Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет33/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50

Əйелдердің меңіне қарау

М

еңдері маңдайларына біткен əйел заттары, жалпы алғанда ба-



қыт ты болады. Алайда, меңдері оң жақ маңдайларына біткен əйел дер-

366

366


дің бақытқа жету жолы күрделі болып, атақ-даңққа қиын дық сыз жете 

алмайды.  Ал,  меңдері  сол  жақ  маңдайларына  біткен  əйел дер дің  ба-

қыт-байлығы алдарынан күліп шығады.

Егер,  əйелдердің  меңдері  сол  жақ  қасында  болса,  ондай  əйелдер 

жай некеленеді, əрі көбінің некесі сəтсіз болады. Алайда, ең соңында 

жақсы жар табады.



Меңдері оң жақ қасында болған əйелдердің көбі ерте некеленеді, 

əрі бақытты болады.



Меңдері  көздерінің  айналасына  біткен  əйелдер  байсалды,  білім-

ді, көзі ашық, көкіректері ояу келеді. Махаббат-неке ісіне ой көзімен 

қарайды.

Меңі  оң  жақ  бетіне  біткен  əйелдер  əсершіл,  сезімтал,  махаббат 

отына күйіп-жанғыш келеді, əрі көбірек ағаттық өткізеді.

Ал,  меңдері  сол  жақ  беттеріне  біткен  əйелдер  бақыт-байлыққа 

аса қиындықпен жетеді. Əуре-сарсаңға көп жолығады.



Меңі құлақтарына біткен əйелдер елгезек, пысық келеді əрі сақ құ-

лақ, сөзуар болады.



Меңдері мұрындарының ұшына біткен əйелдер өте айлакер, əдіс-

қой болады. Тез табысқа жетіп, бақыт-байлықты уыстарында ұс тайды.



Меңдері еріндеріне біткен əйелдер ашық-жарқын болады əрі се зім-

тал, сергек келетіндіктен, тұрмыста тапшылық көрмейді. Сондай-ақ, 

өз деріне артық жауапкершілік алмайды жəне келер-кетерге онша мəн 

бе ріп жатпайды.

Ал, меңдері үстіңгі еріндерінде болса, ондай əйелдер адал, пəк бо-

лады. Астыңғы еріндерінде болса, махаббат-сүйіспеншілік ісінде қан-

дай да бодау беруден тайынбайтын тəуекелшіл келеді.

Меңдері  төстеріне  біткен  əйелдер  беделді  болады.  Өмірде  сый-

құрметке бөленіп өтеді.

Ал, меңдері оң жақ төстеріне біткен əйелдер бір кездері ша рық-

тап биікке көтеріледі, бірде құлдилап төмен құлайды. Арман-мақ сат 

жолында бірталай əурешіліктер көреді. Егер, меңдері сол жақ төс те-

рін де болса, онда, ондай əйелдердің мінезі жеңілдеу болады. Алайда, 

кең пе йілді, кешірімді келеді.



Меңдері  мықындарына  біткен  əйелдер  ұрпақты  болады,  яғни  ба-

367

367


қыт-байлығын отбасынан табады.

Меңі иығына біткен əйелдердің қашанда жолы ашық, салымды ке-

ле ді. Ал, меңдері сол жақ иығына біткен əйелдер бұл өмірден тап шы-

лық көрмей, бай-бақытты болып өтеді.

Меңдері білезіктеріне біткен əйелдер жоғары мəртебе мен ыр ғын 

байлыққа кенеліп өтеді, əрі оларда бақыт-байлыққа бастайтын ға ла-

мат дарын болады.

Жіліншіктерінде  меңі  бар  əйелдер  қажырлы,  еңбек  сүйгіш,  бар ға 

тасымайтын, жоққа жасымайтын табанды келеді. Өмірлерінде еш бір 

жанға кіріптар болмай өтеді.

Меңдері  сол  жақ  жақтарында  болған  əйелдер  сау  денелі,  қай-

рат ты,  қажырлы  болады.  Сондай-ақ,  өмірлері  мəн-мағыналы  келеді. 

Алайда, бақыт-байлыққа жету жолында бірталай қиындық көреді.

Ал, меңдері оң жақ шықшыттарына біткен əйелдер боркеміктеу 

келеді. Алайда, тұрмыстары көңілді, отбастары бақытты болып өтеді.

Қазақ  халқының  мінез-құлық  туралы  жорамалдардың  өзіндік  ғы-

лы ми  негізі  жəне  тəлім-тəрбиелік  мəні  бар.  Ол  адамдардың  азық та-

ну,  тұқым  қуалау  сияқты  ерекшеліктеріне  байланысты  белгілі  ық-

пал ға  ұшырап,  əртүрлі  мінез-құлық  қалыптастырады.  Адамдар  ара-

сында байланыс, яғни, алыс-беріс, барыс-келіс істерінде əркім қар сы 

жақтарының мінез-құлқын қанық білсе, өзара тіл табысып, түрлі өкпе-

реніштер  мен  өштік-қастық,  дау-жанжалдардан  аулақ  болып,  тату-

тəтті, береке-бірлікте өтеді. Тыныш, тату-тəтті ортада жасаған адам-

дар əртүрлі рухани қысымнан аулақ болып, сау-сəлемет өмір сүреді.



Кескін-келбет, қимыл-қылығына қарап

жорамал жасау

Қ

азақ  халқы  балалардың  қимыл-қылығы  мен  сыртқы  кескін-



келбетіне  қарап  баға  берумен  бірге,  балалардың  туылған  жылына 

негізделіп  те  баға  беріп,  өздерінше  жорамал  жасап  отырған.  Мыса-

лы, тышқан жылы туылған балалардан мықтыдан қорқып, əлсізді ба-

сын ғыш,  жасырын  қимылы  мол,  əшкере  қимылы  аз  жандар  көбірек 

шы ға ды. Сондай-ақ, дарынды, алымды азаматтар да көп болады деп 


368

368


жорамалдаса, сиыр жылы туылған балалардан біртоға жəне ұсақ шыл 

жандар көбірек шығады, сонымен бірге, батыр-палуандар мен бауыр-

мал жандар да көп болады деп тұспалдайды.

Барыс  жылы  туылған  балалардан  өзімшіл,  өркөкіректер  көбірек 

шы ға ды, əрі серттен таймас адал жандар да аз болмайды деп жорамал-

дап, қоян жылы туылғандардан аңқау, аңғал, сужүрек жандар кө бі рек 

шығады, адал, момын жандар да аз болмайды деп қарайды.



Жылан жылы туылған балалардан шадыр мінез, шақпа тілді, əш-

ке ре  қимылы  мен  жасырын  қимылы  өте  парықты  адамдар  кө бі рек 

шығады  əрі  білікті,  беделді  жандар  да  көп  болады  деп  топшыласа; 

ал, жылқы жылы туылғандардан қайсар, жатырқауық, се кем шіл, құ-

был ма лы, оқыс қылықты адамдар көбірек шығады, сондай-ақ, ақыл-

парасатты, тапқырлық қуаты күшті жандар да көп болады деп жора-

малдайды.

Ұлу  жылы  туылған  балалардан  үйкүшік,  жасқаншақ  жандар  кө-

бі рек шығады. Қоғамдық қарым-қатынасқа шебер жандар да аз бол-

майды деп жорамалдаса; ал, қой жылы туылғандардан сыршыл, адал, 

жақсылыққа тасып, жамандықта жасымайтын жандар көбірек шы ға-

ды, əрі жел қалай соқса, солай құлай кететін майдансыз, опасыздар да 

аз болмайды деп қарайды.



Мешін жылы туылған балалардан есірік, қырыс, қылжақ бас жан-

дар көбірек шығады, ақылды, алымды-шалымды жандар да аз болмай-

ды деп жорамалдаса; ал, ит жылы туылғандардан күйгелек, са быр-

сыз, шорт мінез адамдар көбірек шығады. Сонымен бірге, дос тық қа 

берік, уəдеге опалы жандар да көп болады деп тұжырымдайды.

Тауық жылы туылған балалардан беделді, аузы дуалы, əділ адам-

дар көбірек шығады, əрі тойымсыз, қанағатсыз жандар да аз болмай-

ды деп қараса; ал, доңыз жылы туылған балалардан құлқынқұмар, бір 

мойын томырық жандар көбірек шығады. Сондай-ақ, достыққа бе рік, 

адал азаматтар да аз болмайды деп жорамалдайды.

Туылған жылға қарай мінез-құлық жорамалдаудың да өзіндік ғы-

лы ми мəні бар. Дəлірек айтқанда, ол отбасы тəрбиесі мен ба ла лар дың 

психикалық  өзгерісі  арқылы  қалыптасатын  мінез-құлқын  мең зей ді. 

Мысалы, бір баланы үнемі «бұл қой жылы туылған, өте жуас, еш кім ге 


369

369


тиіспейді» деп орынды-орынсыз қайталай берсе, сол бала да пси хи ка-

лық жақта қой сияқты жуас болуға бейімделеді. Ал тағы бір баланы 

«бұл барыс жылы туылған, ешнəрседен қайтпайды, сұ ра ға нын алмай, 

іс тей мін дегенін істемей тынбайды» деп, оның орынды-орынсыз тала-

бын қанағаттандыра берсе, ол бала өркөкірек, өзімшіл болуға дағ ды-

ла нады.


Ал,  ит  жылы  туылған  бала  кейде  білместікпен  үлкендердің  бе ті-

нен  алса,  кейде  жұмсаған  істен  «ой,  қойшы»  деп  бас  тартса,  олар ға 

үлкендер «бұл ит жылы туылған емес пе» деп, оған тəрбие беріп, жа-

ман мінезін түзету орнына, ұдайы жол қоя берсе, сол баланың сана-

сында  «е,  ит  жылы  туылғандар  елдің  бетінен  ала  берсе  бола  бе ре ді 

екен ғой» дейтін бір түрлі жаман мінез қалыптастырады, т.б. Демек, 

мінез-құлық – адамдардың қайсы жылы туылғанына байланысты бол-

майды. Қайта өмірдегі түрлі тəрбие мен қоғамдық ықпалға байланыс-

ты қалыптасады, яғни, үлкендердің «бұл солай болады, солай емес пе» 

деп алдын ала балаға мінез-құлық жасап беруіне байланысты болады 

деген сөз.

ТҮС ЖОРУ

« Т


үс  жору»  –  қазақ  халқының  ертеден  келе  жатқан  ғұ рып-

та ры ның бірі. Қазақ халқы бал ашу, жұлдызға қарау, алақанға қа рап 

тағ дыр-тəлей сынауға қарағанда, түс адамның рухани жан дү ние сі мен 

тіке қатысты болғандықтан, ол əлдеқайда сенімді, шындыққа жа қын 

деп есептейді əрі түс жоруда түс көрушінің рухани жан дүниесі мен 

дене тазалығына, сондай-ақ, түс көрушінің түс көрген мезгілдегі жату 

жағ да йы мен түс көрген уақытына қарай, түстерді жеті сағат, жеті күн, 

жеті апта, жеті ай, жеті жылда келетін түс деп бөледі. Мысалы, бел-

гі лі бір адам бүкіл жан дүниесі мен денесі ақаусыз, таза болып, ол оң 

жамбасынан жатып таң алдында түс көріп оянса, онда оның түсі жеті 

са ғат пен жеті күннен аспай келеді деп жорылады. Ал жо ға ры да ғы -

дай  шартпен  түн  ортасында  немесе  сол  мезгілдің  алды-артында  түс 

кө ріп оянса, онда оның түсі жеті апта немесе жеті ай мөлшерінде ке-

ле ді деп жорамалданады. Егер алғашқы ұйқыда көрген түс болса, онда 



370

370


ол  жеті  ай  немесе  жеті  жылдан  ары  келеді  деп  жорылады.  Сондай-

ақ,  түс  көрушінің  нелерді  көріп,  нелерді  істегеніне  қарай  оны,  тіп ті 

де нақтылай түседі. Мысалы, егер, белгілі бір адам рухани көңіл күйі 

ақау сыз (жүйке ауруына шалдықпаған, жынды емес дегенді мең зей ді), 

денесі таза болып, ол таңғы ұйқыдан, қайтыс болып кеткен бір адам 

өзіне бір нəрсе беріп жатып оянса, əрі ол сол кезде оң жамбаспен жат-

қан болса, онда, ол адам жеті сағат, жеті күн ішінде мол пайдаға ке не-

ле ді немесе олжалы болады.

Ал, таза, оң жамбасынан жатып, түн ортасы немесе оның алды-ар-

ты мөлшерінде тұрымтай, сұңқар, қаршыға, шағала, аққу, т.б. құс тар 

кө ріп жатып оянса, онда ол жеті апта немесе жеті ай мөл ше рін де аң са-

ған арман-тілегіне жетеді.

Егер, бір бойдақ жігіт немесе қыз өн бойы таза болып, оң жамбасы-

мен жатып, алғашқы ұйқыда түсінде қолына көбелек немесе құс қон-

ды  рып жүріп оянса, онда ол жеті ай немесе жеті жыл мөлшерінде өзі 

сүй ген адамымен үйленеді. Ол үйленген адам болса, бастарына ба қыт 

қонады.

Ал, денесі пəк, оң жамбасымен жатып, таңғы ұйқыдан тү сін де оң 



жақ азу тісі түсіп қалғанын көріп жатып оянса, онда оның аталас туыс-

та ры ның бірі, сол жақ азу тісі түсіп қалғанын көріп жатып оянса, на-

ға шы ла ры жақтан бір адам қайтыс болған хабарын жеті сағат немесе 

жеті күн ішінде естиді деп жориды.

Түстің жақсысы да, жаманы да, тіпті аянышты, қорқыныштысы да 

болады. Бірақ жорушылар оны көбінде жақсылыққа жориды. Мысалы, 

түстегі  жылауды  өңдегі  қуанышқа,  түстегі  өлуді  өңдегі  ұзақ  өмір ге, 

түстегі жақсы көрген адамымен қауышуды өңдегі бақытқа, түстегі ал-

тынды елден көретін рақым-шапағатқа, түстегі қойды өңдегі атақ-дə-

ре же ге жориды. Қысқасы, «түсті көрушіден емес, жорушыдан сұра», 

«тү сін де  қорыққан  өңінде  қуанады,  түсінде  жылаған  өңінде  кү ле ді» 

деген сөз осындай жақсы ниеттен туындаған. Тіпті, кейде жаман түс 

көр ген дер ге «түс – түлкінің боғы» деп, ондай жаман түстен алаң дау 

қа жет сіз екендіктерін де ескертіп отырған.

Түс жору – адамдарды рухани тазалық жəне тəн тазалығына дағ-

ды лан ды рып, оларды болашаққа деген сенімге, үміткерлікке баулиды. 



371

371


Адамдарды бір қырынан, яғни, оң жамбасымен жатып, дағ ды лан ды-

ру ға жебеп, жүректің қалыпты соғуына мүмкіндік жасайды. Сол жам-

басынан немесе шалқасынан жатып, жүрек қызметіне ке дер гі лік жа-

сау, кеудесін қолы басып қалып, қорқынышты түс көру, шошып ояну 

сияқ ты кінəраттардан сақтандырады. Түсті қамтыған көптеген сырлы 

мə се ле лер ді  шешуге  жəне  оның  сырын  ашуға  құлшындырып,  адам-

дарды тап қыр лық қа, жасампаздыққа, ізденгіштікке жетелейді. Ми жү-

гір ту, талдау жасау, қиялдау қабілетін жоғарылатады.



БАЛАЛАРДЫ ЖАСЫНА, 

ЖЫНЫСЫНА ҚАРАЙ ТƏРБИЕЛЕУ.

ҚЫЗ ТƏРБИЕСІ

« А


дам адамға қарап, ағаш ағашқа қарап өседі» деп білген қа зақ 

халқы: «қызым жақсы болсын десең – қылықтылармен ауылды бол» 

дейтін халық даналығын берік ұстанып, қыз балаларды ес біліп, етек 

жаба бастаған кезде-ақ өнерлі, текті, тəрбиелі, адамгершілігі жо ға ры 

кісілермен  барыс-келіс,  алыс-беріс  жасап,  олармен  көрші  оты ру ға, 

бір ге жүруге құлшынған, əрі ресми тəрбие жүргізе бастаған.

Мұнда,  білікті  аналар  сəби  қыздарын  бір  тізерлеп  отыру,  қалай 

болса, солай отырып-тұрмау; үнемі «сіз, біз» деп сөйлеу, тасыр мінез, 

ке сел ді сөзден аулақ болу; кісі бетіне, əсіресе ер адамдардың бетіне 

қы лым сып  немесе  тіке  қарамау,  тамақты  ауыз  толтыра  асап,  был-

шылдатып,  шалпылдатып  шайнамау;  ыдыс-аяқты  жуғанда,  жиғанда 

сылдырлатпау; үлкен адамдар келгенде тұрып жол беру, аман-сə лем 

жасау, ата-ана мен үлкен кісілер арасында отырғанда білермендік іс-

те меу, сөзге қыстырылмау, «шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без» дей-

тін ха лық даналығын есте берік сақтау; көпшілік ортасында жыр тақ-

тап күл меу, арын таза сақтау, ата-анадан рұқсатсыз, жөнсіз қы дыр мау 

сияқ  ты істерден егжей-тегжейлі тəрбие жүргізеді.

Сонымен қатар, «үлгі арқылы» тəрбиелеуге де баса назар аудара-

ды.  Онда  ел  ішіндегі  тəрбиелі,  үлгі-өнегелі  қыздардың  атын  айтып: 

«шір кін, пəленнің қыздары-ай! Қыз болса сондай болсын, əдеп ті сі-ай, 



372

372


ибалысын-ай!»  деп,  олардан  үлгі-өнеге  алуға  шақырса;  ал,  тəр тіп-

сіз, ұятсыз, көргенсіз қыздарды көрсе: «құрысын, пəленнің қызы! Ел 

көзінше  ата-анасының  тілін  алмай,  бетінен  алыпты,  үлкен  кі сі лер ге 

жол бермей, иығымен соғып өтіпті, қонақтарға тұрып орын бер меп ті, 

ата-анасын  жерге  қаратып  қашып  кетіпті,  ондай  қыз дар ға  жо ла маң-

дар!»  деп,  қыздарын  жаман  қылықты  қыздардан  жирендіріп,  жаман 

қы лық, жат мінезден аулақ болуға жетелейді.

Онан кейін, болашақ отау тəрбиесіне көшеді. Онда «ұлы сөзде ұят-

тық жоқ» деп, қыздарына: болашақта ана боласың, ана деген қа сиет ті 

ұғым,  оған  кір  келтірме,  үйлі-баранды  болып,  перзент  сүйесің,  пер-

зент те рің ді адал ақ сүтіңмен өсір, еріңді құрметтей біл, ер деген – ата, 

от ба сы ның тірегі, ел мен жердің қорғаны, ерін сыйлау – əйел дік па-

рыз, ерін сыйлап, отбасын қадірлемеген əйел ұрпағының обалын ар-

қа лай ды деп ұғындырады.

Отау тəрбиесіне қоса іскерлік, ісмерлік, еңбек тəрбиесін жүр гі зе ді. 

Онда əр күні қыздарына: «ісмерлік пен еңбекшілдік – əйелдің көр кі», 

«ісмер  əйел  –  отбасын  гүл  етеді,  олақ  əйел  отбасын  жүдетеді»  деп, 

ине-жіп  ұстатып,  құрақ  құратады,  жамау  жаматып,  кесте  тіктіреді, 

шіл тер тоқытып, кір жудырады, жүк жинатып, бау-шу естіреді, киім 

тік ті ріп, тамақ жасатады, ыдыс-аяқ жудырады, тон, көйлек піштіріп, 

алаша, кілем тоқытады, ою ойдырып, сырмақ сырғызады, сиыр сауды-

рып, май шайқатады, т.б. Қысқасы, бұл тəрбиеде білікті аналар қыз да-

ры на іскер бол, олақ, салақ болма, олақ, салақ болсаң, өмірде бейнет 

тартып, қиындық көресің, барған жеріңде тəрбиесіз, олақ бол саң, ата-

анаңа, ел-жұртыңа сөз келтіресің деп, қыздарына адам гер ші лік, іс кер-

лік, ісмерлік тəрбиеге қоса, өнер атаулының барлығын үй ре ту ге күш 

салады.

Қазақ  халқы  қыздарын  ерекше  аялап,  құрметтейді,  əрі  «қыздың 



жолы жіңішке», «қызға 40 үйден тыйым» деп, қыздары есейген са йын 

олар дың жүріс-тұрысы мен іс-қимылдарын қатаң қадағалап, тə жі ри-

бе сіз, албырт кездерінде бір сəттік лап етпе сезімге бой ұрып, бі рер 

оғаш іске ұрынып қалуынан алдын ала сақтандырып, бойжеткен соң, 

ар-абыройы таза күйінде құтты орнына қондыруды ата-аналық парыз-

дары санайды.

Қыз  балалардың  некеленбей  тұрып  жыныстық  қатынас  жасауы, 


373

373


ата-анасының ризалығынсыз күйеуге еріп қашып кетуі, ақ некелі кү-

йе уі нің көзіне шөп салу сияқтылардың жиренішті жаман қылық екен-

ді гі жү йе лі түрде ұғындырылады.

Текті, тəрбиелі отбасылар қыздарының жөнсіз қыдыруына, жал ғыз-

жарым жолаушы жүруіне жол бермейді. Басқа үйлерге қон дыр май ды. 

«Қызды – жеңге, жеңгені – теңге бұзады» деп, бойжеткен қыз дар ды 

жеңгелеріне орынсыз ертіп жібермейді. Тіпті, құда түсіп, өлті рі сін бе-

ріп  қойған  өз  күйеуіне  де  орынсыз  жолатпай,  қыздарын  күн діз-түні 

қыз ғыш тай қорғаштап, көз қарашықтарындай аялап өсіреді.

Бұл  тəрбие  қыздарды  арлы  болып,  адамгершілігін  биік  ұстауға; 

өнер лі, іскер болып, ар-абыройын таза ұстауға баулиды. Ерлерді қа-

дір леу ге, құрметтеуге, отбасының ұйтқысы, перзенттерінің тəр бие ші-

сі, ұс та зы болып, адамдық арына дақ түсірмейтін өнегелі, үлгі-та ғы-

лым ды адам болып есеюге баулиды.



ҚЫЗДАРДЫ СЕЗІМТАЛДЫҚҚА, 

СЕРГЕКТІККЕ БАУЛУ

Б

ұл тəрбиеде тəжірибелі аналар қыздарына ең алдымен кі сі лік, 



кішілік,  мейірімділік,  жанашырлық,  бауырмалдық,  биязылық,  та за-

лық,  пəктік,  ар-ұят,  адамгершілік  тəрбиесін  жүргізумен  қатар,  ішіп-

жеу, жүріс-тұрыс, іс-қимыл, тіпті махаббат, неке істеріне дейін кі сі-

лік тен аттамау, сергек, сезімтал болу тəрбиесін жүргізеді. Ас іш кен де 

бір тізерлеп отыру; ас-тағамды обырлана асамау, шай, қымыз се кіл ді 

сұйық  нəрселерді  ішкенде  сорпылдатып  дыбыс  шығармау;  та мақ ты 

қалыпты ішу, мəдениетті азықтану, жатқанда, ұйықтағанда бір қы ры-

нан жиналып, жамбастап жату, шалқасынан қалай болса солай ашы-

лып, шашылып жатпау, əртүрлі қауіп-қатерден сақ болып, өзін сергек 

ұстау, сезімтал болуға дағдылану жөнінде мұқият тəрбие бе ре ді. Қа-

лай отыру, тұру, жүру, сөйлеу, күлу, барыс-келіс, алыс-беріс жа  сау  ға 

де йін ұғындырып, əрі үлгі-өнеге көрсетіп отырады.

Жоғарыдағылардан  тыс,  ұлағатты  аналар  əр  жолғы  бас  қосулар 

мен дастарқан бастарында қыздарына: «семіз қыз – жұт, арық қыз – 

құт», «ерте тұрған əйелдің бір ісі ілгері», «нəпсісін тежеген қыз дың 


374

374


намысы қорланбайды», «елгезек қызды ел мақтайды», «бұ рын ғы ның 

қыз да ры  бармағының  шұңқырындағы  асқа  тояды»  деген  сияқты  ха-

лық даналықтарынан дəйексөз келтіріп, қыздардың тамақты аз жеп, аз 

ұйық тап, ерте тұрып, қомағайлыққа, нəпсіқұмарлыққа, жал қау лық қа 

салынбай,  ел-жұртқа  үлгі-өнеге  болып,  сергек,  сезімтал,  іс кер,  сым-

батты  болып  есеюі  жөнінде  ақыл-кеңес  беріп,  өнегелі,  тəр бие лі,  ар-

ұятты, ізетті, ибалы, ақылына көркі сай болып жетілуге баулиды.

Бұл тəрбие қыздардың психологиялық жəне медициналық жақ тан 

ақаусыз өсіп-жетілуіне тамаша негіз қалап, рухани, сезімдік, ақыл дық 

жақтан жан дүниесін кемелдендіріп, сезімтал, сергек етіп же тіл ді ре ді.



СҰЛУЛЫҚ СЫМБАТ ТƏРБИЕСІ

С

ұлулық пен сымбат тəрбиесінде қазақ халқы жан сұлулығын бас-



ты орынға қойған. Сонымен бірге, тəн сұлулығына да баса назар ауда-

рып, дене мүшелерінің сымбатты болып өсіп-жетілу əдістерін тап қан. 

Мысалы,  қыздардың  жан  сұлулығын  арттыру  үшін,  оларға  ең  алды-

мен үлкенді сыйлап, кішіні аялаудан бастап, адамгершілік, ар лы лық, 

мейірімділік, ізгілік, кешірімділік, кеңпейілділік, жана шыр лық, ба уыр-

мал дық, қормалдық, əдептілік, ибалылық, іскерлік, іс мер лік, сергектік, 

сезімталдық, ақылдылық, білімділік тəрбиесін мұ қият жүр гі зе отырып, 

мұндай  тамаша  қасиеті  жоқ  əйелдер  «қыз,  ана,  əже»  деген  қа сиет ті 

атқа лайық адам саналмайтындығын құлақтарына құйып, жү рек те рі не 

ұялатады. «Сұлу болғың келсе – алдымен сыртыңды тү зе ме, сы рың ды 

түзе» деп, тəн сұлулығынан бұрын, жан сұлулығын үй ре теді.

Ал, тəн сұлулығы тəрбиесінде, қыздарының жүріс-тұрыс, қимыл-

қы лық та ры на баса назар аударып, дөрекі іс-қимылдардан қатты шек-

теген. Қыздары ес білгеннен бастап дене мүшелерін қалай болса, со-

лай қоя бергізбей, оны белгілі бір тəртіпте ұстап, əсем жүруге, əсем 

тұ ру ға, əсем сөйлеп, əсем күлуге дағдыландырған.

Тəжірибелі аналар қыздары жеті жасқа келген соң, белдеріне бел-

беу  байлап  қойған.  Он  екіге  келгеннен  бастап,  жататын  орнына  дəл 

жа уы ры ны ның астына келетіндей етіп қос арқан керіп, соның үс ті не 

жат қыз ған. Əр күні айнаға қаратып, қасы-көзін, жүріс-тұ ры сын тү зе-



375

375


ту ді насихаттап отырған.

Бұл тəрбие қыздардың мінез-құлық, жүріс-тұрыс, қимыл-қы  лы  ғын 

түзеп,  əсемдікке,  мəдениеттілікке,  ізгілікке,  адамгершілікке  тəр бие-

лей ді.  Мінезді,  мұратты,  əдепті-ибалы,  кеңпейілді,  кешірімді  бо лу ға 

же те лей ді. Əр жақтан ақаусыз жетіліп, есейгенде тал шыбықтай бұ-

рал ған  бұ раң   бел,  аршын  төс,  ақылына  көркі  сай  сымбатты  да  сұлу 

болуға баулиды.

ШОЛПЫ, МАРЖАН-МОНШАҚ ТАҒУ

Қ

азақ  халқы  ұл-қыздарына  жан  сұлулығы  мен  тəн  сұ лу лы ғы 



тəрбиесін  мұқият  жүргізумен  қатар,  қыздарының  киім-кешек,  ат-кө-

лік, ер-тұрман, безену істеріне дейін ерекше көңіл бөлген. Мұнда, əр 

отбасы қыздары ес біліп, етек жаба бастасымен оларға киімнің тор қа-

сын кидіріп, аттың жорғасын, ер-тұрманның əдемісін міндіріп, шаш-

тарын  өріп,  оған  шолпы;  көйлек,  камзолдарының  өңіріне  сөлкебай, 

мар жан, мон шақ тағып, көрген жанның көзі сүрінердей етіп, үлде мен 

бүл де ге бөлеп өсіреді.

Қыздарды  əсем  киіндіріп,  үлде  мен  бүлдеге  бөлеп  өсірудің  үл кен 

ғылыми  мəні  бар.  Шолпы,  сөлкебай,  маржан,  моншақ  сияқты  ба ға-

лы  заттар  қыздардың  сыртқы  сəніне  көрік  қосса,  өскен  ортасы  мен 

ел-жұртына  қуаныш  пен  іңкəрлік,  құштарлық  пен  сүйіспеншілік  ба-

ғыш тап, көптің мерейін өсіреді. Ал, оны таққан қыз балалардың жан 

се зі мін  сұлулыққа  баулып,  қимыл,  қылық,  жүріс-тұрысын  əсем дік ке, 

көркемдікке дағдыландырады. Мысалы, шолпы, маржан, моншақ тақ-

қан қыздар оқыс қылық, оғаш қимыл жасаса, ша шын да ғы, киім де рін-

де гі шолпы, маржан, моншақтары салдырлаған жа ғым сыз дауыс шы ға-

рып, оқыс қылық, оғаш қимылын дереу тежеуге мəж бүр лей ді. Ал, епті 

қимыл, əдемі жүріс-тұрыста болса, шолпы, маржан, мон шақ та  ры құд-

ды əуен сияқты сыңғырлап, қыздарды əсем жүруге дағ ды лан ды ра ды.

Қазақ халқы шолпы, білезік, жүзік, сақина сияқты сəндік бұ йым-

дар дың көбін ақ күмістен жасатқан. Халық ұғымында ақ күміс – адал-

дық тың,  пəктіктің,  бақыт-байлықтың  нышаны  деп  қаралып,  «алтын 

көр се періште жолдан тайыпты» деп, алтынның жолын ауыр, тұ йық 


376

376


деп есептеп, алтын бұйымдарын көп тұтынуды қаламаған.

Бұл  тəрбие  ұрпақтарды  шексіз  байлық  қуудан,  дүниекорлықтан, 

қол жетпеске ұмтылып, орынсыз бəсекелесуден тыйып, перзенттерді 

ны сып ты лық қа, тойымдылыққа баулыған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет