақ-

бірлестігімен  жүргізілген  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  елеулі  нәтиже 

берді.  Бұған  дейін  Россиядағы  көптеген  түркі  халықтарының  тарихы 

мен  мәдениетін,  тілі  мен  фольклорын  және  Орхон-Енесей  мен  Талас 

руникалық  ескерткіштерін,  ежелгі  ұйғыр  жазуын,  манизей,  брахма 

жаяуларын,  орта  ғасырдағы  араб  жазба  ескерткіштерін  зерттеген 

ғалымдардың ғылыми жұмысы бұдан кейін ғылыми таным дәрежесінде 

болса,  енді  19  ғ-да  бұл  халықтар  үшін  практикалық,  өмірге  үйлесімді 

мәнге ие болды. Россия шын мәнінде түркологияның отанына айналды. 

19 ғ-да түркология тарихы одан әрі өркендеу сипатта болып, Шығыстану 

ғылымынан дараланып, өз сүресіне түскенімен әлі де болса 18 ғ-да зерттеу 

жүргізіле  бастаған  салалары  толық  қамтылмады.  Шығысты  зерттеген 

орыс ғалымдарының еңбектеріне шолу жасай келіп, В.В.Бартольд: бұл 

тараптан орыс ғылымы, әсіресе 19 ғ-да едәуір табысқа қолы жетсе де, 

бірақ  мүмкіндігінен  деңгейі  әлі  де  төмен,  Россияның  географиялық 

жағдайы, халықтардың құрамын Ұлы Петрден басталған сан ұрпақтың 

еңбегін ескергенде бұдан қомақты болса керек еді деп жазды.

Әрине,  патшалы  Россия  жағдайында  түркологияның  жүйесінен 

жоспарлы зерттеуді күту мүмкін емес-ті, мұндай жағдайға түркі тілдес 

халықтардың  қолы  Советтік  заманда  ғана  жетті.  Дегенмен  19  ғ-да, 

одан кейін де, әсіресе түркі филологиясы саласында өте құнды зерттеу 

жүргізген  орыс  түрколог  ғалымдарының  еңбегін  атамасқа  болмайды. 

Бұл  кезеңдегі  (19  ғ.)  Түркияның  түркологиялық  зерттеушілері  орта 

ғасырдағы  жазба  ескерткіштері  мен  жылнамаларды  (Ибн  Биби, 

Ақсарайын, Ашықпашазаде, Нешури, Лютфи-паша, Эвлия Челеби, Кятиб 

Челеби, Васиф, Джевдет т.б.) зерттеп, жариялаумен көбірек айналысты. 

Бұл  жұмыстарды  Стамбул  университетінде  және  «Осман  тарихының 

қоғамында»  (1910  ж.  құрылған)  түрік  ғалымдары  жүргізді.  Мұнда 

түріктердің өз тарихы мен тілін зерттеумен қатар жалпы түркологияны 

зерттеу  проблемасы  да  мақсұт  етілді.  Түркологияның  тарихында  түрік 

ғалымдарының  1  ғ-дағы тарихи-филологиялық зерттеуінің үлкен маңызы 


14

бар. 1930 жылдан бастап Түркиядағы түркологияның орталығы «Түрік тарих 

қоғамы» (1930 ж.), лингвистикалық қоғамы», (1932, О. А. Ақсой, А. С. Левенд, 

X. Эрен, З. Корқмаз, В. Хатибоғлу, А. Дильчар т. б.) болып отыр. Сонымен 

қатар  Стамбул  университетінің  әдеби  факультеті,  осы  университеттегі 

түркология мен ислам зерттеу институты, Анкар университетінің тіл, тарих, 

география  факультеті  және  соның  жанындағы  түркология  институты, 

Эрузрум университеті де айналысады. Мұндағы ғылыми орталықтарда орта 

ғасырдағы мол қолжазбаларды, Түркияның жаңа тарихы, қазіргі тарихын 

да (И. Ұзынчаршылы, О. Л. Бархан, Т. Гёкбельгин, М.Агдаг, X. Иналджик, 

Ю. X. Баюр, Э. З. Карал т.б.) зерттеп, жариялауға зор мән берілді.

Түркияның тарихын, тілін, әдебиетін зерттеуде Европа ғалымдарымен 

қатар соңғы ғасырда отандық және советтік ғалым түркологтар да белсенді 

айналысуда.  19  ғ-да  Россияда  түркология  ғылымының  дамуының  өзіне 

тән  ерекшелігі  Ғылым  Академиясында  және  жоғары  оқу  орындарында 

зерттелуінде әрі мұнда сырттан шақырылған ғалымдар (Г. Клапрот, X. Френ, 

Б. А. Дорн, А. О. Мухлинский. В. В. Радлов, С. Т. Церуннан, О.И.Сенковскнй, 

К. Г. Залемая т.б.) және де отандық ғалымдар (Г.И.Спасский, О. Н. Бетленг, 

В.  В.  Вельяминов-Зернов,  И.  Н.  Березин;  В.В.Григорьев,  В.  Д.  Смирнов, 

Л. Э. Лазарев, Е. А. Крымский, В.А.Гордлевскнй, Н. И. Ильминский, Г. С. 

Саблуков, Н. И. Веселовский, Н.М. Ядринцев, П. М. Мелиоранский, А. Н. 

Самойлович, Ф. Е. Корш, Э. К. Пекарский, Н. И. Ашмарин, С. В. Ястремский, 

В.В.Катаринский, К. Г. Бессонов, В. В. Бартольд, С. Е. Малов т.б.) ғалым – 

түркологтар, шығыс зерттеушілері, оның ішінде түркі тілдес халықтардың т.б. 

тағы өзге де халықтардың уәкілдері (Ибрагим Халфин, Александр Казембек, 

Н.  Бичурин,  Мұхаммед-Гали  Махмұдов,  Мырза  Джафар  Топчибашев, 

Хусаин  Фаизханов,  А.  Абдуллахов,  Магомед  Османов,  Ш.Ш.Уәлиханов, 

Ы.  Алтынсарин,  А.  К.  Насыров,  Ф.  А.  Ахундов,  Н.Ф.Катанов  т.б.)  болды. 

Бұлардың еңбектерінде Орта Азия мен Қазақстанның (өзбек, қазақ, түрікмен, 

қырғыз); Закавказьеның (азербайжан, қарашай-балқар, құмық, ноғай, қырым 

татары, гагауыз, қарайым); Сібірдің (хақас, алтай, шор, тува, якут т. б.) Волга 

бойының  (татар,  башқұр,  чуваш),  Шығыс  Түркістанның  (ұйғыр,  сары 

ұйғыр,  салар,  лобнор  т.  Б.)  20-дан  астам  түркі  халықтарының  бүгінде 

санатта бар тілдері зерттелді. Ол ғалымдар (В.Томсон, В. В. Радлов, С. 

Е. Малов) жаңадан табылған Орхон-Енисей, талас, көне ұйғыр («Алтун 

ярук»),  орта  ғасырлық  («Дивану  луғат-ит  түрік»,  «Құтадғу  білік», 

«Бабырнама», «Кодекс куманикус», Ибн Муханнаның «Араб филологі», 

Рабгузидің «Қисас әл – әнбиясы» т.б.) жазбалар оқылып баспаға даярланды. 

Сонымен қатар, жеке түркі тілдерінің ғылыми грамматикалары жазылды 


15

(О. Н. Бетлинг – якут тілі, В. В. Радлов – Шығыс түркі тілдерінің фонетикасы, 

Ф. Е. Корш – Жетісу жазбаларының тілі, бірнеше авторлар – алтай тілдері, 

А. Казембек – «Түрік-татар тілдерінің грамматикасы», Н. И. Ильинский – 

«Қырғыз тілін зерттеуге қажет материалдар», П. М. Мелиоранский – «Қазақ-

қырғыз тілінің қысқаша грамматикасы», И. Н. Березин, И. Бичурин – «Татар 

грамматика,  тілін  зерттеу  тәжірибесі…»  т.  б.).  Сөздіктер  (Н.  И.  Ашмарин 

чуваш тілінде, В.В.Радлов – түркі тілдерінде, В. В. Вельяминов – Зернов – 

шағатай-түрік тілінде, Л.З. Будагов – «Түрік-татар тілдерінің салыстырмалы 

сөздігі»  т.б.)  сонымен  қатар  өте  құнды  фольклорлық-тілдік  материалдар 

мен бүгінгі бір түркі тілдер бойынша хрестоматиялар жинақталып басылды 

(Ф.  В.  Радлов  –  «Түркі  тайпаларының  халық  әдебиетінің  үлгілері»,  И.  Н. 

Березин  –  «Түрік  хрестоматиясы»,  В.  М.  Вербицкий  «Түркі  тілдерінің 

алтай,  аладағ  наречисег  ерекшеліктерінің  сөздігі»,  Ы.  Алтынсарин  – 

«Қырғыз  (қазақ)  грамматикасы»,  жекелеген  түркі  халықтары  мен  түркі 

тілдес аймақтардың азаматтық, генелогиялық, этникалық тарихы жазылды. 

Мәдени-этнографиялық материалдар мен ежелгі құнды заттар жиналды (И. 

Н. Березин, В.В.Григорьев, Н. Бичурин, Ф. М. Эрдман, О. И. Сенковский, 

В.Т.Тизенгаузен, В. В. Бартольд, Ш. Ш. Уәлиханов, А. Е. Алекторов, А.Диваев, 

А. Н. Харузин, Н. И. Гродеков, А. И. Добромыслов, Н. А. Аристов т. Б.).

19  ғ-да  одан  кейінгі  кезеңдерде  де  Россияда  түркология  ғылымының 

дамуына Қазан, Харьков, Москва, Санкт-Петербург университеттерінде, 

Лазаревтың  шығыс  тілдері  институтында  (қазіргі  Шығыстану 

институты)  түркі  халықтарының  тілін,  тарихын,  материалдық  және 

рухани мәдениетін пән ретінде оқып, әрі зерттелуінің ерекше ролі болды. 

Жоғарыда атты аталған түрколог – ғалымдарының ғылыми-практикалық 

қызметі қалайда шығыс зерттеушісін түркологті және Россияның мәдени 

өмірінің  сан-салалы  тармағына,  тіпті  тілмаштық,  аудармашылықтан 

бастап  дипломатиялық  қызметке  дейін  мамандар  даярлауға  тікелей 

байланысты  болды.  Бұл  даярланған  мамандардың  ішінде  отандық 

түркология саласында ғылымға үлкен үлес қосқан ғалымдар аз болмады. 

Шығыс  тілдерін  (араб,  парсы),  соның  ішінде  түркі  тілдерін  оқыту 

барысында  университеттердің  профессорлық-оқытушылық  құрамынан 

қажетті  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  ғана  жазу,  құрастыру  емес, 

сонымен  қатар,  әр  түрлі  анықтамалықтар  жазып,  түркі  тайпаларының 

тарихы  және  мәдениеті,  тілі  мен  әдебиеті  жайында  күрделі  ғылыми 

жұмыс  жүргізу  талабы  да  қойылды.  Осы  мақсатпен  солардың  тікелей 

қатысуымен  көптеген  экспедициялар  (далалық,  ғылыми  барлау, 

лингвистикалық,  этнографиялық,  археографикалық,  географиялық  т.б.) 


16

және ғылыми командировкалар, саяхаттар, зерттейтін халықтар тұратын 

аймаққа  саяхаттар  ұйымдастырылды.  Мыс,  түркология  тарихында 

ғалымдардың кейін де ғылыми еңбектеріне арқау болған мына төмендегідей 

экспедициялар,  саяхаттар,  командировкалар  ұйымдастырылды:  О.  Н. 

Бетлинг – Якутияға; А. Ф. Медлендорф – Сібірге, В. В. Радлов – руникалық 

ескерткіштерді (Орхон экспедициясы) зерттеуге Монғолияға; И.Н. Березин 

– Астрахань татарларына, А. Казембек – Сирия, Египет, Иран, Қырымда: О. 

И. Сенковский – Египет, Сирияға, А. О. Мухлинский – Литва татарларына, 

В. А. Максимова – Түркияға, Н. И. Ильминский – Константинополь, Дамаск, 

Каирге, Ш. Ш. Уәлиханов – Шығыс Түркістанға, ұйғырларға; Н. Ф. Катанов 

–  Сібір  мен  Шығыс  Түркістанға;  Н.И.Мелиоранский  –  Қазақстанға;  С  Е. 

Малов  –  Шығыс  Түркістанға  (2  рет);  А.  Н.  Самойлович  –  Түркменияға; 

мисионерлер  –  Алтай  халықтарына,  А.Е.Алекторов  –  Қазақстанға  т.б.  әр 

тарапқа жөнелтілді.

Түркі  тілінде  сөйлейтін  аймақтардан  жинақталған  бұл 

экспедициялардың,  саяхаттардың,  командировкалардың  аса  құнды 

материалдары  түркология  жазылған  көптеген  еңбектердің  құнды 

деректемелері  болды.  Соның  нәтижесінде  18-19  ғ-ларда  отандық 

түркология  ғылыми  дүниежүзілік  түркологияда  алдыңғы  шептен  орын 

алды.

Отандық  түркология  әңгіме  болғанда  бүкіл  Азия  халықтары 



түркологтардың  зерттеулеріне  де  тоқталған  жөн.  19  ғ-дағы  үлкен 

оқиға  «Азиялық  академияның  жобасы»  (1810)  болды,  жобаны 

жасаған  Ғылым  Академиясының  президенті  әрі  оқу-ағарту  министрі 

С.  С.  Уваров  еді.  Мұндай  академия  ашумен  Азия  халықтарын  жан-

жақты  зерттеп,  цивилизацияланған  Европаға  бұдан  бұрын  беймәлім, 

көбіне  жұмбақ  болып  келген  Азия  халықтарының  материалдық  және 

рухани  дүниесін  көрсетпек  болды.  Патшалы  Россия  жағдайында  С.  С. 

Уваровтың  жобасын  жүзеге  асыру  мүмкін  емес  еді.  Дегенмен  Ғылым 

Академиясының  президенті  бұл  бағыттағы  біраз  жоспарын  жүзеге 

асырды.  Мыс,  ол  Петров  Кунсткамерасының  шығыс  кабинетін  ашып, 

академик X. Д. Френнің басшылығымен аз уақыттың ішінде өте құнды 

шығыс коллекцияларын, бағалы хаттар мен медальдарды, қолжазбалар 

мен  кітаптарды  жинастырды.  Бұл  кабинеттің  негізінде  Россиядағы 

шығыс зерттеулерінің алғашқы ғылыми орталығы болған Азиялық музей 

ашылды (1818 ж.) Азия музейі мен ондағы өте бай коллекциялар біраз 

университеттер мен гимназияда шығыс факультеттері мен бөлімшелерін 

ашуға негіз болды. Бұл жағдай Россия мен Орта Азияның, Қазақстанның, 


17

Кавказдың  байланысын  күшейтті.  «Сибирский  вестник»  (1818–1824), 

«Азиатский  вестник»  (1825–1827)  т.  б.  ғылыми  көпшілік  журналдар 

шыға бастады. 

Жоңғар  басқыншылығын,  «Ақтабан  шұбырындыны...»  басынан 

өткерген қазақ халқының жағдайын зерттеуде Азиялық музейдің ролі аз 

болған жоқ. 1731 ж. 10 октябрьде Кіші жүз ханы Әбілқайыр, Орта жүз 

батыры Бөгенбай, оның туысы Есет, Кіші жүздің бірнеше ру басшылары 

(27 старшын) Россияның қоластына өтуге ант берді. 1849 ж. Орта жүз 

ханы  Абылай  өз  қарауындағы  жұртын  Россияның  еркін  азаматы  деп 

жариялайды. Бұл жағдайлар Қазақстан халықтарының тарихында белгілі 

роль атқарды. Россияның Қытай мен Үндістанға жол ашуына, олармен 

мәдени-экономикалық сауда т.б. байланыстар орнатуына мүмкіндік берді. 

Бірақ ол үшін патшалы Россия Қазақстанның әлеуметтік экономикалық 

географиялық  жағдайын,  оның  этникалық  құрамын,  бұл  өлкенің 

аборигені  болып  табылатын  қазақ халқының  тарихын,  этнографиясын, 

тілін,  әдет-ғұрпын,  дәстүрін  жан-жақты  зерттеу  керек  болды.  Осы 

мәселелерде Азиялық музей аса бағалы роль атқарды.

19 ғ-дан бастап Азия халқын, оның ішінде түркі халықтарын зерттеуде 

Россиядағы  этникалық  топтардың  хронологиялық  коллекциялары 

мен  антропологиялық  білімді  насихаттаумен  айналысатын  Петербург 

университетінің  қасынан  Орыс  антропологиялық  қоғамы  (1888–

1916);  1946  ж.  Петербургте  құрылған,  1924  ж.  Материалдық  мәдениет 

тарихының,  Академиясының  құрамына  енген  Орыс  археологиялық 

қоғамы; Орыс географиялық қоғамы (1845 ж., бүгінде СССР География 

қоғамының  республикаларда  көптеген  филиалдары  мен  бөлімшелері 

бар) П. П. Семенов-Тянь-Шанский, Н. М. Пржевальский, В. А. Обручев, 

Ш. Ш. Уәлиханов сияқты т. б. аса көрнекті талантты мүшелері болған 

бұл  қоғам  өткен  ғасырда  түркология  ғылымының  дамуына  қомақты 

үлес  қосты.  Түркология  проблемасымен  үнемі  совет  түркологтері 

ғана  айналысып  қойған  жоқ,  бүкіл  ірі  шетелдің  ғалым-түркологтері 

қатысты.  Совет  түркологтерінің  бір  ерекшелігі  революцияға  дейінгі 

түркологтердің  зерттеулері  жаңа  жағдайға  сай  жүргізілді.  Ғылыми 

жұмысын революциядан бұрын бастаған ғалымдар бұрынғы зерттеулерін 

жалғастыру  ғана  емес,  сонымен  қатар  жаңа  талапқа  сай,  бұрын-соңды 

болмаған  еліміздегі  әлеум.-экономик  және  мәдени  өркендеуге  сай 

жүргізді.  Советтік  түркология  өркендеуінің  2-ерекшелігі  –  көп  ұлтты 

Отанымыздағы  түркі  халықтарының  тіл  ғылымындағы  заңдылықты 

жүйелі түрде жүзеге асырып, оның күнделікті тірлігіне қажетті талабын 


18

орындау  болып  табылады.  Революцияға  дейінгі  кезеңдегі  түркология 

аздаған топ ғалымдардың өздерінің өресіне сай жүргізілетін жағдайда еді. 

Советтік түркологияның революциядан бұрынғы зерттеуден ерекшелігі – 

жаңа методологиялық негіз бен теориялық зерттеудің тиянақтылығымен 

ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі ғылыми жұмыс түркі халықтарының тарих, 

этнография,  тіл  мен  әдебиет,  мәдениет  және  өнер  саласындағы  жалпы 

түркологиялық  проблемаларды  жеке  деректемелер  мен  құбылыстарды 

жинақтау негізінде жүргізілді.

Советтік  түркология  СССР-дың  түркі  тілдес  халықтардың  ресми 

және  облыстық  орталықтарында  көптеген  ғылыми  орталықтардың 

ашылуына  байланысты  бұрын-соңды  болмаған  өркендеу  дәрежесіне 

жетті.  Мұндағы  ұлттық  ғалымдар  Москва  мен  Ленинградтағы 

түркологиялық орталықтармен тығыз байланыста қызмет атқарды. Совет 

дәуірінде түркологияда еңбек бөлісі де жолға қойылған. Мыс., жоғарыда 

көрсетілген  орталықтарда  түрколог-ғалымдар  түркологиялық  жалпы 

теориялық  проблемаларымен,  түркі  тілдерінің  кең  мағынада  алтайлық 

тіл  фонетикасын,  морфологиясын,  лексикасын  тарихи–салыстырмалы 

түрде зерттеумен, көне түрік және ортағасырлық жазба ескерткіштерді 

зерттеп,  жариялаумен,  тарихи-этимологиялық  сөздік  шығарумен,  түркі 

халықтарының  жалпы  тарихының,  этнографиясы  мен  әдебиетінің 

проблемасын  шешумен  айналысса,  ал  түркі  тілдес  республикалар  мен 

СССР  облыстарындағы  ғылыми  зерттеу  институттары  мен  жоғары 

оқу  орындарында  сол  аймақтары  халықтардың  ғылыми-тәжірибелік 

мәселелерімен айналысады. 1920 жылдардан бастап КПСС-тің лениндік 

ұлттық  саясатының  негізінде  Советтік  түркология  советтік  шығыс 

халықтарының  тілі  мен  мәдени-экономикалық  өркендеу  жолындағы 

қажетті  мәселелерді  тиянақты  шешіп  келеді.  Мыс,  20  жылдары  тілші 

– түркологтар СССР-нің  түркі тілдес барлық халықтары үшін ғылыми 

негізде  жаңа  алфавит  жасалды  (араб  алфавиті  латын  алфавитіне, 

кейіннен кириллицаға ауыстырылды, жазуы болмаған тілдерге алфавит 

үйлестірілді).  Сонымен  қатар  бұрын  аз  зерттелген,  немесе  мүлдем 

зерттелмеген түркі тілдерінің фонетикасын, грамматикасын, лексикасын 

зерттейтін  ғылыми  жұмыстар  жүргізіліп,  ғылыми-техникалық  және 

саяси-қоғамдық терминдерді іріктеу, жүйелеу, ұлттық-орысша сөздіктер 

жасау,  жергілікті  ұлттық  мектептерге  оқу  құралдарын  шығару  т.т. 

жұмыстар жүргізілді.

Біздің еліміздің түркологтері 40 жылдардан бастап бүгінгі түркі тілдері 

мен оның диалектілерін зерттеумен шұғылданумен қатар, тарихи және 


19

салыстырмалы тарихи фонетикаға, грамматикаға, түркі лексикологиясы 

мен диалектологиясы, жазба ескерткіштерді зерттеуге баса назар аударып 

отыр. Бұл салада біздің елімізде және шетелдерде еңбектері кеңінен танымал 

болып отырған тіл ғылымын зерттеуші: С. Е. Малов, В. А. Богородицкий, 

Е.Д.  Поливанов,  А.  П.  Поцелуевский,  Н.  К.  Дмитриев,  Э.  Н.  Наджип, 

В.М.Насилов, Э. В. Севортян, К. К. Юдахин, Н. А. Баскаков, А. Н. Кононов, Е. 

И. Убрятова, А. П. Дульзон, И. А. Батманов, А.К.Боровков, В. В. Решетов, Б. 

А. Серебренников, Э. Р. Тенишев, А. М. Щербак, И. З. Гаджнева, К.М.Мұсаев, 

Л. А. Покровская, Г. Ф. Благова, С. Н. Иванов сияқты т. Б. түркологтарды 

атауға  болады.  Нақтылы  бір  түркі  тілі  саласында  еңбек  еткен  тіл  білімі 

ғалымдарынан: Қ. Жұбанов, I. К. Кеңесбаев, Н. Т. Сауранбаев, М.Б.Балақаев, 

С. Аманжолов, А. Ысқақов, Ә. Т. Қайдаров, Р. Г. Сыздықова, Ш. Ш.Сарыбаев, 

Р.  С.  Әміров,  Т.  Қордабаев,  М.  Томанов,  А.  Құрышжанов,  Ғ.Айдаров,  Н. 

Оралбаева, А. Қалыбаева, С. Исаев, Т. Сайранбаев, Т.Жанұзақов, т.б. (қазақ 

тілі бойынша): Б. М. Юнусадиев, Б.О. Орузбаева, Т.Ахматов, Т. К. Сартбаев 

т.б. (қырғыз тілі бойынша); Латиф Заляй, М.З.Закиев, Д. Г. Тумашева, Г. X. 

Ахматова, Ф. А. Гапиева, Г. Саттаров т. Б. (татар тілі бойынша); Ж. Кигенбаев, 

А.  А.  Юлдашев,  Н.  Ишбулатов,  З.Ураксин,  С.  Миржанова,  А.  Харисов 

т.б.  (башқұрт  тілі  бойынша);  Д.Насыров,  Б.  Бердімұратов,  О.  Доспанов 

(қарақалпақ  тілі  бойынша);  С.Ибрагимов,  Ф.  Абдуллаев,  А.  И.  Гулямов, 

Ш.  Шаабдурахманов,  Ғ.Абдурахманов,  А.  Шерматов,  С.  Муталибаев,  Ш. 

Рахматуллаев т. Б. (өзбек тілі бойынша); М. Ширалиев, А. Демиарчизаде, А. 

А. Ахундов, Ф. Зейналов, А. А. Абдуллаев т.б. (әзербайджан тілі бойынша); 

П.  Азимов,  Б.  Чарыяров,  М.  Хыдыров,  Т.  Тіджмұратов,  З.  Мұхаммедов 

т.б.  (түрікмен  тілі  бойынша),  С.  М.  Шопшал,  К.  М.  Мұсаев  (қарапайым 

тілі бойынша); Ю. Д. Джанмавов, А. Т. Базиев т. Б. (құмық тілі бойынша; 

А. М. Аппаев, У. Б. Алиев, М.А.Хабичев, М. Ахматов т.б. (қарашай-балқар 

тілі,  бойынша);  Э.Р.Тенищев,  Ә.  Т.  Қайдаров,  Г.  Садвакасов,  Т.  Талипов, 

А.Шамиева т.б. (ұйғыр тілі бойынша); А. А. Пальмбах, Д. А. Монгуш, З. Б. 

Арагачи т.б. (тува тілі бойынша); Т. М. Тощакова, А. Т Тыбыкова т.б. (алтай 

тілі  бойынша);  М.И.Боргояков,  Д.  Патачакова,  О.  Субракова  (хақас  тілі 

бойынша); Н.П.Дыренкова т.б. (ойрат тілі бойынша); Ш. С. Сат, М. Д. 

Биче-оол т.б. (шор тілі бойынша); Л. Н. Харитонов, Н. К. Антонов, Е. 

И. Коркина, Н.Д.Дьячковский т.б. (якут тілі бойынша); В. Г. Егоров, И. 

П.  Павлов,  И.А.Андреев,  Л.  П.  Сергеев  т.б.  (чуваш  тілі  бойынша)  т.б. 

үлес қосуда. Одақтас республикалар мен облыстардағы барлық ғылыми-

зерттеу  институттарында,  жоғары  оқу  орындарында  белгілі  мамандық 

саласында түркология кадрлары даярланады.


20

Түркология  20  ғ-да  шетелдерде  негізінен  тарихи-филологиялық 

аумақта  зерттеледі.  Бұрын  территориясы  толық  немесе  жартылай 

түріктердің қол астында болған қазіргі социалистік елдерде (Болгария, 

Венгрия, Румыния, Югословия) тарихтан түріктің жазба әдебиеттерінің 

зерттелінуіне мән берілген. Мұнымен шұғылданатын ғалымдар: Венгрияда 

– Л. Фекете, Д.Немет, Г. Хазай, Ж. Какук, Д. Кальди-Надь; Болгарияда – 

Г. Глыбов, Б.Недков, Н. Тодоров, Б. Цветкова, В. Муставчиева, Э. Боев; 

Румынияда  –  М.Губоглу,  Вл.  Дримба;  Югославияда  Г.  Елехович,  X. 

Заджибегич, X.Шабанович, Б. Джурдже, Н. Филиппович. Соңғы кездерде 

венгер ғалымдары венгер халқының және оның тілінің түркі халқы мен 

оның тілімен тарихына байланысын зерттеумен айналысуда (Л. Лигети, 

Д. Немет, Г.Хазай, А. Рона-Тащ, Г. Кара, Ж. Какук, И. Мондаку Қоңыр. 

Түркология проблемасын зерттеуде Чехословакияда Я. Рыпка, И. Кабра, 

З.  Веаела,  В.  Копчан  елеулі  үлес  қосуда.  Польша  түркология  қарайым 

тіліне половшы-армян құжаттарына, түркі әдебиетінің ескерткіштеріне, 

оның араб, парсы әдебиетімен байланысына, Түркия тарихына, польша-

түрік мәдени байланысына көңіл бөлінді (А. Зайончковский, Я. Рейхман, 

Ә. Трыярский, В.Зайончковский, А. Дубинский т.б. 

Түркология проблемасымен капиталистік елдерден айналысатыны: 

АҚШ (Колумбия университетінде – К. Г. Мендес, Халаши күн; Лос-Анжелес 

университетінде – А. Тице, Индиан университетінде – Д. Спнор, Сиэтлдегі 

Вашингтон  университетінде  –  Илза  Циртаутас);  ФРГ  (А.  Фон  Габен, 

Б.ІІІпулер, Б. Фелемнинг, Г. Дерфер); Финляндия (М. Рясянин, П. Аалто); 

Франция (Л. Юазен, Р. Мантрап, К. Каэн, Дж. Гампльтон, И. Меликова); 

Италия (А. Бомбачи); Канада (Ниязп Беркес); Жапония (Широ Хатторн, 

Масао Мори, Нобуа Ямада, Мурояма т. Б.). Совет түрколог-ғалымдары 

1970 ж. СССР ҒА-ның Тіл әдебиет бөлімшесінің қасынан құрылған совет 

түркологтарының комитеті (председателі акад. А. Н. Кононов) біріктіреді. 

Дүниежүзі  түркологтарының  бас  қосатын  халықаралық  ғылыми 

ұйымы  –  «Халықаралық  тұрақты  алтаистикалық  конференция»  (1959), 

және  ГФР-дағы  «Орал-алтай  қоғамы»  (1952).  Түркологтардың  мерзімді 

халықаралық  форумы  өткізіп  келе  жатқан  «Түріктердің  лингвистикалық 

қоғамы  да»  («Түрік  діл  гурумы»,  1927  ж.  ұйымдасқан)  халықаралық 

ғылыми  ұйымдар  іспетті.  СССР-дағы  Түркологтардың  бүкілодақтық 

конференциясы  1926  ж.  Бакуде  өтті.  Онда  түркі  тілдеріндегі  жазулар  мен 

термин  жасау  проблемасы  сөз  болды.  Түркологтардың  бүкілодақтық  2 

конференциясы 1976 ж. Алматыда өтті. Онда осындай конференция төрт 

жыл  сайын  үзбей  өткізіп  тұруға  шешім  қабылданды.  Содан  кейінгі 


21

кезекті конференцияны 1980 ж. Ташкентте, 1985 ж. Ашхабадта өтті. 

СССР-дағы түркологияның мезгілді басылымдары: «Народы Азии и 

Африки» (1961 жылдан; 1955–58 ж. – «Советское востоковедение»; 

ал 1959–61 ж. «Проблемы востоковедения»); «Вопросы языкознания» 

(1952 жылдан); «Советская археология» (1957 жылдан), «Советская 

этнография» (1931 жылдан); «Советская тюркология» (1970 жылдан, 

Совет  түркологтары  комитетінің  органы).  Шетелдерде  де  мерзімді 

басылымдар бар.

Қазақ совет энциклопедиясы. 3 том. 1988.-552-554 б. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет