306
Зат есім тудырушы жұрнақтар
Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Туынды зат есімдер жұрнақ арқылы жасала-
ды.
Менің
анам тігін
ші.
Сенің басты жауың – жалқау
лық.
Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар:
Зат есім+
жұрнақ
мысалы
-шы, -ші
жұмысшы
-шылық, -шілік
адамшылық
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік
адалдық
-кер, -гер
саудагер
-кеш, -стан, -паз, -қой, -қор, -хана
шайхана, сәнқой
Біздің
бастық еңбекқор
лық
ты жоғары бағалайды.
Бұл қызмет орнына үміт
кер
саны өте көп.
МаМандыҚтың БәрІ жаҚсы
Біріккен сөздер. Қос сөздер.
Бөлшектік сан есім
VI БӨЛІМ
екІншІ
саБаҚ
Қос сөздер
Қос сөз – екі сөздің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөз. Қос сөз де-
фис арқылы жазылады.
Бұл дәріхана
күндіз-түні
ашық, тәулік бойы жұмыс істейді.
Неге
қайта-қайта
сұрай бердің?
Су-пу
іше салшы, кешігіп барамыз?
Түрлері:
Қайталама қос сөз – сыңарлары бір түбірден, яғни бір түбірдің қайталануынан жасалатын
қос сөз. Біз
көзбе-көз
сөйлесуіміз керек.
Жасалуы:
жасалуы
мысалы
Бір түбірдің қосымшасыз түрде қайталануынан жасалады.
үлкен-үлкен
Бір түбірі қосымшала, бір түбірі қосымшасыз түрде
қайталануынан жасалады.
бір-біріне
Бір түбірдің әртүрлі қосымшамен қайталануынан
жасалады.
орынды-орынсыз
307
Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап
жасалады.
түп-түзу
Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келіп
дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің бірінші дауыссыз
дыбысының орнына және дауысты дыбыстан басталатын
сөздің алдына м, п, с
дыбыстары қосылып жасалады.
кісі-місі, қағаз-мағаз
Қосарлама қос сөз – әр түрлі сөздердің қосарлануынан жасалатын қос сөз.
Тойға
алыс-жақын туыстардың бәрі жиналды.
Жасалуы:
жасалуы
мысалы
Сыңарлары синонимдес болып келеді.
ашу-ыза
Сыңарлары антонимдес болып келеді.
ілгері-кейін
Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз болып келеді.
бала-шаға
көрші-қолаң
Екі сыңары да мағынасыз болып келеді.
Анда-санда
бірен-саран
Сыңарлары әртүрлі сөздер болып келеді.
ғылыми-көпшілік
саяси-әлеуметтік
Біріккен сөздер
Екі немесе одан да көп түбірлердің бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап
беретін сөз біріккен сөз деп аталады.
Бұл
кәсіпорын
немен айналысады?
Оның
еңбекақысы
жоғары екен.
Көшбасшы
болу үшін табандылық, білімділік деген қасиеттер керек.
Жасалуы:
1) Күрделі сөз құрамындағы түбірлердің
тұлғалары сақталып, өзгеріске ұшырамайды.
Мынау –
Темірқазық
жұлдызы.
2) Сөз құрамындағы түбірлердің тұлғалары өзгеріске ұшырайды, дыбыстық жағынан
ықшамдалады. Мұндай сөздер кіріккен сөздер деп аталады.
Қорытынды жиналыс
бүгін
болады.
Емлесі:
1. Біріккен сөздер үнемі бірге жазылады.
Бұл жерде
кәсіпорын
бар ма?
2. Жан-жануарлар мен өсімдік атаулары бірігіп
жазылады.
Ақбөкендер
мекендейтін жер.
Бұл жерде
есекмия
өспейді.
3. Терминге айналған техника, мәдениет, өнер,
спорт, дін, саясат, т.б. салаларға қатысты зат,
ұғым атаулары мен әр түрлі мамандық атаулары
және күрделі жалқы есімдер бірігіп жазылады.
Мен дүкеннен
шаңсорғыш
сатып алдым.
4. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен
есімдіктер мен үстеулер түбір тұлғасын сақтап,
бірге жазылады.
Ешбір
адам келмеді.
Ол
біржолата
кетіп қалды.
5. Екі немесе үш түбірден біріккен кісі аттары
мен географиялық атаулардың түбірі сақталып,
бірге жазылады.
Оның
досы
Талдықорған
қаласында тұрады.
308
6. Екінші сыңары к, қ дыбыстарынан басталатын
кейбір кісі аттарын жазу кезінде алдыңғы сөз
қатаң дыбысқа аяқталса к, қ, ал алдыңғы дыбыс
дауысты немесе ұяң, үнді болса, келесі түбірде
алғашқы дыбыс г, ғ дыбыстарымен жазылады.
Біздің
топта
Амангелді,
Нұргелді
және
Ботагөз
оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: