Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет35/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50

АУЖАР

(ЖАР-ЖАР)

А

ужар – қазақ халқының тəрбиелік мəні мен иландырарлық қуа-



ты біршама күшті тамаша салттардың бірі. Оны айтудың мақ са ты – 

əн салып, өлең айтып, ермек үшін күн өткізу емес, қайта жат жұрт қа 

кетіп бара жатқан тəжірибесіз бойжеткенге ақыл-кеңес беріп, үлгі-та-

ғы лым айтып, құрдастары мен жанкүйер жақындарының ең соң ғы рет 

қош та сып, бақыт-байлық пен ақ жол тілеу.

Жалпы  алғанда,  «аужардың»  мазмұны  қалыңдыққа  ең  соңғы  рет 

құр бы-құрдастарының жəне жанашыр жақындарының: «барған же рі-

ңе үлгілі, əдепті, ибалы бол, барған ел-жұртың мен ата-енеңнен сый-

құр ме тің ді аяма. Өзіңнің туған ел-жұртың мен ата-анаңның атына сөз, 

бе ті не  шіркеу  келтірме»  деп  ақыл-кеңес  беріп,  жастық  назын  айтуы 

əрі шынайы кеңес беруі болса, ұзатылатын қыздың сүйікті ата-анасы 

мен  құлын-тайдай  бірге  өскен  дос-жаран,  құрбы-құрдастарымен  қи-

мас тық пен айырылып бара жатқанын, артына суық сөз, өсек-аяң ерт-

пей, тату-тəтті бал жаласып өткен тамаша күндерін айтып, толқыған 



389

389


кө ңіл күйін білдіруі.

Əдетте, аужарды бір жігіт бастап, қажетті қайырмасына келгенде, 

көп жігіттер қостап айтып отырады. Мысалы:

Сөздің басын бастайын «жар-жарменен»,

 

жар-жар,

Айтқаныма құлақ сал, замандасым,

 

жар-жар.

Ата-баба жолы екен қыз ұзату,

 

жар-жар,

Бет алдыңнан Құдайым жарылқасын,

 

жар-жар.

Көңіліңді, қарағым, суытпағын,

 

жар-жар,

Жамандықты жаныңа жуытпағын,

 

жар-жар.

Жат жұрттық болып, қарағым, кетсең дағы,

 

жар-жар,

Ата-анаң мен ел-жұртты ұмытпағын, 

 

жар-жар, – 

деп, құлын-тайдай бірге өскен құрбыларына ақ жол жəне бақыт ті лей-

ді.  Аужар  айтылған  кезде,  қыздың  жеңгелері  де  қызға  қосылып,  жі-

гіт тер ге жауап қайтарады, əрі олар аужар айтқанда «жар-жар» сө зі нің 

орнына «бикем» деген қайырма қосып айтады. Мысалы:

Келе ғой, келші қасыма, бикем,

Көп жылап мұнда жасыма, бикем.

Пайғамбар қызын ұзатқан, бикем,

Ақ жаулық салып басына, бикем.

Құрдастай едім сенімен, бикем,

Сырластай едім тегіннен, бикем.

Жат жұртқа бүгін барасың, бикем,

Бабалар салған жолменен, бикем, –


390

390


деп бастайды да, онан соң, кезекті қыз жолдастары мен жігіттерге бе-

ре ді. Сонда жігіттер:



Бір толарсақ, бір тобық санда болар,

 

жар-жар,

Сылдыр-сылдыр жапырақ талда болар,

 

жар-жар.

Əкем-ай деп жылама, ей, қарағым,

 

жар-жар,

Əке орнына қайын атаң əке болар,

 

жар-жар, –

деп айтады. Оған қыздар:



– Жазғытұрым ақша қар жаумақ қайда,

 

жар-жар,

Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда,

 

жар-жар.

Қанша жақсы болса да қайын атам,

 

жар-жар,

Айналайын, əкемдей болмақ қайда

 

жар-жар,

деп жауап береді. Ал жігіттер жағы:



Бір толарсақ, бір тобық санда болар,

 

жар-жар,

Сыбдыр-сыбдыр жапырақ талда болар,

 

жар-жар.

Шешем-ай деп жылама, беу, қарағым,

 

жар-жар.

Шеше орнына қайын енең шеше болар,

 

жар-жар, –

391

391


деп, аужарды одан ары үдете түседі. Оған қыздар:

Жазғытұрым ақша қар жаумақ қайда,

 

жар-жар,

Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда,

 

жар-жар.

Қанша жақсы болғанмен қайын енем,

 

жар-жар,

Айналайын, шешемдей болмақ қайда,

 

жар-жар, –

деп,  жігіттер  мен  қыздар  бірталай  уақытқа  дейін  ұзатылу,  үйлену 

ісінің өмір заңдылығы, ата-баба салты екендігін, сондай-ақ, аға-жеңге, 

ата-ана, бауыр-туыс, іні-қарындас, ата-енелерін қосып, алма-кезек ай-

тысып, жастық көңіл күйлері мен жүрек сырларын ақтарысады.

«Аужардың» соңында ұзатылатын қыз:



Базардан келген кеселер,

Сан алуан деседі ел.

Қайта айналып келгенше,

Қош, аман бол, шешелер! –

дей келіп:



Қаладан келген ақ мата,

Бұлғақтап өстім оң жақта.

Айналайын, əкетай,

Қолыңды жай, бер бата! –

деп ата-анасымен қоштасып, олардың ризалығы мен ақ ба та ла ры ның 

өзіне өмірлік рухани тірек, сағынғанда зарық басар күш-қуат екен ді гін 

аңғартады.

Аужар  айту  –  тек  ұзатылатын  қызға  ғана  емес,  аужарды  тың дап 

отырған барша адамға терең ой салып, мол білім беріп, тамаша рухани 

азықпен сусындатады. Ұзатылатын қызды ойпыл-тойпыл кө ңіл күй-


392

392


ден сергітіп, тамаша əдет, жағымды мінез қалыптастыруға же те лей ді. 

Қа шанда  туған  ел-жұрты  мен  құлын-тайдай  бірге  өскен  құрбы-құр-

дас та рын ұмытпауға баулиды.

СЫҢСЫМА (СЫҢСУ)

Т

ой  думаны  басылып,  түрлі  ырым-жырымдары  біткен  соң, 



құда-құдағилардың бірталайы келін баратын (қызды шығаратын) күн-

ге  келісіп  алып,  аттанып  кетеді.  Тек  бас  құда  мен  күйеу  жігіт  қана 

жолдастарымен келінді алып кетуге қалады. Осы арада қызды аттан-

дырып салудың жосыны басталады. Қыз жеңгелері ұзатылатын қыз-

дың жүрек қобалжуын тыйып, жолға жақсы əзірленуіне, қандай киім 

киіп, өзін қалай ұстауына дейін егжей-тегжейлі түсіндіріп, ақыл-ке ңе-

сін айтып, əзіл-қалжыңмен жебей жүріп, оған үйінен аттанар ал дын-

да ғы өтеуге тиісті салтты, орындауға тиісті жол-жосынды үйретеді.

Өзін  үйден  ертең  шығарады  деген  күні  қыз  күйеу  жігітпен  бір ге 

кешкі асты ең жақын бір туысының үйінен ішеді. Ауыл жастары да 

сол  үйге  жиылып,  əзіл-қалжыңдарын  айта  отырып  тамақтанады  не-

месе қыздың өз үйінде тамақтанады.

Ас  ішіліп  болған  соң,  қыздың  жақын  жеңгелерінің  бірі  орнынан 

тұ рып, қыздың киіп жүрген үкілі тақиясын немесе бөркін алып кереге 

басына  іліп  қойып,  оның  орнына  сəукеле  немесе  желегі  желбіреген 

төбетай кидіріп қояды.

Бұл ұзатылатын қыздың туған ел-жұртымен басына қасиетті киім 

киіп қоштасуының алғашқы белгісі есептеледі. Осы орайда, қыз «сың-

сы ма» жырын бастайды.

Жат жұрттық боп барамын, өскен елім,

Кір жуып, кіндігімді кескен жерім.

Ата-ана, аға-бауыр, сіңлілерім,

Көкейімнен мəңгілік кетпес менің.

…Ақ отауым тіккен жер майдан 

 

болсын,

Оның іші шат күлкі, сайран болсын.


393

393


Басқа жұрт қанша əлпештеп бақса дағы,

Өзімнің ата-анамдай қайдан болсын.

Қыз дəуірім қызықты қайта келмес,

Қайран ел, қайран жұртым аман 

 

болсын!

Алтындай менің босағам,

Аттап бір шығам деп пе едім?

Күмістей менің босағам,

Күңіреніп шығам деп пе едім?

Базардан келген құйысқан,

Таралмай шашым ұйысқан.

Барып-келіп жүріңдер,

Сағындырмай туысқан, –

деп, перзенттік көңіл күйі мен шынайы жүрек сырын ақтарады.

«Сыңсыма» – қазақ қыздарының зары емес, назы. Онда ұза ты ла тын 

қыз назды, сазды жырын, ең алдымен, ата-ана, аға-іні, əпке-сің лі ле рі-

нің көңілін аулаудан бастайды. Одан соң, ел-жұрты мен кіш кен тай дан 

ойнап-күліп бірге өскен құрбы-құрдастарымен қош та са ды. Əке үйін-

де гі еркін өмірін, еркелеген көңіл назын айтып, құрбы-құр дас та ры ның 

жан сезімін оятып, бірге жүрген тəтті күндерін еске алады. Бұл қыздың 

көңілге  бүккен,  жүрекке  сақтаған  ішкі  сырларын  емін-ер кін  ақта-

рып  тастап,  рухани  жақтан  сергуіне  мүмкіндік  жасайды,  əрі  достық 

сүйіспеншілікті  арттырып,  əлеуметтік  қарым-қа ты нас ты  ны ғай та ды. 

Образдауға, сөз тапқыштыққа баулып, ой толғамын ба йы та ды. Өмірді 

терең түсінуге жəне мəн-мағынасын шынайы ұғы ну ға жетелейді.

АУШАДИЯР

А

ушадияр  –  қыз  ұзатыларда  айтылатын  тəлім-тəрбиелік  қуа ты 



жоғары  нақыл,  өлең-жыр.  Қалыптасқан  дəстүр  бойынша,  ол  той  үс-

тін де де, той тарап, адам аяғы саябырлаған кезде де, тіпті қыз аттанар 

сəт тер де  де  айтыла  береді.  Қазақ  ішінде  аушадиярдың  бірнеше  түрі 

бар. Мысалы, санамақ түрі былай айтылады:



394

394


Аушадияр – бір болар,

Жаманның көңілі кір болар.

Ата-анасын сыйлаған,

Ақ салмалы би болар.

Аушадияр – екі дер,

Ержеткенің осы дер.

Əдеп-иба, ар-ұят,

Қыз баланың көркі дер.

Аушадияр – үш болар,

Атан түйе күш болар.

Екі жаман қосылса,

Өле-өлгенше өш болар.

Аушадияр – төрт болар,

Қыз қылығы өрт болар.

Екі жақсы қосылса,

Опа қылар сертке олар.

Аушадияр – бес болар,

Жақсы жарың ес болар.

Жаман жарға кез болсаң,

Қайғымен күн кеш болар.

Аушадияр – алты дер,

Ата-баба салты дер.

Ағайынмен өш болсаң,

Берекесіз халқы дер.

Аушадияр – жеті дер,

Ер тілерін – ел тілер.

Елін қорғау ерлердің,

Уəделі серті дер.

Аушадияр – сегіз,

Су аяғы теңіз.

Екі жақсы қосылса,

Өле-өлгенше егіз.

Аушадияр – тоғыз де,

Күй төркіні – қобыз де.

395

395


Жаудан қашқан ез жігіт,

Жорғалаған қоңыз де.

Аушадияр – он болар,

Қой терісі тон болар.

Көптің қамын ойласаң,

Қылған ісің оң болар.

Аушадияр – он бір-ді,

Өлсең – орның үңгір-ді.

Қияметте қыл көпір,

Оны барып кім көрді?

Аушадияр – он екі,

Тұтынба арақ-темекі.

Əйел атын ардақта,

Қылма іс-қимыл дөрекі!

Аушадияр – он үш-ті,

Бұл жалғанда не күшті?

Басын кесіп алса да,

Шындықты айтқан тіл күшті.

Аушадияр – он төрт-ті,

Бұл жалғанда не текті?

Қандай қиын сəттеде,

Сертте тұрған қыз текті.

Аушадияр,  бір  жағынан,  қандай  ел,  қандай  жұртқа  барамын  деп; 

тағы бір жағынан, туған жер, өскен елін қимай көңіл күйі ойпыл-той-

пыл болып отырған қыздың күпті көңілін көтеріп, рухын сергітіп, жі-

ге рін шың дай ды. Ойнақы жыр арқылы тəрбиелі, ар-ұятты, уəде-серт-

ке бе рік жақсы жар, адамгершілігі жоғары өнегелі адам болуға дағ  ды-

лан ды ра ды.

ЖАСАУ КӨРСЕТУ 

Қ

ыз ұзату тойы біткен соң, қыздың ата-аналары қызына жасап 



беретін жасауларын буып-түймей тұрып, бас құда мен құ да ғи ла ры на 

396

396


«жасауын» көрсетеді. Міне, бұл «жасау көрсету» делінеді. Жасауды 

көрген құда-құдағилар ризалықтарын білдіріп, жасау көру кө рім ді гін 

береді. Қыздың ата-анасы оларға ат міндіріп, киіт кидіреді. Сон дай-

ақ, болашақ отаудың көш көлігі мен сойыс, сауынына атаған малда-

рын береді. Əдетте, ұзатылатын қызға беретін сойыс, бардам адамдар 

болса, бір жылға жетерліктей береді. Ал қолы қысқа адамдар болса, 

барымен базарлап, «орамал тон болмайды, жол болады» деген ха лық 

даналығына жүгінеді.

Ертеде  ұзатылатын  қыздар  əке  малынан  əр  түліктен  «мал  құты» 

есептелетін бір-бір мал немесе бір түзу мылтық немесе берен сауыт 

қалайтын дəстүр болған жəне қызы қалаған қандай қимас заты болса 

да, ата-анасы қызының көңілін қалдырмай берген.

«Жасау көрсету» – қыз ата-анасының «алғанды ғана біліп, бер ген-

ді  білмейтін  дүниеқоңыз,  сараң  емеспіз,  қызымыздан  еш   нəр се міз ді 

аямаймыз» деп, ақ жүрегін құдалар алдында жайып салуы. Бұл салт – 

адамдар əсіресе, құда-құдағилар арасындағы татулық пен береке-бір-

лік ті, достық сүйіспеншілікті арттырады. Əртүрлі пенделік ұсақ есеп-

қор лық тан арылтады. Адамдар арасында, сенікі, менікі демей, бір дəн 

болса  бөліп  жеп,  жарты  дəн  болса  жарып  жейтін  тамаша  қасиет  қа-

лып тас ты ру ға  баулып,  адамдарды  жанашыр,  мейірімді,  қайырымды, 

ақ кө ңіл, ашық-жарқын, жомарт болуға дағдыландырады.

Ал,  қызының  қалаған  нəрсесін  қақпай  беру  ата-ана  мен  перзенті 

ара сын да ғы сүйіспеншілікті одан да тереңдетіп, ұзатылатын қыз дың 

рухани  жақтан  жасымай,  заттық  жақтан  қиналмай,  барған  же рін де 

бай-бақытты, қам-қайғысыз тұрмыс өткізуіне мүмкіндік жасайды.

СƏУКЕЛЕ КИДІРУ 

Қ

азақ салтында ұзатылатын қыздарға ақ босаға аттар сəтте сəу-



ке ле  кигізеді.  Сəукеле  кигізуге  құда-құдағилар  мен  ауылдың  бі лік ті 

кісілері  түгел  шақырылады.  Мол  шашу  шашылып,  жұрт  мəре-сəре, 

көл-көсір  қуанышқа  бөленеді.  Сəукеле  киген  қызға  бағалы  бай ға зы-

лар  ұсынылып,  ақсақалдар  ақ  тілектерін  ақ  жаңбырша  жаудырады. 

Бой жет кен дер мен бозбалалар қызға қарап, осындай тамаша сəттің өз 

бастарына тезірек келуін армандайды.



397

397


Сəукеле  кигізу  қыздарды  қуанышқа  бөлеп,  мерейлерін  өсіреді. 

Ата-анасы  мен  ел-жұртының  ақ  батасына  лайық  тəрбиелі,  мұрат ты 

ұрпақ  болуға  баулиды.  Ел-жұрт,  туыс-туғандарына  деген  перзент тік 

сү йіс пен ші ліктерін арттырып, əрқашан мейірімді, қайырымды, адал, 

арлы,  үлгі-өнегелі  азаматша  болып  жетілуге  дағдыландырып,  ту ған 

хал қы мен салт-дəстүрін қадірлеуге баулиды. 



ҚЫЗ ШЫҒАРУ

Т

ой қызығы, абыр-сабыр басылған соң, ұзатылатын қызды ту-



ған  үйінен  аман-есен  шығарып  салып,  құтты  орнына  қондыру  қа зақ 

салтында аса қуанышты, ерекше игілікті іс саналады.

Əдетте,  қызды  тойын  жасай  салып  ұзатпайды.  Тойдың  артын 

жиып,  жасау-жабдықтарын  толықтап,  күннің  сəтіне  шығарады.  Қыз 

осы ара лық та əке үйіне тағы да бірнеше күн түнеп, дос-жаранда ры мен 

сыр ла сып, бауыр-туыс, аға-жеңгелерінің жанында жүріп, қо бал жы ған 

кө ңіл күйін біраз орнықтырып алады.

Қызды үйден шығаратын (аттандыратын) күні ертеңгі шайды іш-

кен  соң,  ауылдағы  қол-аяғы  жеңіл  бала-шағаларды  атқа  қондырып, 

«бала  шығарғалы  жатырмыз»  деген  хабарды  ел-жұрт,  бауыр-туыс, 

көр ші-қолаңдарына  жеткізеді.  Ел-жұрт  жиналған  соң,  бас  құ да ның 

рұқ са тын алып, жасау-жабдықтар түгел буып-түйіліп, отау жы ғы лып

буыл ған əрбір теңнің арасына құда-құдағилар мен сол ауылдағы əйел-

дер қауымына арналған үлкенді-кішілі киіт, кəде, жол-жоралар салы-

нады.  Күйеу  жігіт  пен  қызға  ауқатты  адамдар  арнайы  жасалған  кү-

міс ер-тұрманды қызыл шұғамен жабулап, үкілеген жорға-жүй рік тер 

мінгізеді. Қыз шешесіне жүрісі жайлы, мінезі жақсы көлік əзір лей ді. 

Кейбір төрт түлігі сай адамдар қыздарын үстіне ақ отау тігілген салта-

натты арбамен ұзатады.

Қызды үйден ресми шығаратын сəтте, қыздың ата-анасы, туыс-ту-

ған да ры,  дос-жарандары  мен  құрбы-құрдастары,  сондай-ақ,  жи нал-

ған ел-жұрт түгел бір-бірден қоштасып (көрісіп) шығады. Ал, қыз ды 

аттандырарда  екі  жеңгесі  екі  жағынан  қолтықтаған  күйі  жаяула тып 

ауыл сыртына таман алып шығады. Алқа-қотан қоршаған қыз-ке лін-



398

398


шек тер онымен ең соңғы рет тағы бір қоштасып, қимастық се зім мен 

жыласып айрылысады.

Қазақ  салтында  ұзатылатын  қыз  үйден  шығатын  сəтте,  ең  алды-

мен, ата-анасы жəне жақын бауыр-туыстарымен көріседі.

Қызды осылай ел-жұрт болып салтанатпен шығарып салу – қа зақ 

халқының қыз балаларға деген шексіз құрметі мен қимастық се зім де-

рі нің белгісі. Сондай-ақ, жат жұрттық болып бара жатқан пер зент те-

рі не ең соңғы рет ел-жұрт, бауыр-туыстарын тағы бір көріп, қош та-

сып, көңіл күйі мен жүрек сырын ақтаруына жаратып берген орайы. 

Бұл адамдар арасындағы сүйіспеншілікті тереңдетіп, жүрекке жа қын-

дық,  жанашырлық  сезімін  ұялатады.  Қарым-қатынасты  ны ғай тып, 

адамдарды  бұрынғыдан  ары  жақындастыра  түседі.  Ұза ты ла тын  қыз 

жүрегіне туған елі мен жеріне деген мəңгі ұмытылмас сү йіс пен ші лік 

ұялатады.



КӨРІС

К

өріс – ұзатылатын қыздың ең соңғы қоштасу жыры, сондай-ақ 



туған босағасынан аттанар алдындағы өтеуге тиісті жосығы.

Кешкі  асты  жақын  туыстарының  бірінің  үйінен  ішіп,  «сыңсыма» 

айтып, ел-жұртымен қоштасқан қыз, ертесі күнгі таңертеңгі асты кү-

йеу жігіті екеуі үлкен үйден ішеді. Тамақ ішіліп болып, бата жа сал ған 

соң, қыздың шешесі орнынан тұрып, қызының басындағы үкілі та қия-

сын  алып,  керегеге  іліп  қояды  немесе  киім  ілгішке  іледі.  Онан  соң, 

қыз  жеңгелерінің  бірі  əзірлеп  қойған  сəукелені  (немесе  жібек  жау-

лық ты) алып келіп, қыз шешесіне ұсынады, қыз шешесі оны қо лы на 

алып, аналық ақ тілеуін тілеп, өз қолымен: «Бісміллə! Бақытты бол, 

қарағым! Құдай бет алдыңнан жарылқасын!» – деп, қызының ба сы на 

кигізеді.

Бұл кезде үлкен ақсақалдар мен ақ самайлы əжелерден басқа адам-

дар түгел орындарынан тұрып, қызға қарап тұрады. Дəл осы кезде қыз 

соңғы  рет  ата-ана,  аға-бауырларымен  бір-бірлеп  қоштасып,  əн де тіп 

кө  ріс жырын айтады.

Міне, бұл «көрісу» деп аталады. Бұл кезде қыз:



399

399


Есіктің алды ошаған,

Қош, аман бол, босағам!

Қайта айналып келгенше,

Аман-сау бол, ата-анам!

Есіктің алды тал ма екен,

Ар жағы талдың жар ма екен?

Жат жұрттық боп жаралған,

Қыздан да мұңлы бар ма екен?! –

деген сияқты көңілін күпті қып, жүрегін сыздататын жайлар мен на-

зын айтып қоштасып, жаңа ел-жұртына аттанады.

Жалпы алғанда, қазақ халқы – өмірге өлеңмен келіп, өлеңмен атта-

натын ақын халық. Əсіресе, түрлі тəлім-тəрбие жүргізгенде ең ал ғаш-

қы «шілдехана», «санамақтан» тартып, естен кетпес қуанышты, қай-

ғы лы сəттерінің барлығын да өлең-жыр, əн-күймен өрнектеген. Міне, 

бұдан қазақ халқының бүкіл өмірі мен тыныс-тіршілігі əн-күй, өлең-

жырмен  тоғысқан,  əдебиет-көркемөнері  ерекше  дамыған  мə де ниет ті 

ұлт екендігін аңғаруға болады.

Қазақ халқы өлең-жыр, əн-күймен жүргізген үгіт-тəрбие адам ның 

жан  жүйесін  тебірентіп,  ақыл-сезімін  толық  оятып,  жүрегін  бау рап, 

көкірегіне  терең  ұялайды,  естерінен  мəңгі  кетпейді  деп  қа рай тын-

дық тан, қыздарының ұзатыларда мұншама көп жыр үлгілерінде сыр 

ақтаруының өзіндік мəн-мағынасы мен мол ғылыми құндылығы бар. 

Мысалы, қазақ қыздары мен жігіттері өздеріне болашақ жарды жеті 

ру, жеті өзеннен ары іздейтіндіктен, қыздары ұзатылғанда неше мың 

километр  шалғайға  кетеді.  Оның  үстіне,  ұзатылып  кеткен  соң,  кем 

дегенде  бір  нəрестелі  болмай  төркініне  келмейді,  бұған  аз  дегенде 

2–3  жыл,  тіпті  7–8,  одан  да  көп  уақыт  кетуі  де  мүмкін.  Одан  сырт, 

жат жұртқа барып, ол жердің қыр-сырына қанығып, бауыр бас қан ша 

бірталай  қиындықтар  да  көреді.  Ол  осы  аралықта  ата-анасын,  ту ған 

ел-жұртын, еркелеп еркін өскен ауылын қаншама сағынады де се ңіз-

ші! Міне, осыны зерек те, зерделі қазақ қыздары алдын ала бі ліп, жү-

рек те рін  сыздатып,  көңілдерін  күпті  қылар  жайларды  орамды  өлең, 


400

400


өт кір жыр жолдары арқылы ең соңғы рет ағыл-тегіл ақтарып, іш те рін 

босатып, қысымды азайтып, көңіл күйлерін орнықтырады, сер гі те ді, 

көтереді. Ұрпақтарды салт-дəстүрді қадірлеп, ата дəстүрін мəң гі жал-

ғас ты ру ға  баулиды.  Адамдардың  өмірдің  мəнін,  өсіп-өркендеу,  ұр-

пақ жалғау заңдылықтарын терең түсінуіне мүмкіндік жасайды, ақын 

жанды, өнерлі, білімді болуға жігерлендіреді.



ҚЫЗ ҰЗАТУ 

Қ

ызды ұзату дыр-думанды, салтанатты болады. Əдетте, қыз ды 



ұзатып, құтты орнына қондырып келуге қыздың туған шешесі, əже сі, 

жең ге сі жəне бірер досы, аға-бауыр, сіңлілерінен бірнешеуі еріп ба-

рады.

Қазақ  салтында  қызды  ұзатып  бара  жатқанда,  жолда  кездескен 



ауыл дар  жолға  арқан  керіп  тұра  қалып,  «түйе  мұрындық»  сұрайды. 

Одан шашу шашып қарсы алып, сусындатып, тіпті қонақ қып аттан-

дырады.

Қызды  алғаш  өз  үйінен  ұзатып  шығарар  алдында  қыз  жең ге ле рі 



оны оңаша бір үйге апарып, отырғызып, қалаған-сұрағаны болса бе ріп, 

өкпе-реніші, арман-тілегі болса айтқызып, ел-жұртты ұмыт пай ұда йы 

ке ліп-кетіп тұруын, сондай-ақ, барған жаңа ел-жұртымен де тату-тəт ті 

өмір сүріп, ата-анасы мен ел-жұртына сөз келтірмеуге үгіт теп, түр лі 

əзіл-қалжыңдарын айтып күлдіріп, көңілін орнықтырып аттан ды рады.

Ал, қызды ауылдан шығарып кеткенде күйеу жігіт жолдастарымен 

оңаша қалады. Оған ауылдың ақсақалдары мен қыз əкесі ақыл-ке ңес-

те рін айтып, барғанда қыздарын жылатып-сықтатпай жақ сы қа рау ды 

тапсырып, бақытты болуларына тілектестіктерін білдіріп, баталарын 

бе ріп аттандырады.

Күйеу жігіт ата-енесінің үйінен шығарда, үстіне киіп жүр ген ба ға-

лы шапандарының бірін босағаға іліп кетеді. Ол – күйеу жі гіт тің «мен 

мəңгі осы үйдің баласымын, туыстық байланысымыз мəң гі үзіл мей ді» 

дегені.


Ал,  қызды  ұзатып  апарып  салушылар  жігіт  ауылында  бірнеше 

күн болып, ойнап-күліп, жігіт ауылының сый-құрметіне бөленіп, ке-



401

401


лін  түсіру  тойынан  соң,  ауылдарына  құдалар  берген  аттарын  мініп, 

киіт те рін киіп қайтып кетеді де, тек қыздың шешесі ғана қалып, тағы 

бір не ше  күн  болып,  қызына  ақыл-кеңесін  айтып,  үй  ұстаудың  қыр-

сырын үйретіп, қызының жат жұртқа тезірек бой үйретуіне жан-жақты 

жəрдемдеседі.

Қызды ұзатқанда шешесінің аға-бауыр, жеңге, сіңлілері жəне дос-

жарандарымен  салтанатты  түрде  апарып  салуы  –  жат  ел,  жат  жұрт-

қа ал ғаш ұзатылып бара жатқан қыздың көңіліне үлкен рухани ті рек, 

кө  ңіл күйін орнықты сақтауына медеу болып, оның жаңа ел-жұрт пен 

бір ша ма орнықты көңіл күйде танысуына мүмкіндік жасайды, əрі біл-

ме ген, ұқ па ған кейбір жол-жосындар мен əдет-ғұрыптарды дер ке зін-

де сұ рап біліп алуына қолайлылық тудырады. Қызды жаңа жұрт қа бой 

үй рет кен ше жабырқап, жатырқаудан аулақ қылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет