315
Жалғаулықты себеп-салдар салаластар
өйткені, себебі деген шылаулар арқылы
құрмаласқанда, алдыңғы жай сөйлем салдар
мәнді болып келеді де, екінші жай сөйлем
ондағы ойдың болу себебін білдіреді.
сондықтан, сол себепті шылаулары арқылы
құрмаласса, алдыңғы жай сөйлем екінші жай
сөйлемдегі ойдың болу себебін білдіріп, себеп
мәнді болып келеді де, екінші жай сөйлем
салдар мәнді болады
Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластар
Жалғаулықсыз себеп мәнді сөйлем салдар
мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады.
Мысалы: Үлкендер көрші ауылға кеткен
еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран
құрмақ болады.
Жалғаулықсыз салдар мәнді сөйлем
себеп мәндіден бұрын тұрса, арасына қос
нүкте қойылады.
Мысалы: Жастар кешкілік сауық-
сайран құрмақ болады: өйткені үлкендер
көрші ауылға кеткен еді. Екінші жай
сөйлем
бірінші
сөйлемнің
себебін,
салдарын, нәтижесін білдіреді.
Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта
беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: