Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет2/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

БАУЫРЫНАН ТАБАҚ  ЖҮГІРТУ

Т

уылғанына 5–6 ай болып, талпына бастаған сəбиді тез аяқ тан-



сын деген мақсатпен туыс-туған, көрші-қолаңды шақырып, ба ла ның 

«бауырынан табақ жүгірту» ырымын өткізеді.

Онда ауылдың өнегелі, инабатты кісілерінің бірі арнаулы да йын-

дал ған бір табақ асты қолына алып, оны талпынып тұрған баланың оң 

жа ғы нан сол жағына, сол жағынан оң жағына қарай өткізіп:


16

16

– Балапандай талпын да,



Аршында, бөпем, аршында!

Желмаядай желгек бол,

Қас тұлпардай сергек бол! –

деген игі тілек білдіріп, табақтағы астан алдымен баланың өзіне дəм 

татқызып, қалған асты жиналған жұрт бөлісіп жеп, балаға ақ батала-

рын береді. Міне, бұл «бауырынан табақ жүгірту» деп аталады.

«Бауырынан табақ жүгіртудің» де өзіндік мəн-мағынасы, ойға ал-

ған  мақсаты  бар.  Талпынып  тұрған  бала  бауырын  ыстық  тамақтың 

лебі шалғанда, жүйке клеткалары тітіркеніп, бойын тік ұстап, тезірек 

аяқтануға ұмтылады. «Ас – адамның арқауы» деп, омырау сүтіне қоса 

нəрлі тағаммен азықтанған бала тез жүріп, буыны тез бекиді.

ТҰСАУ КЕСУ

Б

аланың «бауырынан табақ жүгірту» ырымынан кейін, арада бі-



раз  уақыт  өткен  соң  бала  қаз  тұрып,  жүруге  бейімделеді.  Міне,  осы 

кезде сəбидің ата-анасы «тұсау кесер» салтын өткізеді.

Онда баланың аяғын ала жіп, майлы ішек жəне шөп тектес заттар-

мен (орап) тұсап, білімді, өнегелі немесе ұзақ сапарларда көп бол ған 

жəне жүйрік, аяғы жылдам адамдардың біріне:

– Жүйрік бол, шауып кет! Қадамың сəтті, бақытың тəтті болсын, 

бісміллə! – деп тұсауды кестіріп жібереді. 

Тұсауы кесілген баланы ата-анасы немесе жақын туыстарынан екі 

адам екі қолтығынан демеп ұстап:

– Қаз-қаз балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мəз болам.

Қаз-қаз болып, тез басып,

Қадамыңды жаз, балам!

Тұсауыңды кестік біз,

Күрмеуіңді шештік біз.

Қадамыңа қаз басқан,


17

17

Құтты болсын дестік біз.



Қаз-қаз балам, жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Шауып бəйге ала ғой!

Жүгір, жылдам, құлыным!

Желбіреп бір тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе!

Ала жіпті алайық,

Ақ əжеңе барайық.

Ержетті деп айтайық,

Шашуын жеп қайтайық, –

деп жетелеп ары-бері жүргізіп мəре-сəре болады.

Тұсау  кесудің  де  өзіндік  үлгі-өнегесі  жəне  ғылыми  мəні  бар.  Тұ-

са уы  кесілген  сəбиді  сол  күннен  бастап  үлкен-кіші  бірінен  соң  бірі 

жетелеп, ұдайы машықтандырып отыратындықтан, бала тез аяқ та на-

ды. Ал, ала жіп орап кесу – балам адал болсын, арлы болсын дегені. 

Қа зақ салтында ала жіпті аттамайды. Шөп орап кесу – ұрпағым шөп-

тей көп болып өсіп-өнсін дегені. Ал, майлы ішек орап кесу – балам 

бай-бақытты болсын, қадамы жайлы, қазаны майлы болсын деген игі 

ті ле гін бейнелейді.



БАЙҒАЗЫ

Б

айғазы – балалардың жаңа киген киім-кешегі мен жаңа жа сат-



қан ер-тұрманын көргенде, тай-құнанға мінгенде үлкен кісілер бе ре-

тін сыйлық немесе үйлеріне туыс-туған, көрші-қолаң балалары жаңа 

киім киіп, жаңа ер-тұрманын көрсетсе:

– Мə, байғазың! Жасың ұзақ, киімің тозғақ болсын! – деген игі ті-

лек те рін  білдіріп,  қыз  бала  болса  киімдерінің  алдыңғы  өңіріне  мар-

жан, моншақ, тана, сөлкебай, үкі тақса; ал, ұл балаларға қамшы, жү-

ген-ноқта  беріп,  қой-қозы  сыйлайды.  Міне,  бұл  «байғазы»  деп  ата-



18

18

лады.  «Байғазы  алу»  балаларды  үлкендерден  тұңғыш  сыйлық  алып, 



қуа ныш қа бөлейді.

«Байғазы» балаларды көпшілдікке, қуанышын өзгелермен ор тақ та-

са тын ақ көңіл, ашық-жарқын болуға; жомарттыққа, мəрттікке же те-

лей ді. Адамдар арасындағы қарым-қатынасын жақсартып, дос тық қа, 

береке-бірлікке тəрбиелеп, туыстық сүйіспеншілігін арттырады.

АТА-АНАНЫҢ ҰРПАҒЫ АЛДЫНДАҒЫ

ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ

А

та-ананың ұрпағы алдындағы қарыз-парыздары:



1.  Өз  ұрпағы  алдында  жан-тəні  мен  ар-абыройын  таза  сақтау, 

жаман қылық көрсетпеу.

2. Ана тілін толық үйрету. Ұрпақтарына ана тілін үйрете ал ма-



ған ата-ана ұрпағы алдындағы қарыз-парызын толық өтемеген мəң-

гі лік қарыздар адамға айналады.

3.  Баласының  төрт  мүшесін  сау,  ес-ақылын  дұрыс  етіп  есейту 



(баланы жас кезінде күйдіріп, кем-кетік етіп алған ата-ана ұр па ғы-

на мəң гі қарыздар болып қалады).

4. Ұрпақтарына аналық ақ сүтін адал да пəк етіп беру. Бала емі зер 



кезде  басына  жаулық-салы  салып  отыру,  омырауын  жуып,  құр ғақ, 

таза  дəкемен  сүртіп  барып  емізу.  Балаға  ауру-сырқау,  дерт-дербез 

жұқтырудан аулақ болу.

5. Құқық-мүддесін қорғау. Өзгелердің қорлауына, зорлауына ұшы-



рат пау. Қам-қайғысыз өмір сүруіне мүмкіндік жаратып беру.

6.  Ұрпақтарының  жүрегіне  адам  баласының  теңдігі  мен  береке-



бірлігін, достығын ұялату. Ізгі ниетті, адал, арлы азамат етіп же-

тіл діру.

7. Отбасына адал, əділ болу, уəде-серттен таймау.

8. Отанын қорғау, отбасы мен ел тыныштығын сақтау. Ұр пақ та-

рын аздырып-тоздырмау. Отанға, халыққа адал қызмет ету.

9. Өнер-білім, үлгі-тағылым үйрету.

10. Уағымен тамақтандырып, киіндіріп, жуындырып, киімі жыр-

тылса жамап, өз құрбыларынан кем қылмау.


19

19

11.  Қажырлы,  қарапайым  болуға,  еңбек  сүйгіштікке  тəрбиелеу. 



Адал, арлы, əдеп-ибалы болуға баулу.

12. Адамдармен қалай қарым-қатынас жасау, қалай сыйласу, қа-



лай аман-сəлем жасау, қалай сəлем беруді үйрету.

13. Туыс-туған, дос-жарандар ара алыс-беріс, барыс-келісті ұғын-



дыру.

14. Ер-əйел, үлкен-кіші, бала-шаға арасындағы жол-жосын, əдеп-



иба салтын үйрету.

15.  Үлкен  жиын-той,  қаралы  салттар  мен  ас-нəзірге  қалай  бару 



жол-жосығын ұғындыру.

16. От жағу, тамақ пісіру, шай құю, төсек салу, үй жинау, қолға 



су құю, мал қайыру, ат байлау, қонақ күту дағдысын үйрету.

17. Кісілік, кішілік дағдысын ұғындырып, ар-абыройын таза сақ-



тау, əдепті, ибалы болу жолдарын үйрету.

18. Оқытып, жақсы тəрбие беріп, есейгенде өз сүйгендерімен үй-



лен діру.

19.  Ата-ананы  құрметтеуді,  үлкендерді  сыйлап,  кішіні  аялауды 



үй рету.

20. Аналар мен қыз балаларды, ақсақалдар мен өнер-білімді кі сі лер-



ді қадірлеуді ұғындыру.

Баланы бағып-қағып, оқытып өнер-білім игертіп, есейгенде, өз де-

рі  қалаған  адамымен  үйлендірген  соң,  ата-аналар  ата-аналық  қарыз-

парыздарынан арылады да, одан кейінгі жерде ата-ананы бағып-қағу 

парызы балалардың мойнына түседі.

Бұл дəстүрдің тəрбиелік мəні мен ғылыми мəні өте жоғары. Ол ата-

аналардың  ұрпақтары  алдындағы  жауапкерлік  сезімі  мен  бо рыш ты-

лық сезімдерін арттырып, ұрпақтары дүниеге келгеннен азамат болып 

үй лен ген ге дейінгі аралықта ақ сүт, адал еңбектерімен ба ғып-қа  ғып, 

оқы тып, өнер-білім, үлгі-тағылым үйретіп, жақсы азамат етіп же тіл-

ді ру ден бас тартуға болмайтын ұлы борыштары бар еке нін шынайы 

ұғын ды рып, ата мен ананың ұрпақтарын қай мезгілге де йін ба ғып-қағу 

жа уап кер лі гін көлемі жақтан айқындап, ұрпақтарға ал  ғаш  қы адымда 

ата-ананы қартайғанда бағып-қағу жауапкерлік сезімін тудырады.



20

20

ҰРПАҚТАРДЫҢ ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ

Ұ

рпақтардың қарыз-парыздары:



1. Ата-ананы мəңгі құрметтеп, сыйлау. Қандайда жұмысына əзір 

тұру.

2. Ата-анаға опалы болу. Айтқанын екі етпей орындау. Тап сыр ған 



жұмысынан бас тартпау.

3. Оқу, өнер-білім игеру, ата-анаға күйік емес, қызық болу.

4. Адам болу, арлы болу. Ата-ананың алдынан қия өтпеу. Бет те рі-

не шіркеу келтірмеу.

5. Ата-анаға ешқашан тіл мен қол тигізбеу. Қазақ ұғымында: ата-



анасына тіл жəне қол тигізіп, беттен алып, төске шапқан баланы ең 

бұзық, ең жаман, тіпті хайуаннан да жиренішті адам есептейді.

6. Ата-ана алдында мəңгі сəбидей болу; мəңгі борышты, мəңгі қа-



рыз дар сезіну. 

7. Ана тілі мен салт-дəстүрін толық білу. Өзіндік көзқарасы болу. 



Қазақ ұғымында, ана тілін ұқпаған, салт-дəстүрін білмеген, өзін дік 

көзқарасы жоқ ұрпақты «мəңгүрт» деп атайды.

8. Ата-ананы уайым-қайғыға салмау. Ренжітпеу, орынсыз қы лық-



тар мен қинамау.

9. Қажырлы, қарапайым, ұқыпты, үнемшіл, еңбек сүйгіш болу. Əр-



қа шан ата-анаға қуаныш пен шаттық əкелу.

10. Ата-ананы бағып-қағуға мəңгі жауапты болу. Олардың қам-



қайғысыз  өмір  сүруіне  шамасының  жетісінше  мүмкіндік  жаратып 

беру.

11. Есейіп-ержеткен соң, бас құрап артына жақсы ұрпақ, жақ сы 



ат, тамаша хат қалдыру.

Міне, бұл əрбір ұрпақтың ата-анасы мен ел-жұрты алдындағы бас 

тар ту ға болмайтын адамдық əрі азаматтық қарыз-парыздары есеп те-

ле ді.


Бұл  салт  ұрпақтарға  ата  алдында  өздерін  мəңгі  шəкірттік  жəне 

мəң гі борыштылық сезімін тудырып, ата-аналарын өлгенше құр мет-

тей тін тамаша моральдік қасиет қалыптастырады. Сондай-ақ, жастай 

өнер-ғылым игеріп, адал еңбек етіп, халыққа мол үлес қосып, артына 



21

21

үлгі-өнегелі ұрпақ қалдырып, Отан мен халыққа деген құрмет се зі мін 



оятады.

ҰСТАЗДЫҚ

Ұ

стаз болу – ұлағаттың белгісі» дейтін қазақ халқы бала тəр бие-



леп, бала оқытып, өнер-білім беруді төтенше игілікті іс санап, ұс таз-

дар ды  əлемге  өнер-білім  ұрығын  себуші,  адамдардың  көкірек  кө зін 

ашып,  ой-санасын  нұрландырушы  деп,  оларды  ерекше  құр мет теп, 

төр ле рі нен орын, төбелерінен жол берген.

Ертеде  өнер-білімді,  оқыған,  зерделі,  ақыл-парасатты  кісілер: 

«Шə кірт сіз  –  ұстаз  тұл»  деп  қарап,  өнер-білімдерін  өзгелерге  үй ре-

тіп,  арттарына  өз  жолдарын  жалғастыратын  шəкірт  тəрбиелеп  ке-

ту ді  аза мат тық  парыздары  санап,  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  адамдарға 

өнер  ле  рін жəне білім үйретіп, адамзат мəдениетін ұрпақтан-ұрпаққа 

жал  ғас  ты  рып отырған. Қазақ ұғымында: біреуге, мейлі, қандай өнер 

үй  рет  сін,  оқымысты,  білімді,  өнерлі  адамдарды  «ұстаз»  деп  ата ған. 

«Ұс  таз» деген сөзді ардақ тұтқан қазақ халқы ұрпақтарын мол өнер-

бі  лім үйреніп, ақыл-ойын молайтып, білімін көбейтіп, халыққа бі лім 

ұры ғын  шашуға  талпындырып,  тұтас  халықтың  көкей  көзін  ашып, 

өнер-білім  үйретуге  қалыптастыруға  жетелеген.  «Ұстазы  жақ сы ның 

ұс  та  мы жақсы» деп өнегелі, өнерлі ұстаздардан тəлім алған шə кірт тер 

өмір  ге ой көзімен қарайтын, ғылым мен білімді қастерлейтін тамаша 

азамат болып жетіледі. Өзі білген өнер-білімін елге үйретпеген адам-

ды «ішмерез» деп қатты жек көрген.

ШƏКІРТ БОЛУ

Ұ

стаздың панасын көрмеген шəкірт – өнер-білімнің қарасын көр-



мей  ді» деп, ертеде қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу ұл-қыздары жап-

пай оқып, өнер-білім игеруден тыс, жалпақ жұртқа аты шыққан өнер-

лі, білімді адамдарды іздеп барып, оларды ұстаз тұтып, сондай үлгі-

та ғы лым ды адамдардан тəрбие алатын дағды болған. Сондай-ақ, қан-

дай адамнан тəлім-тəрбие алып, өнер-білім үйренсе де, сол өнер-білім 


22

22

үй  ре  ніп, тəлім-тəрбие алған кісілерінің алдында өздерін «шəкірт» деп 



атап, үлгі-өнегелі адамдардан тəлім алып, шəкірт болғандарын мақ та-

ныш етіп отырған.

Шəкірт болу ұрпақтарға кішілік пен кісілікті үйретеді. Жас тар дың 

өнер-білім үйрену ынтасын жоғарылатады. Ғылым мен бі лім ді қас тер-

леу сезімін оятып, өнерлі, білімді адамдарға деген сү йіс пен ші лік те рін 

арттырады.



ҰСТАЗ-ШƏКІРТТІК ПАРЫЗ-ҚАРЫЗДАР

« Ұ


стаз  көрмегеннен  ұлағат  шықпайды»,  «Оқусыз  –  білім  жоқ, 

бі лім сіз  –  күнің  жоқ»  деп  білген  қазақ  халқы  жастайынан  ұстаз  қо-

лын да  оқып,  өнер-білім  үйренуді  өздерінің  перзенттік  парыздары 

санаса;  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  адамдар  да  «Шəкіртсіз  ұс  таз  –  тұл» 

деп  өзі  білген  өнер-білімді  талапты  жастарға  үйретіп,  адам гер ші лі гі 

асқақ, білімі терең азамат етіп жетілдіруді «ұстаздық парызым» деп 

біліп,  ұрпақ  тəрбиелеу  жолында  көз  майларын  тауысып,  жү  рек  қан-

да рын сарқуды даңқ деп білген. Сондықтан да қазақ дəс тү рін де ұс таз-

дық міндет арқалаған əрқандай адамның мойнына шə кірт тер алдында 

қалтқысыз білім беріп, тамаша үлгі-өнеге көрсетіп, өнер-бі лім ар қы лы 

адамзат санасын нұрландыру парызы түссе; ал, ұстаз алдына бар ған 

барша перзенттің мойнына да жақсы оқып білім алу, мол өнер-бі лім 

игеріп, адамзат баласына бақыт жарату парызы түседі.

Ұстаз адам өз бойын барлық пенделік қылықтан аулақ ұстап, мо-

раль, мұрат, адамгершілік жағынан шəкірттеріне, сондай-ақ, бас қа да 

ел-жұртқа үлгі-өнеге болуы, үйретуі, білім беру парыздарын əділ дік-

пен атқаруы шарт. Қазақ ұғымында: халыққа өнер-білім үйретіп, кө-

ңіл көзін ашудан сауапты іс жоқ деп қаралады. Шəкірттер санасына 

адам гер ші лік ке жат, жаман қылықтар сіңірген ұстаз – барша адам ба-

ласы  алдында  ұстаздық  парызын  əділдікпен  атқармаған  нашар  адам 

есеп те ле ді.  Сол  секілді,  жақсы  оқып  өнер-білім  үйренбеген,  жақсы 

үлгі-тағылым  алмаған,  ұстаздарын  құрметтемеген  жəне  оларға  тіл, 

қол тигізген шəкірт те өз борышын əділдікпен атқармаған пасық адам 

есеп те леді. 



23

23

Бұл салт адамдардың өнер-білім үйретуге жəне үйренуге деген бо-



рыш ты лық сезімін күшейтіп, ұстаздық, шəкірттік жауапкерлігін ұғын-

ды ра ды.  Адамдарды  өнер-білім  үйреніп,  ғылым-өнерді  құрметтеуге 

баулиды.

ҮЛГІ-ТАҒЫЛЫМ ТАРАТУ

Қ

азақ халқы ұрпақтары мен ел-жұртына, тіпті өзі жүрген, тұр-



ған жердегі жалпы халыққа өнер-білім үйретіп, үлгі-тағылым таратып 

жүруді  өздерінің  адамдық  парызы,  азаматтық  борышы  санаған.  Əр-

бір азамат шамасы келсе бала оқытып, шəкірт тəрбиелеуді өте игі лік ті 

іс  санаған.  Алған  білімі  мен  үйренген  білімін  елге  үйретпеген,  мол 

білімі мен өнері бола тұра оны қағазға түсіріп ел игілігіне жа рат па ған 

адамды  «пайдасыз  адам»  деп,  ондай  жандарды  айран  құйған  кү бі ге 

ұқсатқан.

«Жақсының  жүрген  жері  –  өнер-білім,  үлгі-тағылым»  деп  əрбір 

азамат сапарға шықса, жолаушы жүрсе, ел-жұртын араласа жуынып-

шайынып, сəнді киініп, ат əбзелдерін түзеп, жүрген, тұрған жерлерінде 

өз бастарынан үлгі-өнеге көрсеткен. Тіпті, өз бастарында елден ерек 

өнер-білімі  болмаса,  қасына  өнер-білімді,  үлгі-тағылымды  кісілерді 

жолдас етіп, өзі барған ел-жұртқа тамаша əсер қалдырған. 

Бұл салт адамдарды өнер-білімді құрметтеуге, сəнді, таза киінуге, 

ізгі жанды, мұратты, мəдениетті болуға жетелейді. Ұрпақтарды өнер 

сүйгіштікке баулиды.



БАҚ-ДƏУЛЕТ, АТАҚ-ДАҢҚ ТƏРБИЕСІ

Қ

азақ  халқы  ұрпақтарына:  «басыңа  бақ  қонса  –  тасыма,  іс 



түс се – жасыма; байлық – мұрат, шен – бақыт емес; байлық – қолдың, 

ман сап тың, беттің кірі; шенді болу, бай болу – парыз емес, адам болу – 

парыз. Атақ қуған адам абыройдан жұрдай болады» деп ұр пақ та рын 

бақ-дəу лет ті, атақ-даңқты болуға емес, нағыз адам болуға баулып; бақ-

дəу лет, атақ-даңқ қуған адамның адамдық қасиетін жойып, із гі лік тен 

жұрдай  болатындығын;  қандай  бай,  қандай  атақты  болса  да,  «ердің 



24

24

ері – егеудің сынығы», қоғамның жай бір мү ше сі бо ла тын ды ғын, сон-



дықтан қандай атақ-даңққа қол жеткізсе де тасымау, кішіпейіл болу 

керектігін ұғындырып отырған.

Бұл  тəрбиеде  əрбір  отбасы  ұрпақтарына  «бақ-дəулет,  атақ-даңқ 

қума, өнер мен білім қу. Атақ-даңқ, бақ-дəулет – көлеңке, өнер-білім – 

өмір  лік серік» деп ұрпақтарын өнерлі, білімді болуға баулыған. Сон-

дай-ақ, адам баласын бай-кедей, хан-қара деп алаламай, барлық адам -

ға тең қарауды; басына бақ қонып дəулетті, атақ-даңқты бола қал  са, 

кішіпейіл, кешірімді болып, шен-шекпенге буланып асып-тасымауды 

ерекше ескертеді əрі бір адамның басында бақыт-байлық пен қиын-

дық мəңгі тұрмайтындығын, сондықтан барлық іске ой кө зі мен қа рау 

керектігін; бұл өмірде адамнан адамның артықшылығы – бай лық, ман-

сап,  атақ-даңқта  емес,  адамгершілік  пен  білімде,  өнер  мен  ғы  лым  да 

екендігін терең ұғындырып, «мансап қуған адам – өнер-бі лім нен жұр-

дай болады, білім қуған адам  – өнер-білімге толады» деп көр  сет кен.

Бұл  тəрбие  ұрпақтарды  ізгілікке,  адамгершілікке  жетелейді,  мол 

өнер-білім үйренуге, өмірге ой көзімен қарап, ғылыми тұжырым жа-

сау ға баулиды.

БАЛАНЫ СЫНАУ

Қ

азақ  халқы  адамның  адамгершілігін,  кісілік  мəдениетін 



оның  əр бір  іс-қимылына  қарап  білетін  сыншы  халық  болғандықтан, 

əрқандай  адам ның  жүріс-тұрыс,  бет-бейнесі,  қимыл-қылығы,  аман-

сəлемі,  əдеп-ибасы,  қонақ  күтуі,  т.б.  жақтарына  қарап,  оның  қандай 

адам, қан  дай ниет, қандай мақсаттағы жан екенін аңғара білген. Тіпті 

бе  сік  те  жат қан  сəбилерге  дейін  сынап,  олардың  болашақта  қандай 

адам  бо ла тын дық та рын  алдын  ала  жорамалдап,  өз  бағаларын  беріп 

отыр ған. Мысалы, ана сы ның омырауын тас қып ұстап алып емген ба-

ланы «есейгенде са раң болады» десе; омырауды нарау емген баланы 

«қолы ашық, жомарт болады» деп жорамалдайды. 

Ал,  ұйықтағанда  көзін  толық  жұмбай  ұйықтайтын  ер  балаларды 

«есейгенде сұлу жар құшады» десе; көзін толық жұмбай ұйық тай тын 

қыз балалардың «серігі сері болады» деп тұспалдайды.



25

25

Үнемі жастықтың үстіне шығып алып, жастықты басып ұйық тай-



тын бала есейгенде «бай-бақытты болады» десе; басын бүркеп алып 

ұйықтайтын баланы «бұйығы, сылбыр, ынжық» болады деп топшы-

лайды.  Бүк  түсіп,  қол-аяғын  бауырына  басып  жататын  балаларды 

«уа йым шыл, тұйық, біртоға болады» десе; шалқасынан жататын ба-

ланы «ақкөңіл, ашық-жарқын болады» дейді. Ал, қол-аяғын жан-жақ-

қа керіп тастап шалқадан түсіп ұйықтайтын баланы «төрт түлігі сай, 

ақыл-ойы терең адам болады» деп тұжырымдайды.

Кейбір сыншылар: «Кісі болар баланың кісесінен белгілі, ат бола-

тын  құлынның  мүшесінен  белгілі»  деп,  балалардың  сыртқы  кес кін-

кел бе ті не  қарап  та  сынай  білген.  Мысалы,  бала  дөң  жауырын,  сом 

дене, шоқпар тұмсық келсе – батыр, балуан; маңдайы кең болса – бі-

лім ді, жайдары; құлағы үлкен əрі қалқиған болса – бақ, тəлейлі, дом-

бырашы; саусақтары сүйрік əрі нəзік болса – ісмер, күйші, биші; маң-

да йы тар болса – ашушаң, күйгелек, қызғаншақ; аузы мен құ ла ғы ның 

арасы жақын болса – аузына сөз тұрмас өсекші; алыс болса – сөз ге са-

раң, іске шөгел; желкесі шұңқыр болса – жалқау, жайбасар, т.б. деген 

сияқты мінездемелер берген.

ТІЛАШАР

Қ

азақ салтында бөбектің тілі былдырлап шыға бастағанда əр от-



басы «тілашар» ырымын жасайды.

Дастарқан жайылып, ас келгенде қариялардың бірі қойдың піс кен 

ішегін немесе ақ орамалды баланың мойнына орап тұрып: «Сөй лей-

сің бе?» деп үш рет сұрайды. Оған жауап ретінде баланың ата-анасы 

немесе туыс-туғандарының бірі: «Сөйлеймін!» деп үш рет жа уап бе-

ре ді. Онан соң, қариялардың бірі сəбиге: «тілің тез шықсын» деп қой-

дың піскен тілін, «шешен бол» деп таңдайын, «көреген бол» деп кө зін 

же гі зе ді. «Сөз тыңда, айтқанды құлағыңа құйып алатын құй ма құ лақ 

бол» деп құлақтан дəм татқызады.

Тілашар ырымы жасалған соң, ата-анасы оны далаға алып шы ғып, 

«тілін сындырады». Онда көгендегі қойды көрсетіп немесе да ла да ғы 

қой-ешкіні нұсқап:



26

26

– Əне, мə-мə! Пүшəйт-пұшайт!



Шөре-шөре!

Құлын-тайды көрсетіп:



– Əне, құрау-құрау! моһ-моһ!

Күшік пен итті көрсетіп:



– Əне, əу-əу! ка-ка!

Суды көрсетіп:



– Міне, үп-үп! –

деген сияқты одағай, еліктеуіш сөздерді, онан соң, тілге жеңіл, жат-

тау ға оңай сөздерді үйретуге кіріседі. Бала есейген сайын оған үй ре ті-

лер сөздер де күрделілене бастайды. Мысалы, сиыр мөңірейді, мы  сық 

мияулайды, ит үреді, жылқы кісінейді, қой маңырайды, түйе боздай-

ды, күн күркірейді, қасқыр ұлиды, қаз қаңқылдайды деп, жануарлар 

мен зат тар дың дыбыс шығару қасиеттерін ұғындырады.

Сəбиге жоғарыдағыларды бір-бірлеп ұғындырып болған соң, жат-

тау ға жеңіл, ойға орамды өлең-жыр үлгісін үйретуге кіріседі. Мұн да, 

ба ла лар ға таныс əрі баурау қуатына ие төрт түлік малды ша қы ру ода-

ғай ла ры пайдаланылады, яғни «шөре-шөре», «құрау-құ рау», «ау қау-

ауқау»,  «көс-көс»  дегендерді  мынадай  өлең  жолдары  ар қы лы  жат қа 

алдырады:

– Қой баласы қоңырым,

Ұя бұзбас момыным.

Шопан ата түлігі,

Қошақаным, қайдасың?!

Пүшəйт! Пүшəйт! Пүшəйт!

Екі көзі – танадай,

Екі өркеші – баладай.

Тайраңдаған ойнақтап,

Ойсыл қара баласы.

Ботақаным, қайдасың?!


27

27

Көс! Көс! Көс!



Тілмен мұрнын жалаған,

Тілмен жүнін тараған.

Зеңгі баба өсірген,

Əукешім, менің, қайдасың?!

Ауқау! Ауқау! Ауқау!

Мінсем жүйрік көлігім,

Жалғыз жүрсем – серігім.

Қамбар ата өсірген,

Құлыншағым, қайдасың?!

Құрау! Құрау! Құрау!

Ұстай алсам бақырған,

Ұлы атасын шақырған.

Тасқа құмар жануар,

Шөре тайым, қайдасың?!

Шөре! Шөре! Шөре!..

Міне,  осындай  жыр  жолдарын  жаттатып  болған  соң,  ата-анасы 

баласына əрбір заттың атын атап, түсін түстеуді үйретеді. Балаға бес 

сау са ғын көрсетіп, «Қуырмаш» ойынынан бастайды.

Мұнда  балаға  алдымен  өз  алақанын  жаздырып:  «бас  бармақ,  сұқ 

сау сақ (сұқ қол), ортаңғы саусақ (ортанқол), аты жоқ саусақ, шы на-

шақ»  деп  жалпы  бір  рет  таныстырып,  онан  соң  бір-бірлеп  мынадай 

тə  сіл  мен жатқа айттырады: «бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, 

шылдыр шүмек, кішкене бөбек» деп бес саусақты бір-бірлеп бүктіріп, 

онан соң, бүгілген саусақтарды шынашақтан бастап: «Сен тұр, қойыңа 

бар! Сен тұр, түйеңе бар! Сен тұр, жылқыңа бар! Сен тұр, сиырыңа 

бар! Ал, сен əлі жас екенсің, үйде отырып қазанның қаспағын жала!» – 

деп ба ла ның ашылған алақанының ортасын сұқ саусақпен тары қуыр-

ған дай айналдырып:



– Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Қуырса да таусылмас.

Шөжелерге бидай шаш,

28

28

Əжең келсе есік аш,



Аю келсе мықтап бас,

Қасқыр келсе қатты бас! –

деп  алақанын  жұмдырып  қойып,  баланың  білегін  төменнен-жоғары 

қолтығына қарай аттата, аттата шұқып:

Мына жерде – май бар,

Мына жерде – шай бар.

Мына жерде – нан бар,

Мына жерде – бал бар.

Мына жерде – мысық бар.

Мына жерде – күшік бар.

Мына жерде – жылқы бар.

Мына жерде – түлкі бар.

Мына жерде – күлкі бар, –

деп қолтығының астын «қытық, қытық, қытық» деп қытықтап күл ді-

ріп, «қуырмаш» мəтінін тез жаттап алуға қызықтырады. Тілашар сал-

тын өткізудің де өзіндік ғылыми мəн-мағынасы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет